Пәннің аталуы
|
М 2а. Философия
|
Қысқартылған атауы
|
Фил.
|
Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр
|
3
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Есиркепова Г.К., Есимова А.Е.
|
Доцент/оқытушы
|
Ф.ғ.к., доцент, аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 30, практикалық сабақтар – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135
|
Кредиттер/сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, өзін-өзітану, логика, психология
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Өзекті мәселелерге біртұтастық тұрғыдан қарауды қалыптастыру, әр адамда әмбебаптық және жаһандық көлемде ойлау үрдістерін қалыптастыру, студенттің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру. Адамның іс-әрекетінің, дүниетанымының, өмірлік мақсат, тілектерінің философиялық негіздерін анықтау. Философияның тарихы мен теориясын оқыту барысында тыңдаушы әлем мен адам, оның өзара қатынасы туралы білімдерді тереңдетіп, негізгі ұғымдармен, ілімдермен танысады.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Философия мәдениет феномені хақысында. Философияның мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниетаным және философия. Философиялық ой кешу типтері. Көне үнділік мәдениетіндегі философия. Даостық философия және Конфуцийдің ілімі. Антикалық мәдениеттегі философия. Сократ, Платон, Аристотель философиясы. Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық-мұсылмандық философия. Әл-Фарабидің парасат, қоғам, ғылым, кемел адам туралы ілімдері. Қожа Ахмет Яссауидің сопылық ілімі. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. XX ғ. – XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия. Болмыс философиясы. Философиялық антропология. Эпистемология. Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Тарих философиясы. Білім философиясы. Оқу-білімнің аксиологиялық аспектілері. Оқу-білімдегі классикалық реализм. Глобалдық мәселелер философиясы.
Практикалық сабақтар: Мәдени-тарихи контекстегі философия. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде. Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Көне Қытай мәдениетіндегі философия. «И цзин» шығармаларының негізгі мазмұны. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия. Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Білімдегі модельдеу. Өмірге бейімделу үшін оқу-білім.
|
Оқу процесінің нәтижелері / Қорытынды бақылау нәтижелері
| Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру, шығармашылық ойлау қалыптастыру, өзіндік сананы дамыту, өмірдің мәнін түсіну, биік рухани құндылықтарға баулу. |
Пәннің аталуы
|
М 8а. Экономика теориясының негіздері
|
Қысқартылған атауы
|
ЭТН.
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
3
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Раймкулов С., Ким Л.
|
Доцент / оқытушы:
|
Т.ғ.к., доцент; аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–15, практикалық–15, ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Студент әдебиеттерiмен, оқу құралдарымен, сөздiктермен, компьютермен жұмыс жасай бiлуi қажет.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Мақсаты- болашақ мамандарды қазiргi қоғам өмiрiнiң экономикалық проблемалары мен таныстыру, олардың мемлекетiмiздiң экономикалық саясатын жасауға және оны жүзеге асыруға белсене қатынасу қабiлеттiгiн дамыту. Нәтижесінде студенттерге нақты бiлiм беру және экономикалық заңдар мен категориялардың iс-әрекетiн нарықтық проблемаларын шешуге пайдалана алатын, болашақтағы және ағымдағы экономикалық ситуацияларды бағалай бiлетiн өз еркiмен шешiмдер қабылдай алатын жоғары квалификациялы фундаменталды мамандар дайындау.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.
Практикалық сабақтар: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Нарық жағдайында еркiн iс-әрекет етуге баулу;нарықтық экономиканың механизмiмен таныстыру, студенттердi экономикалық талдау жасауға үйрету
|
Пәннің аталуы
|
М 10б. Физика
|
Қысқартылған атауы
|
Физ.
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
3
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Абекова Ж., Пономоренко Е.
|
Доцент/оқытушы:
|
Ф.ғ.к., доцент; ф.-м.ғ.к., доцент
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ , орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс-15 сағ., зертханалық - 15 сағ. прак. – 30, СӨЖ-60 сағ.,
ОСӨЖ –60 сағ.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы –180 сағ.
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
4
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттері: жоғары математика, мектеп бағдарламасының физика курсын білу.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Физика саласынан білім мен біліктілікті меңгеру. Осы замандағы әлемнің жаратылыстану ғалами суреттемесі туралы түсініктерді қалыптастыру; Физика саласындағы теориялық білімді, болашақ мамандық бойынша арнаулы пәндерді меңгеру мен жұмыс барысында практикалық есептерді шешуге қолдана білуге үйрету. Студентті физиканың әртүрлі салаларындағы жетістіктерімен таныстырып, әлемнің физикалық көрінісі туралы түсінікті қалыптастыру. Химия мамандығы бойынша оқитын студенттерге өз мамандығына қатысты тақырыптарға ерекше маңыз беріледі.
Курстың мәселелері – маманның дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, физика негіздерін меңгерудегі өзіндік жұмыстарды ұйымдастыра білуі.
|
Мазмұны
|
Дәрістің мазмұны:
Кинематика. Кеңістік және уақыт. Санақ жүйесі. Материялық нүкте түсінігі. Материялық нүкте қозғалысын кинематикалық сипаттау. Айналмалы қозғалыстың кинематикалық элементтері. Материялық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Ньютон заңдары. Механикадағы күштердің түрлері. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс дина-микасының теңдеуі. Штейнер теоремасы. Сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриялық салдары ретінде. Импульстің сақталу заңы. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Гироскопиялық эффект. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тұтас орта түсінігі Үздіксіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі.. Стокс өрнегі. Пуазейл формуласы. Тербелістер мен толқындар. Қума және көлденең тербелістер. Толқындар. Толқын теңдеуі, оның сипаттамалары және оған мысалдар. Статистикалық физика және термодинамика. Молекула-кинетикалық теорияның негіздері. Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Статистикалык үлестірулер. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл үлестірілуі. Больцман үлестірілуі. Термодинамика негіздері. Термодинамиканың І бастамасы. Изопроцесстер. Карно циклі және оның п.ә.к. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термодина-миканың екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы. Тасымалдау құбылысы. Жылу өткізгіштік, ішкі үйкеліс (тұтқырлық), диффузия. Реал газдар. Ван-дер-Ваальс тендеуі. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Метастабильді күй. Үштік нүкте. Электростатика. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электростатикалық өрістің цинкуляциясы. Потенциал. Тұрақты электр тогы. Металлдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Потенциалдар айырымы, электр қозғаушы күшi, кернеу. Кирхгоф ережелерi. Газдар мен плазмадағы электр тогы. Магнит өрісі. Магнит индукция векторы. Био-Савар-Лаплас заңы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер күші. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Заттағы магнит ағыны. Магнетиктер. Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадей заңы. Ленц ережесі. Максвелл теңдеулері. Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Электромагниттік өріс үшін толқындық теңдеу. Умов-Пойнтинг векторы. Сәулелік (геометриялық) оптика түсініктері. Фотометриялық шамалар. Жарық толқындарының қасиеттері. Жарық толқындарының интерференциясы. Толқындардың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Голография. Заттағы электромагниттік толқындар. Жарық дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың поляризациясы. Жылулық сәулелену. Абсолют қара дененiң сәулеленуiнiң проблемалары. Кванттық гипотеза және Планк өрнегі. Фотондар. Кванттық теориялардың негізгі идеялары тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Франк және Герц тәжірибелері. Атомдардың сызықтық спектрлерi. Бор постулаттары. Сәйкестік принципі. Корпускула-толқындық екіжақталық. Де-Бройль гипотезасы. Шредингер теңдеулері. Конденсацияланған күй. Металдардың электр өткізгіштігі. Ферми деңгейі. Металлдар, диэлектриктер және жартылай өткізгіштердің зоналық теориясы. Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы. Атом ядроларының радиактивтi ыдырауы. Ядролық бөлiнудiң реакциясы. Ядролық реактор. Элементар бөлшектер
Зертханалық сабақтар. 1. Көптеген тікелей өлшеулердің нәтижелерін өңдеу. Жанама өлшеулердің нәтижелерін өңдеу.
2. Қатты дене айналмалы қозғалысы заңдарын зерттеу.
3. Максвелл Маятнигінің қозғалысын зерттеу .
4. Тербелмелі қозғалыс заңдарын физикалық маятниктің көмегімен зерттеу.
5. Дөңгелеу үйкелісі коэффицентін анықтау.
6. Айналмалы тербеліс әдісімен қатты денелердің инерция моменттерін анықтау.
7. Баллистикалық маятниктің көмегімен снарядтың ұшу жылдамдығын
анықтау .
8. Атвуд машинасының көмегімен ілгерімелі қозғалыс кинематикасының динамикасының заңдарын зерттеу .
5. Больцман тұрақтысын анықтау.
6. Стокс әдісімен сұйықтың тұтқырлығын анықтау .
7. Газдың жылу сиымдылықтар қатынасын табу.
8. Сақинаны ажырату әдісімен сұйықтың беттік керілу коэфицентін анықтау.
9. Электр өрісін модельдеу.
10. Электр кедергісін анықтау әдістері.
11. Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау .
12. Кирхгоф ережелері арқылы тармақталған тізбекті есептеу.
13. Тұрақты ток тізбегіндегі қуатты анықтау
14. Катушканың индуктивтілігін анықтау .
15. Электронның меншікті зарядын магнетрон әдісімен зерттеу.
16. Үлкен сиымдылықтар мен кедергілерді релаксациялық тербелістер көмегімен анықтау.
17. Электр лампасының меншікті қуатын табу.
18. Рефрактометрдің көмегімен сұйықтың сыну көрсеткішін анықтау.
19. Дифракциялық тордың көмегімен кәдімгі жарықтың лазер сәулесінің толқын ұзындыктарын табу.
20. Малюс заңын тексеру.
21. Фотоэлектрлік эффект құбылысын зерттеу.
22. Жылулық сәулелену заңдарын тексеру.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Теориялық білім алу және практикалық есептерді шешу дағдысын меңгеру.
Білім деңгейі: ағымдағы аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пәннің аталуы
|
М 10б. Инженерлік механика І
|
Қысқартылған атауы
|
ИМ І
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
3
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Арапов Б., Печерский В.
|
Доцент/оқытушы:
|
Т.ғ.д., профессор; т.ғ.д., профессор
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ , орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс-15 сағ., зертханалық - 15 сағ. прак. – 15, СӨЖ-45сағ.,
ОСӨЖ –45 сағ.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы –135 сағ.
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиті: Математика I және II (бөлімдері: аналитикалық геометрия, векторлық алгебра, дифференциалдық және интегралдық есептеулер); Физика (бөлімдері: қатты дене механикасы); Инженерлік графика I
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Абсолютті қатты денелер үшін алынған тепе-теңдік шарттарын және статиканың негізгі аксиомаларын біле отырып, оларды аз деформацияланатын, сонымен бірге кез-келген өзгеретін денелерге қолдануды; конструкция әлементтерін беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа деформацияның қарапайым түрлері үшін (статикалық анықталған жүйелердегі созылу-сығылу, ығысу, иілу) есептеулерін орындауды, оның ішінде осы заманғы бағдарламаларды пайдалануды
|
Мазмұны
|
Теориялық механиканың негізгі ұғымдары. Күш, момент. Статика аксиомалары. Күштің өске проекциясы. Тең әсерлі күш. Байланыстардың негізгі түрлері. Тепе-теңдік шарттары. Жазықтықтағы тепе-теңдік. Күшті берілген центрге келтіру (Пуансо әдісі). Күштер жүйесін берілген центрге келтіру. Бас вектор және бас момент үғымдары. Күштер жүйесін берілген центрге келтірудің дербес жағдайлары. Кеңістіктегі тепе-теңдік. Күшті берілген центрге келтіру (Пуансо әдісі). Күштер жүйесін берілген центрге келтіру. Бас вектор және бас момент үғымдары. Күштер жүйесін берілген центрге келтірудің дербес жағдайлары. Байланыс түрлері және олардың реакциялары. Байланыстар аксиомасы. Тіректердің реакцияларын анықтау. Тепе-теңдік теңдеулерін құру. Ферма сырықтарында пайда болатын ішкі күштерді анықтау. Риттер әдісі. Түйіндерді кесіп алу әдісі. Бас өстер және бас инерция моменттері. Көлденең қимасы тік бұрышты және дөнгелек болып келетін қималардың бас центрлік өстік инерциялық моменттері. Материалдар кедергісінің негізгі гипотезалары. Материалдар кедергісінің негізгі гипотезалары. Ішкі күштер және ішкі күштер факторлары. Қима әдісі. Толық, тік және жанама кернеулер. Орын ауыстыру және деформациялар. Статикалық анықталған жүйелердің созылуы мен сығылуы. Орталық (центрлік) созылу мен сығылу. Бойлық күштердің және тік кернеулердің эпюрлері. Сырықтың көлденең және көлбеу қималарындағы кернеулер, экстремалды тік кернеулер және ең үлкен жанама кернеулер. Созылу мен сығылу кезіндегі Тіректердің түрлері, олардың реакцияларын анықтау. Көлденең күштер және иілу моменттері. Орнықтылық. Сығылған сырықтардың бойлық пішінінің серпімділік кезіндегі орнықтылығы. Эйлер формуласы және оны пайдалану шегі. Шектік пропорционалдық шегінен артқан кернеу кезіндегі Ясинский формуласы. Сығылған сырықтарды орнықтылыққа есептеудің практикалық әдісі.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Статиканың негізгі түсініктерін, заңдарын, әдістерін; құрылыс элементтерін беріктікке, қаттылыққа есептеудің негізгі әдістері
мен принциптерін, сонымен бірге инженерлік конструкцияларды тиімді жобалауды.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пәннің аталуы
|
М 9б. Құрылыс материалдары I
|
Қысқартылған атауы
|
ҚМ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық сабақтар, СӨЖ, ОСӨЖ
|
Семестр:
|
3
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Сузев Н., Көпжасаров Б.
|
Доцент/оқытушы:
|
Т.ғ.к., доцент; т.ғ.к., доцент
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ , орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс-15 сағ., зертханалық - 15 сағ. СӨЖ-30 сағ., ОСӨЖ –30 сағ.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағ.
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Физика-І, Химия –І, Құрылыс физикасы
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Қажетті қасиеттерге ие құрылыс материалдарын алуды және материалтану негіздерін терең меңгерген, олардың жоғары пайдаланушылық қасиетін, экологиялық тазалығын, тиімділігін және көркемдігін қамтамасыз етудегі ролін жақсы білетін мамандарды дайындау.
|
Мазмұны
|
Құрылыс материалдарының құрылысы және негізгі қасиеттері. Құрылыс материалдарының құрамы, құрылысы және қасиеттерінің өзара байланысы. Тас материалдарының кен орындары, оларды табу және өңдеу туралы түсінік. әр түрлі жағдайларда қолдану үшін тас материалдарына қойылатын талаптар. Сазды шикізаттың пайда болуы және құрамы, оны иілімділігі, отқа шыдамдылығы бойынша топтастыру. Керамикалық бұйымдар өндірісіндегі шикізат ретіндегі саздың негізгі қасиеттері. Сазды кептіру және күйдіру кезінде жүретін процесстер. Қара және түсті металдар, олардың қортпалары туралы жалпы мағлұматтар. Түсті металлдар және олардың құрылыста қолдануы. Гипс байланыстырғышын жылумен өңдеуге байланысты түрлерге бөлінуі: төменгі температурада күйдірілетін және жоғарғы температурада күйдірілетін. Қатаю схемасы, негізгі қасиеттері және қолданылу саласы. Ауа әгі: шикізат және өндіру принцптері, түрлері және қолданылу саласы. Портлапндцемент: шикізаттық материалдар және өндіру прициптері. Портландық цементтің техникалық сипаттамалары: тығыздығы, су қажет етушілігі, қатаю мерзімдері және көлемінің бір қалыпты өзгеруі. Цементтің және басқа байланыстырғыш заттың қатюы. Ауызсуды тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ескеру есебінен шылайтын суға қойылатын талаптар. Бетон араласпасы. Бетон бұйымдарын дайындау: материалдарды дайындау және араластыру, бетон араласпасын құю және тығыздау, әр түрлі жағдайларда бетондардың қатаюы. Химиялық қоспалар қатаюды. Жеңіл бетондардың түрлері: құрамының, алу әдістерінің ерекшеліктері, қасиеттері және пайдаланц саласы. Кеуекті толтырғыштардың түрлері (оның ішінде қосалқы шикізаттан) және оларға қойылатын талаптар. Жеңіл бетондарды тығыздығына байланысты топтастыру және маркалау. Құрылыста қолданылатын ағаштың негізгі тұқымдары. Ағаштың құрамы және қасиеті. Ағаштың негізгі қасиеттерінің құрылымына және ылғалдылығына тәуелділігі. Ақаудың негізгі түрлері және олардың ағаш сапасына әсер етуі. Полимер материалдар. Арнайы тағайындалуы бар құрылыс материалдары. Әрлеулік материалдар. Композициялық материалдар
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Құрылыс материалдарының ерекшеліктерін сауатты анықтай алу; жобалық шешімдерде нақты пайдалану жағдайы үшін материал таңдауды негіздей алу; материал сапасын қамтамасыз ете алу; өндірісті бақылай алу; құрылыс материалдары мен бұйымдарының қасиеттерін сандық мәндермен бағалап және оларды анықтаудың әдістемелік принцптерін жақсы меңгеруі керек
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пәннің аталуы
|
М 13а. Сәулет І
|
Қысқартылған атауы
|
Сәу. І
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекция, практикалық, КЖ, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
3
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Звягина З., Байболов К,
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы; т.ғ.к., доцент
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Лекция - 15, практика-15, СӨЖ-30 сағ., ОСӨЖ –30 сағ.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы - 90 сағ
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиты: Жоғарғы математика, Инженерлік графика, Компьютерлік графика, Материалтану
|
Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі
|
Пайда болатын қалақұрылымының өмір әрекеттік циклдерін өзіне біріктіретін қазіргі кездегі сәулеттің және қалақұрылысының даму тенденциясы; қала аумақтарын жайғастыруға және құрылыстауға табиғи -климатикалық факторлардың ықпалы; ғимараттардың негізгі түрлері; ғимараттарды жобалаудың негіздері; құрылыстағы унификация, типизация түсініктері. Әртүрлі ғимараттарды олардың көлемдік-жайғастырушылық схемаларына сәйкес пайдалана білу; қалақұрылыстық ситуацияны талдай білу; ғимараттардың схемаларын және конструктивтік жүйелерін айыра білу:
|
Мазмұны
|
Сәулет және қалақұрылысы туралы жалпы деректер. Сәулет және қалақұрылысы туралы жалпы деректер. Пайда болатын қала құрылымдарының өмір - іс әрекеттік циклдерін өзіне біріктіретін сәулет және қалақұрылысының даму тенденциясы. Сәулеттің қайнар - көзі. Қалалардың пайда болуына және өсуіне ықпал ететін факторлар. Қалаларды топтастыру. Урбанизацияның бүкіл әлемдік процесстері. Қалалар агломерациясы. Аудандық жобалаудың схемалары және жобалары. Қаланың Бас жобасы. Қала Бас жобасының селитебсырттық зоналары. Өнеркәсіпті орналастыруға қойылатын қалақұрылыстық талаптар. Қала көлігі және оның қала құрылымын жайғастыруға ықпалы. Халық тұратын жерлерде пайда болатын тұрғын нысандарын жобалауға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Экстремальдық жағдайлардағы құрылыс. Жеке тұрғын ғимараттары учаскелерінің (телімдерінің) Бас жобалары. Сәулеттік - құрылыстық жобалаудың негіздері. Пәннің міндеттері. Тектоника, сәулеттегі форманың пайда болуы және түс. Сәулеттің даму кезендері. Сәулет - құрылыстық жобалаудың негізгі принциптері. Ғимараттар және имараттар және оларға қойылатын талаптар туралы жалпы деректер. Ғимараттардың және имараттардың негізгі конструктивтік элементтері және бөліктерінің көлемдік - жайғастырушылық шешімдермен өзара байланысы. Ғимараттардың сәулеттік - композициондық және көркемдік шешімдері. Негізгі ережелер. Өлшемдер түрлері. Разбивкалау жүйелері және оларға ғимараттың конструктивтік элементтерін привязкалау. Сәулет -құрылыс жобасы және оны дайындаудың әдістері. Жобалау кезеңдері: Жоба және жұмыс жобасы. Ғимараттарды және имараттарды жобалаудың жалпы ережелері. Ғимараттар. Ғимараттардың конструктивтік элементтері және олардың көлемдік -жайғастыру шешімдерімен өзара байланысы. Азқабатты үазаматтық үғимараттардың үконструктивтік үшешімдері. Қалақұрылыстық жобалаудың және ғимараттарды реконструкциялаудың экономикалық негіздері
|
Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Ғимараттардың конструкцияларын жобалау негіздерін; азқаббатты тұрғын ғимараттарын жобалауды; тұрғын ғимараттарын сәулет - жайғастыру жағдайларына, жел режимдеріне сәйкес инсоляцияға байланысты орналастыру негіздерін
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пәннің аталуы
|
М 2в. Саясаттану
|
Қысқартылған атауы
|
С
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Султанов С., Таубаева М.
|
Доцент / оқытушы:
|
П.ғ.к., доцент; ф.ғ.к., доцент
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–15, практикалық –15, ОСӨЖ–30, СӨЖ–30
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Саясаттану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Рспубликасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттесетікпен даму заңдылықтарын қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрлымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өз ара байланысқа түсуі және қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Саясаттану пәніне кіріспе, Саясаттанулық теориялар мен концепциялар, нақыты әлеуметтік зерттеулердің методологиясы мен методикасы, қоғамның қалыптасу, даму аспектілері, қоғамның әлеуметтік құрылымы, стратификациясы, мобильділігі, әлеуметтік институттар, тұлға әлеуметтануы, девиациялық мінез құлық әлеуметтануы, мәдениет әлемуеттануы, экономикалық мәдениет, мінез құлық әлеуметтанулық зерттеу аспектісі ретінде, саяси қатынастар және билік әлеуметтануы, бұқаралық коммуникация әлеуеттануы.
Семинарлық сабақтар: Саясаттық білімдер құрылымы, қазақ ағартушыларының әлеуметтік ойлары, әлеуметтік зерттеулерді нарықтық қатынастарды зерттеуде қолдану, қоғам әлеуметтік жүйе ретінде, қоғамның әлеуметтік стартификациясы, тұлға типтері, отбасы әлеуметтануы, экономикалық, саяси, мәдениет, бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға тырысады.
|
Пәннің аталуы
|
М 2в. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
|
Қысқартылған атауы
|
ТҚН
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Төлеген М.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Жалпы білім беру пәні, таңдау компоненті
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–15, ОСӨЖ–15, СӨЖ–15
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 45 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
1
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
ҚР «Азаматтық қорғаныс жайлы» заңының талаптары. ҚР «Төтенше жағдайлар жайлы» заңы; азаматтар мен әкімшілікқұрамға ТЖ жіктелуін білу; ТЖ жіктелуі.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
ҚР үкіметінің қаулысы. АҚ үкіметінің құрылысы. АҚ мекемесінің құрылымы мен ұйымдассуының жалпы принциптері. ҚР «Азаматтық қорғаныс жайлы» заңының талаптары. ҚР «Төтенше жағдайлар жайлы» заңы; азаматтар мен әкімшілікқұрамға ТЖ жіктелуін білу; ТЖ жіктелуі. Жергілікті тұрғындар пайда болатын ТЖ жайлы хабарландыру. Тез медициналық көмекті ұйымдастыру.
|
Мазмұны
|
Табиғатты және техногендік мазмұндағы қауіптілік факторлары. Қауіпсіз тіршілік жағдайларын жарату; ерекше жағдайларда шешімді қабылдау; технологиялық жағдайлардың бұзылуы нәтежесінде пайда болатын қиыншылықтар;ең көп таралған табиғи апаттар; табиғи апаттардың салдарынан жою барысындағы іс- әрекет; тұрмыста және өндірісте жинақылықты қалыптастыру; жеке қауіпсіздік құралдарын пайдалану; өндірісте тіршілік қауіпсіздігін басқару негіздері; өндірісте тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық және нормативтік негіздері;
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пәннің аталуы
|
М 3в. Инженерлік жүйелер І
|
Қысқартылған атауы
|
ИЖ
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекция, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Серікбаев Т., Аубакирова Ф.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы; аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс -15сағ.,практикалық – 30сағ., ОСӨЖ-45сағ., СӨЖ – 45сағ.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы 135 сағ
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: - математика-1; - гидравлика -геодезия-1; -құрылыс материалдары-1; -физика-1; -инженерлік графика-1; -инженерлік механика-1; -компьютерлік графика-1.
|
Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі
|
Сумен жабдықтау және канализация, газбен қамту, елді мекендерді жылумен қамту, ішкі су құбырының құрылысы, канализациясы, газ кұбыры,желдету,тұрғын ұйлерді жылумен қамту және бұл ұйлердің инженерлік жабдықтары туралы теориялық білім негіздерімен практикалық үйренуін, сонымен қатар арнайы ғылыми-техникалық әдебиеттерді қолданаалуын камтамасыз ету.
|
Мазмұны
|
Елді мекендер мен қаланың тұрғын аудандарын сумен жабдықтау жүйелері. Су тазарту ғимараттары. Су құбыр торабының құрылысы. Ұйлердің ішкі су құбырлары. Үйлердің ішкі канализациясы. Канализация торабының құрылысы. Канализациялық тазарту ғимараттары. Ғимараттың энергиямен қамтылуы. Жылу көздері. Ауа алабы мен қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып жылу көздері орналасатын жерді таңдау. Отын. Отындар жайлы жалпы мағлұматтар. Жылу көздерін жобалағанда шешілетін техника-экономикалық есептер. Орталықтандырылған жылумен қамту. Газбен жабдықтау. Ғимараттар мен құрылымдарды жылыту. Ғимараттарды желдету және ауамен баптау. Желдету жүйесінің жалпы классификациясы және оларды қолдану. Ауа беретін және ауа шығаратын желдету жүйесі. Қайтарым желдету жүйелері. Жалпы алмасу, жергілікті, араласқан және апаттық желдету жүйелері. Табиғи және механикалық желдету. Жылу мен желдік арын әсерінен табиғи ұйымдастырылмаған және ұйымдастырылған желдету. Орталық және жергілікті кондиционерлер құрылымы. Ауамен жылыту және ауамен баптаудағы жылыту жүйесін жобалау негізі. Жылу мен газды тұтыну жүйесін жобалағанда шешілетін техника-экономикалық есептер. Ауа алабының ластанудағы экологиялық аспектісі. Атмосфераны ластайтын заттардың таралу сипаттамасы. Желдету жүйесі арқылы және технологиялық қалдықтар шығаратын өндірістік мекемелерден отын жаққан кезде ауа алабын ластануын ескеретін жалпы тараулар қолдану. Желдетуден және технологиялық қалдықтарды санитарлы тазалау. Қоршаған ортаны қорғау шараларының тиімділігі мен экономикалық бағасы.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Инженерлік жүйелерді жобалаудағы жаңа технологиялар мен үлгілі жетістіктерді; инженерлік жүйелердің тораптары мен ғимараттар құрылысын ұйымдастыруды.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пәннің аталуы
|
М 13б. Үйлер мен ғимараттарды жобалау
|
Қысқартылған атауы
|
ҮҒЖ
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекциялар, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Сыздыков С.І.; Звягина З.А.
|
Доцент / оқытушы:
|
т.ғ.к., аға оқытушы; аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, таңдау компоненті
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Лекция-15, практикалық -30, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Үйлер мен ғимараттардың архитектурасы, материалдар кедергісі, құрылыс механикасы, құрылыс конструкциялары.
|
Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі
|
Қазіргі таңдағы құрылыс мөлшерлері мен ережелерін ескере отырып жобалау жұмыстарын жүргiзуге бағытталған, оның iшiнде автоматтандырылған жобалау жүйесiн қолдануды. ғимараттар мен үйлердің функционалды тағайындалуы бойынша жобалаудың негізгі принциптерімен, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, ғимараттар мен уйлердің берік пайдалануын таныстыру
|
Мазмұны
|
Құрылыс объектiлерiнiң жоба-сметалық құжаттарын дайындау,
келiстiру және бекiту ретi мен құрамы. Ғимараттар мен үймереттер туралы жалпы мәліметтер. Жобалаудың жалпы жағдайы және жоба-сметалық құжаттарын дайындау, келiстiру және бекiтудiң ретi. Құрылыс объектiсi жобасының құрамы мен мазмұны. Құрылыс объектiсiнiң жұмысшы құжатының құрамы.
Жалпы мағлұмат және жобалардың сараптау жұмыстарын жұргiзудiң ретi. Жобаларды Мемлекеттiк сараптамадан өқткiзу және сараптама жүргiзу барысындағы қолданылатын негiзгi түсiнiктер. Құрылыс конструкциялары мен ғимарат табандарының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етуге арналған негiзгi қағидалар. Құрылыс конструкциялары мен ғимарат табандарының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етуге арналған негiзгi қағидалар. Материалдардың, топырақтардың және жүктемелердiң нормативтiк және санақтық берiктiктерi және басқа сипаттамаларының мәндерi. Тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіптік үйлер мен ғимараттарды жобалау. Тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіптік үйлер мен ғимараттарға қойылатын жалпы талаптар. Тұрғын үйдің негізгі әлементтеріне қойылатын талаптар. Үйлер мен жатақханалардағы пәтерлердiң ауданын есептеудiң ережесi. Негiзгi терминдер және анықтамалар. Қоғамдық ғимараттардың көлемдiк-жоспарлық және конструктивтiк шешiмдерiне қойылатын талаптар. Өндiрiстiк ғимараттардың көлемдiк-жоспарлық шешiмдерiне және адамдарды төтенше жағдайларда өндiрiстiк ғимаратттар бөлмелерiнен алып шығу шараларына қойылатын талаптар. Өндiрiстiк ғимараттардың конструктивтiк шешiмдерiне қойылатын талаптар. Солтүстiк құрылыс- климаттық аймақтардағы салынатын ғимараттардың жобаларына қойылатын қосымша талаптар. Терминдер мен анықтамалар.
|
Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Құрылыс мөлшерлері мен ережелерін ескере отырып жобалау жұмыстарын жүргiзуін, ғимараттар мен үйлердің функционалды тағайындалуы бойынша жобалаудың негізгі принциптерін, қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырп, ғимараттар мен үйлердің берік пайдалана отып жобалауды игеру.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пән аталуы
|
М 16б. Дәнекерлеу жұмыстары және ҚК дайындау технологиясы
|
Қысқартылған атауы
|
ДЖжҚКДТ
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекциялар, зертханалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Құлтаев М.С.; Сыздықов С.И.
|
Доцент / оқытушы:
|
аға оқытушы; т.ғ.к., аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, таңдау компоненті
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Лекция-30, зертханалық сабақ-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 145 сағат
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Дәнекерлеу процестерінің негізін білу. Дәнекерлеуді қоректендіру көздерін білу. Дәнеркелеу процестерінің негізгі параметрлерін білу. Жалғанатын элементтердің ернеулерін өңдеудің арналуын үйрету. Құрылыста қолданылатын негізгі дәнекерлеу әдістерін үйрету. Құрылыс констукцияларын дайындау технологиялық процессінің негізімен таныстыру. Дайындау, құрастыру, өңдеу операцияларын алдын-ала игеру. Зауыттық жағдайда коррозияға қарсы жабындармен жабылған конструкциялар көлемін жоғарлату. Болаттардың санын азайта отырып монтаждық түйістірмелердің қолданылуын кеңейту. Құрылыс конструкцияларын дайындау сапасын бақылау әдістерін зерттеу.
|
Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі
|
Түрлі үймереттер мен ғимараттар сонымен қатар инженерлік ғимараттар құрылысына қажетті құрылыс конструкцияларын дайындау технологиясын, оның прогрессивті тәсілдерін, құрылыс барысында қолданылатын болат және оның қорытпаларын түрлі әдістерді қолданып дәнекерлеу және кесу әдістерін қолдану операцияларының ретін оқып игеріп, практикалық түрде үйрену
|
Мазмұны
|
Металдардың атомдық кристалдық құрылымы. Металл және қорытпа-лардың құрамы мен құрылымын зерттеу әдістері. Олардың механикалық қасиетері. Болаттарды қолдану облысы, беріктепдіріп өңдеу классификациясы. Жолдың көліктік - пайдалану сипаттамасы. Болаттардың механикалық қасиеттері
Прокаттау өндірісі. Сортамент. Прокаттау өндірісінің өнімдері.
Құрылысты қолданылатын түрлі-түсті металдар және қортпалар.
Балқытып дәнекерленген жалғаулардың қасиеттері және құрылымы. Дәнекерленген жалғаулар және дәнекерлеу тігістерінің түрлері. Электрошлакты, ванналық және газбен дәнекерлеудің артықшылықтары және кемшіліктері. Процесс схемалары. Контактілік тәсілмен дәнекерлеудің классификациясы. Дәнекерленген жалғауды алу шарты. Дәнекерлеу барысын-дағы кемістіктер. Қосалқы және көмекші өндіріс. Технологиялық және тасымалдау схемасы. өндірісті басқару. Болат конструкцияларын дайындау үшін келісім шарттарды дайындау. Болат конструкцияларын шегіндеп құрастыру. Металл конструк-цияларын грунттау және сырлау. Металл конструк-цияларын арту және тасымалдау. Болат конструк-цияларының дайындалу сапасын бақылау. Өнім, жартылай өнім және жалпы металл сапасына техникалық бақылау. Металл конструк-цияларын дайындау. ТЭК-ші. Металл конструкциялары зауыттарының түрлері. Алюминий және болат конструкцияларының монтаждық түйістірмесі
|
Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Дәнекерлеу өндірісінің теориялық сұрақтарын қамтып, практикалық тұрғыдан қол доғасы, автоматты және сонымен қатар жартылай автоматты, электр шлакты, газбен т.б. дәнекерлеу түрлерімен легирленген болаттарды, шойынды, түрлі-түсті материалдарды дәнекерлеу технологиясын білу және игеру.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пән аталуы
|
М15б. Инженерлік механика ІІ
|
Қысқартылған атауы
|
ИМ ІІ
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекциялар, практикалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Арапов Б. Печерский В.
|
Доцент / оқытушы:
|
Т.ғ.д., профессор; т.ғ.д., профессор
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Кәсіби пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Лекция-15, практикалық-30, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: математика I және II (бөлімдері: аналитикалық геометрия, векторлық алгебра, дифференциалдық және интегралдық есептеулер); физика (бөлімдері: қатты дене механикасы); инженерлік графика I, II; инженерлік механика I, (бөлімдері: теориялық механика (негізгі түсініктер және статика аксиомалары, кез-келген жазық күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары), материалдар кедергісі (негізгі гипотезалары, статикалық анықталған жүйелердегі созылу және сығылу, иілу, ығысу, сығылған сырықтардың орнықтылығы).
|
Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі
|
Денелер инерттілігін және әсер етуші күштерді есепке алмай олардың қозғалысының геометриялық қасиеттері туралы, денелер инерттілігін және әсер етуші күштерді есепке ала отырып материалдық денелердің қозғалу заңдылықтарын анықтау туралы, сыртқы күштер әсеріндегі серпімді денелердің деформациясын зерттеу және конструкция элементтерін беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеу туралы теориялық білім беру.
|
Мазмұны
|
Нүкте кинематикасы. Кинематиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары. Нүкте қозғалысының берілу әдістері. Нүкте жылдамдығының векторы, нүкте үдеуінің векторы. Нүкте қозғалысы әр түрлі әдістермен берілген жағдайда жылдамдығы мен үдеуін анықтау. Қатты дене кинематикасы. Қатты дененің ілгерілмелі қозғалысы. Динамика. Динамиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары. Динамика заңдары. Қатты материялық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері және оларды интегралдау. Қозғалыс мөлшері, күш импульсы. Материялық нүкте қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. Статикалық анықталмаған жүйелердегі созылу мен сығылу. Созылу мен сығылу кезіндегі статикалық анықталмаған есептер. Деформацияны анықтау. Деформация мен кернеудің арасындағы физикалық тәуелділіктерді құру. Жеке сырықтарды дайындауда жіберілген қателерден пайда болатын кернеулер. Температуралық кернеулер. Бұралу. Бұралу моменттерінің эпюрлерін салу. Дөңгелек қималы біліктерде пайда болатын кернеулерді анықтау. Біліктерді бұрағандағы деформациялар мен орын ауыстырулар. Бұралу бұрыштарының эпюрлерін салу. Беріктікке есептеу. Күрделі кедергі. Қиғаш иілу. Күрделі кедергі түсініктемесі. Жүктемелерді түсіру әдістері. Күрделі кедергі кезіндегі кернеулі-деформацияланған күй түрлері. Қиғаш иілу. Кернеу. Нөлдік сызыктың орналасу жағдайы. Иілулер. Беріктікке есептеу. Статикалық анықталған рамаларды есептеу. Жалпы түсініктер. Жай рамаларды аналитикалық есептеу. Рамалардагы тірек реакцияларын анықтау. Учаскелер бойынша көлденең күш және иілу моменттерінің теңдеулерін құру.
|
Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Қолданбалы есептерді шешуге; беріктікке есептеудің үш түрін орындау бойынша: тексермеліге, есептелген жүктемені анықтауға, жобалаудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалануға; қаттылыққа есептеуге. Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Достарыңызбен бөлісу: |