Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз 1902 жыл — 31 желтоқсан 1985 жыл) — қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері



бет3/4
Дата01.02.2023
өлшемі42.6 Kb.
#469008
1   2   3   4
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов

Сценарийлері
1938 - Амангелді
1942 - №12 әскери киножинақ
1950 - Советтік Қазақстан
1954 - Қозы Көрпеш - Баян Сұлу
1969-1970 - Қыз Жібек
1972 - Арман асуы
1977 - Кездеспей кеткен бір бейне[3]
Марапаттары
"Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін 1968 ж. Абай атындағы республикалық сыйлық алды.
Қазақстан Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығын (1977) алды.
3 мәрте Ленин (1962, 1972, 1974),
2 мәрте Еңбек Қызыл Ту (1957),
“Халықтар достығы” (1982) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Мүсірепов есімі Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Алматыдағы бір бульварға, Нұр-Сұлтандағы көшелердің біріне берілді.
Қазақ мемлекеттік Балалар мен жасөспірімдер театрына есімі берілген, сондай-ақ театр алдына ескерткіш-мүсіні қойылған (2002) 2002 жылы 100-жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.
100-жылдығына орай пошта маркасы мен естелік тиыны шықты.

"Қазақ солдаты" романы
Қазақ әдебиетінің проза саласында екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туындыны Ғабит Мүсірепов жазды. Майдан шындығы көрініс тапқан "Қазақ солдаты" туындысы оның тұңғыш романы болды. Қаламгер бұл романды 2-3 рет өңдеген.

"Мен соғыс отын кешкен жоқпын. Майдан сұрапылының суреттерін көз алдыма ақылмен елестетіп жаздым. Шығарманы бірінші жақтан әңгімені геройымның өзіне айтқызып отырып, баяндаған тәсілімде сондықтан еді", - дейді жазушы өз естелігінде.

Жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыштың пікірінше, "Қазақ солдаты"романы ерекше туынды.

"Бір жағынан кейіпкер таза қаһарман емес. Ой үстінде жүрген интеллектуалды адам, әрі өзінің махаббатына берік, қазақтың сарбазы ретінде көрінеді. Отанға, туған жерге деген сағынышы қырғын соғыс кезінде үнемі бас қаһарманның көз алдынан елестеп отырады. Осының бәрі Ғабеңді көркем сөздің шебері деген пікірге еріксіз алып келеді", - дейді ол.

Қазақ солдаты — Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Алғашқыда 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен повесть ретінде жарыққа шыққан, 1950 жылы қайта өңделіп, толықтырып жазылған.
Бас-аяғы 300 беттен тұрады. Роман үш бөлімге, бөлімдер бірнеше тарауларға бөлінген. Романның бірінші бөлімі он тараудан, екінші бөлімі он үш тараудан, үшінші бөлімі он бір тараудан тұрады.

«Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытып. Зытып келе жатқаным – қашып келемін, артыма қарай беретінім – қорқып келемін». Шығарма басы осылай басталады. Оқиға Қайроштың сөзімен баяндалады. Сиыр айдап жүрген бала шығарма соңында ержүрек, қайсар, батыр тұлға болып қалыптасады. Барлық кейіпкерлердің өз прототипі бар, демек, ойдан шығарылмаған әдеби шындығы бар роман.


«Қазақ солдаты» романы майдан шындығы туралы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және жазушы Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Шығарма қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. Сонымен қатар романда тұңғыш рет әр түрлі ұлттағы Халықтардың бауырмалдық достығын көрсетілді. Жауынгерлердің өшпес ерлігі, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі сипатталды. Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді. Соғыс кезіндегі жауынгерлердің өмір шындығы ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді.
Шығарма кейіпкерлері
Қайрош Сарталиев — романның басты кейіпкері. Оның прототипі Қайырғали Смағұлов деген кісі болған. Ол 1941—45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.
Шеген — дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.
Бораш — өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.
Володя Толстов, Самед Абдуллаев, Зонин, Гришин — Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгерлері.
Самед Абдоллаев — әзілқой жауынгер.
Семен Зонин — алып тұлғасымен ерекшеленетін жауынгерлердің бірі.
Шығармада екінші дүниежүзілік соғыстың шындығы, сипаты Қайроштың өмірі арқылы беріледі. Бала күнінен көп қиындықты бастан кешірген Қайрош қаладан Шеген мен Бораш есімді достар табады. Олармен бірге жүріп, етене араласып, етжақын бауырларға айналып кетеді. Қалаға оқу іздеп қашып келген Қайраш Кеңестік тәрбиемен өседі. Жастығы соғыспен тұспа-тұс келіп, жуаға қарсы шауып, халқын ерлікпен қорғайды. Романда жекелеген кейіпкерлердің бойындағы өр мінез, елі үшін жанын беруге даяр батырлығы, ерлігі бүкіл Кеңес жауынгерлерінің жиынтық бейнесі. Соғыстың аурыртпалығымен қатар, туындыда қарапаймы халықтың сұрғылт өмірі, тыныс-тіршілігі ашық суреттеледі.
Қаламгердің "Қазақ солдаты" романында халықтардың достастығы мен бауырластығы тамаша көрініс тапқан.

Шығарма меңіреу қалған мүгедек 16-17 жастағы Ләйләнің өміріндегі қиындықтары жайлы баяндайды. Ләйләнің мешелдігіне сол бір саңырауқұлақ іспеттес жарылыс кінәлі болған. Семей полигоны кезінде мүгедек болып өмірге келген. Қыз бұл оқиғадан соң түрі 8 жас шамасындағы бүлдіршін күйінде қалып, өспей қалған. Ата-анасынан айырылған байғұс Ләйлә әпкесі жүрексіз Қатираның қолында өседі. Қатира оны кемсітумен болады. Ләйлә әр түн сайын аймен сырласады. Бір тойда өзінің бала кездегі досы Құмарды, би алаңындағы өзін елестетеді. Бұдан соң бірде төсек тартып қалады. Оқиға соңында Ай да, Ләйлә да бір-бірін қимай мәңгілікке қоштасады. Әңгіме Ләйләнің өлімімен, Қатираның жалғызының жүзеге аспаған тойымен аяқталады.


1996 жылы пьеса алғаш рет Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында қойылды. Режиссер Болат Атабаев қойған «Мәңгілік бала бейне» пьесасы әлі күнге дейін үлкен аншлагпен өтеді. Қойылымды бір емес, бірнеше мәрте тамашалаған жанның өзі спектакль соңында көзіне жас ала отырып, тәубесіне келеді.

«Мәңгілік бала бейне» - күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі.


Мұңға толы шығарма негізінде қазақ киносының қоржыны тағы бір фильммен толықты. 2002 жылы белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетов экранға «Қызжылаған» фильмін шығарады. Жарыққа шыққан бойда фильм кеңінен танылып, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегері атанып, үздіктердің қатарынан көрінді.


Ләйләнің денесі кем болса да, оның жүрегі кең. Ләйлә - жаны тазы, көкірегі көркемдікке құштар жан. Театрдағы Ләйлә бейнесін Данагүл Темірсұлтанова сомдаса, кинодағы бейнесін Аянат Есмағамбетова сомдаған болатын.


Шығарма авторы Роза Мұқанованың айтуы бойынша, Ләйлә бейнесі өмірден алынған. Ол - Семей полигонының құрбаны болған жан. Бір күні Семей өлкесінде туылып, мүгедек болған жандардың суреттері қойылған фотокөрмені аралап жүреді. Қасірет пен мұңға толы аналар мен балалар бейнесінің арасынан Роза Мұқанованың назары бір кішкентай қыздың суретіне түседі. Шамамен, 5-6 жастағы бүлдіршін қыздың көзінен үлкен қасіретті көруге болатындай. Суретке жақындай бергенде, жазушы «Еңлік. Оның жасы 14-те» деген астындағы жазуды оқиды. Түр-әлпеті жас баладай, ал аяқ-қолы өскен қыз жүзі мәңгілік бала бейнені сақтап қалған. Мүгедек қыздың жанары қатты әсер еткені соншалықты, Роза Мұқанова үлкен шығарманы дүниеге әкелді.

Театр сахнасындағы қойылымның да, фильмнің де әлі күнге дейін танымалдылығы жоғары. Өте сәтті әрі табысты шығарма. «Мәңгілік бала бейне» - атом сынақтардан зардап шеккен полигон құрбандарының ғана өмірін емес, күллі адамзаттың қасіретін бейнелейтін шығарма.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет