Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


  Мыңжылдық дамуының Мақсаттарына қол жеткізудегі жетістіктер



Pdf көрінісі
бет98/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   195
kazakhstanII.KAZ

4.5 
Мыңжылдық дамуының Мақсаттарына қол жеткізудегі жетістіктер
Қазақстан БҰҰ (МДМ) мыңжылдықтың дамыу мақсаты аясындағы міндеттерді орындауда 
орта мерзімді жəне ұзақ мерзімді стратегиядан тұратын тұрақты даму жөніндегі елдің жалпы 
мақсаты үшін маңызды бөлігі ретіндегі келешегін қарастырады. 2006 жылдан бастап Қазақстан 
тұрақты даму əлеуетін күшейтті (1 тар. қар.). 2002 жəне 2005 жылдары екі Ұлттық есебі 
жасалынды. 2005 жылғы есепте мақсат, міндет жəне индикаторлар, соңғы беталысы мен 
ұлттық саясаттың жекелеген мəселелеріне жасалынған талдау жұмыстары берілген. Қазақстан 
МДМ қатары бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткізгендігіне қарамастан, МДМ 7 прогрессі 
(“Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету”) баяу əрі кездейсоқ жағдайда іске асты. Осы 
мақсаттың алдына қойған міндеттері төмендегідей (11 тапсырма Қазақстанға арнап 
бейімделген): 
• 
9 тапсырма: тұрақты дамыту қағидаларын елдің саясаты мен бағдарламасына 
интеграциялау жəне ысырап болған ресурстарды қоршаған ортаға қайтару;
• 
10 тапсырма: 2015 жылға дейін қауіпсіз ауыз суға тұрақты қолжетімі жоқ халық санын 
екі есеге қысқарту; 
• 
11 тапсырма: 2020 жылға дейін ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға қол 
жеткізу.
9 тапсырманың шеңберінде Қазақстан белгілі қадамдар жасады, атап айтатын болсақ, 2006 
жылы ТДАТ жəне 2007 жылы Экологиялық кодекстің қабылдануы. Осы аталған шаралардың 
мінсіз болмағандығына қарамастан, олар қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамудың 
заңнамалық жəне саяси шеңберін едəуір жақсартты. Қазақстан сонымен бірге ерекше 
күзетілетін аумақтардың ауданын кеңейту саласындағы жұмыстарын да жемісті атқарды. 
Алайда экономикалық даму, таза технологиялар енгізу үрдісін, қаржыландырудың көлемінің 
осыған сəйкес артуына байланысты экологиялық басқару жүйесін нығайту жəне энергияның 
баламалы көздерін қолдануды елеулі түрде күшейте отырып, энергия тиімділігін арттыру, 
қалдықтарды ауаға шығарудың көлемін қысқарту сияқты көптеген мəселелерді шешу 
қажеттілігі алда тұрған міндеттердің бірі болып табылады. Қаржыландыру мəселесіне келетін 
болсақ, қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған елеулі шығынның мөлшеріне қарамастан, 
олардың ЖІӨ құрайтын үлесі өзгеріссіз əрі қоршаған ортаны қорғаудағы күннен күнге артып 
келе жатқан қажеттіліктерді жабуға жеткіліксіз болып отыр (6 тар. қар.).
10 тапсырмаға тоқталсақ, 2005 жылғы есепте ұлттық статистикалық мəліметтер берілген, бұл 
мəліметтерге сəйкес халықтың шамамен 95 пайызының су құбыры жүйесімен қамтамасыз 
етілген (шамамен 75%) немесе орталықсыздандырылған көздер (20%) ауыз суды пайдалану 
мүмкіндігі бар делінген. Дегенмен берілген есепте бұл мəліметтер су құбыры 
инфрақұрылымының елеулі бөлігінің пайдалану сапасының ескіруіне жəне жойылуына 
байланысты, сондай-ақ техникалық жəне санитарлық талаптарға сəйкес келмеуіне қарай нақты 
болмауы да мүмкін деп көрсетілген. Бұған қоса, канализация жүйелерінің жағдайы мен сапасы 
туралы де жеткілікті мəлімет жоқ. Осылайша, құрылыс пен су жабдығы, əсіресе ауылды 
жерлердегі жүйелерін жөндеуді инвестициялау көлемінің артуына қарамастан, көп күш жұмсау 
жəне көп қаржы құралдарын салу қажет. Осындай іс-əрекеттер жерүсті жəне жерасты 
суларының тазартылмаған немесе шала тазартылған ағын сулармен ластануын болдырмау 
мақсатында орталық канализацияны құбырөткізгіш су жабдығымен қосу жұмыстарын іске 
асыруы тиіс (9 тар. қар.).
11 тапсырма бойынша, 2005 жылғы есепте тұрғын үй реформасы баяу қарқында жүргізілді 
жəне тұрғын үй жағдайының нашарлау мəселесі жедел арада шешілмейтін болса мақсатқа 
жетудің барлық мүмкіндіктерін жоюы мүмкін деген қорытынды келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет