Ф 11-19 Қалшабекова Э. Н., Ақылбекова А. У. «Құрылыстық керамика технологиясы»



бет5/5
Дата03.07.2016
өлшемі2.1 Mb.
#173804
1   2   3   4   5

6. Құрғақ кірпіштің қысу кезіндегі беріктігі Rқұр =200кГ/см2- (20МПа) сумен қаныққаннан соң Rқұр =120кГ/см2. Суға қаныққан кірпіштің көлемдік сусіңіргіштігі 20 % құраған, ал ашық кеуектілігі 28 %. Алынған кірпіштің аязға төзімділігі мен оны фундамент қабырғасы үшін қолдануға болар болматындығын анықтаңдар.

7.Сынақ кезінде келесі нәтижелер алынған болса: қысу кезіндегі беріктік шегі 180кГ/см2; жеке үлгілердің қысу кезіндегі минималды (кіші) беріктік шегі 130кг/см2; майысу кезіндегі беріктік шегі 30кГ/см2 ; жеке үлгінің минималды майысу беріктік шегі – 23кГ/см2 ; сыртқы көрінісі бойынша ақаулары бар кірпіштің МемСт бойынша жіберілетін талабынан асатыны – 8 %, кірпіштің маркасын анықтаңдар.

8. Егер пресс поршенінің ауданы 40см2, кірпішті қиратудан алдын манометрдің көрсеткіші 10ати , кірпіштің ені – 122мм, қалыңдығы -66мм, біліктер ара қашықтығы 20см болса, кірпіштің майысу беріктік шегін анықтаңдар.
Бақылау сұрақтары:

  1. Керамикалық қабырға материалдарының түрлері.

  2. Керамикалық кірпіш өндірісіндегі массаны дайындау әдістері.

  3. Қалыптау әдістері.

  4. Кірпіштің маркасы деген не?.

  5. Сусіңіргіштігі мен аязға төзімділігі бойынша кірпішке қойылатын талаптар.

  6. Кірпіш өндірісіне арналған шикізатқа қойылатын талаптар.

  7. Кірпіштің сыртқы түріне қойылатын талаптар.

  8. Беттік кірпішке қойылатын талаптар.

  9. Глазурь деген не?

  10. Ангоб деген не?

  11. Керамикалық қабырға материалдарының қолдану аясы.


Ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы.

Оқу құралы, Шымкент, 2004

2. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных

пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва,1972г, 424с.

3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. –

М.:Стройиздат, 1989

4.Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича.

М.:Высшая школа, 1989


  1. Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции. Справочник. –М.:Высшая школа, 2004

  2. Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат, 1989

  3. Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

  4. Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.

  5. Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая школа, 1987.

  6. Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. М.:Высшая школа, 1985

  7. Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной керамики. М.:Стройиздат, 1977



Практикалық сабақ №13.Қасбеттік керамикалық плиткалардың қасиеттерін талдау және оның мемлекеттік стандартқа сәйкестігін бағалау
Сабақ 2 сағатқа есептелген.
Сабақтың мақсаты: әр түрлі қасбетттік керамикалық плиткалардың технологиялық ерекшеліктерін білу және сапасын бағалау.

Ғимараттың қасбетін қаптауға арналған керамикалық плиткаларды кірпішті ғимараттың сыртқы жағын, лоджия, эркер, фриз, терезе мен есік жақтауларын айналдыра қаптауға және ғимараттың арихитектуралық элементтерін безендіру үшін, жерасты жаяу жүргіншілердің переходтары мен транспорт жүретін қозғалыс жерлерінде кеңінен қолданылады. Плиткалар қоршаған атмосфера әсерлеріне, аязға төзімділік пен түске төзімділікке қарсы төзімді.

Негізінен плиткаларды ұнтақ тәрізді массадан пресстеу әдісі арқылы және керамикалық суспензиядан құю әдісімен өлшемі 21х21мм, 46х21мм, 292х192мм, қалыңдығы 3-тен (құйылған) 4-9мм –ге дейін (пресстелген) төртбұрышты және тік бұрышты етіп өндіреді.

Түсті әйнекеленген плиткалар сәулетшілерге ғимараттарды әрлеуде жоғары көркемдік дейгейде және құрылыс кешендердің түсті және сәулеттік шешімдердің үлкен әр түрлілігін шешуді қамтамасыз етеді, бұл типтік толық құралмалы құрылыста маңызды. Құрылыста қасбетті қаптау үшін ақшаңқай және боялған (жеңіл балқитын) саздарды, жүдеткіш материалдар - шамот, кварцты құм мен плавни- шыны сынықтары, перлит, нефелинді концентрат және басқалар қолданылады. Саз төмен температурада пісуі тиіс, күйдіргеннен кейін біркелкі түсте болуы қажет (әйнекеленбейтінді өндірісінде- ашық тонда болғаны дұрыс) және кептіру мен күйдірудегі тұрақты шөгуді қамтамасыз ету үшін құрамы бойынша біртекті болуы керек.



Жұмыс жасау жағдайына байланысты плиткалардың сусіңіргіштігі 8-10%, ал қатаң шарттар үшін 5% артық болмауы, аязға төзімділігі сәйкесінше 35 және 50 цикл болуы тиіс.
Тапсырма:

  1. Керамикалық фасадты плиткалардың түрін өрнектеңдер.

  2. Фасадты плиткалар өндірісіндегі қолданылатын әр шикізатқа сипаттама бере отырып, кестені толтырыңдар, массаны дайындау және қалыптау әдістерін көрсетіп мемлекеттік стандартқа сәйкес бұйымға қойылатын талаптарды көрсетіңдер.


7-кесте- Бұйымның сипаттамасы




Атауы

Ірі өлшемдегі плиткалар

Кілемді плиткалар

1.

Саз түрі







2.

Қоспа түрі







3.

Өлшемдері, мм







4.

Массаның сипаттамасы







5.

Массаны дайындау әдісі







6.

Қалыптау әдісі







7.

Су сіңіргіштігі, %







8.

Майысу беріктігі, МПа







9.

Аязға төзімділігі, цикл







10.

Шикі бұйым құрылымы







11.

Ерекше сапасы










  1. Іріөлшемдегі керамикалық мен фасадтық плиткалар өндірісінің схемасын құрыңдар.


Бақылау сұрақтары:

  1. Фасадтық керамикалық плиткалардың түрлері.

  2. Фасадты плиткалар өндірісіндегі массаны дайындау әдістері.

  3. Фасадты плиткалар өндірісіндегі массаны қалыптау әдістері.

  4. Кілемді плиткаларды қалыптаудағы массаны дайындау әдісі.

  5. Плиткаларға қойылатын талаптар.

  6. Фасадты плиткалардың әсемдік әрлеу әдістері.

  7. Фасадты плиткаларды әйнекелеу әдістері.

  8. Фасадты плиткалар өндірісіндегі шикізаттарға қойылатын талаптар.


Ұсынылатын әдебиеттер.

1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

құралы, Шымкент, 2004

2. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных

пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва,1972г, 424с.

3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий.

–М.:Стройиздат, 1989

4.Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича. М.:Высшая школа, 1989

5.Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции. Справочник. –М.:Высшая школа, 2004

6Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат, 1989

7.Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

8.Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.

9.Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая школа, 1987.

10.Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. М.:Высшая школа, 1985

11 Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной керамики. М.:Стройиздат, 1977

Практикалық сабақ №14. Еденге арналған фасадтық керамикалық плиткалардың қасиеттерін талдау және оның мемлекеттік

стандартқа сәйкестігін бағалау
Сабақ 1 сағатқа есептелген.
Сабақтың мақсаты: еденге арналған керамикалық плиткалардың технология ерекшеліктерін меңгеру және сапасын бағалау
Еденге арналған керамикалық плиткаларды ғимараттағы едендерге төсеу үшін пайдаланады, оларға тазалық жағынан өте жоғары талаптар қойылады (аурухана, мектеп және т.б.), май және басқа да химиялық реагенттер әсер ететін, қарқынды қозғалыстар болатын жерлерде (баспалдақ клеткалры, вокзал, сауда залдары және т.б.), сонымен қатар егер де еденге арналған материал ғимараттың сәулеттік безендіру мен әсемдеу элементтері ретінде (қоғамдық ғимараттың вестибюленде, холл және т.б.). Химияға тұрақтылығы жоғары болғандықтан (қышқылғатөзімділігі 97-98%) мұндай плиткаларды химия өнеркәсібіндегі цехтарда еденге төсеу және футеровка жасайтын материал ретінде де қолданылады. Олардың кеуектілігі, отқатөзімділігі төмен, қажалу не сырылу күштеріне жоғары қарсыласады.

Плиткалардың көркемдік -декорлы сапасын жоғарылату үшін оларды пресс-формаға шаблон бойынша себілетін, әр түрлі боялған саз ұнтақтарын пресстеу жолымен орындалатын көп түсті өрнектерде немесе әйнекеленген плитканың беткі қабатына түрлі(көп) түстегі өрнектерді шелкография әдісімен түсіріп дайындайды.

Негізгі компонент болып табылатын Пайдаланатын саздың өндірістік жағдайы мен химиялық құрамына байланысты масса рецептсіне еденге арналған плиткалардың құрамында 70-75% саз (немесе саз араласы) және 25-30% плавни (нефелинді концентрат, перлит, жеңіл балқитын шыны сынықтары).
Тапсырма:

1.Едендік плиткалардың түрлерін суреттеңдер(суретін салыңдар)



  1. Едендік плиткалар өндірісіндегі қолданылатын әр шикізатқа сипаттама бере отырып, кестені толтырыңдар, массаны дайындау және қалыптау әдістерін көрсетіп, мемлекеттік стандартқа сәйкес бұйымға қойылатын талаптарды көрсетіңіздер.


8-кесте -Бұйымның сипаттамасы




Атауы

Едендік плиткалар

1.

Саз түрі




2.

Қоспа түрі




3.

Өлшемдері, мм




4.

Массаны дайындау әдісі




5.

Қалыптау әдісі




6.

Су сіңіргіштігі, %




7.

Майысу беріктігі, МПа




8.

Аязға төзімділігі, цикл




9.

Шикі бұйым құрылымы




10.

Ерекше сапасы







  1. Іріөлшемдегі керамикалық мен кілемді плиткалар өндірісінің схемасын құрыңдар.


Бақылау сұрақтары:

  1. Едендік керамикалық плиткалардың түрлері.

  2. Едендік плиткаларды өндірудегі шикізатқа қойылатын талаптар.

  3. Едендік плиткалар өндірудегі массаны дайындау және қалыптау.

  4. Үйлерге арналған плиткаларды әсемдеп әрлеу әдістері.

  5. Плиткаларға қойылатын талаптар.


Ұсынылатын әдебиеттер.

1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

құралы, Шымкент, 2004

2. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных

пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва,1972г, 424с.

3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий.

–М.:Стройиздат, 1989

4.Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича. М.:Высшая школа, 1989

5.Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции. Справочник. –М.:Высшая школа, 2004

6Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат, 1989

7.Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

8.Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.

9.Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая школа, 1987.

10.Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. М.:Высшая школа, 1985

11 Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной керамики. М.:Стройиздат, 1977

Практикалық сабақ №15. Керамикалық жабын материалдардың қасиеттерін талдау және оның мемлекеттік стандартқа

сәйкестігін бағалау
Сабақ 1 сағатқа есептелген.
Сабақ мақсаты: керамикалық жабын материалдардың қасиеттерін талдау және олардың мемлекеттік талаптарға сәйкестігін бағалау
Жабындық керамикалық материалдарға черепица жатады.

Черепицалардың келесі түрлерін өндіреді: пазалық, бір немесе қос блоктағы және көлденең пішімдегі жаншылған (штампты), пазалық (ойық) таспалы бүдірлі, жалпақ таспалы бүдірлі, конекті.

Шикізаты болып кептіруге аз сезімталды ірі бөгде қоспалары жоқ жеңіл балқитын жақсы күйетін иілгішті саз болып табылады. Ауалық шөгуі 6-7 % -дан аспауы тиіс, оттық шөгуі - 4% . Иілгіштігі жоғары саздарды құм немесе шамотпен (15-25%) жүдедетеді.

Черепицаны өндірудегі массаны дайындау кірпіш өндірісімен бірдей. Черепицаны пластикалық, яғни иілгішті әдіспен дайындайды. Таспалы вакуум-престе шығатын лентаны жартылай автоматтандырылған станок көмегімен кеседі.

Пазалық (ойық) жаншылған черепицаны револьверлі, эксцентрикалы, жылжымалы (салазкалы), бұрандалы престе қалыптайды.

Кептіруді туннельді кептіргіштерде 24-36 сағ бойы кептіреді, күйдіруді кірпіш күйдіру пештерінде, черепицаларды сөрелердің жоғарғы қатарына орналастыра 900-9500С температурада күйдіреді.

Күйген черепицалардың сусіңіргіштігі 10% аспауы керек, аязға төзімділігі 15 цикл кем, майысу кезіндегі беріктігі 7МПа кем болмауы тиіс.
Тапсырма:


  1. Керамикалық черепицалардың түрлерін суреттеңдер.

  2. Жабын материалдар өндірісіндегі қолданылатын әр шикізатқа сипаттама бере отырып кестені толтырыңдар, массаны дайындау және қалыптау әдістерін көрсетіп мемлекеттік стандартқа сәйкес бұйымға қойылатын талаптарды көрсетіңдер.


9-кесте- Бұйымның сипаттамасы




Атауы

Керамикалық черепица

1.

Саз түрі




2.

Қоспа түрі




3.

Өлшемдері, мм




4.

Бұым түрі




5.

Массаны дайындау әдісі




6.

Қалыптау әдісі




7.

Су сіңіргіштігі, %




8.

Майысу беріктігі, МПа




9.

Аязға төзімділігі, цикл




10.

Шикі бұйым құрылымы




11.

Ерекше сапасы






  1. Іріөлшемдегі керамикалық черепица өндірісінің схемасын құрыңдар.


Бақылау сұрақтары:

  1. Керамикалық черепицалардың түрлерін суреттеңдер.

  2. Керамикалық черепица өндірісіне арналған шикізаттарға қойылатын талаптар.

  3. Черепицаны дайындаудағы массаны дайындау және қалыптау.

  4. Жабындық плиткаларға қойылатын талаптар.


Ұсынылатын әдебиеттер.

1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

құралы, Шымкент, 2004, 75б

2. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных

пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва,1972г, 424с.

3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий.

–М.:Стройиздат, 1989

4. Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича.

М.:Высшая школа, 1989

5. Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.

Справочник. –М.:Высшая школа, 2004

6. Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат,

1989

7. Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на



основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

8. Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.

9. Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии

строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая

школа, 1987.

10.Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной

керамики. М.:Высшая школа, 1985

11.Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной

керамики. М.:Стройиздат, 1977

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

құралы, Шымкент, 2004

2. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных

пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва,1972г, 424с.

3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий.–

М.:Стройиздат, 1989

4. Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича.

М.:Высшая школа, 1989

5. Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.

Справочник. –М.:Высшая школа, 2004

6. Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича.

М.Стройиздат, 1989

7.Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе

суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

8.Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.


  1. Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая школа, 1987.

  2. Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. М.:Высшая школа, 1985

  3. Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной керамики. М.:Стройиздат, 1977

  4. В.С. Горшков, В.В. Тимашев, В.Г. Савельев «Методы физико-химического анализа вяжущих средств». - Москва. Высшая
    школа, 1981г.-335с.

  5. В. Потемкин, Н.А. Зиброва, Ю.А. Мамонтов и др. «Методы исследования и контроля строительных материалов». Шымкент, 1994г.-67с.

14. Строительные материалы: Справочник/ А.С. Болдырев, П.П.Золотов,

А.Н.Люсев и др. Под ред. А.С. Болдырева, П.П. Золотова- М: Стройиздат,

1989-567с.

15. Бауман В.А., Клушанцев Б.В.: Мартынов В.Д. Механическое

оборудование предприятий строительных материалов, изделий и

конструкций. М.:Машиностроение, 1981.-324с.

16. Сапожников М.Я. Механическое оборудование предприятий

строительных материалов, изделий и конструкций. М.: Высшая школа,

1971-556с.

17. Қалшабекова Э.Н., Рысдаулетов Р.А. Құрылыс материалдар химиясы

пәнінен практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік

нұсқаулық. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, -2009, 42б.




..................................................................................................................3'>Мазмұны
Кіріспе ..................................................................................................................3

1. Тақырып №1. Құрылыс керамикасындағы шикізаттық

материалдардың минералогиялық құрамын талдау ....................................4

2. Тақырып №2. Құрылыс керамикасындағы шикізаттық

материалдардың химиялық құрамын талдау................................................6

3. Тақырып №3.Құрылыс керамикасының шикізаттық

материалдарының минералогиялық құрамын анықтау үшін

рентгенфазалық талдау әдісін пайдалану.......................................................9

4. Тақырып №4. Саздың негізгі қасиеттерін

анықтау..............................................................................................................13

5. Тақырып №5. Құрылыс керамика бұйымдары өндірісі үшін

шикізат материалдарының шығынын және масса құрамын есептеу.......17

6. Тақырып №6. Бұйым түрі мен сазды шикізаттың қасиеттеріне

байланысты массаны дайындау әдісін таңдау...............................................21

7.Тақырып №7. Бұйым түрі мен сазды шикізаттың қасиеттеріне

байланысты керамикалық материалдарды қалыптау әдісін таңдау...........24

8. Тақырып №8.Керамикалық құрылыс материалдар өндірісіндегі

әр түрлі тәсілдегі өңдейтін жабдықтар жұмысын талдау және

технологиялық таңдау .....................................................................................27

9. Тақырып №9.Керамикалық құрылыс материалдарын әр түрлі

әдіспен өндіру кезіндегі қалыптау қондырғыларының жұмыс істеуін

талдау және оларды технологиялық таңдау..................................................29

10. Тақырып №10.. Құрылыстық керамика бұйымдарын өндірудегі

жабдықтар санын есептеу..............................................................................43

11. Тақырып №11. Құрылыстық керамика бұйымдар өндірісінде

пайдалану мақсатында өнеркәсіп қалдықтарының химиялық құрамын

талдау...............................................................................................................46

12. Тақырып №12.Керамикалық кірпіштің қасиеттерін талдау

және олардың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бағалау....49


  1. Тақырып №13. Қасбеттік керамикалық плиткалардың қасиеттерін

  2. талдау және оның мемлекеттік стандартқа сәйкестігін бағалау.............53

14. Тақырып №14. Еденге арналған фасадтық керамикалық

плиткалардың қасиеттерін талдау және оның мемлекеттік стандартқа

сәйкестігін бағалау .........................................................................................55

15.Тақырып №15. Керамикалық жабын материалдардың қасиеттерін талдау

және оның мемлекеттік стандартқа сәйкестігін бағалау ............................57

16. Қолданылған әдебиеттер.............................................................................59




Қалшабекова Э.Н., Ақылбекова А.Ү.

«Құрылыстық керамика технологиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық

050730 - «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған

Баспаға қол қойылды. Қағаз пішімі 60˟84 1/16

Көлемі 3,5 б.т. Таралымы 100 дана. Тапсырыс № .


М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 160018. Шымкент қаласы

Тәуке хан даңғылы, 5 үй,







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет