Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Нұсқаулықты



бет5/5
Дата27.06.2016
өлшемі317 Kb.
#161062
1   2   3   4   5

ұстауға, олардың автокөлiкпен адамдар тасымалдау ережелерiн сақтауына.

Осы мәселелер бойынша автоколонна жетекшiсiнiң барлық талаптарын орындауға;

6) мақсатты орынға келiсiмен;

7) адамдардың ұйымшылдықпен түсуiн қамтамасыз етуге;

8) эвакуациялық қабылдау комиссиясына келген халықтың саны мен

құрамын хабарлауға.


10-қосымша

Орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты темiр жол

және су көлiгiмен тасымалдау кезiндегi эвакуациялық

эшелон бастығының мiндеттерi

      1. Эвакуациялық эшелон орналасатын және эвакуацияланатын халықты пойызбен (кемемен) тасымалдау үшiн ұйымдастырылады.
      Эвакуациялық эшелонның бастығы азаматтық қорғанысының бастығының бұйрығымен тағайындалады. Ол эвакуациялық комиссияның төрағасына, сондай-ақ эвакуациялық жиналу пункттерiнiң бастығына (халықтың ЭЖП жиналуы кезiнде) бағынады.
      Екi немесе одан көп ұйымның халқын бiр пойызда (кемеде) тасымалдау кезiнде эшелондар бастықтарының бiрi аудандық (қалалық) эвакокомиссияның шешiмiмен жетекшi болып тағайындалады.
      2. Эвакуациялық эшелонның бастығының халықты тасымалдауға байланысты мәселелердi ауданның (қаланың) эвакуациялық органдарымен, темiр жол (су) көлiгiнiң лауазымды адамдарымен бiрлесiп шешуге, сондай-ақ халықты тасымалдауға және эшелонды жабдықтауға арналған мәселелер бойынша темiр жол және су көлiгiнiң құрамдарын (телеграф, телефон, радио) пайдалануға құқы бар.
      3. Эвакуациялық эшелонның бастығы халықты отырғызатын жерге уақытында келуiне, отырғызу мен түсiрудi ұйымдастыруға және өткiзуге, вагондардың (кеме бөлмелерiнiң) сиымдылығын толық пайдалануға халықты отырғызумен түсiруге арналған құрылғылардың және вагондардың (кеме бөлмелерiн) iшкi жабдықтарының сақталуына, сондай-ақ халықтың тасымалдау кезiнде темiр жол (су) көлiгiнде орнатылған ережелердi сақтауына жауап бередi.
      4. Эвакуациялық эшелонның бастығы мыналарды орындауға мiндеттi:
      1) орналастыруға және эвакуациялауды өткiзуге өкiм алғанға дейiн;
      2) эшелондағы халықтың құрамы мен санын, ЭЖП-ың орналасқан жерiн, отырғызу және түсiру пункттерiн, пойыз нөмiрiн (кеменiң аты немесе түрi), вагондар (кеме бөлмелерi) санын бiлуге;
      3) вагондар (кеме бөлмелерi) бойынша жетекшiлер тағайындауға және оларға нұсқама беруге;
      4) орналастыру және эвакуациялауды жүргiзуге өкiм алысымен;
      5) объектiнiң эвакуациялық комиссиясының төрағасынан тасымалдау туралы нақтыланған мәлiметтер алады: эшелонды жөнелту уақыты, бөлiнген вагондардың (кеме бөлмелерiнiң) саны, түрi, олардың сиымдылығы;
      6) белгiленген уақытты жиналу эвакопунктiне келуге және пункт әкiмшiлiгiнiң, вагондар (кеме бөлмелерi) бойынша жетекшiлерiмен бiрлесiп, келген халықты тiркеудi және оларды вагондар (кеме бөлмелерi) бойынша бөлуге;
      7) халықты отырғызуға арналған құрылғылардың қолда барын тексеруге,

қажет болған жағдайда тасымалданатын халық арасынан осы құрылғыларды

орнатуға арналған команда құруға;

8) халықтың эвакуациялық жиналу пунктiнен отырғызу орнына ауысуын

ұйымдастыруға және халықты отырғызуды басқаруға;

9) тасымалдау құжаттарын рәсiмдеуге;

10) отырғызу аяқталысымен эшелондардың тасымалдауға әзiрлiгi туралы

көлiк органдарына хабарлауға;

11) жол үстiнде тасымалданушы халықтың адамдарды көлiкпен тасымалдау

ережелерiн сақтауға және бақытсыз жағдайларды болдырмау шараларын

қолдануға. Қажет болған жағдайда, эшелонды тоқтатуға уақытында тапсырыс

беруге;


12) түсiру пунктiнде халықты вагондардан (кемелерден) түсiрудi, оны

станса (кемежай) аумағынан эвакоқабылдау пунктiне дейiн жеткiзудi

ұйымдастыруға;

13) эвакуациялық қабылдау комиссиясына эшелонда келген халықтың саны

мен құрамын хабарлауға;

14) халықты түсiру аяқталғаннан кейiн отырғызу-түсiру құрылғыларын

жеке орынға қоюға немесе эвако(көлiк)органдарының нұсқауы бойынша оларды

келесi эвакуациялық эшелондардың пайдалануы үшiн вагондарда (кемелерде)

қалдыруға;

5. Жүргiзу кезiнде эвакоэшелонның бастығына:

1) көлiктiң лауазымды адамдардың iсiне араласуға;

2) пойызды (кеменi) кесте бойынша тұруға арналған уақыттан тыс

ұстауына;

3) пойыз (кеме) толық тоқтағанға дейiн отырғызу мен түсiру жүргiзуге

тиым салынады.
11-қосымша

Халықты жаяу эвакуациялау маршруты бастығының мiндеттерi



      1. Маршрут бастығы қалалық аудан немесе ауданға бөлiнбеген қала әкiмiнiң шешiмiмен тағайындалады. Осы шешiммен маршрут бастығы жанындағы басқару тобының құрамы мен оның құзырына бөлiнетiн күштер мен жабдықтар белгiленедi.
      2. Маршрут бастығының негiзгi мiндетi - маршрутта басқаруды қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi сақтау және қозғалысты реттеу, сондай-ақ жергiлiктi эвакооргандармен бiрге ораналастыруды, эвакуацияланатын халықты эвакуациялық қабылдау пунктiнде жабдықтау және оны эвакуацияның соңғы пункттерiне жөнелту.
      3. Маршрут бастығы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде азаматтық қорғаныс жөнiндегi бөлiм бастығы мен аудандық (қалалық) эвакуациялық комиссияның төрағасына бағынады. Оған басқару тобының жеке құрамы, қарауындағы күштер мен эвакуацияланатын халықты жаяу саптарының бастықтары бағынады.
      4. Маршрут бастығының маршрутты дайындау, эвакуацияланатын халықты маршрутта және эвакуациялық қабылдау пунктiнде жабдықтау, сондай-ақ оны аралық пункттерден эвакуацияның соңғы пункттерiне әкету жөнiндегi азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетiлген шаралардың орындалуына бақылау жасауға құқы бар.
      5. Маршрут бастығы мыналарды орындауға мiндеттi:
      1) жаяу саптардың маршрут бойынша жүруiн күнi бұрын зерттеп бiлуге;
      2) басқару тобының жеке құрамы арасындағы тiкелей мiндеттердi бөлуге және осы мiндеттердi оқып-бiлу жөнiнде олармен жүйелi сабақтар өткiзуге;
      3) халықты орналастыру мен эвакуациялауға шешiм алысымен қалалық ауданның (қаланың) эвакокомиссиясынан маршрут схемасын алуға, басқару тобының жеке құрамына, қарауындағы күштер мен жабдықтарға мiндеттер қоюға және олардың орындалуын бақылауға;
      4) Мiндеттер қойғанда мыналар ескерiмдi: жаяу саптардың маршруттағы бастапқы пункттен қозғалысты реттеу пунктiнен уақытында өруiн бақылау; орналастыруды (жергiлiктi эвако органдармен бiрге), эвакуацияланатын халықты жабдықтау мен оларды эвакуацияның соңғы пункттерiне жөнелтудi ұйымдастыру үшiн басқару тобының жеке құрамының бөлiмдерiн ЭҚП-не жiберу; эвакуацияланатын халыққа медициналық көмек көрсету тәртiбi;
      5) эвакуация басталысымен маршруттың бастапқы пунктiнде болу, жаяу саптар бастықтарының маршрутты, реттеу пункттерi мен дамылдау орындарынан өту уақытын бiлуiн тексеру, саптардың бастапқы пункттен белгiленген уақытта және қойылған кезектiлiкпен өтуiн қабылдау. Саптардың бастапқы пунктке уақытынан бұрын келуiне орай, қозғалыс кестесiне түзетулер енгiзу және бұл жөнiнде қалалық ауданның (қаланың) эвакокомиссиясына баяндау;
      6) қалалық ауданның (қаланың) эвакокомиссиясына жаяу саптардың бастапқы пункттен өткенi және олардың ЭҚП-не келгенi, сондай-ақ маршруттағы жағдай (күрт өзгергенде) туралы баяндау.
      6. Халықтың басым көпшiлiгiн эвакуацияның аралық пунктiне шығару аяқталғаннан кейiн маршрут бастығы осы пунктке ауысады және жергiлiктi эвакооргандармен бiрлесiп, халықты аралық пункттен эвакуацияның соңғы пункттерiне жөнелтудi ұйымдастырады.
                                                        12-қосымша

        Халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау картасын жасау


              тәртiбi және халықты орналастыру мен эвакуациялау
                        мәлiметтерi бар қала жоспары

         Халықты орналастыру мен эвакуациялау картасын жасау тәртiбi

      Облыста эвакошараларды ұйымдастыруға арналған қажеттi мәлiметтер

масштабы 1: 100000 немесе 1:200000 картада көрсетiлдi.

Картаға төмендегi мәлiметтер берiледi:

- аудандарды қоса алғанда әкiмшiлiк шекаралар;

- АҚ бойынша топтарға жатқызылған және айрықша маңызда бар жеке

тұрған ұйымдардың қалалар маңындағы төтенше жағдай аймақтары мен зақымдану

ошақтарының аймақтарының шекарасы;

- әрбiр категорияланған қала бойынша орналасатын және

эвакуацияланатын халық саны қала атымен көрсетiледi, соның iшiнде барлық

орналастырылатыны (алымы) және эвакуацияланатын (бөлгiшi), мысалы:

- төтенше болуы мүмкiн аймақтардағы халық саны;

100,0


250,0 х ------;

150,0


      - әрбiр маршруттағы оның нөмiрi, көлiк саны (пойыздар, кемелер, автомашиналар) мен жаяу тәсiлмен және көлiкпен әкетiлетiн халық саны көрсетiлген орналастыру және эвакуациялау (жаяу, автомобильмен, темiр жолмен, су жолымен әкету үшiн) маршруттары;
      - аралық эвакуациялық пункттер;
      - келушi халықты эвакуациялық түсiру пункттерi мен аралық пункттерден орналастырылатын жерлерге дейiн тасып тарату маршруттары.
      Аумақтарында орналасатын және эвакуацияланатын халық орналасатын аудандар атымен жергiлiктi және үстеме орналасатын халықтың (орналастырылатын және жеке эвакуацияланатын) жалпы саны, қай қалалық ауданнан, қандай көлiкпен және орналасатын, эвакуацияланатын (жеке) қанша адамның келетiнi көрсетiледi.

Картаның оң жақтағы төменгi бұрышына Шартты белгiлер соғылады.

Категорияланған қалалар мен қалалық аудандардың орналастыру және

эвакуациялау карталары жоғары айтылғанмен үйлестiре, бiрақ мүмкiндiгiнше

жоғары деңгейде летализацияланып жасалады.

Халықты орналастыру мен эвакуациялау жөнiнде мәлiметтер

берiлген қала жоспарын жасау тәртiбi

Халықты орналастыру мен эвакуациялау жүргiзiлетiн қалалардың

жоспарына төмендегiдей мәлiметтер берiледi:

- қала мен қалалық аудандардың шекаралары;

- қала мен қалалық аудандардың (қалалар және аудандар атымен)

орналастырылатын және эвакуацияланатын халқының саны, соның iшiнде

орналастырылады (алымы) және эвакуацияланады (бөлгiшi), мысалы:

- соғыс уақытында жұмысын тоқтатпаған ұйымдар (қызыл түспен;

50,3

159,5 х -----;



100,2

- өз қызметiн қауiпсiз аймаққа ауыстыратын ұйымдар (жасыл түспен);

- өз қызметiн тоқтатқан ұйымдар (көк түспен);

- аудандарды қоса алғанда азаматтық қорғанысы бастықтарының қалалық

БП-рi;

- әрбiр маршрутта оның нөмiрi, көлiк саны (пойыздар, автомашиналар,



кемелер) және әкетiлетiн халықтың саны көрсетiлген халықты әкетудiң

қаладан шығатын маршруттары;

- маршруттың бастапқы пункттiң нөмiрi, маршрутпен әкетiлетiн халық

саны көрсетiлген қаладан шығатын маршруттар;

- эвакуациялау жиналу пункттерi;

- халықты көлiкке отырғызу пункттерi.

Оқығандар:

Омарбекова А.Т.



Икебаева Ә.Ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет