1 семестр
Пәннің аталуы
|
Экология және тұрақты даму
|
Қысқартылған атауы
|
ЭТД
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекция, СӨЖ, ОБСӨЖ.
|
Семестр:
|
1 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Бекжигитова К.А.
|
Доцент/оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс.
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пәндер (міндетті компонент)
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс - 15сағ., пр.– 15сағ., ОБСӨЖ - 30сағ., СӨЖ - 30сағ.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы 90 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «Биотехнология негіздері», «Жалпы және молекулалық генетика», «Математика», «Биоинженерия»
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Берілген пәнді оқытудың мақсаты студенттерге жалпы әдістеме бойынша білім беру және өндірісте қалаған түрдегі зерттеу жұмыстарын жоспарлау,оны жүгізе білу, түрлі зерттеулердің негізгілерін шолу, ғылыми-зерттеу жұмыстардың мағынасын көрсету: студенттерді әдістеменің негізгілерімен таныстыру; жаңа технология және құрылғылармен таныстыру, объективті нәтижелер алу, нақты шешімдер,сондай-ақ негізделген нұсқаулар жасауды оқыту.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары. Ғылыми түсінік және ғылыми шығармашылықтың негіздері. Ғылыми ілім, ғылыми әдістеме жайында түсінік. Ғылыми-зерттеудің бағытын таңдау. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері. Іздену,жинақтау және ғылыми мәліметтерді саралау,өңдеу. Ғылыми әдебиеттермен,басылымдармен жұмыс жасау. Теориялық зерттеулер, теориялық зерттеулердің әдістері мен міндеттері. Тәжірибелік зерттеулер. Тәжірибелердің міндеттері мен түрлері, классификациясы. Зерттеулердегі математикалық анализ. Көрсетілгендерді мүмкін болатын статистикалық әдістермен өңдеу. Тәжірибе жасауды ұйымдастыру және әдістемелік құралдары. Ғылыми жұмыстың нәтижелерін жазу, мәліметтерді енгізу. Зерттеу нәтижелерінің экономикалық негіздерін және ғылыми жетістіктерін енгізу.
Практикалық сабақтар: Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндет-тері. Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері мен перспекти-валары.Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру өндіріс жағ-дайларында ҒЗЖ енгізудің спецификалық ерекшеліктері. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жұмыс жоспарын құру және оны жүргізудің әдістемесі. Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдістемелік негіздері Ғылыми әдістеме туралы, ғылыми білім түсінігі. Ғылыми бағыт жөніндегі ғылыми түсінік. Ғылыми зерттеу бағытын таңдау. Ғылыми зерттеу жұмысының этаптары. Ақпараттың жиналуы және өңдеу. Ғылыми әдебиетпен жұмыс.Теориялық зерттеулер. Зерттеулерге математикалық анализ тәжірибе мәліметтерін өңдеу. Мәліметтер статистикалық тазалау әдістері. Зерттеулердің эксперименталдық зерттеулері, классификациясы, түрі мен тапсырмалары.Организациялық және әдістемелік эксперимент құрастырылымдары.Ақпарат алмасуы, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін безендірілуі. Кірістіру және экономикалық зерттеулер нәтижелерінің түсіндірмелері.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Пәнді оқудың және емтихан тапсыру нәтижесінде студент ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді, тәжірибелік экспериментті қоюдың әдістерін және ғылыми нәтижелерді ұштастыруды білу қажет.
Бақылау түрлері: ағымдағы, аралық, қорытынды (эмтихан).
|
1 семестр
Пәннің аталуы
|
Құқық негіздері
|
Қысқартылған атауы
|
ҚН
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, семинар, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 1
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Мусабекова М.А., Бердібеков С.О.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушылар
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–15, практикалық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Құқық негіздері
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
«Құқық негіздері» пәнің оқыту мақсаттары: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, окушылардың әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату.
Оқу пәнін оқыту мақсаты қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқутыдың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси - құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік- құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студеттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасына шешу.
Практикалық сабақтар: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Құқық негіздері қоғамдық қатынастарды мемелекттік- құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде, құқықтық нормаларды әлеуметтік норманың түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде қарастырады. Аралас пәндер қоғамдық құқық пен мемлекеттің пайда болуының және дамуының саяси, тарихи, философиялық, әлеуметтік шарттары мен алғышарттарын қарастырады және ол Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси-құқықтық құбылыстарды кешенді түсінуге мүмкіндік береді.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын.
|
1 семестр
Пәннің аталуы
|
Мәдениеттану
|
Қасқартылған атауы
|
Мәдениеттану
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 1
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Еркинбекова Ә.С.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Жалпы білім беру пәні, таңдау бойынша компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ –30, СӨЖ - 30.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 60 сағат
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Казахстан тарихы, философия, әлеуметтану
|
Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі
|
Адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебабтық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.
Нәтижесінде: - жас мамандарды біртұтас және жан жақты тұлға ретінде қалыптастыру;
-олардың бойындағы өзіндік қабілеттері мен қасиеттерін барынша дамыту;
-өркениеттілік құндылықтарға негізделген ілім жүйесін қалыптастыру.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Мәдениет ұғымы және оның мәні. Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, саясат, ғылым, құқық. Мәдениет және өркениет. Мәдениеттер типологиясы және мәдениеттің тарихи өлшемдері. Номадалардың ежелгі мәдениеті. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер. Антика дүниесінің мәдениеті. Исламдық әлем мәдениеті. Ортағасырлық қазақ мәдениеті. Христиандық мәдениеттің қайнар бастаулары мен басты кезеңдері. Қайта жаңғыру мәдениетінің гуманизмі. Орыс мәдениеті – мәдениеттің проваславиелік типі. XVIIIғ. мен ХХғ. аяғындағы қазақ мәдениеті. Қазіргі заман мәдениетінің басты сипаттары. Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты.
Практикалық сабақтар: Мәдениет, оның шығу тегі мен мәні. Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет болмысы: формалары, кеңістік және уақыты, даму динамикасы. Мәдениет және өркениет. «Шығыс-Батыс » дилеммасы. Мәдениет типологиясы. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер. Антика дүниесінің мәдениеті. Ислам дүниесінің мәдениеті. Ортағасырлық Еуропа мәдениеті. Қайта жаңғыру және Жаңа заман мәдениеттері. Орыс мәдениетінің православиелік типі. Кеңестік дәуірдегі қазақ мәдениеті. Еуразиялық мәдени кеңістіктегі қазақ мәдениеті. Ұлттық идеяны қалыптастыру – қазақ қоғамының тарихи-мәдени қажеттілігі.
|
Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Студент «Мәдениеттану» пәнін оқу барысында мәдениеттің мәні, құрылымы, функциялары, заңдылықтары және мәдениеттің тарихи типтері жайлы білімін қалыптастырады. Білім деңгейі ағымдық, аралық және қорытынды бақылау – тест түріндегі емтихан арқылы тексеріледі.
|
1 семестр
Пәннің атауы
|
Мамандыққа кіріспе
|
Қысқартылған атауы
|
Мамандыққа кіріспе
|
Оқу іс-шаралары /оқу пәндері-
нің курстары ( егер бар болса)
|
Дәріс, практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 1
|
Оқытушының Т.А.Ә
|
Ильясова К.
|
Доцент /оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Таңдау компоненті
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс–15, практикалық сабақ–15, ОБСӨЖ–15,СӨЖ–15.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
«Мамандыққа кіріспе» пәнін жақсы меңгеру үшін
Ботаника;
Өсімбіктану;
пәндерді білуі тиіс
|
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
|
050801 – «Агрономия», 050808 –«Топырақтану және агрохимия» мамандығы турасында студенттерге жалпы бағыт беру.
|
Мазмұны
|
Дәріс: 1 Модуль . Жалпы мәліметтер 050801 Агрономия, 050808 топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы.Кіріспе. Университет структурасы
Кітапхананың пайда болу тарихы. Кітапхана түрлері және типтері.Қазақстан Рсепубликасының Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты. Халық шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызы. Ауылшаруашылық ғылымының негізгі зерттеу нысаны.Топырақты өңдеу жүйелері мен технологиялық операциялары, процестері. Кәсіби қызметінің саласы, объектілері, пәні, түрлері, функциясы, типтік міндеттері, бағыттары, мазмұны. Агрономия ж»не Топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі қызметіне қойылатын талаптар.Оқу бітірушілердің білім деңгейіне қойылатын талаптар.Білім берудің негізгі жалпыұлттық мақсаттары және пән циклдары бойынша мақсаттары. Жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзіреттілігіне, кәсіби-экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық құзіреттілігіне, кәсіби құзіреттілігіне, әлеуметтік, экономикалық, кәсіби жағдайлардың өзгерісіне, өтпелілік пен белгісіздік жағдайларының үдей түсуі жағдайында географиялық және әлеуметтік жұмылдыруға дайын болуға қойылатын талаптар.
2Модуль.Ауыл шаруашылығындағы топырақ құнарлылығын жоғарлату және алдыңғы қатарлы өсіру технологияларын енгізу негізінде астық, мал азығы т.б. ауыл шаруашылық өнімдерін барынша арттыру. 050801 Агрономия, 050808-Топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны
Жалпы білім беру пәндер. Базалық пәндер. Кәсіптендіру пәндері. Оқытудың қосымша түрлері. Мемлекеттік аралық бақылау. Мемлекеттік қорытынды аттестация. Өсімдіктердің құрылысы, топырақ, тамыр, клетка, ткань. Дақылдардың анатомиялық және физиологиялық құрылысы. Ауылшаруашылық дақылдарының жылуға қоятын талаптары. Өсімдіктердің суға тәуелділігі, қажеттілігі. Ылғалдың өсімдік тіршілігіндегі ролі. Транспирация процессі.Транспирациялық коэффициент. Қоректік элементтердің өсімдік тіршілігіндегі ролі. Минералды қоректену. Ауа арқылы қоректену. Фотосинтез. Өсімдіктердің топырақ үстінде вегетативтік мүшелердің көлемі. Өсімдік тіршілік әрекетін күшейту. Жердің негізгі қасиеті, оның құнарлылығы. Ауылшаруашылығы өндірісіндегі топырақтардың маңызы, топырақ құнарлылығы. Топырақтану пәнінің міндеті мен мазмұны. Топырақтар мен өсімдіктер арасындағықарым-қатынас. Қазақстанда кездесетін топырақ түрлері. Топырақ оның пайда болуы және жетілуі. Топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролі. Топырақ құнарлылығы. Топырақ құрамы, топырақтың механикалық құрамы. Топырақ аймақтары және оның негізгі ерекшеліктері. Топырақтың негізгі қасиеттері. Топырақтың ауа режимі және оның өсімдіктер үшін маңызы. Топырақ қабатының қоректік режимі.
Ауылшаруашылығығынң дамуы мен тиімділігін арттыруда әр түрлі тыңайтқыштарды қолданудың жағдайы. Агрохимия ғылымының міндеттері мен тәсілдері. Агрохимияның негізгі зерзаттары. Тыңайтқыштар. Органикалық, минералды, сидератты, бактериялық, микротыңайтқыштар. Тыңайтқыш қолдану және өнім сапасы. Топырақ өңдеудің міндеттері. Топырақ өңдеудегі технологиялық жұмыстар, өңдеу тәсілдері. Топырақты баптау шаралары. Топырақты өңдеу жүйелері. Су және жел эрозиясына ұшыраған топырақтарды өңдеу. Арамшөптер, олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі. Негізгі биологиялық топтары мен өкілдері. Арамшөптермен күресу және алдын алу жолдары. Өсімдіктерді зиянкестерден және аурулардан қорғау. Ауылшаруашылық нысандарында ауыспалы егістіктерді қолдану. Тұқымды себуге дайындау. Себу мерзімі, мөлшері, тұқым сіңіру тереңдігі. Егіс жұмыстарының сапасын бақылау. Егістік күтіп баптау жұмыстары. Егін жинау. Ауылшаруашылық дақылдарын егу және жинау.
Практикалық сабақтар: Ауылшаруашылығындағы өсімдіктермен танысу. Өсімідіктердің өсуі және дамуы.Топырақ түрлерімен және қабаттарымен танысу.Топырақтың механикалық құрамы.
Топырақ құнарлылығы және қарашірік деңгейін анықтау. Ауылшаруашылығында қолданылатын негізгі тыңайтқыш түрлері.Өсімдіктердің қоректік заттарға қажетсінуі. Ауылшаруашылық өндірісінде кездесетін арамшөптер. Әртүрлі шаруашылық нысандарында кездесетін ауыспалы егістер. Екпе дақылдарын ботаникалық және биологиялық жіктеу.
|
Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері
|
Студенттер пәнді зерттеп оқу барысында өзінің болашақ қызметі туралы қажетті білім мен икемділікті меңгереді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |