Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет29/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысын- да қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.

3-4-сабақ



Сабақ тақырыбы:

Көшпелілер — жауынгер халық.

Білімділік:

Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы көшпелілер өркениеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы шығармашы- лыққа баулу.

Тәрбиелік:

Тілдік қарым-қатынас барысында сипаттау мәтіндері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпараттар береді, ауызша сұрақтарға жауап береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, өз ойын айта- ды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен пікір алмасады, мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Данышпан, аттылы, садақ атқыштар, баспана, билігін берген.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, «Сақ мәдениеті» деректі фильмі, слайдтар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, кітап көрмесі, үлестірмелі материалдар, А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар, фломас- терлер мен маркерлер, парақшалар, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Бинго» ойыны, «Синектика» тәсілі, постер,

«Шағын шолу» тәсілі, «Жағымды сөздер» тәсілі.



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орна- ту үшін «шаттық шеңберін» құрады.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында тарихшылардың ежелгі сақ мәдениеті туралы жазбаларын оқиды, «Сақ мәдениеті» деректі фильмін көрсетеді.

Оқушылар деректі фильмді тамашалайды, жазба- ларды тыңдайды.

60


4-тақырып. Ежелгі көшпелілер мәдениеті



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс. А) Оқылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Суретке қарайды, сақтар туралы берілген жалпы есімдерді табады.

Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тап- сырманы орындатады.

Жазылым Айтылым. Айтылған пікірлердің мазмұнын мұғалімнің көмегімен түсінеді, өзі қалағанын жазып алады, айтылған ойды талдайды.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтан- дыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, «Жигсо» әдісі бойынша талдайды.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машық- тандыру үшін 5, 7-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді аудармасымен дәптеріне жазып алады, сілтеу, жіктеу, сұрау есімдіктерін қолданып, мазмұнына байланысты 5 сұрақ жазады.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 6, 8, 10-тап- сырманы орындатады.

Айтылым. Мұғалімнің көмегімен мәтіндегі қара қаріппен жазылған сөздердің мағынасын түсінеді, сахналық көрініс дайындайды, мәтін мазмұнынан суреттерге қатысты сөйлемдерді табады, антоним сөздерді қолданып, сақтардың жылқысын сурет- тейді, сөйлемдердегі жалған ақпараттарды табады, дұрыстайды.

4. Сергіту сәті. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады, жұптық жұмыс ұйымдастырады. Оқушыларға бірнеше А4 парағын, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер мен маркерлер таратады.

Қайнаркөздерден сақтар туралы ақпараттар табады, постер жасайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 11-тап- сырманы орындатады.

Жазылым. «Бинго» ойынының шартын орындайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады. Жұптық жұмысты ұйымдастырады.

Айтылым. Қайнаркөздерден Астанадағы «Ұлттық мұражай» туралы материалдарды табады, сақ дәуіріне қатысты мәліметтерді оқиды, негізгі сын есімдерді қолданып, «Ұлттық мұражайға келіңіз!» тақырыбында шағын жарнама мәтінін жазады.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 13-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым. Сақ жауынгерінің атынан сыныптастарына хат жазады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Ба- лалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапы- нан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айта- ды. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.



61


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет