Ф 11-19 Қалшабекова Э. Н., Ақылбекова А. У. «Құрылыстық керамика технологиясы»



бет2/5
Дата03.07.2016
өлшемі2.1 Mb.
#173804
1   2   3   4   5

Тапсырма:

1. Лабораториялық шикі үлгідегі арнайы сызылған ұзындығы 200мм болатын сызық 1600С температурада 186 мм болды, ал күйдіргеннен соң 180мм болды. (5 үлгінің орташасы). Керамика өндірісі үшін қолданылатын саздың ауалық және оттық шөгуін анықтаңдар.

2. Әр түрлі үлгідегі сазды шикізаттың дериватограммасын шешіңдер (5,6,7-суреттер).

5- сурет - № 3 шикізаттың дериватограммасы

6- сурет - № 2 шикізаттың дериватограммасы


7-сурет- № 1 шикізаттың дериватограммасы



3. Сазды шикізаттың термиялық талдауын пайдалана отырып, сазды күйдіру

Кезінде болатын негізгі процесстерді атаңыздар.
Бақылау сұрақтары:


  1. Саздың қасиеттері.

  2. Иілгіштігі, саздың иілгіштігі бойынша жіктелуі, құрамының әсері.

  3. Байланыстыру қабілеті, құрамының әсері.

  4. Саздың сусіңіргіштігі.

  5. Саздың шөгуі. Құрамының әсер етуі.

  6. Саздың отқа төзімділігі. Құрамының әсері.

  7. Саздың пісу интервалы деген не?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

құралы, Шымкент, 2004

    1. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г,424с.

3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. - М.:Стройиздат,

1989


4.Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича.

М. Высшая школа, 1989.



  1. Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.

Справочник. - М: Высш.шк., 2004

  1. Августиник А.И. Керамика. Л.: Стройиздат, 1975. 591 с.

  2. Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии
    строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая
    школа, 1987.

  3. Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
    керамики. -М.: Высшая школа, 1985

  4. Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной

керамики. М.: Стройиздат, 1977

  1. В.С.Горшков, В.В. Тимашев, В.Г. Савельев. «Методы физико- химического анализа вяжущих средств».-Москва.Высшая
    школа, 1981г.-335с.

  2. В.Потемкин, Н.А. Зиброва, Ю.А. Мамонтов и др. «Методы исследования и контроля строительных материалов». Шымкент, 1994г.-67с

  3. Қалшабекова Э.Н., Рысдаулетов Р.А. «Құрылыс материалдар химиясы»

пәнінен практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік

нұсқаулық. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент-2009, 42б.


Практикалық сабақ №5. Құрылыс керамика бұйымдары өндірісі үшін шикізат материалдарының шығынын және масса құрамын есептеу
Жұмыс 2 сағатқа есептелген.
Жұмыстың мақсаты: араластың әр компонентінің бұйымның қасиеттері мен өндіріс технологиясына әсер етуін, құрылыс керамикасы бұйымдары үшін масса құрамын анықтау білу.
Керамикалық масса құрамына кіретін компоненттер – сазды материалдар және түрлі қоспалар. Шикізат араласпасындағы осы компоненттердің салыстырмалы құрамын, араласпа компоненттері және жартылай фабрикаттарды түрлі құрал-жабдықтармен өңдеу тәсілдерін өзгерте отырып, тағайындалуы, қасиеттері, құрылысы және сыртқы түрі бойынша әр түрлі бұйымдар дайындауға болады.

Керамикалық бұйымдар дайындау үшін шикізат араласпасының негізгі компоненті сазды материалдар -дала шпатты тау жыныстарының табиғи желге мүжілген өнімдері болып табылады.

Сазды материалдың белгілі бір түрдегі бұйымдар өндірісіне жарамдылығы, оның химия-минералогиялық және түйіршіктік құрамына тәуелді болатын қасиеттерімен анықталады.

Керамикалық – гончарные саздар негізінен каолиниттен, кварц қоспасы бар гидрослюдалардан, дала шпаттары, темір тотығы, карбонаттар және т.б тұрады. Оларды беттік кірпіш, қасбеттік және едендік плиткалар, жол кірпіштері және плиткалар өндірісінде кеңінен қолданады.

Кірпіштік – екінші ретті шөгінді түзілімдер, минералдық және түйіршіктік құрамы тұрақсыз. Олар каолинит, гидрослюда, аз мөлшерде кварц қоспасы болатын монтмориллонит, карбонаттардан тұрады. Олар черепица, әрлеу плиткалары, керамзит және аглопорит өндірісінде қолданылады. Оларға төмен температурада балқып пісетін отқатөзімділігі 1350ºС және пластикалығы 7-15 саздар мен суглиноктар(саз бен құмнан тұратын тау жынысы) жатады.

Талап етілетін қасиеттерге ие бұйымдар өндірісі үшін жарамсыз бастапқы шикізаттың қасиеттерін реттеу үшін керамикалық массаға түрлі минералды және органикалық қоспалар қосылады.

Жүдедететін қоспалар пластикалығы жоғары саздардан қалыптанған керамикалық бұйымдарды кептіру кезінде ауалық шөгуін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бұйымдардың сызатқа төзімділігін арттыруға, кептіру ұзақтығын және шикі бұйымдардың шытынауын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жүдедететін қоспалар күйдіру кезіндегі оттық шөгуді де төмендетеді.

Жүдедететін қоспаларға пластикалық дәрежесі 7-ден төмен жүдеу саздар, дегидратацияланған саз, құрамында 60-70%-ға дейін сазды фракция болатын көмір өндірісінің қалдықтары, шамот, кірпіш сынықтары, өлшемдері 0,25-тен 1 мм-ге дейін кварцты құмдар, майдаланған шлак, күл, ұнтақталған құмтастар, кварциттер, маршаллит, диатомит, трепел және т.б. материалдар жатады.

Санитарлық-құрылыс керамикасы өндірісінде жүдеудететін қоспалар ретінде тальк және пирофиллит қолданылады. Қалыптау массасына қосылатын қоспалардың мөлшері: кварцты құм түріндегі массаларға – 10-25%, шамотты – 10-50%, көпшамотты массаларды қолданған жағдайларда – 90% дейін.

Жүдедеткіш әрі жанып кететін қоспалар ретінде көмір, ағаш үгінділері, майдаланған шлактар және отынды қалдықтары бар күлдер, және көмірді байыту қалдықтары қолданылады. Олар күйдіруге қажетті қатты отынның 85%-ға дейінгі массасын ауыстыра алады. Шикі бұйымның денесінде біркелкі таралған бұл қоспалар кеуекті бұйымдардың ішкі бөлігінің біркелкі пісуін қамтамасыз етеді.

Пластификациялаушы қоспалар пластикалығы төмен сазды шикізаттың қасиеттерін арттыру үшін қолданылады. Мысалы, лесстар мен лессті суглиноктарды қолдану кезінде. Оларға жоғары пластикалы («майлы») жеңіл балқитын және бентонитті саздар, түрлі ББЗ-лар (техникалық лигносульфаттар, СДБ, КМЦ және т.б.), электролиттер (кальцийлендірілген сода, сұйық шыны, тұз қышқылы, хларлы темір, т.б.) Жоғары пластикалы және жеңіл балқитын саздарды массаға негізгі саз массасының 50% мөлшері, ал ББЗ-лар шихта массасының 0,2-0,5% мөлшері көлемінде қосылады. Электролиттер құрғақ масса мөлшерінің 0,05-2,5% көлемінде қосылады.

Балқу температурасын төмендететін қоспаларды тығыздық пен беріктікті арттыру, сонымен бірге, төмен температурада күйдіру кезінде балқып пісуін жақсарту үшін қосады. Мұндай қоспаларға сазға қарағанда балқу температурасы төмен болатын материалдар (пегматиттер, сиениттер, дала шпаттары) немесе күйдіру кезінде саз компоненттерімен әрекеттесіп жеңіл балқитын қосылыстар түзетін материалдар (әктастар, доломиттер, перлит, магнезит) жатады.

Керамикалық бұйымдардың аязға төзімділігін арттыру үшін қалыптау массасына 2,5%-ға дейін хлорлы кальций, натрий немесе алюминий қосады.

Түсінің ұзақ сақталуы үшін массадан 0,5% көлемінде көмірқышқылды немесе хлорлы барий, ал зиянды ірі өлшемді әктасты қоспаларды жою үшін массадан 1,5% мөлшерде хлорлы натрий немесе тұз қышқылын қосады.

Құрылыс керамикалық бұйымдардың өндірісінде массаның шихталық құрамына негізгі саздан басқа пластификациялаушы, жанып кететін, жүдеудететін және балқу температурасын төмендететін қоспалар қосады. Шихта құрамын есептеу кезінде негізгі шикізаттың химиялық және минералогиялық құрамы, оның иілгіштігі, кептіруге сезімталдығы және басқа қасиеттері ескеріледі.

Шихтаның құрамын зертханалық зерттеулер, әдебиеттердегі және өндірістік мәліметтерді, патенттік ізденістерді негізге ала отырып таңдайды.


Тапсырма:

  1. 3-кестеде берілген түрлі керамикалық бұйымдарға арналған массалар құрамын талдап, әр компоненттің шикізат массасы құрамындағы атқаратын ролін түсіндіріңіз.


3 кесте –Керамикалық материалдар массаларының құрамы


Материал түрі

Мөлшері, %

Ішкі әрлеу плиткасы

Санитарлық фаянс

Қасбеттік плитка

Кілемді плитка

Кілемді плитка

Кірпіш

Саз

26-28

50-55

54

72

82

60

Каолин

30-31
















Кварцты құм

18-26

28-30










30




15-25
















Дала шпаты




2-9













Шамот




10-14

7










Шыны сынықтары







29










Перлит







7

28

18




Бентонитті саз







3










Хром тотығы










10







Темір тотығы













10




Марганец рудасы













4




Ағаш үгіндісі
















10

2. Кірпіш, кілемді керамика, еденге арналған плиткалар өндірісі үшін

керамикалық масса құрамындағы ерекшеліктердің немен негізделгенін

түсіндіріңіз.



3. Орташа тығыздығы 1800кг/м3 болатын 10 000 дана кірпіш және орташа тығыздығы 1350кг/м3 болатын 100 дана қуыс денелі керамикалық қабырғалы тас өндіру үшін салмақ пен көлемі бойынша қанша саз қажеттігін анықтаңдар. Кірпіш пен тас МемСт барлық талабына жауап беруі қажет. Саздың орташа тығыздығы - 1700кг/м3, оның ылғалдылығы - 15%, ал саздың қыздыру кезіндегі шығыны құрғақ саз салмағының 10 %-н құрайды.

Дайындау, түсіру және кірпішті тиеу кезіндегі болатын ақаулар барлық кірпіш пен тас партиясының 2 %-н құрайды.



4. 5т саздан қанша мөлшерде кәдімгі қызыл кірпіш алуға болады. Саздың ылғалдылығы -10%, қыздырғандағы шығын -8% құрғақ саздың салмағы бойынша. Кірпіштің орташа тығыздығы-1750кг/м3 болу керек.

5. Орташа тығыздығы 1000кг/м3 болатын кеуекті кірпіштің 1000 данасын өндіру қажет. Кәдімгі кірпіштің орташа тығыздығы 1800кг/м3. Егер ағаш ұнтағының орташа тығыздығы 300кг/м3 болса, 1000 дана кеуекті кірпіш өндіру үшін қажет болатын ағаш ұнтағының мөлшерін (салмақ бойынша) есептеңдер.

6. Өлшемі 150х150х13мм болатын еденге арналған плитканың 1000 данасын дайындау үшін қанша саз қажет, егер плитканың кеуектілігі -4,0, күйген массаның нағыз тығыздығы – 2,52г/см3 болса, ал кептіру мен күйдіру кезіндегі шығын саз салмағының 15% құрайды.
Бақылау сұрақтары.

  1. Керамикалық массалардың негізгі компоненті.

  2. Сазды шикізаттың қасиеттерін реттеу әдістері.

  3. Жүдедететін қоспалардың маңызы және олардың түрлері.

  4. Жанып кететін қоспалардың маңызы және олардың түрлері.

  5. Балқу температурасын төмендететін қоспалардың маңызы және олардың түрлері

  6. Пластификациялаушы қоспалардың маңызы және олардың түрлері.

  7. Керамикалық массалардың құрамын анықтау принципі.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

құралы, Шымкент, 2004


  1. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г, 424с.

  2. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. –М.:Стройиздат, 1989

  3. Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича. М.:Высшая школа, 1989

  1. Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат,

1989

6. Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

7. Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.


  1. Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной

керамики. М.:Высшая школа, 1985
Практикалық сабақ №6. Бұйым түрі мен сазды шикізаттың қасиеттеріне байланысты массаны дайындау әдісін таңдау
Сабақ 2 сағатқа есептелген.
Сабақтың мақсаты: Бұйымның түрі мен негізгі шикізаттың қасиеттерін ескере отырып керамикалық массаның дайындау әдісін дұрыс таңдауды меңгеру.
Сазды шикізатты өңдеуде саздың табиғи структурасын (құрылымын) бұзу мақсатында табиғи және механикалық өңдейді. Алдын ала сумен ылғалданған сазды табиғи өңдегенде ұзақ уақыт бойы атмосфералық әсерге ұшыратады, ол саздың босауына, иілгіштігін, байланыстырушылығын, қалыптанушылығын жоғарылатады.

Алайда сазды табиғи өңдеу әдісі көп уақытты, үлкен алаңды қажет етеді және тасты араластардың толығымен бөліп алуды қаматамасыз етеді.

Механикалық өңдеуде сазды шикізаттағы тасты араластарды майдалап немесе бөліп алауға, гомогенді массаны жайғасымды қалыптау үшін қолданады.

Механикалық өңдеу үшін жабдықтарды бастапқы шикізаттың қасиеттеріне (оның тығыздығы, қаттылығы, тұтқырлығы, ылғалдылық) және өндірілетін бұйымның түріне байланысты таңдалады.

Неғұрлым саздың структурасы бұзылып және қалыпталатын масса біртекті болған сайын, бұйымның сапасы жоғары болады.

Жартылай құрғақ әдісте массаны дайындау алғашқы шикізатты бөлшектеп, оны кептіріп, майда ұнтақтап, ірі араластарды елеп, қоспамен араластырып және ылғалдаудан тұрады.

Мұны сазды шикізаттың тас түріндегі қоспалармен ластанған кезде структурасы тығыз және каръерлік ылғалдылығы төмен болғанда қолданады.

Бұл әдіс тас түріндегі қоспаларды мұқият майдалап немесе толығымен ажыратып алады, соның ішінде әкті, қоспаларды біркелкі таратып және бұйымды кептірудің технологиялық циклын қысқартып, тіпті алып тастауға мүмкіндік береді.

Массаны дайындаудағы иілгішті әдісті бос не борпылдақ саз болғанда, сулағанда жақсы ылғалданатын, тасты араластар құрамы шектеулі болғанда қолданады.

Массаны дайындаудағы шикерлі әдісті саздың каръерлік ылғалдылығы жоғары болғанда, көпкомпонентті біртекті емес шикізаттан дайындағанда, гидромонитор көмегімен гидроэкскавация әдісімен қазылған не өндірілген кезде пайдаланады.


Тапсырма:

1.Керамикалық кірпіш өндірісі үшін келесі химиялық және минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін таңдаңдар. Таңдалған өндіріс технологиясын негіздеңдер. Массаны дайындаудағы негізгі технологиялық процесстерді бейнелеңдер.

2.Кілемдімозайкалы плиткалар өндірісі үшін келесі химиялық және минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін таңдаңдар. Таңдалған өндіріс технологиясын негіздеңдер. Массаны дайындаудағы негізгі технологиялық процесстерді суреттеңдер.

3.Черепица өндірісі үшін келесі химиялық және минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін таңдаңдар. Таңдалған өндіру технологиясын негіздеңдер. Массаны дайындаудағы негізгі технологиялық процесстерді суреттеңдер.

4.Қуысденелі кірпіш өндірісі үшін келесі химиялық және минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін таңдаңдар. Таңдалған өндіру технологиясын негіздеңдер. Массаны дайындаудағы негізгі технологиялық процесстерді суреттеңдер.

5.Ванна бөлмесіне арналған плиткалар өндірісі үшін келесі химиялық және

минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін

таңдаңдар. Таңдалған технологияны негіздеңдер. Массаны дайындаудағы

негізгі технологиялық процесстерді бейнелеңдер.


4- кесте- Саздың негізгі кен орындары


Кен орны

SiO2

Al2O3

CaO

MgO

Fe2O3

TiO2

R2O

SO3

қ.к.ш..

Саз түрі

Дайындау әдісі

1

55,88

28,37

0,20

0,94

2,09

0,58

3,39

0,34

8,30

Отқа төзімді,

Қиын балқитын.






2

59,3- 68,64

20,49- 19,32

1,63- 0,55

1,01 1,80

3,51-2,80




4,02- 4,92

0,20 следы

3,88- 5,80

Қиын балқитын.




3

50,3-61,7

22,5-30,0

0,67-1,25

0,3-1,4

2,0-3,3




0,3-0,5

7,6-12,9




Отқа төзімді,





4

53,0-85,9

7,7-29,8

0,14-1,77

0,35-0,50

0,26-6,60

0,56-1,12

0,62-0,80

0-0,18

2,56-10,96

Қиын балқитын.




5

41,9-80,1

15,7-39,1

0-4,83

0-4,56

0,12-12,22

0,1-1

0-3,75

0-0,80

5,15-18,9

Отқа төзімді,





6

54,6

15,29

5,37

3,14

6,3




5,9




9,4

Жеңіл балқитын




7

50-60

16-24

3-4




6-10




3-6














Бақылау сұрақтары.

    1. Құрылыстық керамика өндірісінде массаны дайындаудың маңыздылығы.

2.Құрылыстық керамика өндірісіндегі массаны дайындау әдістері.

3.Массаны дайындауда пластикалық әдіс қай кезде таңдалады?

4.Массаны дайындауда жартылай құрғақ әдіс қай кезде таңдалады?

5.Массаны дайындауда ылғалды әдіс қай кезде таңдалады?

6.Массаны дайындаудың табиғи әдісінің жетістіктері мен кемшіліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет