Ф – об – 001/033 Сағи Жиенбаев лирикасының көркемдік ерекшеліктері Жоспар


өлеңінде: Жігіт боп өзім өстім де



бет2/2
Дата14.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#135567
түріДиплом
1   2
өлеңінде:

Жігіт боп өзім өстім де,

Жер беті талай көктеді-ау,

Сыйлаған гулім ешкімге

Сол гулдей әсер етпеді-ау,— деп, оқушыны өзінің балғын ойымен ортақтастырады. Сағидың бұл салада «Көктемнің балғын көзі еді», «Іздедім сені», «Екеумізді бір-ақ өзен бөліп тұр» секілді өлеңдері — жастар аузына жиі алынып жүрген хрестоматиялық өлеңдер.

Кешегі сұрапыл соғыс, тарихы жеңіс—поэзиямыздың Темірқазық тұрпаттас тұрақты тақырып-тарының бірі. Әсіресе дүниеге қауіп-қатер төніп тұрған осы бір тұста әскери-патриоттық тақырыптың бейбітшілік жауларына берер сабағы, жастарды тәрбиелеудегі атқарар ролі зор екені белгілі. Бұл тақырыпты да балалық шағы соғыс кезеңінде өткен Сағи жан-жақты келісті етіп жырға қосады. Оның «Сүт туралы баллада», «Майданнан келген ағайлар», «Жеңіс құдіреті», «Медаль» секілді өлеңдері өз шындығымен, тақырыпты табандылықпен игеруімен оқушыны әдемі әсерге бөлейді.

Сағи шынайы лирик болумен бірге, үлкен эпик те. Оған ақынның «Жарық жұлдыздар» деген дастандары мен балладалар жинағы көзді айқын жеткізеді. Олардық ішінде «Ұста», «Ат тұяғын тай басар», «Жалын», «Әлия» атты дастандары айрықша атауды қажет етеді. Оның әркайсысында да өмірлік материал бар, тағдыр бар. Қақтығыс бар. Характер бар. Ісімен, мінезімен сүйкімді ұста шал, жетім қалып жетілген бала, егінге түскен өртті сөндірем деп ертеніп әлген жігіт, майданда ерлік көрсетіп, қаһармандықпен қаза тапқан Совет Одағының Батыры Әлия — бәрі-бәрісі өз тұлғаларымен көңілде қалады. Өз тағдырларымен жүрекке тұнады. Сағи бұлардың әрқайсысының бейнесін жасауға бедерлі сөздер іздейді. Әлия поэмасында ол оқнғаны жалаң баяндамай, хаттар арқылы, күнделік арқылы, оқиғаны тікелей көзбен көрген адамдардың әқгімесі арқылы өрбітіп, экспозициялық бөлімдер арқылы құрылған композицияны ширатып, шарықтау шегіне көтереді. Осы бір тәсіл образдың ішкі психологиясын ашуға мүмкіндік береді.

Ертегі-аңыздарды жырлағанда да ақынның азаматтық позициясы айқын көрінеді. Оған автор бүгінгі күн тұрғысынан, гуманизм, адамгершілік тұрғысынан қарайды. ІІІығыстың Рудаки, һайям, Руми, Сағди, Хафиз, Жәми секілді жыр жұлдыздарының бірі—Фирдаусидің қараңғы замандағы қаралы тағдырын суреттегенде, Сағи оның патшалардан көрген зорлық, қорлығын, қиындық құрсауында өткен қу тіршілігін тітіркене, кек шақыра жырлайды.

Бейне творчество туралы айтқан бір сөзінде: «Өзіңе өзің қатал бол. Суреткердің бірінші парызы сол»,— деген екен. Сағи сол қағидаға берік. Ол әрбір сөзге қатал қарайды. Өзіндік үні, қолтаңбасы бар. Оның өлеңдері ерке назымен, музыкалық сазымен, майда қоңыр ағысымен шым-шымдап денені шымырлатып, тәтті бір рақат-ләззат лебін көкірекке құяды. Оның өлеңдерінің бәрі үйлесімді, жарасымды, табиғи. Хас шебердің сиқырлық қасиеттерінің өзі осында жатса керек.

Сағи өлеңдері бізде көп сөз бола бермейді. Ол туралы өте сирек жазылады. Сыпайы, кіші пейіл, биязы Сағи оны дәмете де бермейді. Бірақ Сағи секілді ірі ақынның сый-сыяпатқа бөленуге әбден қақысы бар.

Алғашқы екі жинағымен балалар ақыны ретінде көрінген оның "Дала гүлі" атты үлкеңдерге арналған лирикалық кітабы оқырмандарының басқалығымен ерекшеленгенімен, бір бағыттағы творчестволық ізденістің жемісі еді. Кейіпкері әлі де балалық аңқаулықтан арыла қоймаған, өмір сүрудің өзін бақыт деп біліп, көзауласына енген құбылыс атаулыға қызыға қарайтын, олардың сырына үңілуінен сырттай тамашалауы көп жас жігіт болатын. Әйтсе де ара-кідік ашық сұхбаттасып, арман-мақсаты туралы толғағанда, кіндік қаны тамған туған жерге деген махаббатың жүрек түбінен сырып жария еткенде жанының нәзіктігімен баурап, жақсы әсерде қалдыратын. Ондай әсер бір-бірінен жасырары жоқ адал достардың басында болар еді, сағынып көріскен жандардың таусылас әңгімесі үстінде оянар еді...

Міне, сол бір сырласыңа айнала бастаған жаңа танысың саған тағы бір игі қасиетімен көрініп, одан сайын ұнап отыр, одан сайын сеніміне кіріп, симпатияды иеленіп отыр. Ол — ел өкілі бола алатын азамат, көптің ойынан шығар, көкейіндегісін тап басып, еркін жеткізер нағыз санаткер екен...

Әрине, мұнда бұдан басқада байсалды өлең, салмақты цикл баршылық. Бірақ, түгелдей мүлтіксіз, төрт құбыласы тең шығармалар деп айта алмас едік. Себебі, жас талапкер атаулыда жиі анғарылатын ұйқас қуалап, сыртқы сұлулыққа көбірек мән берушілік, сезім шындығын тереңнен қарпымай, бетінен қалқып баяндау, жарқ-жүрқ еткен сөз ойынымен әуестенушілік тәрізді кемшіліктерден құралақан емес.

Мысалға, туған жер туралы өлендеріндегі:

Озып келсем бәйгеден,

Орамалым сенікі.

Қақ алдыңа жайдым мен

Қалағаның сенікі, —

немесе:

Мен туып-өскен далада



Боранның жырлайтыны бар.

Ақ түтек болып айнала,

Аптығып тулайтыны бар, —

деген сияқты жайдақ тақпақтаулар мен жалаң таныстырмалар оқырмандық ілтипатыңды суытпағанымен, рахат кештіріп, риза да қылмайды. Тек осыларға ұқсас шумақтарды көп ұшыратқан келмей, бей-жай шолып өтесің...

Олай етуің — ренішсіз қабылдап, кешіріммен қарауың заңды да. Сен оның жекелеген өлеңдерінен ақындық оттың ұшқының көріп қана қоймай, танып-білдің, сезіп-түйсіндің! "Теңіз жырлайды" циклындағы тебіреністер шынайылығы тұңғыш қадам үшін аз биіктік еместігін ұғып, болашағына қалтқысыз сендің, сеніп-үміттендің! "Тербетер әлі кеудемді теңіздер қанша алдымда" деп өзі айтқандай, тереңіне сүйрер тұнық сырларға толы өлендерімен талай мәрте табысатыныңа күдігің болған жоқ!..

Сені интуицияң алдамайды. Өйткені, ол — бойыңа ақын жанының дірілі еккен интуиция. "Сырлы теңіз" атты екінші жинағындағы "Ұста" деп аталатын ұзақ лирикалық толғауды оқып шыққанда күшін кейінге сақтаған парасатты қаламгер тұлғасы санаңа орын тебеді.

Осы арада С.Жиенбаев творчествосындағы басты ерекшеліктің алғашқы бір көрінісімен бетпе-бет келіп, өзіне апарар жолға түскен тұсын, киелі баспалдаққа қадам жасаған кезеңін анық аңғарамыз.

Ең алдымен бұл туындыны жанрлық түрі жағынан бас ауыртпай айдар таға саларлық дүниелер қатарына қосуға болмайтындығын айтар едік. Поэма деуге - көлемі көтергенімен, сюжетсіздігі, кейіпкер басындағы жайлардың нақтылықпен суреттелмей, символикалық сипат беріліп, лирикалық-философиялық планда еркін баяндауы ойландырады. Сірә, мұны, сондай-ақ осы шығармасымен үндес, ыңғайлас басқа да дүниелерін, жоғарыда атап өткеніміздей, ұлттық топырағымызда тамыры тым тереңде жатқан жанр түрі — толғауға төлу орынды болар, тек оның бүгінгі мәдениетті поэзия табиғатына сай түлеп жаңғырғандығын, жаңа мазмұн, жаңа мағына алғандығын ескеру керек.

Сосын бір назар аударар нәрсе - сөз болып отырған толғау арқылы ақын

өзінің жүрек түпкірінде жиналған ой-әсерлерін кібіртіксіз төгуіне мүмкіндік

берер тәсілдің құлпын ашқан. Ол — сонау бір сұрапыл соғыс кезінде бақыты

ұрланған балалық шақты, ел басына күн туғанда ерлер кешкен ауыр сын мен

аналар көрген азапты естелік түрінде баяндауы. Жалпы, соғыс тақырыбы қазақ

поэзиясында, әсіресе орта буын ақындар творчествосыңда жан-жақты

жырланып, үлкен орын аларлық құбылысқа айналды десек, бұған оның да

қосқан үлесі молдығын, бұл шығарма соның бірі екендігін айту әділ.

Толғау былай басталады:

Балауса таддар бақтағы

Бүршігін жаңа жайғанда,

Ауылдың азаматтары

Аттанып кетті майданға.

Қайғыдан белі бүгілді,

Қалтырап қолы қалды қарт.

Батысқа қарай жүгірді

Балапан көздер жаудырап. Иә, ақын жырламақ объектісінің негізгі фоны — уақыт суретін осылай салады. Тіпті, оған — соғыс басталған мезгілге жылдың бір маусымы ретінде қарап, ашық жария ете салмай, екі ұшты астар, ерекше мән аларлық тілмен толғайды.

Шынында да, ол көз — "балауса талдар бақтағы бүршігін жаңа жайған", бүкіл еліміз мамыражай тыныштық құтттағында, бейбіт еңбек бақытына бөленіп, ертеңіне алаңсыз адымдап бара жатқан кез емес пе еді?

Соны меңзеп сезіндіргендіктен де, көз алдыңа экелгендіктен де "ауылдың азаматтары аттанып кетті майданға" деген сөз тұла бойыңды мұздай қылып, төбеңнен жай түскендей әсерде қалдырады. "Қайғыдан белі бүгілген қарт", батысқа қарай жүгірген балапан көздер" — бұлардың қай-қайсысы да сүйекеттен жаралған жанды күрсінтпей қоймайтын, лирик қана айтып жеткізе алар шындық, лирик қана дәл тауып басар мұңды перне. Бұл — бұл ма, әр шумақ сайын соғыс тартқызған тақсіретті — "бір бөбек, тіпті, әке әлдиін естімей қалса", "енді бір жалғыз сорлының есігі мэңгі жабылғандығын", "жиырмаға жетпей әйелдің" ақ жүзі әжімге толса, "ананың қолы тілініп, баланың қолы жарылғандығын", мұның бэрі де ештеңе емес-ау, "қаралы хабар бар ма" деп ұйқыдан қорқып тұрғандығын егіле сыр етіп, алдыңа жайып салғаңда, ақындық көздің көрегендігіне қайран қалуды қойып, лирикалық кейіпкер әңгімесіне құлақ түрген күйі деміңді ішіне тартасың. Ол "талай жыл көрші болып тұрған" қарт ұста жайында хикая шертеді.

Қарт ұста кім? Ол дараланып көрсетерліктей әлде бір ерлік жасап па, әлде бір ерекше қасиет, өжет қимыл танытып, өлмес іс тындырған жан ба?

Біз одан бейхабармыз. Бар білеріміз: "бауырыңа басып жүретін" бір перзентке зар, қам көңіл пенде. Бәлкім, бейбіт уақытта өз мұңымен өзі болып, қоңырқай тірлік кешкен көп шалдың бірі шығар. Ал, ендігі харакет, ендігі мінезі сырт көзді тандандырғандай біртүрлі тосын, еркінен тыс күшке бағынып, бұрын да өзі сезінбеген қайратпен қауышқандай, "бір пұттық балғаны құлаштап" соғудан басқаны білмейді. Көлеңке сіңіп құмдарға", күн "кешкіріп мүлде кеткен" уақытга да оның көрікүйінен "балғаның даусы естіліп жатады".

Өзгеше қартың бұл кезде,

Өзгеше қолы қуатты...

Тауды да соқса, лезде

Талқандап тастар сияқты. Бақсақ, қарт ыза мен кек қайта туғызып, тұғырына қайта мінгізген, қолынан келгенше халқына септігін тигізуді ойлап, өрге қайта қонған ел ақсақалы екен. Осынау "тауды да соқса, ілезде талқандап тастар сияқты" кейпінен біз бір ғана адамның бұлыққан намыс, ширыққан ашуын емес, сол кездегі тыл картинасын тұтас көргендей боламыз...

Толғауда сонымен бірге кейіпкерді жеке образ ретінде айқындайтын мінез, жанды портрет табиғи қалыпта сипатталып, нанымды бейнеленеді, ақын қарапайым жанның бір қарағанда байқала қоймайтын рухани сапа тұлғасынан жүрек елжіретер поэзия тауып, жадыңда қалар философия түйіндеуге күш салады.

Соғыс бітіп, жеңіс күні де келді. Әркім тағдыр еншілген қайғы-қуанышын дауасыз көңілге талшық етіп, дүние қашанғы дүрбелеңге қайта басты, тірлік сабасына түсті. Бұл күнде қарт ұста болса - "құлағы мүкіс тарта бастаған" кемтар. Сөйтсе де міндет қылар біраз еңбегім болып еді ғой деп емеурін білдірер ол жоқ, ешкімнің де өзіне аяныш көзімен қарауын қаламайды. Сол баяғы бұйығы болмыс, үйреншікті әдетімен ауыл-аймақтың оны-мұнысын жасап, адалдық үшін жаралған құйттай жүрегіне ләззат табады.

Лирикалық кейіпкер:

Келеді аспан алабы

Алтын бір нұрға боялып.

Көршім де кетіп барады

Күнменен бірге оянып, —

деп, әңгімесін тәмәмдаған сәтте қарт ұста қимас бір адамыңа айналғанын

сезесің, оның дабырадаңғазасыз, көп жұртқа қарабайыр болып шалынатын

өмірінің шын мәнінде қаншалықты мағыналы, қаншалықты сұлу екенін ұғып,

қызығасың. Нағыз бақыт дегенің өз еңбегіңнен қанағат тауып, бойда бар қабілетіңді өкінішсіз қажетке жаратудан басқа ештеңе еместігіне көзің жетеді. Бұл философия, жалпы, С.Жиенбаевтың өзге де жырларында жиі қылаң беріп отырады. Бір жақсысы — соның бәрі қайталанған ой, қызықтала түскен тұжырым болмай, жарасымды жол, ретті орнымен айтылған сөздей елеусіз ғана естіліп, санаға сіңіп жатады.

Ақынның бүкіл творчествосымен танысып шықпай байқай қоюың қиын, айқұлақтана көрінер ерекшелігіне өзінің айтарлықтай қатысы бола тұрып, білінбейтін бір қасиеті - кейбір қаламдастары құсап үнемі өз көрегін үңги бермей, қоршаған орта, санқилы құбылысқа, айналасында ащылы-тұщылы ғұмыр кешіп жүрген адамдардың жан-дүниесіне елгезектікпен үңшіп, поэтикалық байсалды пайымдаулар жасайтындығы. Біз оның бұл қасиетін "Ұста" атты лирикалық толғауынан алғаш анғарып, кейінгі бір туындыларын оқу үстінде толық түйсінгендей болдық. Және де олар - әр жинақтың шатырын ұстап тұрған белағашы іспетті шығармалар.

"Менің көршім" жинағындағы осы аттас лирикалық толғау - солардың бірі. Мұнда да біз ең алдымен жан-жағына ойлы көз жіберіп, сэл нәрсенің сырына бойлауға, одан алған әсер, түйген толғамын өзгемен бөлісуге құштар, ашық мінезді ескі танысымызбен қайта жолығамыз. Ол алаңсыз, өзінің бір қалыпты арнасымен ағып жатқан тірлік тынысын, бейбіт шақтың бақыты мен қызығын сезіндіре баяндап алады да, "көршімнің жаны жай тауып, ұйқыда жатыр кешеден" деген екі ауыз сөзбен жұмбағы, құпиясы ынтықтырар әлдебір оқиғаның есігіне бас сұрққызады. Бірақ, оның айтушыға да, тындаушыға да ауырлық әкелер, жүректі қозғап, мұңға батырар сыры бар секілді. Ол:

Жалыңдай жайпап даламнан

Жиырма жыл соғыс өткелі, —

деп, шегініс жасағаннан-ақ, сен:

Жатыр ғой бірақ, бүгін де

Жазылмай қалған жаралар

Жиырма жыл бойы... үйінде Жалғызын күткен ана бар. Жігіттер қанша жаны асыл, Жиырма жыл құшақ ашпаған! Құшақтап туған баласын, Құшып бір мауқым баспаған, Деп бірге толғанасың.

Лирикалық кейіпкердің көршісі де сондай жандардың бірі болар ма?

Жоқ, "көбінен оның жайы өзгерек" екен. Мұны да автор сөз етіп отырған адамның өз аузынан айтқызып, өте сенімді жеткізген.

Сонау "сұрапыл өрттің кезінде" ол "Белорус жерінде... орманында" болыпты. "Ұлындай арқалап жүріп, талай ақ шашы күйген ананы", "құлындай шырқырап жатқан баланы" құтқарған. "Қаны тамшылап, қанша рет айқасқа кіргенін" кім білсін, "көл болып аққан солардың көз жасы сақтап қалды ма", әйтеуір, бәрінен аман шыққан. Елге қол-аяғы бүтін, сырт қарағанда, тәніне сығат түспегендей сау оралды. Тек кеудесіне кірген бір оқ алынбаған күйі жиырма жыл бойы көз ілдірмей қойды, оны ешбір кісіге айтпаған да, білдірмеген. Бұл дертінен хабардар майдандас достары ғана хат арқылы: "жаралы болған жерлерің жазылып біткен жоқ па?" деп жиі сұрайды. Қалай жауап қайтарарын білмей, қиналған сәттері көп, оларды қамықтырғысы да, алдағысы да келмейді. Ақыры міне, "жиырма жыл жатқан дертін кеудеден бүгін алдырып", "көңіл бұлты серпілді"...

Иә, соғыс салған жаралар әлі күнге жазылып бітпепті, ел үшін тартқан азабын азаматтық борышым деп біліп, бар қасіретін ішіне бүккен бұл секілді нағыз адамдар қаншама десеңізші! Бейбіт күнді басын тігіп қорғаған ағалар мен әкелердің алдында мәңгі қарыздарлығынды ұғып, бүгінгі таңдағы бүкіл жас ұрпақ атынан мың мәрте тағзым еткендейсің! Ал, ақын мұраты, жыр мақсаты да — осы.

С.Жиенбаевтың лирикалық кейіпкері бірде, жоғарыда байқағанымыздай, өмірге өзгеше бір елгезектікпен қарап, өрелі ойлар қорытса, бірде өзіңмен сырласа отырып сәтті қиял, ерке сезімдерінді оятады. Өзінің "бастан кешкендерін" баян еткенімен, сенің көріп-сезгендерінді есіңе түсіретіні аян. Бұл - болмыс пен "меннің" астасуы, яғни, шын ақынның ғана қолы жетер биіктік болса керек.

Бір өлеңінен балаң махаббатыңның бейкүнә дидарын көз алдыңа елестетіп ("Гүл") мұңая қалсаң, енді бір өлеңінен өте шығар жас дәуреннің қимас қызығы баурап ("Сапарға шыққаңда") жымиясың, сөйте тұра жүрегіңе артар жүгі ауыр, шымырлатады. Бір өлеңінен сәбидей аңқау, сені келінінен — туған анаңнан да қызғана аялап, өміренетін асыл әжеңді көріп ("Ауылға барғанда") елжіресең, енді бір өлеңінен суық рең жылдар суреті ("Тілектес") қайта ұшырап, күрсінесін—

Ақын — табиғаттың белбаласы. Содан да болар, оған деген айырықша махаббатың қолына қалам алған күннен бастап жырға қосады. Көп адам көре - бермейтін сұлулық тауып танданады, көзі бар көңілдерді ләззатқа бөлейді. Әртүрлі құбылыстардан жанына үндестік іздеп, бір сәттік сезімдерін жария етер нақтылы көріністерді сол күйі қағаз бетіне түсіруге тырысады. Пендені тіршілік кірінен тазартар, пәктікке, ізгілікке баулыр жарқын ойларға нэр алады. Сондай-ақ, оның қатал зандарынан астарлы топшылаулар қорытып, тәңірін ұмытқандарды тәубаға келтіреді. Осы айтылғандардай сапа-қасиетке ие, авторын жаңа бір ақындық тұғырға көтеретін өлеңдер "Қайырлы таң", "Ақ толқын" атты жинақтарда молдығымен назар аударады. Біз бір-екеуін ғана арнайы кідіріп, ортақ белгі, жалпы сипатын ашар жайларға тоқталалық.

"Киік". Бұл — еркіндік символы. Ауыз әдебиетінен күні бүгінге дейін осынау дала еркесі туралы трагедияға толы қаншама сыр шертілді десеңізші! Олардың бірін-бірі қайталағаны да бар шығар, бірақ соған қарамастан, үңіле оқу үстінде бұрыннан білетінінді ұмытып, алғаш естіп отырғандай, егіле тебіренесің. Өйткені әділет пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық, адалдық пен аярлық секілді мәңгі бітіспес ұғымдардың майданына куә бола тұрып, қалай бейтарап қаларсың, қалай ашынбассың! Күнәсіз мақұлықтың көзінде мөлдіреген жастың өз кірпігіңе де тұна қалғанын сан рет аңғарып елің-ау, өмір үшін алқынған, аласұрған жүрегінің дүрсілін сан рет өз кеудеңнен де құлағың шалғандай болған!.. С.Жиенбаев сол бір таныс картинаны өзіне хас өрнекпен кібіртіксіз суреттеп ала жөнелгеннен-ақ алақұйын көңіл-күймен тағы да алаңсыз қауышасың. Тағы да бұрын көрмеген бір сұмдыққа тап болар ма екенмін деп қорқасың, тітіркенесің.

Аңшылар шықты сайланып,

Айнала жүйткіп көздері.

Мұрттары сүрге майланып,

Миықтан күліп өздері.

Керемет деген сақ құстар,

Басынан тірі ұшпаған.

Қашаннан әккі атқыштар,

Қосарлап мылтық ұстаған.

Біреу жоқ озар бұлардан,

Бұлардан жалғыз шың биік!

Көрінді сонау мұнардан

Жайылып жүрген бір киік. Әсіресе, осы тұстан әрі қарай салғырт көз жүгірту қиын, оқиғаның немен тынары белгілі тәрізді болса да, өзіңе-өзің сенбей, сенгің келмей, асыға оқып, тағатсыздана түсесің.

Адасып қалды-ау үйірден,

Аядамай қалды-ау аңшыны... деп, ара тұрарға дәрменсіз қалпында лирикалық кейіпкермен қосыла өкінесің. Ал, аңшылар болса, аттарына қамшы басып, ағызып келді.

Жапанда жүрген жас киік

Жарысып өскен желменен,

Тұрды да бір сәт қасқиып,

Жөнелді белес-дөңменен.

Оқ жетер жерге жеткізбей, Отырды киік жарысып. Бұдан кейінгі шумақтардан бораған ажал астында киік емес, жаның алқымға тығылып өзің қашып келе жатқандай әсер әлеміне енесің. Жарық дүние... қас қағым сәт... тас түнек... Мүмкін бе осы?

Жоқ, сен өмірге ынтызарсың, ғашықсың! Одан артық қандай қүдірет күш керек саған?! Одан артық қандай сезім сені соңғы тынысың біткенше арпалысуға шақырып, көзсіз ерлікке бастар. Ендеше, қашпайсың, өз жүрегіңнің алдында тізе бүгіп, өліммен бетпе-бет келер, қаймықпай қарсыласар қайрат табасың!..

Ілкіде реалдылықпен көрініс берген оқиға бірте-бірте символикалық астар алып, философиялық ойларға жетелейді-Киік — өнер екен дейсің, шашасына шаң жұқпас жүйріктігі, тәкаппар болмысы соны меңзейді. Әне, ол - Жасқанар емес оқтан да, Жалтылдап жоны құндыздай. Қақ жарып бір кез өтті алдан, Құлдырап аққан жұлдыздай. Жалғасып жатқан бел-белес Жазылып бұл сәт кеткендей. Аспанда да емес, жерде емес, Ауада қалқып өткендей... Дуылдап қалды дүрмек те, Дәрмені болмай ұстауға Табиғат берген құдіретке Тосқауыл болар күш кайда?! Өлең ақыры осы тақырыпқа жазылған талай шығармалардағыдай жаттанды түйінге тірелетін шығар деген жорамалымыздың күлі көкке ұшты! Жазыла-жазыла тозығы жеткендей көрінетін жайлардан ақынның тың шешім жасауы деп осыны айтсақ керек!

Аталмыш екіжинақтағы "Жапырақ", "Қыран", "Құлын", "Бозторғай" секілді өлендер де қарапайым суреттер, оқиғалар әсері негізінде дүниеге келген, әрқилы мазмұндағы, орыңдалуы табиғи туындылар. Бұлардан лирикалық кейіпкер тұлғасының жан-жақты толысуын, оның рухани есеюі мен биік мұраттарға ұмтылысын аңғарамыз...

"Бозторғай". Бұл — тыныштық жаршысы! Таңғы даусы ана әлдиімен қатар естіліп, дала перзентінің асыл сезімін қозғар қимасына айналған құс. Қазақ ақындарының оған жыр арнамағаны да кемде-кем. С.Жиенбаевтың осындай тұяқ кешті объектілерге орала беруінде — қаламының өзгені қайталамас қасиетіне деген сенімі жатыр, туған халқымыздың санасына сіңген, жанына орныққан дәстүрлі тақырыптарға деген үлкен махаббаты жатыр.

Әдейі мынау қыр үшін Оянып таңның алдында, Даланың сансыз дыбысын Кемеге құйып алдың ба? —

деп басталатын қысқа ғана өлеңді пейзаж деуге де, туған жер туралы тебіреніс деуге де, бейбітшілік, тыныштық, бостандық гимні деуге де болар еді.

Ақынның нені жырласа да бұлайша кең ауқымды, жан-жақты болуға талпынуы дәйім сәтті шықпасы белгілі. Оқырманға айтар ой, берер әсер күңгірттеніп, қолға ұстар нақтылы өзектің жоғалуына әкеліп соғады да, өлең салмағы жеңіл тартатынын ескерген абзал.

С. Жиенбаевты сақтандырар басты кемшілік бұл емес. Ақындық сөздігінің (поэтический словарь) бап түсу орнына, жинақ сайын жұтаңсып, құрғақ суы. Жекелеген тіркестер мен сөздердің әдемілігін сүйсіне қызықтап қайталай беру — олардың бастапқы әсерін бәсеңдетіп, кейде мүлде мәнінен айырып, мазмұнсыздандырып жібереді. Мұны ақынның творчествосымен жақын таныспай, әр шығармасын әр кезде оқыған адам сезбеуі ықтимал. Бірақ, шынайы өнердің биік мұраттарына көз тіккен қаламгердің өзі бұл секілді "көрінбейтін" селкеулерге кеңпейілділік танытса, күндердің күнінде өкіндіруі ғажап емес.

Бір көгілдір дүниені бетке алып,

Ақ жұлдыздай ағып келе жаттым мен.

Алақанат құстар өтті ағылып.

Көктемнің балғын кезі еді,

Әнші құс көкте ағылған...

Жемнің де жасыл өзегі

Көгілдір мұнар жамылған.

Көгілдір аспан бар мекен,

Көрінді тағы түсімде...

Күн батар кездің алды екен.

Жүрем бір бақтың ішінде.

Туған далам, сенің аппақ көп құсың,

Кең дүниенің шарлап сүзіп кетті ішін.

Жүрем бір бақтың ішінде

Көгілдір сәуле кілкіген...

Қап-қара түннің ішінде

Сен ұшып келе жатасың.

Ішінде қалып дүлейдің.

Жатса да күнде күм ойнап...

Көкжиек жатыр кілкілдеп... деген жолдарды әдейі теріп алғанымыз жоқ, олай еткен күнде бұдан көбірек болуы мүмкін. Бұлардан — әр өлеңнің өзінше мүлтіксіздігімен қоса, кітаптардың тұтас алғанда ақаусыз шығуын ойластырудың қажеттілігі де ұғынылуға керек.

Іргелі істер тындыруға талпыныс — уақыт алдындағы жауапкершілікті ұғудан, парасатты көңіл мазасыздығынан туады. Егер ақын бара жатқан өмір, қызғалдақ дәуреннің қысқалығы, кірпік қаққандай сәтте ғайып болар келте тірлік жайлы көбірек жырласа — кейбір секемшілер айтатын "жылауықтық" емес, бір күндік қызығын ойлап, есі шығып жүргендердің ертеңін есіне салуы, жасампаздықты, мағыналы ғұмырды әспеттеуі. Мұндай сарындағы лирика жас ақындарымызда да, жасамыс ақындарымыз да бар. С.Жиенбаевтың біз тоқталып өткен жинақтарында ол секілді өлеңдері ұшырасқанымен, өзгеше бір сипат алып тұрмаған соң, көпке ортақ табиғи көрініс ретінде қабылдап, сөз еткен жоқпыз. Дегенмен, "Оркиік" атты жинағындағы "Көктем зулап өтіп жатыр" деген бөлімге топтастырылған шығармаларының ойға қалдырарлық бір өзектен — фәни қадірі туралы толғаныстар төңірегінен табылуы әлеуетті әсерге бөлейтінін айтпау әділдік болмас еді. "Жанды ұмытып, таңды күтіп, бел буып, бір сиқырлы жолға түсіп келе" жатқан лирикалық кейіпкер "өтті күнім, кетті жылым қаншалық" деп, "жас ғұмырдың қысқалығын" қайғы етсе, "алыстап жүрген бір бақыт" үшін қам жеп, құлшынуы. Бұл көңіл-күй - бүгінгі білімдар, мезгілінен ерте ес жиып, ерте мақсат қуған, болашағы жайында бас ауырта білетін замандастар көңіл-күйі!..

Ақынның кейінгі жинақтарында түрлі сапар әсерінен туған жырлар баршылық. Мұның өзі соңғы жылдар поэзиясындағы соны леп екенін, сондықтан да, үрке қарау — үстірт түсініктен саналуы керектігін мойындасақ, оларды біз қаламгер өресін пайымдатар қиын да күрделі тақырыпқа жазылған туындылар ретінде қарастыруға тиіспіз. "Ақ толқын" жинағындағы "Кавказ дәптерінен" атты бөлім, "Оркиік" жинағындағы "Бабажолымен", "Ыстықкөл самалы" атты циклдар — туысқан елдердің тарихына, әдет-ғұрпына, әсем табиғатына үңілуден, қызығу мен сүйсінуден дүниеге келген дербес шығармалар. Бұлар әр қилылығымен жинақтар тынысын кеңейтіп, мазмұнын байыта түскендігімен де құнды. Сондай-ақ, қаламгерді оқушысын жалықтыра бастаған бірсарындылықтан стихиялы түрде айырып, тың өріске шығару осындай тосын, бұрын өзі көп жырламаған тақырыптарға бой ұрудың нәтижесі болса, оны да дүдәмалсыз сезінеміз.

Жинақтап ой топшыласақ, С.Жиенбаевтың бүкіл творчествосы, "Бозторғай" деген өлеңіне байланысты айтқанымыздай, түрліше байламға келуге болатын дүниелері де, жастық шақ, махаббат, өмір, халықтар достығы хақында жазғандары да?— бәрі бір арнаға құйып, бір мұрат, бір идеяның айналасына тоғысатын секілді. Ол — бейбіт күн салтанатын мадақтау, соның баяндлығын тілеу, адамзат бақытын аңсау, жақсылыққа, жарқын болашаққа үндеу. Бұл сипат, әсіресе, "Алтын қалам" атты жинақта жан-жақты ашылып, анық та бедерлі тұрпат танытқан. Мұндағы бейбітшілік жолындағы әйгілі күрескер, үлкен ақын Н.Хикмет туралы көлемді туындының өзі-ақ пікірімізге нақтылы дәлел бола алады. Автор "поэма" деп атағанымен, бұл шығарма бір-ақ желіге құрылып, бір-ақ адамның атынан баяндалуымен, берілер ойдың бір-ақ сәттік көңіл күйде жеткізілуімен лирикалық толғауға жататынын айғақтап тұр. Әрине, жанрлық түрін айқындау көркемдік дәрежесіне қатыссыз байыпталар жай...

Жинақта осы лирикалық толғауды әр қырынан толықтыра түсер, әсерін арттырар "Күткен күн", "Солдатқа хат" сияқты өлеңдердің болуы да кездейсоқтық емес. Ақынның санаткерлік болмысының жетіліп, бірегейленгендігін көрсетер қадамдар. Ал, "Атқа мінгіз баланы, атқа мінгіз" деп басталатын елеңі мен "Найзағай" атты, Мұхаммед Әли туралы толғауы болса, өмір керіп есейген, көкірегінде айтары көп азматпен табыстырады.

Ақынның ақындығын айту - парыз.

Иә, ақын Сағи Жиенбаев. Тоқығаны том-том оқырман келісер-келіспес, кез келген ақын кез-келген адамның есінде кез келген өлеңімен, кез келген сөзімен, кез-келген бір жолымен сақталуы мүмкін. Сағи Жиенбаев есімі аталған жерде, жинақтарының сөре-сөре тізімі көзіме елестеп тұрып, екі жол өлеңін ауызға аламын. Ақын оқырманына ұсынған екі сабақ гүлдей қос жол:

Мен әлі сені сәбидей күтем, Жаңа күн,

Мен әлі саған сәбидей сенем, Дүние!

Екі сабақ гүл. Гүлді қаншама мадақтап, мәпелеген-мен, кәдімгі гүл, кәдімгі өсімдік! Бұл егіз жол да, біздіңше, кәдімгі өлең жолы. Кәдімгі поэзия. Әрине, ақынның талай-талай томдарын, таңдамаларын ақтарып, келісті де кестелі шумақтарды көгенге көзден тізгендей өткізуге болар... Әр ақын — әр оқырманға әр басқа... Біздіңше, осыдан он бес жыл бұрынғы «Оркиіктен» оқыған әр қилы, жырлардың ішіндегі екі жол елеңнің әлсін-әлі тіл ұшында-балдай тамсандырып үйіріліп жүруі ақындық шеберліктен гөрі ақындық и сезімталдықтың, дүниеге де, басқа жанға да жатырқап, жабырқамай, сәбидей ұшқыны. Әйтпесе, қазіргі сиыр сүтшен қымыз ашытып отырған заманда бұлдыратып жазу да, бұрқыратып жазу да таңсық дүние дей алмаспыз. Шынын айтайық, осында парасат та тұнып тұрған жоқ, құлын мүшесін қуат пен сұлулық буған сиқыры да жоқ. Кәдімгі өлең. Кәдімгі тілге ыңғайлы, жанға жыл-жылы әсері бар қанатты ой. Бұған көңіліміз өлең еткен екен, марқұм Мұқағали Мақатаевтың «Сәби болғым келедісі» ышқынған тұлпар-сезімнің тұяқ дүбірін жеткізеді. Ақындық шешендіктен де, білгірліктен де, керемет бір ұйқас, ырғақ, троптардан да емес, ақындық сезім қуатынан танылмақ. Троптың тоқсан түрлі тоты түсінің табынары ақындық сезім селі. Ақындықтың сүйекті ерітер сергек сезімі сөзді де ерітеді. Қайта құяды. Ондай сезім,. бір көрмеге қудай, бір көрмеге «құдай» сөзді еркелетіп те шығарады, еркін тебіренте де біледі. Ұлы Абай қалың қазақ жүрегін өлеңнің түрімен емес, ділімен жаулады. Ақындық ақиық сезім — өлеңнің өзі, ал өлеңнің үні, ыргақ, бітімі — сәбидің уілі. Формасымен емес, философиясымен Абай атанды. Уитменнің баңын ашқан да ақ өлең, не қара өлең емес, көкірек көзін ашатын зор өлең. Қасымнан да, Мұқағалидан да еске түтарымыз, өлеңнің тұрқынан бұрын, ақындық рухы. (Қайсыбір «қайсар» оқушымыз Сағиды теңер ақын таппай, Абайдан бастап біразын атап жібергені-ай!.. теп терең мағынамен таңдай қағары анық. Алдын-ала кешірім өтінеміз, Сағи Жиенбаев Абай, Қасым, Мұқағалидың дәстүрін жалғастырушы, не солармен терезесі тең ақын деген сөз әзірге айтылған жоқ. Әңгіме ақындықтың табиғаты жайлы). Әңгіме төркіні ақындықтың болмыс, бітімінде. Ақындықтың майда сазы майсаны өпкендей нәзік ескен жаңағы қарабайыр қос жолдың ағайын, ауылдасын жинақтап қаралық. «Оркиік», 1969 жыл — «Күтемін сені» өлеңі:

Тауларым да әлі, аспаным да әлі жап-жаңа,

Жаңа бір күннің Жас иісі бар қарда да.

Сипайды баяу Балауса жүзін даланың,

Жап-жаңа ғана Тараған жұпар таңғы ауа.

Көктем де келер, Көкала бүлттар көшер кеп.

Оранып шыққа, Көздерін ашып әсер көк.

Далама менің — мен бұрын әсте көрмеген

Бір ақ жаңбырдың құятыны анық нәсерлеп.

Ақындық сезімнің даралығы, өлеңнің қарапайымдылығы. Сағи Жиенбаевтың талант табиғатының бір қыры, мәпелеп, аялап қарамаса көзге шалынбайтын нәзік ерекшелігі осындай жырларынан байқалады. Ақынның

өмірі оқырман, сыншы көңілінде жүргенімен, дағарадай бөркін милықтан киген мақала, портрет, толғамдардың тер иесі бола бермейтіні де осынысында. Оның себебі, жаңағы өлеңнен көріп отырғандай, жазғанда мұрнынан тізе беретін айкұлақ, оңды-солды сеңдей соғылысқан троптардың мейлінше аздығында. Көзді тойдыратын білем-білем қазы, не түйдек-түйдек термешіліктің жоқтығында. Қайшы алысқан поэтикалық өрнектер (фигуралар) ақындықпен астасып келсе, бір жөн, көбінесе, өкінішке орай, әдейіліктің әуселесі. Сағи Жиенбаевта бәрі де ақындық сезімге бағынады, ақындық зердеге табынады. Өлеңнің бітімі (композиция) де, көлемі, ұйқасмәнері де бір сезім-шабыттың құлы. Сондықтан да жырлары қырып алар артық май жұқпаған (қазақша айтсақ, шыр бітпеген) жұнттай жұтынған су төгілмес сұлу жүрісті, биязы, майда мінезді жылқыларды еске түсіреді. Тіпті, ондай жүйріктерге айшықты ер-тұрман, өрнекті әбзелдес жараспай-тындай. Табиғатпен біте қайнасып, бір туғандықтан да, жаратылыстан табиғаттай қарапайым, табиғаттай сұлу.

Жүруші ем ылғи алаңдап,

Қалды деп кайда сыңарым...

Бар екенсің ғой даламда,

Жүр екенсің ғой пырағым.

Зұлашы сонау кезіңдей,

Құйрығың желге суылдап,

Ұйқыға кеткен сезімдер

Оянар ма екен дуылдап...

«Атжарыс алаңында» атты шоғыр жырлардың (1973, «Әлия» кітабы) екінші өлеңінен. Мақсат өлеңнің өркеш-өркеш өрнегінде ғана ма екен!? Осы «момақан» түрдің ішкі қуат, серпінін айтсайшы! «Ұйқыға кеткен сезімдер, Оянар ма екен дуылдап...» Өлең эстетикалық биігіне, идеялық мұратына жеткен. Осы өлеңнен тарихты да, дәстүрді де, урбанизация проблемасын да.. айналып келгенде, қазіргі кезеңдегі қала қазағының психологиясын айнытпай танимыз.

Ойшылдық та, динамика, мінез-құлық та осында... «көйлектін, жеңін бір бүктеп...» көзге елестерлік, адам мінезінен хабар беретін түйін. «...Жігіттің Оғыңның өзін ұстамақ». Тағы да мағыналы, ойлы сурет. Үш сөз... Оқпен жарысқан. Оқтай ұшқан, оқтан да тайсалмайтын жігіттің осал болмағаны ғой... «Садақтан ұшқан жебедей...» Ұшқырлық толық жеткен. Этнографиялық бояуы да нәрлі. «Қыз қууда» ұлттық киім киген қызды садақтың жебесіне теңеу — логикалық нақтылық. Бәрінен де өлеңнің композициялық бітімі бірегей, жалпы Сағи Жиенбаев өлеңнін, сюжетіне, композициясына сергек қарайтын ақын. Сондықтан да болар, балаларының, сюжетті лирикаларының шоқтығы басқасынан бөлек тұр.

Қайсыбір сюжетті шағын лирикаларының өзі балада. «Әлия»

жинағында «Ана» атты шағын өлен, бар. Анадан асыл да, анадай көп жазылған тақырып та жоқ шығар. Жиенбаевтың «Ана» жыры сюжет

өрбуімен де, көркемдік-идеялық шешімімен де оқшау. Өзінше, өзгеше. Төрт

шумақтық баллада десек, дегендей.

Есінде... ұлын бесіктен Шығарған күні есінде. Ұлының аттап есіктен.... Қуанған күн есінде. Ұлының асау тай мініп, Құлаған күні есінде. Зәресі қалмай, қайғырып, Жылаған күні есінде...

Балаға деген аналық махаббаттың бар ләззат, қуаныш-рахаты есінде... Тек:

Тауысып нүрын көзінің,

Сол үшін талай кешкен от.

Сол үшін бәрі... өзінің

Қиналған кезі есте жоқ...

Мұндай өлеңге тебіренбеу, мұндай өлеңді ұмыту мүмкін бе?! Ет пен сүйектен жаратылып, жер басып жүрген қасиетті ананың қасиетті сезімі. Өлең де сол сезімнің өзіндей қарапайым, шуақты,. Автордың поэтикалық ой-дүниесі де өзінше. Өлеңнін, алғашқы жолдарынан бастап қуалап ой жарыстыра оқысаңыз, ақын логикасының өзгеге ұқсай бермейтін қалтарыс қатпарларына қанығасыз. Соның өзінде реализм табы айқын. Он ойлап толғаған кестелі өлең өрнегінде өмірдің өзіндей шынайылық лебі еседі.

Мысалы:


«Тұрған шақта өзгелерден әр қашып, Жүдеу тартып, өне-бойын шаң басып. Қызыл жиде тұрады екен қүлпырып, Соққан дауыл, ескен желмен арбасып.» («Қызыл жиде») Немесе: «Қалыпты бүгін талдарға Көгілдір моншақ ілініп. Ақ самал ескен аңғардан Келеді көктем жүгіріп,— («Кездесіп жатыр жаңадан») дегендердің қай-қайсысында да шарттылық шарпуы жеткілікті. Соның өзінде тіршіліктің өз бояуы қанық шыққан. Қызыл жиде суретінің өзі қай поэзиядан кем?! Талдарда түнған көгілдір моншақтар. ше?! Әсіресе, «бүлбұл» балладасынан лирикалық қаһарманның мінез-құлық сипатын айнытпай танығандаймыз. Әуелі жай ғана баяндаумен басталған туынды біртіндеп ойымен тамсантып барып шұғыл үзіледі. Баллада, оқиға да, шешімі де, айналып келгенде, шығарманың фабуласы да таныс дүниелер. Орындалу шеберлігі қандай!

Сазымен соның әнінің,

Қосылды бәрі біріндеп.

Шырқады сосын бәрінің Денесі түгел дірілдеп. Сайрады-ау байғұс жанымен, Сол жерде барын төккендей. Өзі де бір сәт энімен Ауаға сіңіп кеткендей...

дегенде сырлы, нақты сурет, штрихтар қай оқырманды баурамасын! Түйіні де тосын. «Бұлбұлды сатып алғанмен, сатылмай кетті-ау ол байғұс!» Тірлікте сатылмайтын дүниелер болады екен. Адамның сезімі сатылмайды екен, өнердің өзекті қасиеті сатылмайды екен. Құс екеш құсты да адам баласы сияқты алдап-арбауға болғанмен, табиғат құдіретінің біткен сезімді алдарқатам деу әурешілік көрінеді. Шағын балладаның астарында осындай психологиялық-әлеуметтік проблема түйінделген. «Бауырлар» балладасы ел жанына жақын оқиға желісімен құнды. Ағалы-інілі екі жігіттің арасындағы махаббат, туысқандық сезім әдемі жеткізілген. Жеңгесіне жақпаған жігіт, келіншегінің ығындағы ағасы екеуі тары күзетіп тұрады. Ағасы қалғып кеткенде, інісі өз тарысынан бөліп ағасының үлесіне қосады, інісі қалғып кеткенде, керісінше ағасы бөліп, қосады. Әсерлі балада. Әрине, аңыз бойынша бұрыннан белгілі сюжет.

Сағидың жинақтарын оқығанда, стиліндегі бірегей бір ерекшелік сезіледі. Мына жолдарға назар салайық: «Шырт ұйқыдан оятардай сілкілеп, шырқыраған сәбилердің дауысы», «Шалғымен қоса, шалғынды сәулелер қиып түскендей», «Қара жал қара жабырдай», «Жалтылдап жұмыр денеңде», «Шілденің ауыр аспаны, Барады жерге сіңіріп», «Мақтадың жерге жеткізбей, мақтауы біткен сорлыны». «Қыз жанынан мөлдіреп, Кетті моншақ төгіліп...», «Шырылдап, шыр айналып түсті жерге, қылыштар найзағайдай қақ бөлініп», «Әп-сәтте жарқыраған жер үстіне, Қалғандай қара қазан төңкеріліп» тәрізді суретті поэтикалық детальдар шығармаларға авторға тән өрнек дарытып тұр. Әр кітаптағы әр жылғы өлеңдерден алынған жолдардан ақынның қалыптасқан мэнерінің бір үзігін кергендейміз. Сағи көзге елестетуге, көңілге сәуледей сіңіруге іңкәр. Барынша айқын мағына, ашық-қанық бояу. Суреткерлік көркемдік кредоның өзі осы принципке бағынған, содан да болар, қай жанрда да шығарма бітіміне, шумақ шырайына артық ой, артық-ауыс сөз жібермеуге тырысады. Ой мен сезімнің, көне тарих пен бүгінгі күннің, терендік пен өрнектіліктің қалтқысыз қауышып, шеберлік пен ойшылдықтың қылаусыз қабысқан тұсының бірі — «Әже мен немере».

Екеуі де бір-ақ жолмен оралып, Екеуі де бір-ақ жолмен кетеді.

Әже мен немере... Қандай жарасым... Өмірдің, тірліктің, тағдырдың дана заңдылығы... Тірліктің өзіндей көне осынау терен, тамырдың бүлкілін сезініп, тағдырдың нақ өзіндей ғажайып қарапайым сөзбен санаға сарқа қүю

— табиғи ақындық қүдірет. Сағи өмірге қүштар, өмірден үйренуші ақын. өлеңдердің бәрінде дерлік өмірдің түйінді бір поэтикалық дерегінен желек жайып отырады. Қалың жұртпен сол арқылы тіл табысады. Ақындық қиялдың самғауынан сорғалап қүйылған небір күрделі қисындар мен қатпарлы сезімдер болмыстың сол бір өмірлік түғыры арқылы алуан қызулы жүрек, алуан қырлы мінездерге жол тауып жатады. Өмір дерегі болғанда, көшірме емес, деректердің мәніне, символикалық тініне ой жүгіртеді. Философиялық астарына бойлайды. Кейде белгілі ұғым, деректерге өлмейтін философиялық мағына сіңіреді, дшітік қасиет дарытады. Әже мен немере... Қазақ оқырманы үшін бұдан жақын, бұдан түсінікті не бар? Ең бір қарапайым ақ нәрсе. Ал, шындығында қазақ үшін бұдан құдіретті, бұдан қасиетті не бар? Міне, өлеңнің тарихи, әлеуметтік мағынасы осы тұста еселенеді, тереңдейді. Әже, немере ұғымдары философиялық символдарға айналады. Сонысымен оқыған жүректі дір еткізерлік ерекше мағыналық тұжырымға ие поэма.

Нақ осы ақындық кілт, лирико-философиялық сипат шағын жырларынан бастап, поэмаларында алдыңыздан шығады. «Алтын қалам» поэмасы 1971 жылы жарияланып, Назым Хикметке деген планета халқының махаббатына арналыпты. Шағын. Жеті-сегіз буынмен жазылған поэма өзегінде Венгриядан Назым Хикметке келген хат желісі алынған. Онда венгер Имре Кирай семьясы өздерінің күміс тойына арнап, эзірлеген шырынды өмірдің небір қуанышты күндерінде бұдан да бақытты күндер болар деп ашпай келген дәмді Назымға жолдауы әңгіме болады. Тұрмыстың кәдімгі бір сәті. Поэма да кәдімгі баяндаумен басталады. Бірақ адам жүрегіне ғана сиярлық азаматтық мейірім шуағы тез баурайды. Қарасөзбен, бірер сөйлеммен хабарлағанда барынша жеңіл көрінетін сюжет ақындық сезім шырынымен шырайлана түседі. Нәзік лирикалық поэма. Әрине, небір көркем теңеу, орнықты оралымдар болғанымен, жүрекке , жылы шумақтар жеке-дара үзіп алғанда, «Талай жыл күтті сағынып, Дәп қазір бұл да күшінде»— сияқты сезілуі мүмкін. Бірақ соның бәрі поэтикалық контексте құнарлы. Қай оқырманды да тез баурап, қандай жүректі де тез жаулайды., Табиғи асыл тастардан тізген ақықтан да айшықты моншақ.

Моншақтың, зергерлік, әсемдік қүдіреті де табиғи бітімінде.

«Қырандар хикаясы» поэмасы басынан аяғына дейін ширыққан, динамикалы, образға бай поэма екен. Басталуы да жігерлі, бейнелі:

Сонғы рет көкжиекті нұрға малып,

Қалжырап құлады күн құмға барып,

Кеткендей аспанынан біржолата,.

Ақырғы ақ сәулесін жинап алып,

Жатты үнсіз талы бұғып, тауы мүлгіп,

Жұтқандай бірақ қылғып бәрін ымырт... Азамат соғысының қаьарманына арналған поэманыя лиро-эпикалық тынысы терең. Бейнелі де ұтымды. Азамат соғысының бір кезеңіндегі оқиға, дерек желісіне құрылған сыңайда көрінгенімен, философиялық түйіндеу, өмірлік ой-түйіндерге бару сипаты поэмада күшті.

Дәл осындай пікірді Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған «Ұста» поэмасы хақында да айтар едік. Мұнда тұрмыс детальдарын уақыт, тарих, қоғамдық тіршілік тынысын жеткізерліктей ұтымды пайдаланады. Соғыс кезіндегі ауылдағы ұстаның қыста балалардың пимасын табандап бергенін әңгімелеген тұста:

Аяққа киіп аламыз,

Жаудырып алғыс ағаға.

Айнымай ұқсап қаламыз

Детдомның балаларына,— деген шумақ бар. Екі жол — екі-үш өлеңнің эмоциялық жүгін көтерген. Соғыс кезіндегі ауылдағы ұстаған ақын жүрегінде: «Сол бір үй біздің ауылдың секілді соққан жүрегі»,— деп жаңғырады. Ер-азамат қолы тимеген «ырғалып тұрған арбалар» арқылы елестейді. «Біреуге бұрын тесіле көрмеген тура бір қарап,— Арудың аппақ төсін де Ақ дауыл ашты жұлмалап...»

Міне, осыл ардың бәріне де ақыннын, суреткерлік кредосы, творчестволық концепциясының ізі жатыр. Оны біз, бір сөзбен: уақыттың елестерін, кесек полотноларын майда да мәнерлі кристалдары арқылы жеткізуге құштарлық дер едік.

Бұл даланың сырын, мінезін қауызға бөленген бір түйір дәнмен жеткізумен пара-пар.

Сағи жырлары ойдың поэзиясы. Ой болғанда да, өз табиғаты басым. Оның ойлары сезім суреттеріне еріген түздай, бірден көзге ұрмайды, дәмінен сезіледі. Өлеңінен де, балада, поэмаларынан да байқалатын ортақ көркемдік заңдылық: қазақ өлеңінің әуендік сазы, ішкі дыбыстық үйлесімі мен жеке өзіңдік жандүниенің танымдық, байқағыштықтан туған нәзік кестелерінің астасуы. Тұрмыстың түйінді құбылыстарын символдық дәрежеге дейін ірілендіріп, үлкен әлемнің тынысын жеткізуі. Осының бәрі, түптеп келгенде, ақынның бір ғана мұратына, адам тіршілігі мен жан дүниесінің көзге шалына бермейтін, түйсікпен түйсіну арқылы ғана сағымдай сезілетін қүдіретті поэзиясын сөзбен нақтыландыруға, сөзбен суретке айналдыруына қызмет ететіндей.

Әрине, С. Жиенбаев қаламынан шыққан дүниелердің бәрі асыл, талантты деуіміз де мүлде ұшқарылық. Бірақ ақын творчествосы қазіргі поэзияның тыныс-тіршілігімен етжақын тұрғаны күмәнсіз. Өзінің қолтаңбасымен қатар, қазақ өлеңінің әр кезеңдегі жақсылы-жаманды сипаттарының әсері де ап-айқын. Алпысыншы жылдардағы ауыл туралы этнографиялық тебіреністер, жасанды жадағай «ауылшылдық» Сағи Жиенбаевтың сол кезеңдегі жинақтарында күшті.

Мінсіз көрінгенімен, мінезсіз өлеңдері көп.

«Әлия» кітабының өзегі «Әлия» поэмасы да шашыраңқы сылбырлау дүние. Автор қабілетін танытарлық сәттер болғанымен, тұтастай поэма деңгейіне көтерілмеген, жасандылық басым туынды. Поэмаға лайық тыныс, желі, ұшқырлық жетпейді.

Ал, кейбір ақындардың өлеңнің соңғы екі-үш жолына салмақ салуы, болмаса сондай екі-үш тапқыр жолға бола өлең жазуы бір кезде кәдімгідей белең алса, одан Сағи ақын да шет қалмапты. Қазір бүкіл жинақтарын салғастыра қарағанда, сол «тәсілдің» ақын қаламының табиғатына мүлде бөтен екенін, творчество ретінде кірікпегенін аңғарамыз. «Әстім мен осы қырларда», «Пейіліне қарай берген бе», «Аңызақ желмен арбасып», т.б. бірқатар өлеңдеріне де сондай жасанды шарттылықтың салқыны тиген.

Сағи Жиенбаев творчествосын әдеттегідей тақырыпқа тармақтамай

отырмыз. Тақырыптан гөрі сезім сәулелеріне, тағдыр поэзиясына жүгіну күшті. Тақырып дегенде, алғашқы кітаптан бастап үзілмей жалғасып, арнасын кеңейтіп отырғанын айтпасқа болмайтын күшті ағыс — Ұлы Отан

соғысы. Бұл жөнінде ақын көп тебіренген, көп жазған. Ондаған поэма, жырларынан сұрапыл соғыс тауқыметін жалаң аяқ кешкен қайсар буынның күңіренген тебіренісі естіледі, мұнда да уақыттың бадырайған қол табы жатыр. Ол:

Бесіктен шыға сала — қырға ентелеп, Еркіндік өз қолыма тиді ертерек... Сездім де еркелетер ешкім жоғын, Өстім мен желге еркелеп, Күнге еркелеп. Қатайтты солар мені гүлімді ашпай, Төбеме жай түссе де жығылмастай. Тастады тас-түйін ғып бар денемді. Ешкімнің шуағына жылынбастай... Болсам да шар болаттай өте берік, Мен сенің құшағыңа жете беріп, Мойныңа асылғанша-ақ, кайран анам, Бір тамшы таңғы шықтай кетем еріп десе, бұл тағы да жасы елуге келіп, мүшелтойы тойланып отырған автор Сағи Жиенбаевтың жеке сөзі емес, отыз бес — қырқыншы жылдардың тастай жөргегінен еңбектеп ерген үлкен бір буыннын тағдыры. Ақын Сағидың творчестволық өмірбаяны да күнгей көлең кесімен тұтас сол буынның жан-сезім бұлқынысы.

Сағи Жиенбаевтың «Бозторғай» атты жыр кітабына енген туындылар ақынның лирикалық кейіпкер жан дүниесіндегі психологнялық драмаларға беннелі толғауға ден қоюымен назар аударады. Бнязы мінезді, нәзік сезімді нәшіне келтіре жырлауымен танылған аңын бұл кітабында да творчестволық даралығын өз қолтаңбасып айқындай түскенін байқаймыз. «Сүт туралы балладасын» оқып көріңізші. Оқыс, оғаш оқиға. анау дерліктей айрықша әрекет, ірі қпмыл жоқ. Бірақ соның өзінде талай сыр түйінін тарқатасыз. «Сауу керек, үшінші рет, соңғы рет, Бұзауы тұр жіберсе екен енді деп, Ол да — бала, Мен де бала — бүлдіршін, Екі бала елеңдепміз мөлдіреп»,— деп есейген кейіпкердің еске алуы арқылы суреттелген сонау қиын жылдардың көрінісін автор бұл баладасында әсерлі, әдемі жеткізген. Бұрқ-сарқ етіп тасқындап төгілмей-ақ қоңыр ырғақпен тербеле отырып, дәуір көріпісін деталь, сұрапыл сырын ситуация арқылы бейнелеу — бұл арада ақынның өмір материалына ілесіп кетуінен емес, оң солын танып толысқап азаматтың толғанысынан — парасатынан туған.

Соңғы иінді. Ең қиыи осы ара. Осы арада— арбасады кос ана. Екеуінің екі түрлі тілегі, Екі тілек, қрсылмайды — не шара?!

Күшену-зорлану жоқ, қатал кезеңнің қаймағын бұзбай жеткізу бар. Қиындық көрдік, сиыр сүтін өз төліне де татырмай біз талғажу еттік деп қарабайыр хабарлап жатпай болған жайды нақты, бейнелі қалпында көрсету — әрі өмірдің шынайы бір суреті, әрі ақындық тапқырлық. Әрине, тапқырлық бар да, таланттылық бар ғой. Екінші ұғымның аясы кеңірек. Тапқырлық — тосын тұрғыдан толғау, ой-сезімнің бірге өріліп, жанартаудай атылған бір сәті болса таланттылық дегеніңіз сонымен бірге көркемдік шеберлік деңгейі дегенге саяды. Талант пен шебер деген ұғымдардың кейде ңатар қолданылып, кейде туыс-тамырластығының ескерілуінің бір сыры осында емес пе. Неге десеңіз. шынайы талант — шынайы шебер. Шеберліксіз талант тұл. Мұны жайдан жай айтып отырған жоңпыз. Аталған туындыда таланттылық та, тапқырлық та. шеберлік те бар. Сондықтан да өткен күн мен бүгінгі күн арасындағы апырмашылық. сұрапыл кезең сызы, кейіпкердің рухани әлеміндегі драма кәзге елестеп, көңіл ұйырлықтай бейнеленген. Мұндай туындылар жинақта молшылық екенің жыр кітабының тұтастай алғанда етті шыққанын атап айту ләзім.

Бұған дәлел ретінде тағы бір мысал келтіре кетсек артың болмайтын шығар. Үш шумағын ғана оқыдық:

Даламның алақанында

Жатамын бір сәт дамылдап.

Үйіріліп құстар манымда.

Үстінде бұлттар мамырлап.

Турады шалғын.

тал билеп.

Бозторғай шыркап өлеңін...

Жүргендей бәрі әлдилеп.

Әлемнің жалғыз бөбегін.

Толтырып жырға кеудемді.

Тербеткен еді белдер де...

Өзім де казір сол жерді

Тербетіп жүрмін кеудемде.

Осыны оқығанда сізді ең алдымен толқытатын ой: мұндай өлең — туған жерін жанындай сүйген адамның ғана аузынан шығатын сөз. шынайы сөз. Бірақ туған жерін сүймейтін адам бар ма! Ендеше айырма неде? Айтуда. қалай айшықтауда! Егер «даламның» емес «даланың алақанында» делінсе, туған жердің перзенті емес. мейманы мейірленгендей әсер етер еді. Ал одан кейінгі шумақта лирикалық кейіпкер өзін туған жердің ғана емес, бүкіл әлемнің бөбегі сезінеді. Әркімнің-ақ мұндай сәтті басынан кешірері анық. Тағы да ойлайсыз: әркім-ақ өзін осылай бөбек сезінсе адамдар бірін-бірі дос, туыс деп түйсінер ме еді, қаптер еді. Әрине, бәрі арман, ниет қой. Солан десек те. бұл арада гәп — азаматтық әуеинің жалаң пафос емес, тұтас өлеңнің жанды өзегіне, лирикалық кейіпкердің — ақынның азаматтық рухына айналуында. Осы өлеңнен ақын творчествосына тән бір мінез — нәзік тебіреніс пен биязылық, ойдың сезімге емес, сезімнің ойға жетелеуі аңғарылады.

Кейде ойға жетелемей, автордың жалаң әсері калпында ғана қалатын кездері де бар. Мұндай өлецдерді нашар деу обал. ақын талантының ізі тайға таңба басқандай анқын жатады. Бірақ әлгіндей өлеңдердің қасында ортақол. «кезекті» өлеңдер екенін де монындауға тура келеді. Дәлелдейік:

Мөлдіреп тұр Алматыпын аспаны.

Жан-жағыңның жасыл бәрі.

Жас бәрі.

Оянды ерте жас көктемнің лебімен,

Орбнтасы.

Мнкроаудан.

Тастағы.


Тас көшелер танғы нұрмен жуылып,

Жалкын сәуле тайғапақтап жүтіріп.

Араласып бара жатыр адамдар

Ағып өткен автоларға ілініп...—

деп тізіліп кете береді. Рас. мұнда да тоселгендік бапкалады. Дегенмен төселгендік әлі шеберлік емес.

Өзге талап өлендерден де автор қаламының қайратын шамалайсыз. Соған бір мысал ретінде бір өлеңді түгелдей оқиықшы:

Бала да бүгін толып жүр.

Толқын да бүгін өріп жүр

Біріне бірі жабысып.

Жарысып-ойнап келіп жүр.

Біреуі кіріп қойнына.

Біреуі міпіп мойнына.

Екеуі де ырза күшіне.

Екеуі де ырза ойнына.

Ойынға құмар баланы

Ортаға бәрі алады.

Аяғын түртіп қытықтап.

Қашады құпттай шабағы.

Шуылдап шағаласы да Шүйіліп келіп басына.

Білгесін оның батылын Қайтады кері асыға.

Біресе шашын бүралап Біресе сппап уқалап. Келеді толкын ақыры Жағаға депін қуалап...

Көк айдың жатыр мұнартып, Ойнады-ау әбден құмартып. Теңізден шыққан тентектен Теңіздің иісі тұр анқып.

Бұл өлеңнен тәнті өтер тапқырлық, терең ой іздеп жатудың қажеті жоқ, автор алдына ондай мақсат қоймаған. Оның есесіне сіз бұрын көрмеген, кейде аңдап қалсаңыз да назар тоқтатып, көңіл толдыруға уақытыңыз бола қоймаған әдемі, жанды сурет жаңа қырынан көрінеді. Теңіз толқынының өзі бала құсап ойнап, балаша асыр салғанда көз алдыцыз риясыз қуаныш, күміс толңын мен күлкіге толып кетпей ме?! Толып жүрген бала да, өріп жүрген толқын да бенкүнолылығымен, алаңсыздығымен сүйсіпдірмен ме? Ақылмен жарыса толғанып, қызыл сөзді тоге беру артық шығар бірақ бір анығы — өлең қымыл-қозғалысқа толы. Бірімен бірі жарыса ойнаған балалар мен толқындар жарасымы жаныңызды жадыратпады ма?! Рас, шағаланың шүйіліп кетіп баланың батылдығын білген соң асыға кері қайту — арзанқол шумақ күріш арқасында су ішіп тұрған күрмек. «Асыға кері қайтуы»— қарабайыр тіркес те баланың батылдығын білуі — жасандылық. Ал. шағала үшін кеткен соң әдемі сурет көз алдыңызда қайтадан ойнап жүре береді. «Теңізден шыққан тентектен, теңіздің исі түр аңқып» дегенді оқығанда тентектің пісі де. теңіздің исі де нұрныңызды қытықтап, мейірленіп қаласыз. Сонымен өлеңде жанды сурет. қимыл-қозғалыстардап өрбіген образдар. тіпті. жаңағы теңіз псіне дейін бар. Әлгіндей шырайсыз шумақ та бар. Бірақ тұтас ө.тең жұмыр, әсерлі, дннамикалы.

«Қорықшы» атты туындысына ешқандай жанрлық айдар тағылмағанымен оқпғалары мен адам характерлерін сипаттауы. көлемі жағынан баллада деуге лайықты спяқты. Орманшы қарт майданнан қашып орманда бой тасалаған баласын өзі шарқ ұрып іздеп ақыры атып өлтіреді. Мұндай оқиға басқа да қаламгерлердің шығармаларында. мәселен. Шыңғыс Айтматовтың «Бетпе бет», Валентпн Распутнннің «Тірлігіңде ұмытпа» секілді повестерінде бар. Әйтсе де аталған балада да ситуацияның сабақталуы, өрбітуі, өзінше тартымды шыққан. Баласымен ұшырасқан шал оны бірден атып тастаса. жасандылық болар еді, бірақ автор ондай «оңай» тәсілге бармаған. Атын атағанда бүктетіле қашқан ұлына шалдың:

Тағдыр шығар...

Кінәламан,

даттаман!

Кешіреді ел!

Кешірем мен!

Қайт балам!

Көиген басты ешбір қылыш шаппаған,

Майданға бар!

Күнәңді жу!

Қайт, балам,—

деуі характер логикасыпан шыққан, опың кәдімгі ет пен сүйектеп жаралған тірі жан екенін, көңіл-күйін көрсетеді, әрі оқыс әрекетіне психологиялық дайындық. Сол бетімен ұшты бала, Қайтпады... Есіңде жоқ — Не болғаны — не айтқапы... Көздеді ме, Көздемей-ақ басты ма, Есінде тек — шүрішіесін тартқаны.

Орманда жападан жалғыз қалған қартты осы сәттегі жан дүниесіндегі психологиялық драма оқырманды да селсоқ қалдырмаса керек. Өлең мұраты да сол ғой. С. Жиенбаев туындыларына тән сипаттар — өлең түйінінің әсерлілігіне күш салу. лирнкалық кейіпкер толғанысын немесе оқиға-ситуациялар драматизмін бірден бірге қоюлатуға ұмтылу аталған шығармадан да байқалады.

Реті келген соң айту керек ақынның кей дүниелерін тек түйін үшін ғана жазылған ба деп қаласыз. Айталық, «Шекарада», «Күзетте», «Қазақстаным» секілді өлеңдері жалпыға белгілі жайларды толғаныссыз тізіп келеді де, кілт әдемі түйінделеді. Жалығып отырғаныңызда сол түйін солт өткізгенімен тұтас өлең қанағатқа олқы. Мысал.

Жиылған. жақын. алыстар

Жүзінен самал жел ессе,

Жөн сұрап.

Жаңа тапыстар

Жатады шүйіркелесін.

Таныспақ енді дұрыстап,

Келгендер кілен жан-жақтан —

Күнгейден...

Қиыр Шығыстан...

Қалың ну...

Қарлы аймақтан....—

деген тәрізді сарын тағы да бес гаумақка созылып жалықтырын жібереді. Бұрын да талай ақындар жырлаған белгілі жайлар бедерсіз тізіліп келе жатқанда «Елестеп сол шақ көзіме, Қырларым, қала, қыстағым, Арқамды сүйеп өзіңе, тұрамын, Қазақстаным» деген түнін бір серпілтіп тастайды. Арқасын туған республикаға сүйеп тұрған кейіпкердің—замандасымыздың биік тұлғасына сай ірі сөзі, шынайы сөзі. Әйтсе де, осыны айту үшін ғана жеті шумақ бойы сөзді шұбырта беру — ақын шеберлігіне мін.


Қорытынды

Сағи лирикасы жаратылған ақын. Қай суреткер үшін мәселе даралана алуында дедік. Жоғарыда Сағи шын мәніндегі бүгінгі қазақ лирикасындаөзгеше орны бар ақын, я Сағи суреткер ақын әр ақын өзінше суреткер бірақ шынайы суреткерлікке көтірілетіндер сирек. Диплом жұмысымызда Сағидың суреткерлігін танытатын таңдаулы лирикасын тақырыбы мен идеясына сай ғылыми тұрғыдан талдау жүргізіп әлімізше нақты мысалдармен пікір жүргізілді Сағи өлеңдерінің тақырыбы сан - алуан туған жерге, анаға, елге, сүйгеніне деген махаббат сезімін паш ететін сыршы өлеңдер. Мұнд да ол негізгі стильін жетілдіре түлете түседі. Асқақ сезім ақылды сөзді қарапайым ұғыммен жеткізгенде ақын реалистік өнердің білгірі ретінде көрінеді. Сағи қазақ поэзиясында Сәкен, Төлеген Айберген көбірек барған, ырғақпенде өлең жазды. Сондықтан да Сағидан да артық кем мінез басыр артық сөз бөтен қылықты іздесең таппайсың Сағи өлеңдерін біз тек өнерлік тұрғыда қарастыру арқылы ғана маңызына жетіп әдебиет идеясының заңдылықтарына сай ғылыми тұрғыдан нақты мысалдар келтіре отырып, пікірімізді тұжырымдадық Сағи Жиенбаев поэзиясы әлі де өз зерттеушілерін күтуде деген оцдамыз.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. С. Мәуленов «Тел толқын» Алматы Жалын 1989 ж.

  2. А. Егеубаев «Сөз жүейсі» Алматы дазушы 1985 ж.

  3. Т. Ергөбеков «Арыстар мен ағыстар» Астана таным 2003 ж.

  4. Д. Ыбраймов «Ой мен сөз» Алматы Жазушы 1985 ж.

  5. «Уақыт және қаламгер» 13 кітап Алматы Жазушы 1988 ж.

  6. Б. Кәрібаева «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы» Алматы

Жазушы 1988 ж.

  1. З. Қабылов «Сөз өнері» Алматы Жазушы 2007 ж.

  2. «Совет Қазақстан жазушылары» Алматы Жазушы 1987 ж.

  3. Ж. Әбдірашов «Парыз Парасат Пайым» Алматы Өнер 2001 ж.

  4. Қазақ ССР 4 том қысқаша энциклопедия Алматы 19898 ж.

  5. С. Жиенбаев «Іңкәр дүние» Алматы Жазушы 1985 ж.

  6. С. Қирабаев « Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті» Алматы Білім 2003 ж.

  7. С. Жиенбаев «Ор киік» Алматы Жазушы 1969 ж.

  8. С. Жиенбаев «Құралайдың салтына өлеңдер»Алматы Жазушы 1979 ж.

  9. С. Жиенбаев «Жарық жұлдыздар поэмалар» Алматы Жалын 1983 ж.

  10. С. Жиенбаев «Нан мен күз өлеңдер мен поэмалар» Алматы Жазушы 1984 ж.

  11. Қ. Жумалиев «Әдебиет теориясы» Алматы Жазушы 1960ж.

  12. Стил сырыАлматы ғылым 1974 ж.

  13. М. Базарбаев «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» Алматы Жазушы 1973 ж.

  14. «Көркемдік кілті шеберлік» Алматы 1985 ж.

  15. «Уақыт және қаламгер» Алматы жазушы 1989 ж.

  16. Т. Шапаев «Ой түбінде жатқан сөз» Алматы Жазушы 1989 ж.

  17. З. Сертқалиұлы «Жан дауа» Астана Ел Орда 2004 ж.

  18. «Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы» Алматы ғылым 1981 ж.

  19. К. Бекқошин «Дәстүр және жаңашылдық» Алматы Жазушы 1969 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет