Ф. Жазушылар. П. айгүл. С. Абдрахманов



бет3/3
Дата11.06.2016
өлшемі427.52 Kb.
#128815
1   2   3

М.Мәжитов:

Жазушыға керегі тәжірибе ғой алдымен. Мен ол кезде Құныскерейдің артына түскен адамды атымен, фамилиясымен алып жүргем. Әкеме оқып ем, ол кісі біледі ғой Құныскерейді қасына біраз ерген. Ол айтты: сен Жұмабай Қартқожақов емес, басқа бір ат қоя сал. Ертең соққы болып тиеді деді. Шығасыға иесі басшы дегендей, мен өзгертпей қалдырдым. Сол «Жұлдызға» шықты ғой. Шал оқыған. Өзі адвокат шал. Идеология дегеннен шығады, Тайсойғанда, Қызыл Қоға ауданында 1882-92 жылдарда патша үкіметі он қызыл үй салған. Мұнда мектебі он жылдық, интернаты да, асханасы да, клубы да бар. Оны шарбақпен қоршап, мұнда Кермеқастағы үйде балдарды оқытқан, қабылеті бар балдарды таңдап алған. Таңдап алып 27 бала оқыған төрт жыл бойы тек орысша. Бір ауыз қазақша сөйлеп қойсаң бір-біріңе ,онда түсте тамақ жоқ. Түстен кейін сөйлеп қойсаң кешке тамақ жоқ. Содан Жұлдызов Бексұлтан, Тілеп Есмағамбетов дегендерді көрдім мен. Солар төрт жыл оқып шыққанда орыстарды грамматикаға үйрететіндей боп шыққан ғой. Жаңа Ғылман Шораевтың басын айтып кеттің. Оған материалдардың бәрін басын жинап берген Халел Досмағамбетов қой. Халел үш рет жаздырған. Айтмағамбет айтады, үшеуінде де Халел ашуланып жүрді деп. «Туу, сені де ақын дейді, саған тапсырып уақытымды өткізіп жүргенім мынау масқара ғой. Үшеуінде де ештеңе шығара алмапсың» дейді. Сонда қып-қызыл боп кеткен Ғылман төртінші ретке рұқсат сұрапты. Төртінші рет жазғанын оқып, мынауың келімге келіп қалған екен деп Аламанға жариялатады. Осындай-осындай тарихи оқиғалардың барлығы адамға нұр құйдырады, қолына қалам алдырады. Мен жаңағы тарихи тақырыптағы көркемдік шешім, тарихи тақырыпта бізде жазылып жатыр ғой. Бірақ сонда көркемдік шешім қалай болу керек. Өзімнің кішкентай ойымды қағазға жазып алып келіп ем, оқып бере қояйын. Тарихи тақырып, әсіресе, тақырыптың иек сүйер болашақ басты кейіпкері – халық аузында аңыз боп жүрген адам болса, бұл тақырып жазушыға көмектеседі. Мен «Құныскерей», «Тобанияз», «Аманғалиды» жазғанымда, тіпті әнші Мұхит туралы көлемді әңгімеме де іргетас көнекөз қарттардан ертеректе естігенім болды. Сонан соң мен төрт-бес жасымнан әңгіме тыңдауға құштар болдым. Жыр-дастандардың біразын жатқа білдім. Мысалы, жеті-сегіз жасымда «Қыз Жібек», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Қармыс» тағы басқаларды жатқа айтып, қарттардың алғысына бөленгенмін. Жазушы болсам деген арман-қиял Сәбит Мұқановтың «Жұмбақ жалау», Ғабдол Слановтың «Дөң асқанын» оқығаннан кейін келді. «Сұлушашты» жаттап, ақын болсам деп қиялдадым. Мұхтар Әуезовтің «Абайын» 1952 жылы оқыдым.

Менің бағыма ұстазым әкем Кәрім болды. Ескі әңгімелерді, шежірелерді көп біледі. Содан тыңдап, жадыма тоқи бердім.

М.Горкийдің: «Үндемей қалуға ықтиярың жоқ нәрсе жайында жаз», деуі үлкен сабақ. Тарихи тақырыпқа роман, повесть негіз бола алады. Ал роман күрделі жанр. Оның ішкі ерекшеліктерін меңгеріп, типтік құбылыстарды жарқын бейнелей алу өте шеберлікті қажет етеді. Ал тіл оралымы, сөз қорының құнарлылығы көркемдікке жетелейді. Көркемдеу, көріктендірудің өз бояуы бар, оны үнемдеп орынды жұмсап отырмаса, беталды баттастырып жаға беруге болмайтыны тағы бар.

Көркемдіктің басты белгісі – әрі қуатты құралы тіл, сол тілдің байлығын шырайын шығарып шығармаға пайдалана білсе, оқырман көңілі көншіп, шығарма оқылар еді. Шығарманың құрылыс материалы да – тіл, ол шығарма құрылысымен қабысып жатса құба-құп.

Меніңше, қиялы аса ұшқыр болмаса, білім мен дерек жазушыны көркемдікке жетектей алмайды, шығарма құрғақ, қасаң тартып, кеуіп қалады. Мен «Құныскерейді» жазардың алдында да, жазып жүргенде де Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясын қайта-қайта оқып, төңіректедім. «Төңкеріс үстінде», «Шыңдалу», «Тар кезең» – үш кітабы ойыма ой қосқан сыңайлы. Бірақ оның стилі мен менің стилімде арақашықтық бар еді. Стиль – бұл адам. Сол адаммен жазушы сырласып, достасып алады да, содан соң оны бас кейіпкерге айналдырады. Оған Құныскерей банды көне ме, көнбей ме, бұл жағы да қиын мәселе болды.

Тарихи шығармада ең алдымен ой мен оқиғаға ерік берілуді жөн санаймын. Шығарманың ылдиы бар, өрі бар, сол ылди да, өр де бас кейіпкерге бағынбаса, көркемдікке қол жетпейді. Табиғат көрінісі, адамның пошымы мен пішімі, мазмұны мен түрі бір-бірімен орайласып, салтанаттанса, бір-бірімен кіріксе, онда көркемдік шешімін табар еді. Сонда оқырманды еліктіріп, кейіпкерлердің отырыс-тұрысы, қимыл-қозғалысы сөйлеу мәнері сүйсіндірер еді, айтыс-тартыстары сендірер еді. Қаһарман ой-өрісінің қатпарларына сай құрылған сөйлемдер кейіпкердің характерін ашып, оқырманды өзіне тартады. Негізінде көпсөзділікке салынбай, сөзді үнемдеп жұмсаса, бұл да көркемдік шешімнің бір көрінісі. Бұл жөнінен жазушы Қажығалидың «Бас жұтқан басы» мен «Тар кезеңін» мысалға алып, мақтануға болады. Кейіпкердің үлкен-кішісіне өзгеше әр, өзгеше ажар беріп, шығарманы көріктендіріп отыру Қажығалидың осы шығармаларында шешімін тапқан Қ.Мұханбетқалиевтың осы екі шығармасында Тіл, Әдіс, Амал, Пішін, Түр, Қимыл, Оқиға сапырылысып, бірін-бірі баса көктемейді, бәрі де мәдениетті, бірінің қабағына бірі қарайды, міне, көркемдік шешім, көркемдік дәреже осылай болса керекті.

Тарихи тақырыпқа барғанда сол тақырыптың аясындағы жер бедерлері, жер атаулары, оқиғалы тұстар, тарих қойнауындағы қазына секілді шығарманың көркемдік шешіміне жол ашып отырады. Бұл жөнінен жолы болғандардың бірі – мен.

Тәжірибе демекші, әсіресе, тарихи тақырып жазушыдан тәжірибені өте-мөте қажет етеді. Мысалға, атақты жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов «Курландияны», «Күткен күн» атауын қойып, қайта жазды, аямай осқылады. Маған «Курландия» ұнайтын еді, өйткені соңғысында бас кейіпкер Есейдің шеңбері тарылып, майдандағы түрлі-түрлі қанды көрініс азайып кеткен сияқты. Автор бұл шығарманы 24-25 жасында жазды ғой, демек, тәжірибесі жетіспей жатқаны. Ал Тахауи Ахтанов «Қаһарлы күндер» романының бас кейіпкері Мұратты екінші басылымында біраз сілкілеп алды. Алғаш 1971 жылы Құныскерейді жазғанда (повесть) әкемнің «аты-жөнін өзгерт, ол тірі адам ғой» дегеніне құлақ аспай, Жұмабай Қартқожақов (ГПУ өкілі) повесть «Жұлдызға» жарияланған соң ол мені шыбықтап алды ғой. «Правда» газетіне жазуды, әйтеуір қатты тиісті. Міне, әдебиеттегі, көркем әдебиеттегі менің мүлдем тәжірибесіздігім осылай басталды.

С.Абдрахманов:

Тарих арқалы тәрбиелеу деген біздің халық үшін қажетті дүние. Бір бітпейтін нәрсе история философии. Бұл тарих неге үйретеді, неден жирентеді деген нәрселерді қарау. Және ең бастысы, тарих не тағылым береді келесі замандарға. Мысалы он вызов деп айтты Елбасымыз. Қандай сынақтар күтіп тұр. Мысалы сол сынақтармен бетпе-бет келгенде қазақ халқы тарихтан қандай тағылымдар алып қарсы тұрады? Нені үйренгенін алып қарсы тұрады деп ойлаймыз. Тәжиннің баяндамасынан тағы бір цитата келтіргім келеді: «Нағыз ұлттық қадір-қасиет ұлттық тарихтан басталады». Ақыр аяғы өзіңнің әкеңмен, өзіңнің ата-бабаңмен мақтана алмасаң, халқыңмен мақтана алмайсың. Ол үшін әкеңнің не істегенін, оның әкесінің, ата-бабаңның не істегенін, кімдер болғанын білуің керек. Сонда барып бір комплекстерден арыласың. Осы үлкен бір шаруаға кіріскелі жатқан кезде, 2050 деген үлкен жобаға кіріскелі жатқан кезде біздің халқымызды бір сілкіндіретін үлкен шаруа деп ойлаймыз, соған сенеміз. Алдымыздағы үлкен болашаққа да сенеміз. Бұйыртса биыл еліміздің Батыс өңірінде Қашағанның тығыны атылайын деп тұр. Қашағанның тығыны атылып, елге доллардың құйылуы біздің 2019 жылы үлкен бестікке кірейін деп отырғанымызды білдірмек. Мұнай экспорттайтын елдердің алғашқы бестігі. Бұл қалай болғанда да елдің өмірін өзгертеді. Сондай үлкен шаруаның алдында оытрмыз. Осы тұрғыда сіздер, жазушылар, жаңа Қажеке керемет сөз айттыңыз, «Елдің сөзін ұстаған адамдарда ердің қақысы бар» деген. Ол ірі сөз. Және ең қызығы қазір жазып жүргендердің қадірі ерекше. Осыдан отыз жыл бұрынғы жазу мен қазіргі жазудың жөні бөлек. Ол кезде бір роман жазсаңыз адамның қолы жетпейтін Волга. Қазір бір романға алатыныңыз тағы белгілі. Осындай кезде жазатындардың қадірі ерекше. Енді қазір жазып жүргендер шын мәнінде халық үшін жазып жүр.

Ә.Тарази:

Жазушылар одағында өтетін жиналыс еді. Сен бастап бердің. Бүгін келген жігіттерге де, келе алмағандарға да, сен ұйытқы болып кеңес сияқты бірдеңе құрып таста. Осы жерде тағы да кездесіп тұрайық. Бұл үлкен тақырыптың шеті ғана. Ай сайын болмаса да, жылына бір-екі рет кездесіп тұрайық.

Т.Жұртбай: Тарихи шығармалар туралы пленум өткізсе де артық емес. Менің ойымша одан көрі баспасөзде ашық дикуссия өтсе, соның ықпалы да өор болар еді. Қазір интернет торабы бар. Халық та кеңінен қатыса алады.

С.Абдрахманов:



Мемлекеттік заказ дегенді тек бастыру деп қана түсінеміз. Марат Мәжитовтың жақсы шығармалары болса , жоспарға қосса, қатырма қағазға бастырып, қолына 150мың теңге берсе, бұл мемлекеттің қамқорлығы сияқты. Бұл бергі жағы. Ең қызығы, культураобразующая деятельность емес, культурасозидающая деятельность мәдениетті жасайтын деятелность мемлекеттің мемлекеттілігі содан көрінеді, шақырып алып «осы тақырыпты сіз ғана иегересіз деп,үш жыл уақыт беріп, осы жылы столға қоясыз деп шартқа отырып, жоталы тақырыптарға жаздырту. Ең қызығы сол.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет