Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу
құралы, Шымкент, 2004
2. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных пористых
заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г, 424с.
3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. –М.:Стройиздат,
1989
4..Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического
кирпича. М.:Высшая школа, 1989
5.Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкций.
Справочник. –М.:Высшая школа, 2004
6.Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича.
М.Стройиздат, 1989
7.Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на
основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.
8.Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.
9.Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии
строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая
школа, 1987.
10.Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
керамики. М.:Высшая школа, 1985
11.Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной
керамики. М.:Стройиздат, 1977
Практикалық сабақ №7. Бұйым түрі мен сазды шикізаттың қасиеттеріне байланысты керамикалық материалдарды
қалыптау әдісін таңдау
Сабақ 2 сағатқа есептелген.
Сабақтың мақсаты: бұйым түрі мен шикізаттың қасиеттері ескерілетін керамикалық массаны қалыптау әдісін дұрыс таңдауды оқып-үйрену.
Шикізатты өңдеу және массаны дайындаудағы технологияға сәйкес керамикалық бұйымдарды қалыптау үш әдіс бойынша жүргізіледі: иілгішті, жартылай құрғақ, құю не шликерлі.
Бірінші әдіс кеңінен тараған. Бұл әдіс қабырғалық керамикалық бұйымдарды черепица, канализациялық және дренажды құбыр, сондай-ақ сәулеттік көркемдік керамикаларды қалыптауға арналған.
Екінші әдіс керамикалық плиткаларды қалыптау үшін қолданады. Күрделі конфигурациядағы бұйымдарды қалыптайды. (сантех бұйымдар және әсемдік керамика), сонымен қатар плиткалардың кейбір түрлері үшінші әдіс бойынша жүргізеді.
Қалыптаудың иілгішті әдісі. Ылғалдылығы (18-26%) иілгішті қамырдан керамикалық бұйымдарды дайындауды әдетте таспалы шнекті престе (вакууммен немесе вакуумсыз) жүргізеді, ал пішіндері күрделі бұйымдарды, мысалы, пазалы (ойықты) черепицаны- револьверлі немесе басқа престе жаншу (штамповка) арқылы, сәулеттік- көркемдік бөлшектерді гипсті формада қолмен қалыптау арқылы жүргізеді.
Таспалы шнекті прессте бұйымды қалыптау сыртқы күш әсерінен бүтіндей жарылмай деформацияланатын және сол күш тоқтағаннан кейін берілген пішінді сақтайтын сазды массаның қасиетімен негізделген.
Иілгішті массадан күрделі конфигурациядағы бұйымды (черепица және т.б) ленталы престе алдын ала қалыпталған дайын массаны револьверлі, рычагты және басқа престерде штамптау әдісімен дайындайды.
Қалыптаудың жартылай құрғақ әдісі (керамикалық ұнтақтан престеу) ылғалдылығы 8-10% болатын, жоғары қысыммен (15-40МПа) сусымалы ұнтақ тәрізді массадан бұйымды компрессорлық престеуден тұрады. Мұның бір түріне ылғалдылығы 2-8% болатын керамикалық ұнтақтан престейтін құрғақ әдісі жатады.
Жалпақ жұқа қабатты бұйым дайындау үшін керамикалық ұнтақтан бұйымды престеу кеңінен тараған (мысалы, керамикалық плита). Кейінгі жылдары қабырғалық керамика бұйымдар өндірісінде пресстеу кеңінен дамуда (кірпіш және керамикалық тас).
Бұл әдіс кешенді механизация тұрғысынан келешегі бар. Пластикалық әдістен артықшылығы: азиілгішті сазды пайдалану мүмкіндігі, бұйымды кептіру ұзақтығы мен барлық технологиялық циклды қысқартуды, қалыпталған бұйымның беріктігінің жоғары болуы.
Құю әдісін санитарлы- техникалық бұйымдар, сәндік керамика, сонымен қатар жұқа қабырғалық шағын габаритті керамикалық плиталар өндірісі үшін қолданады. Бұл әдіс саздың сулы ортада тұрақты суспензиясын түзу қабілеті мен сонымен қатар қолданылатын форманың үлкен суаккуляторлайтын қабілетімен негізделген (гипсті- санитарлы-техникалық бұйымдар өндірісінде және кеуекті керамикалық –плиталар өндірісінде).
Форманың жақтарында қалыптанатын бұйымның қабырғасы болып табылатын біршама тығыз, жарым-жартылай сорғыған қабаттың түзілу процессін «бұйымның жинақталуы» деп аталады. Бұйымның жинақталуындағы құйманың қаттылығы капиллярлық күштің әсерінен ылғалды сорумен негізделеді. Форманың жақтарында құйманы алу процесінде ылғал өткізгіштігі төмен тығыздалған қабат түзіліп, соның арқасында шликердегі ылғалдың орын ауыстыру қарқыны, қабат тығыз болған сайын айтарлықтай төмендейді. Осылайша бұйым жинақталғанда жүйеде ылғал алмасатын процесс жүреді: шликер-отливка(черепок)- форма.
Тапсырма:
1. 4-кестеде көрсетілген тізім бойынша керамикалық бұйымды қалыптаудың мүмкін болатын әдісін таңдаңыз.
2. Әрбір керамикалық бұйымның қалыптау процессін суреттеңдер.
4-кесте- Керамикалық бұйымдарды қалыптау әдістері
Бұйым түрі
|
Қалыптау әдістері
|
пластикалық
|
Жартылай құрғақ
|
Шликерлі (ылғалды)
|
Толықденелі кірпіш
|
|
|
|
Қуысденелі кірпіш
|
|
|
|
Канализациялық құбыр
|
|
|
|
Кілемдімозайкалы плитка
|
|
|
|
Едендік плиткалар
|
|
|
|
Черепица
|
|
|
|
Сан-тех.бұйымдар
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары:
-
Керамикалық бұйымдарды қалыптаудың қандай әдістерін білесіз?
-
Керамикалық бұйымдарды қалыптау әдісін таңдауға әсер ететін
факторлар.
-
Қалыптаудың пластикалық әдісін қай кезде қолданады?
-
Қалыптаудың жартылай құрғақ әдісін қай кезде қолданады?
-
Қалыптаудың ылғалды әдісін қай кезде қолданады?
-
Пластикалық әдістегі қалыптау агрегатын атаңыз.
-
Жартылай құрғақ әдістегі қалыптау агрегатын атаңыз.
-
Ылғалды әдістегі қалыптау принципі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу
құралы, Шымкент, 2004
-
Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных пористых
заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва,1972г.- 424с.
3.Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. –М.:Стройиздат, 1989
4. Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича.
М.:Высшая школа, 1989
5.Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции. Справочник. –М.:Высшая школа, 2004
6.Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат,
1989
7.Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на
основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.
8.Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.
-
Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая школа, 1987.
10.Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
керамики. М.:Высшая школа, 1985
-
Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной керамики. М.:Стройиздат, 1977
Практикалық сабақ №8. Керамикалық құрылыс материалдар өндірісіндегі әр түрлі тәсілдегі өңдейтін жабдықтар жұмысын
талдау және технологиялық таңдау
Сабақ 2 сағатқа есептелген.
Сабақтың мақсаты: Құрылыс керамикалық бұйымдыр өндірісіндегі шикізаттық материалдардыөңдеуге арналған меаханикалық жабдықты дұрфс таңдай білу және жұмыс істеу приципін біліп меңгеру.
Жартылай құрғақ әдісте сазды алғашқы босату немесе қопсыту пышақты жоңғышта (стругач), тісті, бұрандалы тас бөлгіш немесе дезинтеграторлы біліктерде іске асады. Майда ұнтақтау үшін дезинтегратор, тегіс дифференциалды біліктер, тесікті білік, құрғақтай майдалағыш жүгіргіштер, балғалы, центробежді және роторлы машинаны пайдаланады.
Ірі бөліктері мен майдаланған шикізатты фракцияға бөлу үшін елек -бурат, шайқалатын (теңселетін) жалпақ елек, дірілді елек, грохот (елек) және ауалық сепараторлар пайдаланады.
Жүдеткіш және басқа да қоспалардағы сазды және оны ыстық сумен немесе бумен ылғалдағанда еківалды араластырғышта иілімді массаны алу үшін, аз иілгішті масса алу үшін қалақты вакуумды немесе тез жүретін жүгіргіште араластырады және жүдеген масса алу үшін араластырғыш жүгіргіште дайындайды.
Массаны дайындаудағы иілгішті әдіс. Иілгішті және тұтқыр сазды тісті білікте, әлсіз және тоңған сазды саз кескіште, иілгіштігі орташа сазды тесікті білікте майдалайды. Қиын ылғалданатын және құрамында әктастың ірі бөліктері бар сазды дайындау үшін жүгіргіштерді пайдаланады.
Біртекті масса алуға қол жеткізу үшін саз ұнтақтағышты (тонтрансплер) қолданады, мұнда сазды масса майдаланып қанатты қалақпен тесікті корпус арқылы жаншылады.
Массаны майда етіп ұнтақтауды тегіс немесе тісті біліктерде, жүгіргіштерде үйкелеу арқылы іске асырады. Жүдеткіш қоспаларды алдымен ұсақтағышта, содан соң диірменде майдалайды.
Массаны екі валды саз араластырғышта дайындайды, әдетте бумен ылғалдайды. Алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда ұтымды өңдеу үшін фильтрлі решеткалы саз араластырғышты пайдаланады.
Саз дайындаудағы шликерлі әдіс.
Шликерлі әдісте шикізатты іріге бөлшектеу дезинтеграторлы білікте, жоңғыш, білікті тісті ұсақтағыш; майда ұнтақтау және сазды босату үшін шарлы диірмен, қалақты араластырғышта немесе үздіксіз әрекеттегі арнайы машинада жүргізеді.
Сазды ыстық сумен босатып не жібітіп шликер алу үшін және қабырғалық керамика бұйымдар өндірісінде сазшайқалтқыш (глинаболтушка) пайдаланады, ондағы тас түйірлерін ажыратып бөліп алу мақсатында шликерді ойық елекке, содан соң кранды араластырғыш компрессорлы ауамен шликерді пісу үшін қондырғымен жабдықталған ашық шлам бассейнге жібереді.
Керамикалық плиткалар өндірісінде сазды үздіксіз босату үшін үздіксіз әрекеттегі машина пайдаланылады. Шликерлі әдісте жеке компоненттерді араластыру үшін (иілгішті, жүдеткіш, плавни) силоксанды немесе фарформен қапталған шарлы диірмен және түрлі конструкциядағы қалақты араластырғышта жүргізеді.
Массаны шликерлі әдіспен дайындау барысында тасты қоспаларды толығымен ажыратып алады, сазды материалдың құрылымын барынша бұзып және жоғары дәрежедегі біртекті массаны, сонымен қатар құю әдісі түрлі күнделікті конфигурациядағы бұйымдарды алуды қамтамасыз етеді.
Тапсырма:
1. Көрсетілген 8-26-суреттерден сазды шикізатты ірі бөлшектеуге арналған құрылыс машина жабдығын таңдаңыз. Жұмыс істеу принципін айтыңыз.
2. Көрсетілген 8-26-суреттерден сазды шикізатты майда ұнтақтауға арналған жабдықты таңдаңыз. Жұмыс істеу принципін айтыңыз.
3. Сазды және қоспаны ұсақтауға арналған қондырғыны таңдаңыз. (Сурет 8-26)
4.Көрсетілген 8-26-суреттерден керамикалық массаны шликерлі әдіспен дайындауға арналған жабдықты таңдаңыз.
5.Иілгішті әдіспен массаны дайындау процессін суреттеңіз. Механикалық қондырғының атын атай отырып, схемасын салыңыз (8-26 сурет)
6.Механикалық қондырғының атын атай отырып, массаны жартылай құрғақ әдісімен дайындау процессін суреттеп беріңіз (8-26 сурет)
7. Массаны шликерлік әдіспен дайындау процессін, механикалық жабдықты көрсете отырып суреттеп беріңіз (8-26 сурет).
Бақылау сұрақтары:
1. «Шикізатты өңдеу» дегенді қалай түсінесіз?.
2. Құрылыс керамика өндірісінде массаны дайындау әдістері қандай?
3. Құрылыс керамика өндірісіндегі шикізаттық материалдарды атаңыз.
4. Шикізаттық материалдарды ірі бөлшектейтін жабдықты атаңыз.
5. Майда ұнтақтауға арналған жабдықтарды атаңыз.
6. Керамикалық массаны дайындау әдісін таңдаудағы факторлар.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу
құралы, Шымкент, 2004.-75б.
2. Строительные материалы: Справочник/ А.С. Болдырев, П.П.Золотов,
А.Н.Люсев и др. Под ред. А.С. Болдырева, П.П. Золотова- М: Стройиздат,
1989-567с.
3. Бауман В.А., Клушанцев Б.В.: Мартынов В.Д. Механическое
оборудование предприятий строительных материалов, изделий и
конструкций. М.:Машиностроение, 1981.-324с.
4. Сапожников М.Я. Механическое оборудование предприятий
строительных материалов, изделий и конструкций. М.: Высшая школа,
1971-556с.
-
Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики искусственных пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г,424с.
-
Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. - М.:Стройиздат, 1989
-
Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича. М. Высшая школа, 1989.
-
Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.
Справочник. - М: Высш.шк., 2004
-
Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат, 1989
-
Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.
-
Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
керамики. -М.: Высшая школа, 1985
Практикалық сабақ №9. Керамикалық құрылыс материалдарын әр түрлі әдіспен өндіру кезіндегі қалыптау қондырғыларының жұмыс істеуін талдау және оларды технологиялық таңдау
Жұмыс 2 сағатқа есептелген.
Сабақтың мақсаты: құрылыс керамикасы бұйымдарын қалыптайтын механикалық қондырғыларды дұрыс таңдауды үйрену және олардың жұмыс істеу принциптерін оқып-үйрену.
Құрылыстық керамикалық бұйымдарды қалыптау үш әдіспен дайындалады: ылғалдылығы 15-22% массаны пластикалық әдіспен қалыптау, ылғалдылығы 6-11 % ұнтақ тәрізді массаларды жартылай құрғақ әдіспен және ылғалдылығы 32-38% сұйық керамикалық массаларды (шликерді) құю әдісімен қалыптау. Экструзды (сығып шығару) әдісі кезінде пластикалық массалардан дайындалған бұйымдарды қалыптау үшін таспалы (ленталы) винтті (шнекті) пресстер – вакуумды және вакуумсыз немесе піспекті, штамптау әдісімен қалыптағанда- фрикционды, тізелі –рычагты немесе гидравликалық пресстер қолданылады. Ұнтақ тәрізді массалардан бұйымдарды қалыптау үшін штампты фрикционды, тізелі-рычагты немесе гидравликалық пресстерді қолданады. Сұйық керамикалық массалардан бұйымды дайындау үшін оларды стендіде немесе арнайы құйғыш конвейерлерде гипсті қалыптарға құю әдісімен орындайды.
Қалыптау әдістерінің қайсысын болса да қолдану үшін бастапқы шикізаттың пайдаланылу ерекшеліктеріне көңіл бөліп, дайындалатын бұйымның өлшемдері мен формаларына қарай және содан кейінгі жүретін бұйымды өңдеу технологиялық процесстердің барлығын есептеп ескереді. Кәдімгі сазды кірпішті, беттік кірпіш (ғимараттың сыртқы бетін әрлеу үшін), қышқылға төзімді және отқа төзімді бұйымдар, канализациялық және дренажды құбырлар, арнайы тұрмыстық және өндірістік тағайындалған бұйымдары пішіндері қарапайым болғандықтан, оларды өндіру кезінде көбінесе пластикалық әдісті қолданады. Қабырғаларды ішкі әрлеуге арналған керамикалық плиткалар, еденге арналған плиткалар мен ғимараттың қасбетін (фасадты) әрлеуге арналған плиткаларды көбінесе жартылай құрғақ керамикалық массадан пресстейді. Санитарлық керамикалық бұйымдар (қол жуғыштар, унитаз, керамикалық ванналар), тұрмыстық керамикалық бұйымдар, яғни күрделі формадағы бұйымдарды, сұйық керамикалық массадан құю әдісі арқылы қалыптайды.
Қалыптауды жүзеге асыру үшін, жоғарыда айтылған әр әдістің, тағайындалуы бойынша, сонымен қатар конструктивті және жұмыс істеу принципі бойынша ерекшеленетін әрқайсысының өзіндік машиналары бар.
Тапсырма:
-
Берілген 8-26 суреттерден керамикалық бұйымдарды пластикалық қалыптайтын құрылыс машиналары мен қондырғыларды таңдаңыз. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
-
Берілген 8-26 суреттен керамикалық бұйымдарды жартылай құрғақ қалыптауға арналған құрылыс машиналары мен қондырғыны таңдаңыз. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
-
Берілген суреттен керамикалық құбырларды қалыптайтын құрылыс машиналары мен қондырғыларды таңдаңыз. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
-
Берілген 8-26 суреттен керамикалық қуысты кірпіш пен тастарды қалыптайтын құрылыс машиналары мен қондырғыны таңдаңыз. Қалыптау процессін түсіндіріңіз.
-
Еденге арналған плиткаларды өндіретін қалыптау қондырғысын таңдаңыз. Қалыптау процессін түсіндіріңіз.
-
Кілемді керамиканы өндіруге арналған қалыптау қондырғысын таңдаңыз. Қалыптау процесін түсіндіріңіз.
8-сурет. Ірі ұсақтауға арналған жақты ұсақтағыш
9-сурет. Конусты ұсақтағыш ККД
10-сурет. Майда ұнтақтауға арналған білік СМК-83 (СМ-1096)
11-сурет. Роторлы ұсақтағыштың конструкциясы СМД-87
12-сурет. Бір роторлы балғалы ұсақтағыш М-4-6
13-сурет. СМ-365 ылғалды майдалағыш жүгіргіштері
14-сурет.Екікорзиналы дезинтегратор
15- сурет. Аэромобильді диірмен.
16-сурет. Шахталы диірмен
17-сурет. Ылғал ұнтақтағы кезекті әрекеттегі шарлы диірмен.
18-сурет. Сазды босатуға арналған машина ФММ-9
19-сурет. Барабанды елек (елек-бурат)
20-сурет. Қалақты араластырғыш
Сурет- 21. Еківалды қалақты араластырғыш
22-сурет. Z-түріндегі қалақты араластырғыш
23- сурет. Пресс СМ-443А
24-сурет. Құбырлы пресс
25-сурет. Кескіш автомат СМ-678
26-сурет. Пресс К/РУ-160
Бақылау сұрақтары:
-
Пластикалық әдіспен қалыптауда қолданылатын керамикалық массаның түрі. Оның ылғалдылығы мен қасиеттері.
-
Кірпішті пластикалық әдіспен қалыптау үшін қандай қондырғыларды қолданамыз? Жұмыс істеу принципі.
-
Пластикалық массаның технологиялық қасиеттерін жақсарту әдістері.
-
Пластикалық қалыптау кезіндегі шикі өнімнің сапасын арттыру әдсітері
-
Керамикалық материалдар технологиясындағы «Мундштук» деген не ?
-
Керамикалық материалдарды пластикалық қалыптау кезіндегі вакуум ролі
-
Жартылай құрғақ қалыптау әдісіне пайдаланатын керамикалық массаның түрі. Оның құрамындағы ылғалдылығы.
-
Шликерлі қалыптауға қолданылатын керамикалық массаның түрі. Құрамының ылғалдылығы
-
Кірпішті жартылай құрғақ қалыптау үшін қандай қондырғыны пайдаланамыз? Жұмыс істеу принципі
-
Кірпішті шликерлі әдіспен қалыптау үшін қандай қондырғы пайдаланамыз? Жұмыс істеу принципі
-
Жартылай құрғақ қалыптау әдісімен дайындалу кезінде шикі өнімнің сапасын арттыру әдістері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу
құралы, Шымкент, 2004.-75б
2. Строительные материалы: Справочник/ А.С. Болдырев, П.П.Золотов,
А.Н.Люсев и др. Под ред. А.С. Болдырева, П.П. Золотова- М: Стройиздат,
1989-567с.
3. Бауман В.А., Клушанцев Б.В.: Мартынов В.Д. Механическое
оборудование предприятий строительных материалов, изделий и
конструкций. М.:Машиностроение, 1981.-324с.
4. Сапожников М.Я. Механическое оборудование предприятий
строительных материалов, изделий и конструкций. М.: Высшая школа,
1971-556с.
5. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики искусственных пористых
заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г,424с.
6. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. - М.:Стройиздат,
1989
7. Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича.
М. Высшая школа, 1989.
8. Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.
Справочник. - М: Высш.шк., 2004
9. Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат,
1989
10. Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на
основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.
11.Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
керамики. -М.: Высшая школа, 1985
Достарыңызбен бөлісу: |