Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/3
Дата11.06.2016
өлшемі360.5 Kb.
#128293
  1   2   3


Ф-ОБ-001/033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТҮРКІСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС ИНСТИТУТЫ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ТАРИХ КАФЕДРАСЫ


Тақырыбы: ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал
«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі Ғылыми жетекшісі


Түркістан 2008

МАЗМҰНЫ:


Кіріспе.......... ........3

1-тарау Жапония имперализмі

1.1 Жапония имперализімінің дамуының өзіндік ерекшеліктері...... .......9

1.2 Жұмысшы тобының қалыптасуы мен дамуы және социалистік
қозғалыстардың бағыты........................................................................................19

2-тарау Жапонияда саяси ахуал

2.1 Жапония коммунистік партиясының кұрылуы 20 жылдардың басындағы

КПЯ-ның қызметі...............................................................................................33

2.2 Алғашқы реппрессия кезіндегі КПЯ-ның жағдайы солшыл оппортунизммен күрес.........................................................................................46

2.3 1927 ж. Коминтеріннің (тезистері) қарарлары революциялық козғалыстың қайта өрлеу............................................................................................................54
Қорытынды...........................................................................................60
Пайдалынылған әдебиеттері тізімі.................................................................62

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Осы уақытқа дейін тарих ғылымының шығыс тану бөлімдерінің тарихшылары Жапония коммунистік козғалысы туралы проблемаларды Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңнің өзінде біршама зерттеп, монографиялық еңбектер жазды. Мұнымен қатар, сол кездегі партияның документтері де (Жапонияға байланысты) жарияланды. Жапония коммунистік партиясының мәселесі туралы 1927 жылғы 15 шілдедегі Коминтерннің Атқару коммитетінің қабылданған қаралары мен тезистері.

Тағы да Жапония коммунистік партиясының бірқатар документтерімен КПЯ-ның көрнекті жетекші қайраткері Сейти Итикаваның 1931 жылғы соттағы сөзі Жапония коммунистік козғалысының пайда болуы мен дамуы туралы ең алғашқы тарихи документ болып калды. Жапония коммунистік партиясының тарихын жасаған және құнды бай материал қалдырған КПЯ-ның ең алғашқы негізін калаушы, 20-30-шы жылдардың аралығындағы шығыс елдерінің ұлт-азаттық қозғалысындағы халықаралық коммунистік қозғалысының ұлы қайраткері, Коммунистік Интернационалды жетекшілерінің бірі болған Сен Катаяманың еңбегі зор орын алады. Ол еңбектердің жинағы үзінді ретінде Сен Катаяманың естелік шығармалары жинақталған. Өзінің еңбектерінде Жапония жұмысшы қозғалысының практикасы мен теорияларының және коммунистік қозғалыстың проблемаларын көрсетумен катар, көп мәселелерге жауап берген.



Зерттелу деңгейі /тарихнама/. Кеңес және шетел ғалымдарының Жапония тарихы жөніндегі еңбектерінде, соның ішінде жұмысшылар социалистік қозғалысы мен КПЯ-ның құрылуы мен қызметі жайында әртүрлі еңбектер жазды. Совет тарихшыларының ішінде К.А.Гамосковтың «Марксизм-ленинизмнің Жапонияға таралу тарихы», Д.И.Гольдбергтің «Жапония жұмысшы және социалистік козғалыстың тарихы жөніндегі очеркі» Г.Д.Иванованың «Дело об оскарблении трона», А.Б.Козоровидцкаяның «Борьба за единство рабочего класса Японии»; «Очерки по историй рабочего движения в Японии»; И.М.Сырициннің «Борьба Японских трудящихся против войны и фашизма» т.б. еңбектер. Бірақ, Япония Коммунистік партиясының соғыска дейінгі кезеңінің толық тарихына кезеңінен терең зерттеген тарихшы И.И.Коваленконың «Очерки истории Коммунистического движения в Японий» еңбегінің маңызы зор. Бұл кезеңнің, яғни екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі уакыттағы Жапония Коммунистік партиясының тарихын терең зерттеуде Коваленко марксистік-лениндік методологиясына сүйене отырып, Жапония, Америка тарихшыларының және де басқа шетел тарихшыларының еңбектерінің бұрмалау, тарихи фактілерді мойындамауын дәлелдеген, Жапония коммунистерінің шынайы күресінің шындығын қалпына келтірді. Бұл кезеңнің тарихын зерттеуде Коваленко қолданған көптеген жаңа заман тарихындағы документтер мен материалдардың бірі КПЯ-ның Орталық Комитетінің 1972 жылғы жариялаған «50 лет Коммунистической партии Японии» деген документ. Марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылардың көрсеткеніндей: «Без такого понимания необходимой исторической связи и тем самым вероятного хода развитие событий невозможно никакая успешная партиная политика».

В.И.Ленин осы мәселеге байланысты жазғанындай «Ең негізгі мәселе тарихи байланысты ұмытуға болмайды, әр мәселені талдағанда, сол құбылыстың белгілі бір тарихи кезеңін, белгілі бір этапында пайда болғаны туралы көзқарас пен және ол құбылыстың казіргі жағдайда қандай жағдайда тұрғанына мән беру керек».

Автор осындай диалектикалық методологияға сүйене отырып, бұл проблеманы алдымен Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуын және жұмысшы тобының саяси идеялық жағынан пісіп жетілуінің аркасында оның қоғамының революция арқылы өзгертудегі қозғалушы күшке айналуын көрсете біледі.

Жапония имперализіміне тән спецификалық құбылыстарды баса көрсете отырып, жұмысшы табының қалыптасуына, оның таптық сана-сезімінің дамуына кедергі болғанын айқын көрсетеді. Жұмысшы және социалистік қозғалыстармен алғашқы марксистік топтардың құрылуы жөнінде, ал негізінен Жапония Коммунистік партиясының құрылуы тарихын зерттеген.

Көптеген буржуазиялық тарихшылар Жапонияда Коммунистік партия пайда болуға елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайында туындауы мүмкін емес, осы күштердің қысымымен құрылды деген. Ал Жапония Коммунистік партиясының документтеріне, яғни фактілерге сүйене отырып, таптық күрестің дамуы аркылы өмірдің өзі жұмысшы табын марсисизм-лининизм теориясымен қаруланған және партиясын кұруға жағдай туғызды және тағы бір факті болатын жағдай, партиясының аз уақыт ішінде құрылуына үлкен әсер тигізген ¥лы Октябрь революциясының тәжірбиесі мен халықаралық жұмысшы табының алдындағы интернатицияналдық міндетін атқаратын Коминтерінің колдауы болып табылады. КПЯ-ның қайраткері С.И.Типова революция жолында ¥лы Октябрь революциясының ықпалы мен коммунистік козғалысқа белсене катысып, кейіннен былай деп жазған: «Жапония Коммунистік партиясы 1922 жылдың шілде айында интернационалдың Жапон секциясы ретінде кұрылды. Сонымен катар, оның пайда болуына Жапония капитализімінің дамуы әсерін тигізбейді деп те айтуға болмайды. КПЯ-ның кұрылуына негіз болған Жапония капитализімі.

КПЯ-Жапония пролетариятының саяси партиясы. «Жапония жұмысшылар табының орындалуын тездеткен жағдай, орыс пролетариатының революциясының жеңісі. Итикаво коминтерінің көп көмегін ашып айтты. Жапония жұмысшы және коммунистік қозғалысының тарихы ең қиын кезеңде помещиктік езгі мен реакциялы-монархиялық құрылыстағы капиталистерге қарсы күресті. КПЯ-ның соғысқа дейінгі кезеңінде партияның бостандық пен бейбітшілік туына адал, ұлт-азаттық және халықаралық пролетарлық ынтымақтық үшін, қиын кезеңдерді басынан кешірді.

Империалистік Жапония әскери-полицейлік аппараты КПЯ-ның лагерьді, яғни ашық түрде қызметіне жол бермеу үшін жан таласты, социализм идеясын бұқараға таратпауына бөгет жасаумен болды. Жапония пролетариатының коммунистік партия қатарына кіруі өте қауіпті еді, оларды заңсыз сот, қатаң жаза күтіп тұрды. Коммунистерді халық жауы ретінде көрсетті. КПЯ-ның қатарын репресия әлсіретіп, дүниеге көзқарасын, күрес мақсатын ашық түрде айта алмады. КПЯ-ның қалыптасуына субъективтік және объективтік қиыншылықтары болды. Алғашқы кезеңде партияға әртүрлі социалистік группалармен кружоктардан кірген мүшелердің басымы әлі де анархизм, синдикализм идеяларынан түгел арылмаған, сондықтан, жұмысшы табының арасында біртұтас, тиянақты үгіт жүргізе алмады. Жағдайдың ауырлауына тағы да себеп партия Жапонияның жұмысшыларының реформистік үгіттің үстем болып тұрған жағдайында әбден бытырай кеткен жұмысшы қозғалысымен бетпе-бет келуі. 1923 жылы Жапония Коммунистік партиясы жаппай репрессияға ұшырауы, партия мүшелерінің арасында жіктелу және тарату сияқты ойлар туғызды.

Коммунистер және Сен Катаяма бұл хабарды естіп үзілді-кесілді қарсы шықты. Коминтерт КПЯ-ның қайта қалпына келтіруде көп көмек көрсетті. Бұл кезең туралы «60 лет коммунистической партии Японии» деген еңбекте кеңінен жазылды. Бюро мүшесі Кюити Токудь Москваға представитель ретінде келіп, жағдайды мәлімдегенде дереу арада көмек көрсету керектігі туралы Коминтерн шешім кабылдады. 1924 жылы шілдеде Комминтерннің V конгресі шақырылып, Жапония проблемасына арнайы коммиссия құрды. Талқылауларға Катаяма, Бюро мүшелері К.Токуда, Манабу Сано, Эйдео Кондо «Профинтерннің Жапония кызметкері» қызмет атқарды.

Опортинизмді жеңіп шығуы КПЯ-ның күшін қалпына келтіріп ғана қоймай, оның құрамын біршама көбейтті. 1927 жылы желтоқсан мен 1928 жылы наурыз айының аралығында КПЯ-ның қатары үш есеге артты. 1928 жылы КПЯ сайлау компанияларына белсенді түрде араласып ашық түрде қызмет атқарып тұрған «жұмысшы шаруа-партиясы» арқылы парламенттік сайлауға өз кандидаттарын ұсынды. Сол жылы партия ұйымының баспасы «Қызыл Ту» газеті шыға бастады. Жапония Коммунистік партиясы жұмысшы табы мен бұқара халықты күреске шақырды. Демократиялық қозғалыстардың өршуінен қауіптенген үкімет КПЯ-ның және жұмысшы табын репрессияға ұшыратты. Өлім жазасымен мезгілі белгіленбейтін каторгаға айдалу көбейіп кетті. 1928 жылы 15 мамырда жаппай коммунистерді қамауға алу басталды. Ол 1929 ж 14 мамырда қайталанды. 1932 жылдың өзінде Токиода 2 мың коммунист қамалды. Жалпы 1928-1933 жылдары 62 мың адам қамалды. Террорға қарамастан Жапония демократиялық күші күрестен тайынбады.

Диплом жұмысының мақсаты – бірінші дүниежүзілік соғыспен екінші дүниежүзілік соғыс аралығындағы Жапониядағы саяси және мәдени ахуалға деректерді пайдала отырып, сипаттама жасау.

Диплом жұмысының міндеттері- жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді қойдық:

- Жапония имперализімінің дамуының өзіндік ерекшеліктеріне;

- Жұмысшы тобының қалыптасуы мен дамуы және социалистік
қозғалыстардың бағытына;

-Жапония коммунистік партиясының кұрылуы 20 жылдардың басындағы

КПЯ-ның кызметіне;

-Алғашкы реппрессия кезіндегі КПЯ-ның жағдайы солшыл оппортунизммен күресіне;

-1927 ж. Коминтеріннің (тезистері) қарарлары революциялық қозғалыстың қайта өрлеуіне сипаттама жасау.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом кіріспеден, 2 тараудан және тараушалардан, қорытынды бөлімінен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралған.
1-тарау Жапония имперализмі

1.1 Жапония империализмнің дамуының өзіндік ерекшеліктері

XІX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың қарсаңындағы Жапониядағы капитализм қалыптасып, империалистік державаға айналуының спецификалық ерекшеліктер болды. Бұл әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің ары қарай дамуына өзінің ізін қалдырумен қатар, жұмысшы табының қалыптасуына және революциялық қозғалысқа үлкен әсерін тигізді.

Орта ғасырлық базистік көзқарасымен қарағанда, Жапония классикалық феодалдық ел болып саналатын. Оның өндіргіш күші шаруалар, ал билеуші топ феодал дворяндар, яғни самурайлар еді. Жапония ортағасырлық феодализмнің классикалық үлгісі екенін көрсете келіп, К.Маркс былай деп жазды: «Япония с ее чисто феодальной организацией землевладения и с ее широко развитым мелкокрестьянским хозяйством дает гораздо более верную картину европейского средневековья, в нем все наши исторические книги, проникнутые по большой части буржуазными предрасутками»[1; 28-31].

Бүкіл заң шығару және атқару билігін қолына жинаған әскери диктатор - сегун әскери феодалдық, әскери режиммен үкімет басында тұр. Әскери жағынан алғанда ол ең күшті, бай феодал болып саналды. Одан кейін сегунның вассалы ретінде ауқатты князьдар биледі және әскери самурайлар құрайтын лендік дворяндар шаруаларды қанау арқылы сегун немесе даймелердің қызметінде билік жүргізді. ХІХ ғасырдың соңында 20 миллион халқы бар елдегі самурайлардың саны 7 миллионға жетті. Олардың тапқан табыстары мен кірістері жай халықтың табысынан 15-20 есе асып түсетін. Бұл арамтамақтар тобы халық санының 10 процентін ала тұрса да, жалпы 10 миллион күріштің - 6,5 млн. пайдаланды, яғни ұлттық табыстың 65 процентін жұмсау арқылы шаруалардың еңбегін шексіз қанады.

Батыс елдерге қарағанда, Батыс Жапония феодалдық билеуінің өзіндік ерекшелігінің бірі - елдегі билік түгелімен «сегун» атқарғанмен, мемілекеттің ең жоғарғы билеушісі болып формальды түрде Киото қаласындағы сарайда тұратын император болып саналатын. Бұл қала мемлекеттің астанасы ретінде саналған мен бүкіл мемілекеттік істер сегундардың резиденцияларында атқарылды. Мұндай ұзақ жасаған резиденцияның бірі - Токугаво династиясының сегуны Эдо қаласында орналасып, екі ғасыр өмір сүрді.

К.Маркс көрегендікпен Жапония өзінің феодалдық құрылымының мықтылығына қарамай капиталистік дамудың ағымына түсетінін көрсеткен болатын. «Если внешняя торговля, навязанная Европой Японии, вызовет в этой последней преврашение натуральной ренты в денежную, то образцовой земледельческой культуре Японии придет конец. Органичные узкими рамками экономические условия существования этой культуры подвергнутся разложения» [2; 120-131].

Қатаң тәртіпті сактау үшін, қолданып отырған елді сырт дүниеден жанталаса жасанды түрде бөлектеген билеуші топтардың саясаты толық күйзеліске ұшырады. Екі жарым ғасырға созылған Жапонияның тұйық сауда қарым-қатынасы негізінен Европа мемлекеттерінің бағытымен дамыды. Феодализм қойнауында қанша дегенмен, буржуазиялық қоғамның экономикалық системасы қалыптаса бастады. Алғашқыда бұл қарапайым цехтың организациялар құрылып соңынан мануфактура пайда болды. Капиталистік қатынастың белгісі ретінде көрінген мануфактуралық өндірістегі жалдамалы күш пайда болды, ол үнемі қосымша күш жасап тұрды. Осылай, феодаодық самурайлық коғамда біртіндеп жалдамалы жұмысшылардың еңбегін капитал арқылы қанайтын буржуазиялық система қалыптасты. Өз ішінен туындап келе жатқан, буржуазияның ығыстыруымен сырттан алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің қысымымен Жапония феодализмі ыдырап, жаңа капиталистік құрылысқа жол бере бастады. Товар-ақша қатынасының дамуына байланысты ірі қалалардағы сауда-өнеркәсіп буржуазиясы күшейіп жас жұмысшы табы біртіндеп қалыптаса бастады. Шаруашылықты жүргізуде ішкі рыноктың кеңеюіне байланысты алғашқы өнеркәсіптік өндірістің капиталистік үлгілері енгізіле бастады. Ақша-товар қатынастары деревняларға да жетіп шаруалардың жіктелінуі басталды.

Жапония феодализмнің ыдырауына, сонымен қатар, шаруа және қала тұрғындарының төменгі слойының төменгі рангалық самурайлардың қатаң режимге қарсы антифеодалдық істері ықпал етті. Өз заманына прогрессивті роль атқарған феодалдық княздіктердің бірі - Сацума және Тесю сегунаттың билігіне наразылық білдіріп, буржуазиялық көзқарастың алғашқы бастаушыларының бірі болып, сегунаттық режимге қарсы шықты. Радикалдық ұрандар арқылы төменгі рангалы самурайлар шаруалар және қала халқын Токугава режимін құлатуға күреске шақырылды. 1867-1868 жылдардағы болған азамат соғысында казталық самурайлар буржуазиялық помещик элементтері және сарай бюрократиясының қосылып араласуының өзі, буржуазиялық ревалюцияның батыл болмауына және екі жақты саясат ұстауына әкеліп соқты. Ақыр соңында бұл әртүрлі билеуші топтар мен әлеуметтік мүдделі топтар арасында, помещиктер мен туындап келе жаткан буржуазия мүддесіне сай жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформа жасауға келісуіне әкеліп соқты. Бұл буржуазиялық революцияның ұранының өзі император билігін қалпына келтіріп, абсолюттік монархияны орнату еді, яғни бұл Жапонияға тән спецификалық құбылыс. Ат төбеліндей помещиктер мен капиталистер және сарай бюрокаиясымен әскери жандармерия императорлық құрылысты қалыпына келтіру арқылы өздерінің таптық мүддесінің сақталуының гарантия ретінде, көріп сол арқылы, қанаушы қоғамға қауіп төндіріп тұрған бұқараның бас көтеруінен сақтанудың бірден-бір жолы деп тапты. Буржуазия помещиктік элементтердің мүдделерін қолдап отырған Жапония монархиясы қалпына келтірілген кезден бастап, мелитаризм мен реакцияның күші болды.

Жапония императоры абсолюттік билікке ие болды. Конституция арқылы өзінің тұлғасын қасиетті деп жариялады. Император атына кіріс келтіру немесе жала жабу, мемлекетті сатумен тең деп қатаң жазаға тартатынын заң шығарылды. Буржуазиялық революцияның аяқталмай қалуы капитализмнің дамуына бөгет жасады.

Саяси құрылыстағы өзгеріске ауыл шаруашылығында және әлеуметтік өмірдегі феодализмнің сарқыншақтары капиталистік қатынастардың алға қарай жылжуына жол бермеуі, өндіргіш күштердің дамуын қысып отырды. Әсіресе, феодализм сарқыншақтары ауыл шаруашылықта басым көрінді. Токугава дәуіріндегі жерді пайдаланудың феодалдық әдісінің орнына, жартылай феодалдық қатынастағы, яғни ұсақ шаруашылықтағы жерсіз шаруалардың арендалық төлем арқылы күн көрісі орын алды. Помещиктердің ешкімнің бақылауынсыз билігі үстем алып тұрды. Феодализм қалдығы өнеркәсіптік саудадағы ішкі рыноктың шектен тыс тарлығына әсерін тигізді.

Дегенмен, ортағасырлық көптеген саркыншақтар сақталғаны-мен қай жағынан алса да (экономикада, саяси кұрылыста) Жапонияда капитализм даму қарқыны Азия елдерінің ішіндегі шапшаң өскен ел болып саналды.

В.И.Ленин көрсеткендей: «Азиядағы товарлы өндірістің неғұрлым толық дамып, неғұрлым еркін, кең түрде және шапшаң дамыған капитализм тек қана Жапония мемлекетінде, яғни өзін-өзі басқарып отырған ұлттық мемлекетте көрінді» [3; 12-35].

Жапонияда капитализм Европа елдерінен кеш орнағанымен, басқа Азия елдеріне қарағанда жарты ғасыр бұрын орнап болды. Бұл жағдай шетел құлдығынан сақтап қалды. Жаңа дамып келе жатқан елдер сияқты, Жапония мемлекеті де, алдыңғы қатарлы батыс мемлекеттерінен саяси және экономикалық жағынан қауіп төніп тұрғанын сезді. Алғашқы уақыттарда Батыс державалардың алдында шетел капиталына ыңғайлы көптеген шарттарға барып отырды. Сондықтан, толық тәуелді болып қалудан қорыққан билеуші топтар, капитализмге тежеу болып отырған ортағасырлық феодализм шектеушіліктерін жоюға мәжбүр болды.

Ең алдымен армия құру үшін өндірісті дамытты. 70-80 жылдары Жапонияда социализмінің дамуына жол ашатын бірнеше әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілді.

Біріншіден - ірі феодал самурайлардың көптеген «артықшылық праволарын» жойды. Көптеген феодалдардың жеке меншіктерін конфискациялап, мемлекеттік конпенсация төледі. Сауатты феодалдар өз қаржыларын өнеркәсіпке сала бастады.

1882-1883 жылдары аграрлы реформалар жүргізілді, бұл түгел феодалдық тәртіпті жоймағанымен, капитализмнің алға жылжуына жағдай жасады. Алдыңғы қатарлы Европа мемлекеттерінен ғылыми технологияның жетістіктеріне сатып ала бастады. Бірақ, мемлекет беріп отырған субсидияның басым бөлігі шаруалардан сығып алынған еді.

Мемлекеттік көмегімен салынған өнеркәсіптерді арендаға және белгілі бір шартпен өндірістік компанияларға сатып отырды. Мемлекет жағынан, әсіресе ауыр индустрия саласында жаңа технология енгізген өндірістерге қолдап, жағдай жасауы, көп табыстарға жеткізді, 1884 жылы Жапонияда 5985 мың және мемлекеттің негізгі эконоимкасын құрап отырған, предприятиялар болды. XIX ғасырдың аяғында Жапонияда темір жолдың ұзындығы 6 мың километрге жетті. Үкіметтің протекционистік саясатын өндірістің өсуіне теплица жасағанымен тең болды.

Ф.Энгельстің орыс үкіметінің протекционистік саясатына айтқан сөзін Жапонияға тікелей қатыстыруға болады. «Эта типличная атмосфера в области промышленности, убыстряет процесс, который в противном случае мог бы носить более затяжной характер. А нам Она втискивает в какие-нибудь двадцать лет процесс, которых при других условиях занял бы шестьдесят лет и более» [4; 175].

Феодалдық Жапония келбеті шапшаң өзгере бастады. Осака Кобэ, Нагасаки, Иокосука сияқты ірі-ірі қалаларда көптеген завод-фабрикалар ашылып, ірі индустрия орталықтарына айналды. Мемлекеттің астанасы Токио дүние жүзіндегі ең ірі қалалардың бірі болып саналды. 1900 жылы Жапония товарлары, әсіресе тоқымалары Оңтүстік-Шығыс Азия рыноктарында Англия, Франция және АҚШ товарларымен тайталасып, сәтті саудаға түсіп жүрді.

В.И.Лениннің еңбегінің арқасында өзінің - капиталистік мемлекеттердің саяси-экономикалық даму саласындағы теңсіздік заңын Жапонияға қарасты «жас таңқаларлық шапшаңдыкпен прогрессивтік капиталистік елдер» қатарына қосып айтты.

1871 жылы кейін Германия, Англия және Францияға карағанда, 3-4 есе күшейсе, Жапония Россияға қарағанда 10 есе күшейді. Осылайша тез даму қарқынына қарамастан, Жапония бұл кезде Батыс елдерінен әлі артта еді.

В.И.Ленин патшалық Россияның өндірісінің дамуына ортағасырлық сарқыншақтарының әсерін талдай отырып, былай деп көрсетеді: «Егер, Россия капитализмін, капиталистік дәуірге дейінгі кезеңмен салыстырса, (ал, бұл салыстырма дұрыс шешім қабылдау үшін өте қажет) онда, капитализм тұрысындағы қоғамдық шаруашылықтың өсу карқыны тым жоғары, ал осы шапшаңдықты жаңа техникамен мәдениетпен салыстырса, онда Россиядағы капитализмнің дамуы өте баяу болып саналады. Бірақ, бұл баяулық ешбір капиталистік мемлекетте болып көрмеген, ескіліктің капитализммен сыйыса алмайтын түрлері сақталып калған, Россия ғана шыдай алды, сондықтан, оны өте баяу деп санауға тағы да болмайды. Сонда Россия «капитализмі» дамуға жағдай болмай отырған «капитализммен» зардап шекті [5; 56-60].

Міне, бұл В.И.Лениннің ескертпелерін Жапонияға толығымен келтіруге болады. В.И.Ленин Жапония капитализмін зерттеуге көп көңіл бөліп, еңбек еткен. «Жапония монополиясы әскери күш арқылы және Қытайды тонауға ыңғайлы жағдай арқылы (және басқа да көрші елдерді) заманына сай қазіргі заманға монополия мен финанстық капиталды ауыстыра алды».

Жапония капитализіміне көптеген феодализм саркыншақтары-ның сақталуына байланысты, капитализмнің әскери-феодалдық имперализм түріне енуіне мүмкіндік жасады. Елдің саяси өмірінде әскери монополия күші, көп үкіметке көп пайда келтіріп, үкіметтің өзін жаулау және агрессия саясатын құптап отырған финанс алигархиясын қолдап отырды. Бұл саясатты үкімет имперализмнің дамуына бірден-бір қозғаушы күш ретінде екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанша дейін ұстады. Токугаво сегуны құлап, бүкіл билік император қолына көшкенде әскери топ, қоғам алдында маңызын жоғалтпай, түгелімен абсолюттік монархия қызметіне көшті. Көбіне жуық бұл жағдайда да мемлекеттік жоғарғы шендерге ие болды.

Әскери күш ерекше конститутция заңымен бекітілген, онда армия және флоттың жоғары қолбасшысы тікелей императорға бағынады делінген. Әскери министрі императорға тікелей баяндама жасап, министірлер советіне бағынбайтын жағдайда тұрды. Әскери совет император шешімін қарсы протес бере алды. Самурайлық традицияны жалғастыра отырып, ол бүкіл империяның тірегіміз деп есептеді. Жапония ұлтының ерекше белгіміз деп санады. Император атын жамылып, әскери топ ең алымен жұмысшы тобымен коммунистік қозғалыстың негізгі тұншықтырушысына айналды. Императордың жеке басына табыну идиалогиясын тарату билеуші топтарға, қарсы шығатын топтарға антиәскерлік режимге, марсистік-лениндік идеологияның таралуына қарсы ең алғашқы Жапония баспа сөзінде К.Маркстың аты 1876 жылы жарық көрді «Рекугготзасси », «Всемирное обозрение», «Кокуминно томо», «Друг народа» және Сен Катаяманың «Капитал» и его автор Маркс тәсілдің бірі үшін қолданды.

Міне сондықтан, буржуазиялық үгіт және бүкіл тәрбиелеу системасы Жапония халқын «Императордың жолымен» яғни, агрессивті национализм-шовинизм рухында жүргізді. Жапондықтар көңілдеріне - ең жоғарыда император үйі, ал оның табалдырығында - бүкіл халық, бүкіл Жапония ұлты біртұтас семья, ең жоғарыда әкеміз - император, ал бүкіл Жапондықтар соның сенімді балаларымыз, яғни ең жоғарғы өмірдегі мақсатымыз бен мүддеміз - император өміріне құлдық ету, Жапонизімді бүкіл әлемге тарату- патриоттық міндеті - деп халықтың санасына құюмен болды.

Бірнеше жылдар бойы жапондықтарға жайып, мифологияның әсерінен өз мақсаттарына берік болды. Ол мифте - жер бетінде ең бірінші император Дзимо осыдан үш мың жыл бұрын патшалығы орталықтанған. Мемлекет құрып, өз ұрпақтарына «біршатырдың астына бүкіл әлемді жинап» билік ету керек деп өкімет өсиет айтып кеткен деген. Бұл идеяны буржуазияны бұйрық ретінде үгіт етіп таратты, онда бүкіл халықты Жапония шатырының астына топтастыру, яғни бүкіл әлемдік Жапония билігін орнату. Осы идеямен бүкіл армияны, халықты қаруландырмақшы болды. Ұрандары «Жапония байыған үстіне байып, кедейлер одан бетер кедейлену үшін» деген сияқты. Жапонияның географиялық жағынын артта калған Азия елдеріне жақын болуы және күшті әскери машинасы арқылы бар ерекшелігі арқылы бүкіл индустрияны соғысқа бұрып, жағдайдың өзі, сол елдерді отарлауға итеріп тұрды. Жапония капитализмі сонау бастан әскери көріністе пайда болған, ең алдымен әскери-полицейлік міндеттерді орындаумен айналысты, үкіметтің бүкіл назары әскери өнеркәсіптерді дамытуға аударылды. Жапония мелитаризмі тек капитализмнің монопалистік өнеркәсіп арқасында ғана емес, сонымен қатар, абсолюттік монархияның күшімен күшейді.

Осылайша, Жапония әскери-феодалдық капитализм барынша агресивті соғыстармен байланыса дамыды. Жапон билеуші топтары бүкіл қаржыларын қарулы күштерді жаңа технологиямен жабдықтауға жұмсады. Егер, 1891 жылы жаяу әскерге 13822,6 мың жұмсаса, 1899 жылы 50783,1 мыңға жетті, ал әскери теңіз флотына 10159,3 мыңнан 58 529,9 мың йен жұмсалды. 1894-1895 жылдардағы Қытаймен соғысындағы жеңістің нәтижесінде Жапония Тайваньды басып алып, Кореяны анекциялады, формальды түрде 1910 жылы және көп мөлшерде 368,3 млн. йен контребуция алған болатын.

Орыс-Жапон соғысының қарсаңында, Жапония 850 мың дайындықтан өткен солдат 168 флотты коробль болды. Аз уакыт ішінде теңіз әскери базаларын Иокосука, Куре, Сасебо қалаларында салынды. Қиыр шығыстағы соғыс қимылдарын өзінің колоннияларын көбейту аркылы өз салмағын арттырмақшы болды. Азия континентіндегі жетістіктері капитализмнің даму қаркынына мол себебін тигізді. Қытайды жеңіп алу халыкаралық аренада зор маңызға ие болды. Жас Жапонияның табысы ірі державалардың Қытайды бөлшектеу күресін шиеленістірді.

¥лы державалар Қытайдың талкандалуынан сескеніп, «жеңістерінің жетістіктерін тартып алу үшін» біріккенімен, Жапония Азият материгіндегі тонау саясатын жалғастыра берді. Жапония өнеркәсіптік өндірісінің шарықтануына қуат берген күш, Россия үкіметінің төлеген 475 йен млн. йен контребуциясы және Оңтүстік Маньчжурия теміржолы Сахалиннің оңтүстік бөлігін тартып алуы [6; 45-47].

1900–1913 жылдары Жапония өнеркәсібінің өсу қарқыны 12 пайыз. Мысалы, Германия 4 пайыз, Англия 2 пайыз, АҚШ 7 пайыз 1914 жылы фабрика, завод бірлестіктері жалпы 17062 жетті, яғни, 1905 жылға қарағанда екі есе өсті. Жапония капитализмінің дамуының ең бір маңызды кезеңі бірінші дүниежүзілік соғыстың барысында, Антанта құрамына кіруі үлкен пайда келтірді. Жапония Қытайдың Шаньдунь провинциясы мен Германияның Тынық мұхиттағы территорияларын басып алды. Жапония соғыс жүргізіп жатқан мемілекеттерге соғыс-әскери материалдар беру арқылы, орасан зор қаржы түсіріп, өзінің Қиыр Шығыстағы және Тынык мұхиттағы базасын күшейтті.

1914 - 1922 жылдар арасында жалдамалы жұмысшылардың саны 948,3 мыңнан 7 млн-ға өсті. Ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылар мен бүкіл Жапон пролетариатының саны 11 млн-ға жетті. Жапония әлеуметтік өзгерістің нәтижесінде, ауыл шаруашылығымен тұрғын халықтың 48 проценті айналысты. Егер, XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Жапония капитализмі енді ғана монополия стадиясына көтерілсе, бірінші бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Жапония дамыған империалистік монополиялық капитал үстем етіп отырған мемлекетке айналды. Бұл кезеңде Жапонияда ірі-ірі концерндер пайда болып, өнеркәсіптік капитал, финанстық капиталға айналатын болатын, Жапония енді капиталды сыртқа шығара бастады, негізінен Қытай, Корея, Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне. Еңбекті капитал арқылы қанау Жапонияда шыңына жетті.

Жапонияның билеу системасының ортасында тұрған мемлекеттік монархиялық аппарат, ірі помещик және монополистік капитал арқылы қанаушы таптық диктатурасы арқылы атқарды. Осы топқа сүйене және мүддесін орындай отырып, монархия Жапон халқын бостандық пен демократия күрес жолына түсірмеу үшін қанап, биледі. Ешқандай ірі мемлекеттерге парлалент Жапониядағыдай әлсіз болған емес. Көрнекті совет зерттеушісі Я.Волк басқа капиталистік елдердегі буржуазиядан, Жапония буржуазиясының ерекшелігі сонда, олар басқа елдердегідей ескі феодалдық идеологияға қарсы тұрған емес, қайта оны аз ғана буржуазиялық индивидуализм порциясын қосу арқылы, сақтап калуға болатын бүкіл феодалдық идеологиясын қорғады.

Осылай, көптеген Жапония капитализмінің дамуының спецификалық ерекшеліктері, революциялық қозғалысты тежеген проблемаларды туғызды. Жапония социалистік және коммунистік қозғалысының жолына асулар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет