Ф-об-001/033 Тақырыбы: 1980-1990 жж. Тунис Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары


Тунис халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауы



бет2/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.81 Mb.
#19617
1   2   3   4

1.2. Тунис халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауы.

Гафсадағы қақтығыс (Ливия- Тунис) өткеніне 1 айдан соң, 1980 жылы ақпан айында премьер - министр Хеди Нуира ауыр науқастанып, шын мәнінде саяси аренадан кеткен еді, ал оның орнына кімнің келетіндігі саяси ортада елеулі қобалжу тудырды, оның себебі, конститутция бойынша жаңа премьер-министр үкіметтің болашақ басшысы болуында еді. Біраз мерзім президент Х.Бургиба премьер-министрлік қызметті өзі алып жүрді. 1980 жылы 23 сәуірде премьер-министр болып, қоғамдық ортада беделі бар, либералдық қайраткер атағы бар Мұхаммед Мзали тағайыңдалды. Тунистік "Ас-Сабах" газетінде "ол үкімет құрамында да, одан тысқары да өмір сүретін түрлі саяси партиялармен жақсы қарым-қатынастарын сақтап қалды, өйткені ешқайсысымен де араздаспаған" деп жазады9. М. Мзалидің өзі жасаған мәлімдемесіне орай, ол "елдің ішкі және сыртқы саясатын тұрақтандыру, елдегі қанағаттанбаған әлеуметтік топтармен, әсіресе жастармен қатынас орнату бағдарын" ұстанды. Экономика саласында Мзали өзін Нуираның ізбасарымын деп санап, ол да "мемлекеттік және жеке меншік секторлардың ара салмағанының тепе теңдігі" үшін әрекет етті. Премьер - министрдің көзқарасы бойынша мемлекет-экономика мен коғамның қозғаушы күші бола отырып, негізгі бастапқы мәселелерді шешуі тиіс. Жаңа үкімет жеке меншік, кооперативтік және мемлекетік секторлардың бірге өмір сүріп, елде капиталистік қатынастардың жедел дамуына негізделген бұрынғы бағытты ұстанды [12; 18].

СДП-ның XI съезі осы белгіленген экономикалық бағытты қолдап, партияның мақсаты - "жоқшылық социализмі " емес "өндіріс социализмі" деп баяндады. Съезд алтыншы бесжылдықтың (1982-1986) негізгі бағыттарын мақұлдады. Оның негізгі міндеті өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытумен қатар жаппай жұмыспен қамтамсыз ету және де кірісті біршама тең бөлу.

Бұл жоспар да алдыңғылары сияқты негізгі салмақты өнеркәсіпті дамытуға салып,ауыл шаруашылығына 13,6% қаржы бөлінді. Қоғамның орташа тобының экономикалық негізі болып табылған орта және кішігірім жекеменшік кәсіпорындардың құрылуына жол беру бұрынғысынша қолдау тапты. 1984 жылы олар барлық инвестициялардың 15%-ін шоғырландырып, жұмыс орындарының 55%-ін қамтамасыз етті [13; 6-7].

Алтыншы бесжылдықтың орындалу барысында Тунис экономикасының әлемдік капиталистік рыноктың конъюнктурасынан тәуелділігі нығая тусті. Мұнайдың бағасының төмендеуінен оның экспортының түсімі 1981 жылғы 1305 млн. $-дан 1985 жылы 762 млн. $-ға дейін төмендеді. 1985 жылы доллар курсының күрт өсуі заем мен кредиттерді төлеу 40 млн. динарға өсті. Туризмнен келетін кіріс пен шет елдердегі тунистік жұмысшылардың ақшалай аудармалары жарты есе қысқарды. Американың ауыл-шаруашылығындағы тоқырауы әсерінен фосфат экспорты күрт азайды. БЭО (ЕЭС)-тың протекционистік әрекеттері Тунистің экспортының кеңеюіне бөгет болды. 1982 жылы Ливияның тунистік жұмысшыларды қайтаруы 150 млн. $-ға бағаланып, Тунистің экономикасына үлкен зиянын тигізді. Әсіресе, 1982 жылы ауыр болды ЖІӨ (ВВП)-нің өнімі 0,8%-тен аспады. 1983 жылы ЖІӨ-нің өсімі 1,5%-і құрады (жоспар бойынша 5,3%), 1984 жылы 5.5 %, 1985 жылы - 4,5%. Өнеркәсіптің кей салалары белгіленген өсу қарқындарына жетпеді. Мысалға, фосфориттерді қайта өңдеу өнеркәсібі 6,6 % -ің орнына тек 2% өнім берген т.с.с.

80-жылы Тунистің халықаралық финанс орталықтары мен батыс державаларына тәуелділігі өсе түсті. Сыртқа қарызы 1984 жылы 3.06 млрд. динардан 1985 жылы 3,4 млрд. динарға өсті. Тунис экономикасындағы жағдай 1985 жылы МБРР ұйымның жағынан сынға алынды. Оның ескертулері мыналарға келіп тіреледі. Тунис тым көп кең капиталды проектілерді қаржыландырады, 80 жылдың басындағы жалақыны көтеру өндіргіш күштердің өсуіне тең келмеген еді, тұтыну товарларының импортын кеңейту төлеу балансының дефицитының өсуіне өкеліп соқты, Тунис динарының курсы өте жоғары болды. Жоспарлау және қаржы министрі Исмаил Хамель елдің экономикасын тұрақтандыруға бағытталған бірқатар экономикалық қатаң шаралар ұсынған еді, бірақ Мұхаммед Мзалиден қолдау таппады [14; 9].

Экономикалық қиыншылықтар еңбекшілердің материалдық жағдайынан көрініс тапты. Орта есеппен алғанда жан басына келетін кіріс мөлшері 1984 жылдан 1987 жылға дейін 23%-ке төмендеп кетті. Сатып ала алу мүмкіндігі 30%-ке төмендеді. Жалақының орташа деңгейі 1983 жылдан 1986 жылға дейін 15%-ке кеміді. Әлеуметтік теңсіздік нығайды. Табыс табу алшақтығы 1966 жылы 1:36 болса, 1984 жылы 1:45 құрады. 1980 жылы ең бай семьялардың 10%- нің үлесіне жалпы шығын суммасының 32%-і келсе, ал 1985 жылы -34%.

80 жылы деревняларда адамсыздану процессі күшейді. Егер 1975 жылы ауылдық жерлердің тұрғындары елдің жалпы тұрғындарының 34,3%-ін құраса, 1984 жылы тек қана 8,24%-ін құрады. Ауылдық және калалық кедейшілік, яғни жартылай жұмыс істейтін және жұмыссыздар 80 жылы ортасында шамамен жарты млн. адам болды. 1986 ж. жұмыссыздар саны еңбекке жарамды тұрғындардың 17%-ін құрады. Саяси көзбен қарасақ, жұмыссыз адам - білім, тәжірибе мен ұйымшылдықтан мешеу қалған, түрлі әсерлерге еліктегіш, антиүкіметтік қозғалысшылардың әлеуметтік сүйеніші.

1984 жылы январында елде халықтық ереуілдер толқыны жүрді. Халықаралық валюталық қордың нұскауын орындап, үкімет нан және ұннан жасалатын өнімнің барлық түрлерінің бағасын 2-есе өсірді. Бұл жайлы 28-ші декабрьде радио арқылы хабарланып, бірінші январьда магазиндер жаңа бағамен сата бастады [15; 48-50].

Толқулар 28-ші декабрьде-ақ басталған еді. Ең алдымен жергілікті халық Тунистің. басқа елді мекендерімен салыстырғанда нашар тұратын Оңтүстік Тунистің тұрғындары ереуілге шықты. Біраз күндердең соң толқулар басқа да аудандарға өршіді. 3-каңтарда Тунис каласында тәртіпсіздіктер басталды. Сол күні-ақ елдің президенті төтенше жағдайды енгізу туралы хабарлады. Тунис қаласына армия жасақтары шақырылды. Танктер мен бронетанспортерлер негізгі позицияға тұрып, қаланың үстінен вертолеттер төніп тұрды. Қарулы қақтығыстар нәтижесінде адамдар қаза тапты. 6 каңтарда Бургиба теледидар-дан өзінің қателескенін айтып, нанның бағасын көтеруді қайтадан алып тастағанын хабарлады11. Баспа беттерінде бұл қозғалыстар "нан бүлігі " деген атпен аталып, кедей таптардың өкімет саясатына қарсы стихияльщ наразылығының көрінісі болды.

Әдебиетші, әрі ағартушы қайраткер Мрсаммед Мзалидің саяси қолбасшы ретінде "сезімталдығы" болмады, және де Нуирамен салыстырғанда экономикаға қатысты мөселелерді жете түсінбеді. Елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы, "нан бүлігі", Ливия мен қатынасының шиеленісуі оның премьер - министірлік қызметінен босатылуына өз себептерін тигізді. Сонымен, 1981 жылы 8 шілдеде Мзали өз қызметінен босатылды, 1981 жылы июльде Бургибаның сөзсіз жақтасы болып саналған Рашид Сфар оның орнына келді. Ол елде шыншыл, әрі қабілетті технократ және мамандалған экономист ретінде танымал еді. Қызмет орнына бас сұға сала ол парламентте М.Мзалидің экономиикалық саясатына қарсы сөз сөйледі. Р. Сфардың ұсынған "Сауықтандыру программасы" ХВ мен МБРР-дің Туниске бұдан бұрынғы берген кепілдемелерімен сәйкес келді. 1986 жылы елде ІЖӨ алдыңгы жылмен салыстырғанда 14.4 процентке төмендеп кеткен. Ауыл шаруашылық өндірісі 12 процентке, капитал жұмсау 12.8 процентке азайды. 1986 жылы Тунис мұнайдың бағасының және доллар курсының төмендеуінен ауыр зардап шекті [16; 3].

1986 жылы август айында ХВҚ мен келісе отырып, Тунис үкіметі экономиканы тұрақтандыру жолында 2 бөлімді программа қабылдады. Ол екі бөлімдер: бірінші кезекті және орташа жеделдікті талап ететін шаралар. Бірінші кезекті шаралар шеңберінде 1986 жылы 19 августа Тунис динары 40 процентке девольвацияланып, төлем балансы мен мемлекеттік бюджеттің дефицитін жою үшін бірқатар шаралар атқарылды. Тунис экономикасы тұрақтандыру программасын іске асыру үшін ХВҚ нан "зіапёһу" келісімі негізінде 250 млн. $ мөлшерінде жеңілдік кредитін алды. Ал экономиканың жекелеген салаларын жүйелі қайта құру программасын іске асыру үшін МБРР мен келісе отырып, 130 млн. $ кредит алды. Соныман қатар АҚШ, Франция және басқа дамыған капиталистік елдер қаржылай көмек көрсетті [17; 3].

Сфардың экономикалық реформалары либерализация саясатын іске асыруға бағытталды. Олардың негізгі бағыты жекеменшік сектор, мемлекеттің рөліне шек қою, елге шет ел капиталын енгізу, мемлекеттік шығындарды азайту, ішкі тұтынуды қысқарту. Мемлекеттік кәсіпорындар өздерін ақтай алмаған жағдайларда жекеменшік секторға көшті. Бірқатар беделді, капиталды көп қажет ететін проекттердің салынуы тоқтатылып, не болмаса кейінге қалдырылды (Метро, автожинақ кәсіп орындары). Өз өнімін

экспортқа шығаратын экономика салаларына мемлекет көптеген капитал жұмсаса, ал өнімі ел ішіне тұлынылатын салалардың субсидиялары қысқартылды. 7-ші бес жылдық жоспар (1987-1991 жж.) аз назарын ауыл шаруашылығын дамытуға аударып, оған жұмсалатын қаражат мөлшері 19 процентке өсті. Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерді қолдау мақсатымен өнімдердің сатып алу бағасын көтерді.

Сырттан қарыз алу елдің валюталық қаржы жағдайын одан әрі ауырлатты. Сыртқы қарызы 5.5 млрд. долларға өсті (1986 ж.). 1986 жылы сентябрьде сыртқы қарызды жабу үшін 18 млн. динар жинау мақсатымен ішкі заемге жазылу өткізілді. Бургиба заемге бірінші болып жазылып, үлгі көрсетті. Жалпы алғанда Сфар укіметі елдің экономикалық жағдайын тұрақтандырды. Сыртқы сауда балансына дефицитін үш есе қысқартты. (1987 жылдың алдыңғы алты айы ішінде), экспорттың түсімі жоғарлады, әсіресе тігін өндірісінің өнімін, балықты экспортқа шығару салдарынан, шет елден Тунис жұмысшыларының ақшалай аудармалары көбейді. Экономикалық жағдайдың жақсаруына объективті факторлар да әсер етті: ауа райының егінге қолайлылығы, туристік мерзімнің сәттілігі және мұнайға әлемдік бағаның өсуі. 1987 ж. үкімет 1986 жылы енгізген импортқа шек қоюды бірте-бірте алып тастауға кірісті [18; 28-29].
1.3. Бургиба орнатқан тәртіптің дағдарысқа ұшырауы. Бургиба үкіметіне қарсы ереуілдер.

1981 жылы 10-сәуір СДП-нің XI съезінде Хабиб Бургиба елді


бұрынғысынша ескі авторитарлық әдістермен басқара алмайтындығын мойындап, қоғамдық өмірді демократизациялау әрекеттерін іске асырамын деп сөз береді. Оның сөзіне қарағанда, ол әрекеттердің бірі елде көп партиялы жүйені енгізу. ЖТЕ¥-ның XVI съезінде профцентрдің автономиясы мойындалып, А.Горбаль және X. Ашурлар ақталынды. 1981 жылы қаңтарда өкімет 1978 жылғы қаңтар окиғасының барлық қатысушыларын босатты, ал 1981 жыл көлемінде 70 жылы үкіметке қарсы ұйымдардың біркатар катысушыларын босатты.

1981 жылдың жазында өкімет 1963 жылғы өзінің ресми түрдегі компартия іс-әрекеттерінің тоқтауы жайлы шешімін алып тастау негізінде ТКП-ның ресмиленуі іске асты. Дегенмен, тунистік басшылардың түпкі ойы өсіп келе жатқан фундаменталистердің әрекетіне қарсы күш құру.

Үкіметтің плюралистік демократияны орнатуға негізделген жаңа
бағытына байланысты 1981 жылдың күзінде мерзімінен бұрын парламенттік
сайлау өткізуі шешілді. Өкімет егер де қандай да болмасын партия
сайлаушыларының 5% даусына ие болса, онда ол партия ресми түрде
мойындалып, парламенттен орын алады деп жарияланады. Көптеген
оппозициялық партиялар 5% бөгетке наразы болғанына қарамастан, сайлау
трубинасын өз көзқарастарын және бағыттарын насихаттауға пайдаланады.
1981 жылы июльде ТКП-ның лидері Мұхаммед Хазмель оппозициялық
ұйымдар депутаттар мен кандидаттардың бірыңғай тізімін жасау туралы
ұсыныс айтты. Бірақ, партия аралық келіспеушілік ішкі жіктелумен сабақтасты. 1981 жылы Халықтық Бірлік Қозғалысынан (ДНЕ) II-аталған Монсеф Бельхадж Амор бастаған топ бөлініп шықты. Демократ-социалистер де екі фракцияға бөлініп кетті, енді біреуін Ахмед Местири басқарса, енді біреуін Хабиб пен Аммар басқарды. Оппозициялардың бірігіп әрекет етуі іске аспады. 1981 жылы қыркүйек айында өкімет ИБҚ (ДИН)-ның 40 шақты алдыңғы қатарлы қайраткерін тұтқынға алып, исламистерді репрессияға
ұшыратты. Сайлау қарсаңында фундаменталистермен қарым- қатынаста болған солшыл оппозицияның адамдарына сенімсіздікпен қарап, елде саяси шиеленісушілік байқалды [18; 28-29].

1981 жылы 1-қарашада парламент сайлауында Халық майданы СДП -ЖТЕҮ (ВТОТ) 94,6% дауыс жинады, ДСҚ (ДДС)- 3,28% , ХБҚ (ДНЕ) -0,81%, ТКП -0,78%, Ұлттық жиынның барлық 136 орны да билеуші партияның үлесіне келді.

¥зақ жылдар бойы сақталған СДП монополиясы билеуші партияның үстемдігіне ауыстырылды. Авторитарлық тәртіп шеңберінде заң шығаратын, оны орындайтын мөлшерленген демократия мен плюрализм тунистік мекемелердің, әлеуметтік катаклизмге жол бермей, бірте-бірте саяси жүйеге

талпынысын көрсетті. Дегенмен, өкімет мемлекеттік аппараттың жоғарғы структураларындағы кадрлерді өзгертуге асықпады, ресми оппозицияның материалды және қаржылай жабдықталуына ұстамдылық танытты.

1983 жылы 19- қарашада ДСҚ(ДЦС) ХБҚ(ДНЕ II) әрекет етуіне ресми түрде рұқсат беріледі. Бірак, бірде-бір партия Дустур курсына тиімді ұйғарым ұсынбады - олар тек ары қарайғы қайта құру мен өмір сүріп жатқан жүйе шеңберінде саяси өмірдің ымырашылдығы үшін сөз сөйледі.

1983 жылы декабрьде Ахмед Неджиб аш-Шеби бастаған Прогрессивтік Социалистік Ұйым (ПС¥) партиясы өзінің пайда болуы туралы хабарлады. Ол өзінің мақсаты-"демократиялық негіздегі социализм", азаматтық еркіндікті құрметтеу деп атап өтті . Кейіннен бұл партия ТКП-нің одақтасы болды, коммунисттер осы партиямен бірге 1986 жылғы сайлау алдындағы компания уақытында біркелкі майдан құрды.

Жеткілікті саяси тәжірибесі мен кең әлеуметтік негізі жоқ бірікпеген либералды және демократиялық оппозиция дустур режиміне шынайы қауіп-қатер төндірмеді. Соның арасынша, исламистік қозғалыстарға көзқарас қарама - қарсы келетін ТКП ресми партияның позициясы өкіметке ұнамады. Барлық ресми партиялар, сонымен қатар ТКП да Исламдық бағыттағы қозғалысқа ресми әрекет ету құқығын беруді қолдап, «мұсылмандық ұйымдардың прогрессивтік элементтерінен байланысты саяси репрессиялар практикасын айыптады.

1987 жылдың көкек айында олар азаматтық еркіндікті силау мен исламистік қозғалыстарда жоқтаушыларды тұтқынға алуды тоқтатуды талап ететін біріккен арызға қол қойды. "Нан толқулары" кезінде тұңғыш рет түрлі әлеуметтік күштер мен топтар бірігіп, үкіметке қарсы және исламистік ұрандармен, қымбатшылыққа қарсы ұрандармен шықты. Діни-әлеуметтік экстремизм толқыны студенттерді, шаруалар мен жұмысшылардың және шағын қалалық жеке меншік иелерін толықтай қамтыды.

"Нан толқуларының" өрши түсуіне партиялы-үкіметтік топтардың шиеленіскен ішкі саяси күресі өз әсерін тигізді. Толқулардың алғашқы күндерінде оқиғаның стихиялы дамуына рұксат беріп, полиция еш әрекет еткен жоқ. Бұл осы дағдарысты пайдаланып басшылықта өз позициясын нығайтып, премьер -министрді (Мзали) орнынан ығыстыру мақсатын іске асыру үшін жасалып отырған ішкі істер министрі Дрис Пиганың әрекеті еді. Төтенше жағдай енгізіліп, тәртіпті орнына келтіргеннен кейін либералды оппозиция өткен оқиғаға тек өз өкініші мен аяушылығын білдірумен шектелді. ТКП оқиға уақытында осы дүмпуге қатыстығынан аулақ екенін білдіріп, үкіметтен нанның бұрынғы бағасын қайта қоюды талап етті.

80-жылдары кәсіподақтық қозғалыстар ішкі келіспеушіліктер әсерінен тоқтап қалған еді. "Ескі гвардия" өкілі Хабиб Ашур мен 1981 жылы кәсіподақтардың съезінде ЖТЕ¥-ның бас секретары болып сайланған Тайеб Баккуш арасында лидерлік үшін өткір саяси күрес жүрді. Ашур Баккушті 1981 жылғы парламент сайлауында кәсіподақ қайраткерлерін Ұлттық Майданның жалпы тізімше енгізуіне өз келісімін бергені үшін айыптады. Ол өз күресінде кәсіподақ басшылардың келісімпаздық тактикасына қарсы шығатын профсоюздардағы солшыл ағымға сүйенеді [19; 13].

1983 жылы карашада ЖТЕ¥-дан «коллаборационистер» шығарылып тасталды - ЖТЕҰ (ВОТТ) - ның парламенттік фракциясына кірген ЖТЕ¥-ның атқарушы бюросының жеті мүшесі және СДП мен байланысы барлар. Қысқартылғандар өздерінің жеке кәсіподақ орталығын құрды - ¥лттық тунис еңбек ұйымы ( Т.Ұ.Е.Ұ). Бұл ұйымның басында Абдельазиз Бурауи тұрды. 1984 жылы ЖТЕ¥-дан тағы бір ұйым бөлініп шықты - Хабиб Ашурдың серігі А.Горбаль Сфаксте құрған Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы. Ол Ашурді авторитарлық әдіспен билегені үшін айыптады. Кәсіподақтардың бөлектенуіне кәсіподақтық қозғалыстың әлсіреуін көздеген үкімет те өз ықпалын тигізді.

ЖТЕ¥-ның XVI съезінде (1984 ж 15-21.XII) Ашур бірауыздан ЖТЕҰ-ның бас секретары болып сайланып, Баккуи Атқарушы бюроның бір мүшесі болып тағайындалды. Ашур кәсіподақ орталығының басқарушысы болып 70-ші жылдардағы дустурлік мақсатты ұстанып қалды: жұмысшылар қозғалысын тоқтату және саяси мәнді ұрандардан бас тарту. ЖТЕҰ-ның басшылары шиеленіскен әлеуметтік қақтығыстарды тұрақтандырудың негізгі жолы кәсіпкерлермен коллективті еңбек шарттарын қайта қарастыру жөнінде келіссөздер деп есептеді. М.Мзали үкіметі ЖТЕҰ-ның "заңсыз" ереуілдерді айыптау шешіміне қанағатпен қарап, арнайы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша ешқандай да кәсіподақ Атқарушы бюроның рұқсатынсыз, келісімінсіз ереуіл жариялауына правосы жоқ.

1985 жылдың аяғында өкімет ЖТЕҰ-ның басшыларын "әлеуметтік бейбітшілік" келісімін қадағалаудан бас тарқаны үшін айыптады. Өкімет ЖТЕҰ-ның лидерлерін ұлтқа қарсы әрекеттері үшін айыптап кәсіподақ активистерін қудалады, ал Ашурді финансті теріс пайдаланғаны үшін түрмеге жабуға үкім шығарды. 1986 жылы апрельде ЖТЕҰ-ның "түзетуші" съезі болып, бас секретарлыққа Исмаил Ладжери тағайындалды. Осы жылдың сентябрь айында ЖТЕҰ басшылары мен ТҰЕҰ бір кәсіподаққа қосылуға келісті, ал оның басшысы болып А.Брауи тағайындалды [20; 12].

Басқарушы партияның басшылығы ішінде жекелеген саяси лидерлер мен кландар арасында бақталастық шиеленісе түсті. 1983 жылы М.Мзали Бургибаның өзі байлап берген министрлерден құтылып, өз кабинетін нығайтты.(М.Моаллы, А.Ласрама, М.Сайяха, Т. Бельхаджа). Үкіметке Мзалиге жақын технократтар енді, ал оның әйелі - Фатия Мзали өзіне арнайы жасап берілген «Жанұя және өйелдер жағдайы министрлігінің басына тұрды. "Нан толқуларынан" кейін М.Мзали шетелге қашып кеткен ішкі істер министрі Д.Гигтің орнын алды.

Бургибаның ресми мирасқорының қолына биліктің шоғырлануы президенттің жақын айналасында наразылық тудырды. Бургибаның 60-жасар жиені Саида Сасси қартайған президенттің күтушісі бола отырып, оған өзінің шексіз ықпалын жүргізе алды. Ол Бургибаны әйеліне қарсы арандатты. Сол себептен 1986 жылы августе - "Конституцияға қайшы келетін сөздер мен көзқарастары үшін" деген желеумен әйелімен ажырасты.

Саяси және де президенттің жеке дәрігері А.Шедли және президенттік кеңсенің бастығы М. Бельхасиндердің саяси сахнадан тысқары дау-дамайларының бірі - Сустың, содан соң Монастирдің губернаторы Мансур Схиридің жоғарылауы. Бургибаның қамқорлығының арқасында Схири прези-денттік кабинеттің директоры болды, ал 1986 жылы мамырда қоғамдық істердің министр-делегаты қызметіне тағайындалды. Жазға қарай ол өз өкілдігіне сай келмейтін билікке қол жеткізді.

Үкімет және СДП-нің жоғары эшелонында сенімсіздік жағдайы төніп тұрды. Кез-келген саяси мансапқа нүкте қою үшін президенттің бір ғана әрекеті жеткілікті болды. Беделді мемелекеттік қызметтерге тағайындаулар және отставкалар бірінен соң бірі жалғасып жатты. 1986 жылдың өзінде ғана министрлер кабинетінің құрамы 4 рет жаңарды.

Әлеуметтік қайшылықтың өсуі тунисте фундаменталистік идеялардың таралуына әсер етті. 1984 жылы ноябрьде ИБҚ-ның III съезі болып өтті, онда ИБҚ-ның мүшелері арасында да ұйымнан тысқары да, ИБҚ жұмыстарын нығайту керектігі айтылды. Ол сондай-ақ, Тунисте әрекет ететін исламистік бағыттағы басқа да ұйымдармен тығыз байланыс жасауға шақырды.

ИБҚ-тың IV съезі (1986 жылы жазы) саяси стратегияны өңдеп шығарды. Оның бірінші этапында әлеуметтік базаны кеңейту мен үкіметке қарсы үгіт насихатты нығайту қамтылды, ал келесілерінде - орнатылған тәртіпті құлатуға бағытталған тікелей әрекеттерге көшу.

80-жылдары Исламистік бағыттағы астыртын қозғалыстар Тунистің алдыңғы қатарлы ұйымдарының бірі болды. 1986-1987 жж фундаменталистер шеруінің белгілері астында өтті. Бұл шерулер "нан дүмпулерінің" екінші жылдығына орай бірнеше мыңдаған студенттер мен лицеистердің ұйымдастырған ереуілдерінен басталды. Ол 1986 жылдың 2-3 қаңтарлары еді.

1986 жылдың жазында исламистер тобы өзін белсенді түрде жария етті. Олар банктерге шабуыл жасап, дүкендерден қару - жарақ тонады. 1986 жылы июльде олардың 24-мүшесі сот алдына келді. Олар өз әрекеттерін елде шариғат билігін орнату үшін "исламдық джихад" жүргізу қажеттігі деп түсіндірді. Олардың екеуін ең жоғары жазаға тартты. Тағы екеуі сырттай өлім жазасына кесілді [21; 11].

Елдегі шиеленіс науырыздағы ИБҚ лидері Рашид Ганнуши мен 21 науырызда Францияда құрамында алты тунистіктер бар "проирандық территориялық ұйымның" сегіз мүшесін тұтқынға алудан кейін өрши түсті. 1986 жылы наурызда Тунис Иранды "діни мазмұндағы анархия мен бүлікшілікті қолдап, дем берді" деген айып тағып, онымен дипломатиялық қатынасын үзді.

1987 жылы 3 тамызда Тунис Сус пен Монастирдің туристік отельдерінде жарылған бомбалардан сескенді, 12 ағылшын және италяндықтар жарақат алады. Бұл жарылыстарға жауапкершілікті "Аль-Джихад аль-Ислами" террористік ұйымы алды.

ІІ-ТАРАУ. ЖАҢА ҮКІМЕТТІҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ ЖӘНЕ ЕЛДІҢ 1990 ЖЫЛЫ ДАМУЫ

2.1. Бен Алидің үкімет басына келуі

Хабиб Бургиба жуық арада Бен Алидің күш қуатын және шынайы патриотизімдік алғырлығын бағалай білді. Жан - жақтан көбейіп жатқан саяси және әлеуметтік қысымнан тәртіпті сақтап қалатын бірден-бір құтқарушы - Бен Али болды. (Бұл жерде 1984 жылы қамтыған жаппай толқулар әңгіме болып отыр).

Осы кездері Бен Алиге жаңа тағайындаулар жан - жақтан келе бастады. 1985 жылы 23- қарашада ол ¥лттық Қауіпсіздік Министірі, ал бірнеше айдан соң 28-сәуір 1986 жылы ішкі істер Министірі болып тағайындалды. Сол жылдың маусым айында Бен Али негізгі шешімдерді дайындайтын Социалистік Дустур партиясы саяси бюросының құрамына кірді. Кейінірек, партияның Бас секретарының орынбасары болып тағайындалды. 1987 жылы 16-мамырда Бен Алиді мемлекеттік министр рангісіне дейін өсірді. Ал, 1987 жылы 2-ші карашасында ішкі істер Министрлігіндегі қызметін сақтай отырып, премьер-министр болып тағайындалды.

Осы жылы Социалистік Дустур Партиясының (СДП) Бас секретары міндетін иемденді. Бен Али өзінің тәртіптілігімен, белсенділігімен және қайырымдылығымен танымал. Жағдайлар шиеленіскен кезде ол ішінара дау - дамайдан алыс болды. Бен Али саяси қоғам және кәсіподақтар және адам құқығын қорғаушы Лигамен келісімдер жүргізе бастады. Сондай-ақ, ол Бургибаға қоғамға неғұрлым жақын болу бағдарламасын ұсынды.

Бірақ та, ол орныққан тәртіптің қулауы мүмкін екендігін сезді. Президент-тің дәрменсіздгі басқарманың және барлық қоғамның берекесін қашырды. Сол уақытта Бен Али заң жүзінде және өркениет жолымен инициативаны батылдықпен өз қолына алды. Бен Алидің жетінші қазан декларациясының мазмұны көптеген Тунистіктердің үміт сеніміне бөледі. Олар Бургибаны елді тәуелсіздік жолына жеткізген басшылардың бірі және Туниске адал қызмет атқарған қайраткер ретінде құрметтеді.

Бірақ, 1960 жылдардың соңынан бастап президенттің қарттығы мен науқасы оны сарайдағы дау -дамайдың құрбаны етті. 1974 жылы Бургиба Тунистің өмірлік президенті болып жарияланғанымен, оның арқасынан билік-ке талас басталып, толықтай режимнің құлдырауына (деградация) әкелді. Премьер-министр болып тағайындалған соң, Бен Али өзінің саяси бағдарлама-сының мақсаты етіп Тунисте гүлденген, ашық бейбітшілікті сүйетін және әділеттілік пен шыдамдылыққа негізделген қоғам құруды көздеді.

Бесінші қараша 1987 жылы болған жұмысшы отырысынан кейін, министрлердің бірі Бен Али туралы былай деді "ол кездейсоқ сайланған жоқ, өйткені Тунистегі жағдаймен жақсы таныс. Елдегі проблемаларды шеше отырып, ол бейберекеттілікке жол бермейді".

Осы жерде, Бен Алидің премьер-министр қызметіне тағайындалғаннан бастап, елдің саяси өмірі шындығында да "Карфагенде сарай иесінің болжамсыз шешімдерінің" әсерінен тоқтап қалғанын айта кету керек. Сондықтан да, болу керек, Бен Али қарт - президентті саяси аренадан кетіруді көздеді. Үкімет басы қызметі оған конституцияның 57-бабын пайдалану мүмкіндігін берді. Онда "президент кенеттен қайтыс болса немесе отставкаға кеткен жағдайда премьер - министр президенттің міндеттерін өзіне алады және 5-жылда бір өткізілетін парламент сайлауына дейін президент болып қалатыны" айтылған [22; 35-37].

Ол өзінің жақтас топтарымен Хабиб Бургиба үкіметін ығыстыру шешімін қабылдады. Ұқыптылықпен дайындалған операция 6-шы октябрьден 7-не қараған түні өткізілді. Президенттің Карфагендік сарайына Хабиба Ашшар басшылығындағы Ұлттық гвардияның мотопехота бөлімі жіберілді, ал Бургибаның өзіне оның денсаулығының нашарлығын дәлелдейтін дәрігерлер жіберілді. Сарайға Қорғаныс Министрі С.Бали, бас штаб басқарушысы Ю.Баракят және Бен Алидің сенімді адамдары келіп, Президентке оның тақтан түсуі туралы хабарлады. Сол түні Бен Алидің саяси қарсыластары Мухаммед Сайях, мемлекет министрі Мансур Схири, Махмуд Бельхасин тұтқындалды. Сол күні мемлекет басшылығы қызметін Бен Али өз қолына алды.

7-ші ноябрь күні таң ертең радиодан Бургиба үкіметінің құлауын президенттің денсаулығының нашарлығына байланысты екендігін, сол себептен Тунис өкіметінің ауысқаны хабарланды. Мемлекет басшылығы міндетін мүлдем орындай алмауына байланысты жаңа үкімет конститутциасының 57- бабына сәйкес, премьер - министрге берілгені туралы хабарланды [23; ].

Өзінің халыққа деген алғашқы үндеуінде Бен Али Хабиб Бургибаның Тунисті колониялық тәуелділіктен азат ету және ұлттық дамудағы рөлін жоғары бағалады. Ол Отандастарын "қауіпсіздік, тыныштық және сенімділік жағдайындағы" ынтымақтастыққа шакырды. Жаңа президент барлық халықтың парызы "елдің тәуелсіздігін сақтау, оның дамуын қамтамасыз ету" екендігін айтты.

Бен Али сыртқы саясат саласында барлық елдермен ынтымақтастық, әсіресе "бауырластық және достық" қатынастар сақталатынын атап өтті. Тунис халықаралық аренада өзінің міндеткерлігіне сенімді болып қала береді. Жаңа президент саяси партиялар, ұйымдар мен және баспа сөз, сондай-ақ, конституцияның жеке баптарын, елдегі қайта құруда азаматардың қатысуына кепілдік беру, заңдарын қайта қарауға уәде берді.

Бен Али Тунис халқын көп партиялыққа негізделген және қоғамдық пікірдегі плюрализмге негізделген саяси өмірге лайықты деп атап өтті. Өзінің шешімдерін жүздеген маңызды істер күтіп тұрғандығына тоқталды. Жаңа президенттің азаматттық ерікті қамтамасыз ету жолындағы алғашқы қадамы болып, "Джихат аль - Ислами" (Священная исламисткая война) және "Ислам бағыттарының қозғалысын" экстремистік ұйымдарға кіретін саяси тұтқындарды түрмеден босату болып табылды.

Тунис Армиясында бірнеше офицерлер жоғарлап, армия басқармасында кейбір қайта құрулар жүргізілді. Президент мемлекеттік қауіпсіздік ісі бойынша сотты таратып, республикадағы бас прокурор кызметін жойды. Бен Алидің үкімет басына келгенінен соң Отанына көптеген тунис -эмигранттары қайта оралды.

1988 жылы шілдеде Тунис төрт жыл бұрынғы Б¥¥-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған азаптауды қолдануды тиым салған конвенцияны алғаш бекіткен араб елдерінің бірі болып саналды. Тунистің Ұлттық баспасөзі өлеуметтік саяси мәселелерді талдау және алға қою мүмкіншіліктеріне ерікті болды.

Президенттің "тез және ұзаққа жүру" еркінің мәнері болып 1988 жылы Демократиялық Конституциялық Бірлестік (ДКО) деп жаңа атқа ие болған Социалистік Дустур Партиясының (СДП) басқарған съезі табылды. Съезде қоғамдық өмірді демократияландыру, плюрализм пікірін жеткізу, заңға сүйенген мемлекетті құру курстары жүргізілді.

Демократиялық Конституциялық Бірлестіктің (ДКО) бірінші съезі ашылмастан бұрын, президент Бен Али үкіметке бірнеше министрлерді алып тастап, қайта құру жүргізді. Оған себеп: саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы батыл қадамдардың съезде қабылдануы үшін, одан басқа Тунис баспасөзі жазғандай "Бургиба тізгіндеген кезбе партияны өз қолына алу"19. Бен Али үкіметі съезд делегаттарына басқарушы партияның көптеген мүмкіншіліктерін жоюға бағытталған шараларға иемденді. Яғни, партияны үкіметтен оның жұмысын өзгерту үшін аластату және оны (партияны) заң түрінде халықтың өкілеті ретінде санамау керек.

Съезд қоғамдық өмірді демократияландыру үшін плюрлизм және заңға сүйенген мемлекет құру курстарын жариялады. Съезд эмблемасында соңғы кезде досы құтқарып қалған, яғни батып бара жаткан қол бейнеленген. Президент Бургибаның кателіктерін тізген сөзінен кейін оның айналасындағыларға және басқаларға құтқарушы қол -Бен Алидің қолы екені айқын болды.

Қауымның сенімсіз эффектілі саясат жүргізуі қиын, бұны жаңа саяси басқарма жақсы сезінді. Қадам басқан сайын ол халық құрметіне иемдене бастады. Президент көптеген ел бойынша сапарлар жасады, мектеп оқу орындарына, карттар үйіне барып, халықтың хал ахуалымен жақыннан таныса бастады. Барған сапарларында адамдармен, студенттермен және спортшылармен кездесіп, олардың өмірдегі қажеттілігі және Тунистің болашақ өмірі туралы сауалдарға жауап алды. Бен Алидің осылайша танымдылығы біртіндеп өсе бастады.

Келесі Тунис өміріндегі әр түрлі салалардағы маңызды кезең болып Ұлттық пакт жаңа режимнің I - жылдығы қарсаңында үкімет, партиялар, қоғамдық және кәсіпшілік ұйымдардың арасында өзіндік қатынас кодексіне қол қою еді. ¥лттық пакт үкіметтің бағдарламасында қандай да бір коалиция құрған жоспары болып табылмайды. Бұл - біздің жоспардың және партиялар мен ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастың қалай болатындығын сараптау әдістері және де өзіміздің ел үшін не істейтінімізді білдіретін ¥лттық цивилизациялық жоба деп атап өтті президент.20

"Жетінші ноябрь Декларациясында" келтірілгендей, Ұлттық пактіде Халық үміті және демократияға, плюрализмге, суверенитетке негізделген лайықты өміріне кепіл беру принциптері жазылған. Пакт адам құқығын, жиналыс және саяси ұйымдар құру құдықтарын қорғауды салтанатты түрде жариялап, шыдамдылыққа, төзімділікке шакырды. Сыртқы саяси жоспарда ол адамзатқа прогресске жол ашуда бейбіт өмірге кепілдеме беретін әділетті халықаралық тәртіп орнатуды көздейді.

Сондай-ақ, ұлттық пактіде Тунистің араб өркениетімен үзілмес байланысы, исламның құндылығы және сонымен бірге, мешіттерді саяси күрес орталығына айналдырмау туралы да жазылған. Сондай-ақ, документ барлық тунис халықтарын экономикалық мәселелерді бірге шешуге шақырады. Ұлттық масштабтағы мәселелерді шешудегі халықтың бірігуі, әлеуметтік тұрақрыздығы Тунис үшін өте маңызды нәрсе. Бірақ, Бен Али үкіметі келгеннен кейін ірі әлеуметтік шиеленістер болмағанын айта кеткен жөн. Бургиба сияқты өмірлік президенттің сайлануына тыйым салғаны өмірде маңызды конституциялық реформаны жүргізуге тырысқан Бен Али өзінің батыл саясаткер екендігін жариялады. Режимнің Заңдылығын дәлелдей келе, ол 1989 жылы сәуірде президенттік сайлау жүргізді.

Жаңа президенттік және парламенттік сайлауға 2 млн. тунистіктер қатысты. Көптеген азаматтарға сайлауға және ұйымдарға сайлануға құқық қайтарылып, бірінші рет қайта салу компаниясына қатысты. Сондай-ақ елдің тарихында бірінші рет сайлауда шет елдерде тұратын Тунис азаматтары қатысты. Көптеген күйзелген сайлаушылар Демократиялық Конституциялық Бірлестікті алға қойган Бен Алиге өз дауыстарын берді. Оның кандидаттары Ұлттық жиналыста 141 орынға ие болды. Бен Али сайлаудан кейін қиындықтар мен күресу үшін бірлескен монолитті және демократиялық қоғам құру керек екенін атап өтті. Жаңа президенттің жеңісі тек қана Тунисте ғана бағаланып қоймады.

1988 жылдың қортындысы бойынша француз әлеуметтік-саяси зерртеу орталығы президентке "демократия және адам құқығы" халықаралық сыйлық лауреаты атағын бере отырып, Бен Алиді "жыл адамы" деп атады. Үкімет басына келген соң Бен Али принципті түрде жаңа сыртқы саяси бағыт жүргізуді бастады. Мәселен, соңғы он жылда Бургибаның сыртқы саясатының тиянақсыздығынан, тунис дипломатиялық ведомствосы күйзеліске түскен. Бен Али Тунистің халықаралық аренадағы беделдігін өзінің саяси алғырлығымен калпына келтіре білді. Сөйтіп, жаңа үкімет билікке келген соң елдегі жағдайды өзгерту адам құқығын сақтайтын декларацияны дамыту заңға сүйенген Мемлекет құрудағы қозғалыстар дәуірі басталды.

Елдегі тағы бір маңызды мәселе - "Келісімге келмейтін исламды жақтаушылар". Жергілікті саяси бақылаушылардың пікірі бойынша үкіметтің саяси институттарында тазалау жүргізу және көптеген министрлерді тәртіпке шақыру үшін тек қана ерік керек. Ислам фундаменталистерінің наразылық қозғалыстарын зиянсыз ету үшін әдептілік, қауіпсіздік, беріктік, айлакерлік қажет.

Бен Али осы қасиеттердің бәрін ескерді. Жаңа үкімет билікке келгеннен бастап Тунисте ислам республикасын құруға шақырған "Ан-Нахда" (Возрождение) партиясы елде берік позицияға ие болды. Президент Бен Али өзінің позициясын және жеке билігін нығайта отырып, шебер әдістер қолданды. Француз "Жен Африк" журналы осы жайлы былай жариялады: "Бен Али "барқыт биялайдағы темір қолмен" өз әдістерін қолдана білді"21

"Ан-Нахда" партиясына мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы шығуына, конституциялық құрылысты өзгерту әрекеттері мен ел басшылығының жеке өміріне қастандық жасағаны үшін айып тағылды. Партияның лидерлері тұтқындалып, ұзақ мерзімге түрмеге жабылды. Армияда және мемлекеттік құрылыста осы Операцияға қатысқандықтан тазарту жүргізілді. Осыған қарап, Бен Алиді ислам қолдаушысы деп ойламағаны мен, ол Меккеге қажылыққа барып, Каабаны сүйгені - Тунис халқының энтузиазмін шақыра білді. Бұл сапар жөніндегі репортажды "Ислам және Жүрек" деп атауы да таң қаларлық жай емес.22

"Ислам арасындағы істерде" Тунис өзінің күш жігерін мұсылман елдерде ынтымақтастық пен бірлестік үшін және сондай фанатизмнен, манипуляция, экстремизм және терроризмнен шынайы исламды аластатуға жұмсайды. Сондай-ақ, жаңа үкімет билікке келгеннен соң сыртқы саясатында шет ел және көрші араб елдерімен бауырластық және достық тұрғыда келісімдер, қарым қатынасын одан әрі жаксартуды көздеді. Өзінің саяси, экономиикалық, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында бірнеше шет елдермен қарым қатынас жасалды. Тунистің жаңа үкіметі елдің бұрынғы метрополі - Франциямен қатынасты жалғастыра берді.

Сондай-ақ, АҚШ, Испания, Италия, ФРГ, КСРО елдерімен де саяси, экономикалық, мәдениеттік бағытта көптеген ынтымақтастықтар жасалғаны мәлім. Сондай-ақ, Тунис жаңа Бен Али үкіметі келген соң 1988 жылы 15-ші қазанда Палестина мемлекетінің құрылғанын мойындады.

Қорыта келгенде, халық сенімін иемденген Бен Али тағы да екі президенттік мандатқа ие болуға құқығы бар. Яғни, елдегі жағдай жақсы болса, онда 70-жасына дейін үкімет басында бола бермек. Жаңа Үкіметтің билікке келгенен кейін қызметіне қортынды жасасақ: Тунис елі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар арасында өзін өзі толтыруды қамтамасыз ете алады. Барлық саяси күштерге ие болған қоғам мен мемлекет арасында ынтымақтастық орнады. Реформаның жүргізілуінің нәтижесінде ел табысты нәтижелерге жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет