Табиғи зерттеушілік таланты совет өкіметінің арқасында жарқырай ашылып, республика жұртшылығына ғана емес, одақтың үлкен ғылыми лрталықтарына да кеңінен танылып болғапн Н



Дата03.01.2022
өлшемі48.4 Kb.
#451284
zulfizar kursavoy (копия)


SILKWAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, тарих және география»

кафедрасы

 

5В011400 - "Тарих" мамандығы


Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы пәнінен

Ұлы отан соғысынан кейін саяси репресияның жалғасуы

Е. Бекмаханов ісі тақырыбында

КУРЫСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: 3 курс

114-81 тоб студенті

Келесова З.

Қабылдаған: Шеримбаева Ж.Д.
Шымкент 2021

МАЗМҰНЫ


Кіріспе………………………………………………........…………………3

І ТАРАУ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫ

1.1Интеллимгенция ұғымы туралы қөзқарас..............................................6

ІІ ТАРАУ ХХ ҒАСЫРДАҢ 40-50 ЖЫЛДАРДЫҢ ОРТАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ

2.1 Соғыстан кейінгі кезеңдегі қазақ мәдениеті........................................10

2.2 ХХ ғ ортасындағы қазақ шығармашылық интеллигенциясы...........11

ІІІ ТАРАУ «БЕКМАХАНОВ ІСІ»

3.1 Тағдыры күрделі қайсар талант............................................................16

3.2 Ермұқан өмір жолының басы................................................................17

3.3 Е.Бекмахановтың шығармасы. Қуғын-сүргіннің негізгі себебі........18

3.4 Бекмахановқа қарсы қудалау ісі..........................................................20

3.5 Е.Бекмаханов ақталуы..........................................................................26

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................28

ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................................................30


КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзіктілігі:

Кеңес еліндегі ХХ ғасырдың 30-40 және 50 жылдың бас кезінде Сталин тоталитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйенің нығаюы кезеңі болып табылады. 40 және 50 жж басында социализм идеалогиясы өзінің шарықтау шыңына жетті. Кеңес және қазақстан қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Сол кезеңдегі күрделі жағдайдың қазақ мәдениетіне тигізген әсері бұл курстық жұмыстың өзектілігі мәселесі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Тоталитарлық жүенің бүкіл кеңес елінде нығайюы, қазақ қоғамы мен мәдени дамуында әсерін көрсету.

Қазақ зиялыларының күрделі тағдыры және Қазақстанда ұйымдастырылған «Бекмаханов ісі» қазақ мәдениетіне, рухына әкелген зардаптарын анықтау. Е.Бекмахановтың шығармасына қарсы жүргізілген процесстің жүруін көрсету.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы тарих ғылымында да жылдам, тарихи ақтаңдықтардың ашылуына жол ашты. Уақыт өте келе мұрағат сөрелерінен шығарылып, айналымға түскен жаңа құжаттар негізінде соны ой-пікірлер мен жаңа тарихи танымдық көзқарастар туындады. 80- жылдардың соңы мен 90- жылдардың басында жабық тақырыптардың қатарында сыналып келген Алаш қозғалысы, 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының қызметі, «Бекмаханов ісіне» қатысты маңызды құжаттар мен деректер, т.б. жариялана бастады. Бұл тарих саласындағы сеңнің бұзылуы, оның тасқынға ұласуының басы еді. Рухани әлеуметтік сұраныс өткенді білдіруге деген құлшыныс пен талпыныс түрінде көрініп, баспасөзде жаңа қолданысқа түскен деректерге сүйеніп жазылған еңбектер жарық көрді. Ұзақ жылдар тұмшаланған ақиқат ашылып, шынайы тарихи зердені біңртіндеп, баяу да болса қалыптастыру жүзеге асырыла бастады. Тарихи шындықты шегіне жеткізе айту мен ұлтжандылық, рухани тазалық, күрескерлдік мұрат әр жылдардағы тарихи тұлғаларға тән қасиет еді.

Кеңес елінде 20 жылдардың ортасында әбден күшіне енген қатты әміршіл-әкімшіл жүйе 30-40 және 50 жылдардың бас кезіде өзінің шарықтау шағына жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау, адамдарды өндіріс құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалыптастыру сияқты теріс құбылыстар оған толық дәрежеде тән еді. Елде И.Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қандай да болсын табыстың бәрі оның басшылық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен сол қылықтар «халық жауларына» тағылды немесе үнсіз қалдырлы, мұның бәрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшыратты. Сөйтіп, саяси жүйе өзінің іштей дамуға қабілетсіз екенін көрсетті.

Кеңес қоғамының дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық сталиндік социализмнің үлгісіне үлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауырпашылығы мен тапшылықтарын өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардай емес, басқаша еді. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл-бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама-қайшылық соғыстан бейбітшілікке көшу кезеңінің нақты көрінісі болды.

І ТАРАУ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫ

1.1 «Инеллигенция» ұғымы туралы көзқарас

Интеллигенция жайлы талай зерттеу жұмыстары жүргізіліпғ, түрлі концепциялар қалыптасты. Бірақ осы уақытқа дейін интеллигенцияға байланыстыжарық көрген тарихи, философиялық, әлеуметтану еңбектерінде «интеллигенция»түсінігіне нақты көзқарас қалыптаспаған. Интеллигенция концепті латының intelegentia терминінен шығып:



  1. түсіну, ақыл, парасат, ұғынуға қабілеттілік, танымдық күш

  2. ұғым идеяны ұсыну

  3. түйсік, сезімдік таным

  4. іскерлік, өнер деген мағына береді.

Ішкі мағынасы бойынша бұл сөз «сананың, өзіндік сана сезімінің жоғарғы сатысы» деген де түсінік береді. Мұнан шығатын қорытындыларға сәйкес интеллигент түсінігі латынның intellegens сөзінен шыға отырып:

  1. білгір, түсінікті, білімпаз

  2. ақылды, парасатты

  3. білгір, маман деген де түсінік қалыптасқан.

«Интеллиенция» ұғымын зерттеу көптеген ғылымдардың – философия, әлеуметтану, тарих, мәдениеттанудың тоғысында жүргізілуде. Бір жарым ғасырға жуық уақыт бойы ғалымдар интеллигенцияға нақты, қайшылықты емес, мазмұнды анықтама беруде. Кеңестік әдебиеттердеинтеллигенция таптық немесе өнегелік мағынада түсіндіріледі. әлеуметтік-таптық көзқарас бойынша, лениндік нұсқауды негізге алып, интеллигенция ешқандай меншік қатынасына байланысы жоқ, қоғамның нгізгі таптарына тарқап кеткен деген пікірге сүйенеді.

Интеллигенция табиғатына, біріншіден, әлеуметтік түрде интеллигенттілік тән. Білім мен сенім жиынтығы синтездік сипатымен ядро тұрғысында дүниетаным дәуіріне өтеді. Инеллигенцияның күшімен қоғамдық сана мен қоғамдық тұрмыста дәуірлерарасындағы өзара байланыс ұғымы ұлттық сана-сезімінің үздіксіздігі сипаиымен түсіндіріледі. Бұл қоғамдық дамудың әр сатысында ұлттық сана-сезім мекн идея жаңа сипат алып даму үстінде болады деген ұғым мен сенім.

Екіншіден, интеллигенция тарихи ресейлік құбылыс ретінде қарастырылады. Ол ХҮІІ ғасырдың соңында дихотомия шеңберінде «интеллигенция – тап» емес, «интеллигенция - халық» ретінде қалыптасты. Соңғы ұғым 1918 жылдан кейін пайда болды. Осыдан интелигенция таптан тыс тарихи құбылысм, яғни шын мәнінде халықтың ьөлігі және келешекте өзіне тән орыны бар, адамзаттың өзімен шамалас, оның құрамында болуға тиісті тарихи құбылыс деген ой туындайды.

Интеллигенция әлеуметтік табиғатын талдай келе, нақты тарихи кезеңде ғылыми-тарихи дүниетанымды, көзқарасты жасаушы, жақтаушы және тапатушы ретіндегі орнын анықтағанымызбен, дүниетаным барлық әлеуметтік жікке тән болғанымен, оны жүзеге асыруға олардың көпшілігі толық көлемде қалывптаспайды. Тек қана интеллигенция нақты тарихи мүдде мен құндылықтар негізінде тарихи-мәдени жағдайға сай күнделікті, үйреншікті көзқарас пен дүниетанымды жасайды, тудырады.

Кешегі совет дәуірінде интеллигенция жұмысшы мен шаруалар арасынан шыққан топ прослой, ұлттық қанаты емес, қанатшығы, табы емес, екі таптың арасындағы сынасы, жарыншағы деп саналып келді. Арада да емес, жағада да емес, екі кеменің құйрығын ұстаған болып шықты зиялылар.

Интеллигенция – интеллигенттіліктің сапалық қасиеттерімен дәнекерленген әлеуметтік қауым. Интеллигенцияның функцианалдық қызметтерінің бастысы – жоғары әлеуметтік-гуманистік басқару құндылықтарын интеллигенттіліктің ерекше сапалық қасиеттері ретінде Фұрпақтан ұрпаққа жеткізу үрдісі. А. Лосевтің пікірінше, «интелигент дегеніміз- бұл жалпыазаматтвық береке мен рахат мүддесі жолында ақиқат пен жақсылыққа қазмет етуші адамдар тобы. Интеллигенттілік философиялық мағынасы жағынан рух пен іс-әрекеттің еркіндігі эстетикасы ретінде анықтай отырып, жалпыазаматтық игілік мақсатын жасаушы обьекті».

Сонымен, интеллигенция феноменін танудың басты методикалық құралы дүниетанымдық әрекет болып саналады.

Қандай қоғамда болмасын, интелигенцияның көзқарасы оның қоғамдағы жағдайына байланысты. Интеллигенция өзінің әлеуметтік және материалдық жағдайына қанағаттанбай отырғандықтан, қоғамда өзінің статусын көтеруге талпынады. өкімет интеллигенцияның бұл талаптарын өз мақсаттары үшін тиімді пайдаланғысы келеді. Мемлекет төменгі деңгейдегі интеллигенцияға қатысты мемлекеттік жүйе ниеті түзу болатындай жағдайда, олардың кіәсіби қызметтеріне араласпау саясатын ұстайды. Екінші деңгейдегі интеллигенттер – гуманитарлар, қоғамтанушылар, идеологтар - өздерінің кәсіби қыдметтеріне мемлекеттің тікелей араласып отырғандығын сезінуде. Ал үшінші деңгейдегі интеллигенция қоғамының идеологиялық, мәдени, басқарушы элитасына кіреді, себебі билік қоғамдық санаға, ой-пікірге ықпал ете алатын біліктілігі жоғары кеңесшілердің қажет екендігін сезінеді.

Интеллигенция қазіргі заманда ғылыми техникалық, ғылыми гуманитарлық әкімші басқарушылық, ағарту денсаулық сақтау, заңгерік, т.б. болып табылады. әлеуметтік экономикалық бөлінушілікке дұшар болған зиялылар бүгінгі әлемдік қоғамның 3,5% құрайды. Сөз жоқ, зиялылар құрамды, оныңқатарына қатарына қоғамдық таптардың өкілдері үзбей қосылып, толықтырады. Сонымен бірге бұл күні олардың ішінде династияға айналған, атадан балаға дарыған кәсіби зиялылыр да аз емес.

Интеллигенцияның дүниетынымы қоғамның айнасы сиықты, әр таптың көзарасы оған әсер етпей қоймады. әсіресе, ол билік жүйесіндегі зиялылырдың іс әрекетінен байқалады, олар үстемтап мүддесін қорғайды, соның жыршысы, қор,аны болып бой кқрсетеді.

Қазақстанда біртұтас өркениетті емес, мәдени еуразиялық кеңестік қалыптасудаі әрі арасында дағдарыс толқыны байқалды. Осы дағдарыс кейде дәстүрлі қоғамдық құрыламға ықпал етіп, интеллигенцияныбірде консервативтік, бірде революциялық күштерге қарай тартқысы келеді. Оның негізінде интеллигенцияның қоғамның дамуы жолындағы алаушылығы тұр.

Қазір интеллигенция тарихын зерттеу оның қоғамдағы атқаратын рөліне тікелей байланысты.

І І ТАРАУ

ХХ ҒАСЫРДАҢ 40-50 ЖЫЛДАРДЫҢ ОРТАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ


2.1 Соғыстан кейінгі кезеңдегі қазақ мәдениеті

Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақсқстанда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әміршіл-әкімшіл жүйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды.

Халық шаруашылығын қалпына келтіру жолдарында республика жазушылары шығармашылығының басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», Ә.Нүрпейсовтың «Курляндия», сияқты соғыс тақырыбына жазылған еңбектерінде қазақстандық жауынгерлердің жоғарғы адамгершілік қасиеті, жеңіс жолындағы күресте көрсеткен ерлігі баяндалды. Еңбек тақырыбына жазылған С.Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Г.Слановтың «Кең өріс» сияқты туындыларда жұмысшы және колхозшы шаруалардың өмірі көрсетілді.

Осы жылдарда М.Әуезавтың «Абай жолы», С.Мұқановтың «Шоқан Уалиханов» сияқты көптеген тарихи шығармалар жарық көрді. Абай қойылымы үшін Қазақ академясының драма театрының ұжымы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.

Музыка мәдениеті өрлеу жолына шықты М.Төлебаевтың «Біржан Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», Е.Брусиловскийдің «Дудар-ай», Қ.Қожалияровтығң ұйғыр тіліндегі «Назугум» опералары сол жылдарда дүниеге келді. «Біржан Сара» операсына КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді.

40-шы және 50жылдардың басында социализм идеалогиясы өзінің шарықтау шағына жетті. Міне осындай күрделі жағдайда қоғамдық ғылымдар партиякомитеттерінің қатаң бақылауымен дамыды. Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс», «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып жатқан кезде, Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды.0-шы және 50-ші жылдардың басында «Бекмахановтың ісі» жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбаенов, Х.Жұманов, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, талантты жазушы Ю. Домбровскийосы сияқты нақақтан таңылған саяси алыптар мен жазушылар Ә.Әбішев, К.АманжоловС.Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси жіне буржуазиялық-ұлтшылық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды


2.2 ХХ ғ ортасындағы қазақ шығармашылық интеллигенциясы

Сталиннің соғыстан кейінгі кезеңдегі негізгі соқысының интеллигенцияға қарсы бағытталғаны белгілі. Қоғамдағы қалыптасқан қатал тәртіпті, сталиндік жүйені жаңарту немесе өзгерту әрекеттері зиялылар ортасында ірге тебуі мүмкіндігін сол жылдардағы Кеңес өкіметі басшылары жақсы түсінеді. өмірдегі келеңсіз құбылыстарға терең ой жүгіртіп, оны шынайы таразылай алатын, кез-келген оқиғаға сын көзбен қарайтын да осы интеллигенция еді. Осыны ескерген Сталиндік басшылық, біздің ойымызша, өзінің алдына екі түрлі мақсат қойды. Оның алғашқысы – идеологиялық қысмға төтеп бере алмай, ықпалға оңай берілетін ғалымдардың, жазушылардың, публицистердің және халықтың қалың тобын рухани және саяси тұрғыдан «өңдеуді» кішейте түсе де, екіншіден басқаша ойлайтындарға қарсы ашықтан-ашық жазалау және қуғын-сүргін науқаны ұйымдастырды.

«Батыспен» байланысы бар космополтиттерді іздеу Қазақстанда да қанат жайды. Өз кезегінде республика партия ұйымының басшысы Ж.Шаяхметов аталмыш мәселеге ерекше назар аударды. «Соңғы жылдарда, - деді ол өзінің Орталық Комтеттің ҮІІ пленумында 1951 жылы 17 қазанда жасаған баяндамасында, - қазіргі тақырыпта жазылған бірқатар пьесалардың авторлары совет адамдарын дөрекі, мәдениеті төмен, моральдық бейнесі төмен адамдар етіп суреттейді. Мұның өзі советтік тұрмысты өрескел бұрмағандық болып табылады». Осыдан соң қазіргі тақырыпқа пьеса жазбайтындар сынға алына бюастады. Олардың қатарына М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов қойылды. «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты» пьесаларынан идеялық кемшілік іздеп түбірінен қайта өңдеу қажеттігі айтыла бастады.

Ал, енді қазақ музыкасы туралы мәселеге укелсек, Ж.Шаяхметов Қазақстан партиясының Ү съезінде композитор А.Жұбановты жазықсыз айыпталды. Оның халықтық дәстүрден бастау алған кемел шығармаларын республиека басшысы түкке тұрмайтын, бүржуазияшыл-ұлтшыл бағытта жазылған туындылар қатарына жатқызды. Ахмет Жұбановқа қарсы науқан осы съезден бұрын-ақ басталған еді. Бұған дейін она Алматының Сталин аудандық партия комитеті партиядан шығады, консерватория директорлығынан, Композиторлар Одағына мүшеліктен босатты. Оның еңбектері – «қазақ композиторларының өмірлері мен творчестволары», «Қазақ халқының музыка мәдениеті», «Орталық Қазақстанның музыка өнері» феодаолдық-байшылдық дәстүрлерді дәріптейтін шығармалар қатарына жатқызылады.

1946 жылы 26 тамызда БК(б)П Орталық Комитеті «Драмалық театрлар репертуары және оны жақсарту шаралары туралы» қаулы қабылданды. Онда кейбір орын алған «қателіктер» атап көрсетіліп, қазақстандық Ә.Тәжібаевтың «Біз қазақпыз» деген шығармасы саяси тұрғыдан қате пьеса ретінде сынға алынды. Авторға өткенді көксеуші, қазақ халқының тарихын бұрмалаушы, қандар мен феодалдар өмірін марапаттаушы деген жала жабылды.

Буржуазиялық ұлтшылдыққа айыптау науқаны, әсіресе, Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің 1947 жылғы «Қазақ ССР Ғылым академиясының тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысынан соң кең өрістелді. Онда Базар, Мұрат, Шортанбай, Шәңгерей, Ә.Қарашев, С.Торайғыров тәрізді Қазан төңкерісінен бұрынға қазақ әдебиетінің өкілдерініңң мұралары буржуазиялықө-ұлтшылдық, феодалдық-реакциялық сарындағы шығармалар ретінде сипатталды. Сонымен қатар, халық аукыз әдебиетінің кейбір нұсқаларын зерттеуші кейбір ғалымдар да қуғындала бастады. Енді космополитизм мен буржуазиялық-ұлтшылдық бір медальдың екі беті ретінде сынға алынатын болды.

Осы ахуалды Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1948 жылы тамызда қабылданған «Қазақ совет әдебиетінің жағдайы және оның әрі дамыту туралы» шешімі ауырлата түсті.

Алғаш Алматыдағы болған идеология қызметкерлерінің қалалық жиналысы, онан соң Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ІҮ съезі Қазақстан шекералық республика болғандықтан, қырғалықты күшейте түсуге, буржуазиялық-ұлтшыл, шовенистік жау элементерді дер кезінде әшкерлеуге, байлардан және феодалдардан қалған қалдықтарға қарсы күресуге шақырды.

Қазақстан Компартиясының осысъезінен кейін 1949 жылғы 17 наурызда Б.Кенжебаевты, Т.Нұртазинді, Ә.Қоңырбаевты, Ы.Ысмайловты айыптаған Қазақстан Жазушылар Одағының партия жиналысы болды. Онда С.Омаров, Ж.Саин, С.Мұқанов жоғарыда аталған кісілерді ұлтшылдар ретінде айыптауда белсенділік көрсетті. Сондай-ақ айыптаушылар қатарында Т.Ахтанов, Б.Әбілев, М.Ақынжанов, С.Адамбеков, Т.Жароков және басқалар да болды. Бұл кісілер де ол кезде, әрине, өздеріне берілген партиялық тапсырманы орындаған еді.

Осылайша өзара сынды өрістететұрса да, Жазушылар Одағының төрағасы С.Мұқанов жоғары жаққа бәрібір жақпады. Оны Ж.Шаяхметовтың республика партия ұйымы Орталық Комитетінің ҮІІІ сөзінен байқауға болады.Мұнда ол былай дейді: «...Жазушылар Одағының президиумы, оның председателі Мұқанов жодас өз жұмысының тиісті нәтижесінде бола алмады. Мұқанов жолдас жазушылар ортасында большевиктік сын мен өзара сынды басқармай отыр. Жазушылар Одағында принципті творчестволық сын мен өзара сынның орнына тамыр –таныстық қатынастар, қателіктер мен кемшіліктерді бүркеу орнаған»

Жазушылардың біраз шығармаларының «халықтық достығын теріс баяндап , өрескел қателіктерге жол берілетіндігі» де атап көрсетілумен болды. Мысалы, Қ.Әбдіқадыровтың мақта өсіруші, аақты звеношы Рұсқүл Мпақатаеваға арналған «Келес қызы» деген повесінің қазақтар мен өзбектердің достық қатынасын өрескел бұрмалап көрсетілгендігі, С. Мұқановтың «Сырдария» романының «социалистік реализмнің ауытқығандығы, Қ. Амаанжоловтың «Дауыл» деген өлеңдер жинағының «қайдағы бір ежелден келе жатқан, жападан-жалғыз Қазақстандағы жырлауы», Ә. Тәжібаевты «Жас қазақ» деген өлеңндегі «елеулі ұлтшылдық қателер», Қ.Бекқожиннің «Мәриям Жагорқызы» поэмасындағы «тарихи шындықты өрескел бұрмалайтын қателер», С.Бегалиннің «Көксегеннің көргендері» әңгімесіндегі колхозды елеусіз, артта қалған етіп суреттеуі, Ә,Әбдішевтің «Сахар әулиеті» романының «басшы пария кадрлары бейнесін бұрмалап көрсетуі» өткір сынға алынды.

Кейбір әдебиетшілер «қазақ халқына жат « батырлар » Алтын Орда хандары және Ноғайлы кезеңіндегі адамдар болып табылатын дастандарды дәріптеушілер» ретінде айыпталды. Бұған мұрындық болған жоғарыдағы Тіл және әдебиет институты туралы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысы ғана емес, 1944 жылы БК(б) П Орталық Комитеті қабылдаған Татар облыстық партия комитетінің жұмысы туралы қаулы да еді. Осы соңғы құжат Едіге туралы дастанды феодалдық-хандық Алтын Орданы дәріптеуші шығарма ретінде қаралдыү сондай-ақ, ноғайлы жырларына жататын «Ер Сайын», «Қарасай-Қази», «Орақ- Мамсай», «Қазтуған батыр» тәрізді халықтық эпос үлгілері де осылайша өткір сынға алынды. «Ер Сайын» соғысты, тонауды дәріптеуші, халыққа жат, реакциялық» шығарма ретінде сипатталса, «Шора батыр» ждыры «қанқұмакрлықты, жыртқыштық пен қатыгездікті», ал «Қобыланды батыр» «басқа халыққа жаулықты, панисламизм идеясын насихаттаушы» шығармалар ретңнде айыпталды.

Кезінде 1940 жылы Л. Соболевтің реакциясымен «дала әндері» деген еді. Ал оған М.Әуезов «Қазақ эпосы және революцияға дейінгі фолбклор» деп аталатын беташар мақала жазған болатын. Бұл мақала да енді жөнсіз айыпталды.

1948 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институты «Қазақ әдебиеті тарихының» 1-ші томын жарыққа шығарды. Оның бір бөлімін жазған Қ.Жұмалиевтің: «Қобыланды батыр париотизмге, халықты сүюге шақыратын шығарма»-деп пікір айтуды оны буржуазияшыл-ұлтшылдар қатарына қосты да жіберді. Ал, Ә.Марғұлан болса өзінің докторлық диссертациясында «моңғол басқыншылығы кезіндегі эпикалық поэмалардың реакциялық мәнін дәріптеуші» ретінде айыптвады.

1943 жылы маусым айында «қазақ ССР тарихы» жарық көрді. Оны дайындауға соғыс жағдайында Алматыдағы ресейлік ғалымдар және М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Ә.Мұстафин, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайлов, Е.Бекмаханов тәрізді зиялылары қатысты.

ІІІ ТАРАУ

«БЕКМАХАНОВ ІСІ»
3.1 Тағдыры күрделі қайсар талант

Табиғи зерттеушілік таланты совет өкіметінің арқасында жарқырай ашылып, республика жұртшылығына ғана емес, одақтың үлкен ғылыми орталықтарына да кеңінен танылып болғапн Н.Бекмаханов атына мол мұра қалдырған тұлғалы ғалым, туған халқының сан ғасырлық тарихының күрделімәселелерін зерттеу барысында асыра сілтеушілік пен тартушылық алдынан тосқан қиыншылықтарды асқан табандылықпен жеңе білген ардақты азамат.

Жарты ғасырдан сәл астам ғана өмір сүрді ол. Ал осы ғұмырының біраз жылдары «халық жауы» аптанып, азап пен қасірет тартуғ, моральдық соққывға ұшырап, түрмелер мен лагерлердің тұз-дәмін татуға кетті. Сол қуғын-сүргін көрген, жүдеушілікке ұшыраған жылдары оның ғұмырын қысқартты, жоспарланған, ойластырылған қаншама ғылыми еңбектерін аяқсыз қаплдыртты, кемелене келген шағында дүниеден ерте өтуіне бірден-бір себепші болды.

Қуғын-сүргінге, айтыс-тартысқа толы ғылымның өмір жолы туралы қазақтардың белгілі тарихшылар М.Қозыбаев, К.Нүрпейсов, И.Қозыбаев, Л.Гурьевич, Ә. Тәкенов қалам тартты.

Оларда, негізінен, Е.Бекмахановтың ғылыми еңбегін жөнсіз қаралаудың қалай жүгізгені әңгіме болады. Бұл, әрине, бүгінгі күнге сабақ боларлық тарихи тағылымы. Жкалпы алғанда, саяси қайшылыққа толы, қиын-қыстау кезеңіне тарих шындағы үшін күрескен Е.Бекмахановтың өмірінің өзі үлкен ерлік егендігі еш күдік туғыза қоймаса керек. Атақты тарихшының ең басты ерлігі, оның «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты алғашқы докторлық монографиясы, әсіресе, онда қазақтың соңғы ханы –Кенесары Қасымұлының ерен тұлғасын туған еліне шынайы танытуы.

Осы орайда Кеңес Нүрпейсовтың мывнадай сөзі еріксіз еске түседі: «...Алғашқы кәсіби тарихшы ғалымдардың бірі Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы тақырыбының көп қырлылығымен, мәселелерді кеңінен қамтуымен және шешуімен ерекшеленеді», оларды зерттеу және бағалау – болашақтың міндеті [8; 35]


3.2 Ермұқан өмір жолының басы

Ерммұқан Бемаханов қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауылында 1915жылы дүниеге келді. Ата анадан жастайынан ерте айырылып ол 1932жылы Баянауылдағы орталау мектепті бітірген соң Семейдегі жоғары оқу орнына түсуге даярлайтын бір жылдық курсты тамамдады. 1933 жылы Воронеж педагогика институтының тарихи факультіне түсіп, оны 1937 жылы аяқтады. Жоғары білімді маманды РСФСР Халықағарту комиссариаты арнайы жолдамамен Қазақстанға жіберіледі. 1937-1938 жылдары Е.Бекмаханов Алматыдағы педагогикалық зерттеу институтында ғылыми қызметкер, директордың орынбасары болды. 1940 жылдан 1941 жылдың ноябріне дейін ВКП(б) Орталық комитеті жанында Жоғарғы партия мектебінде оқыды. Ермұқанның бұдан кеиінгі еңбек жолы былайша түзіледі: 1941-1946 жылдар Қазақстан Компариясы Орталық Комитетінің лекторы, 1946-1947 жылдар Қазақ ССР Ғылыми Академиясының тарих, ахеология және энография институты директорының ғылыми жұмыстар жөнінде орынбасары, 1947 жылдан өмірінің соңына дейін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетеінің Қазақ ССР кафедрасының меңгерушісі.

Студент кезінде ғылыми жұмысқа бейімділігін танытқан Е.Бекмаханов 30 жылдардың екінші жартысынан бастап республика тарихына сан салалы мәселелері жүйелі түрде зерттеу ісімен шұғылданды. Ұлы Отан соғысы басталғанда Москвадан Алматыға келген көптеген ғалымдармен, аьап айтқанда, Анна Михайловна Панкратова бастаған кқрнекті совет тарихшыларымен бірлесе жұмыс істеп, солардан тәләм алуы жас қагнзақ ғалымы зертеулерінің аяы кеңіп, мазмұнының тереңдей түсуіне игі ықпал жасалды. Е. Бекмаханов 1943 жылы Орталықтан келген ғалымдардың жан жақты көмегіме жарық көрген Қазақ ССР тарихының алғашқы біртомдық басылымының белсенді авторларының бірі болды. А.Н.Панкратова, Н.М. Дружинин сияқты ғұламалар Е.Бекмаханов салиқалы ақыл кеңестерін беріп оның ғылыми творчествосының басты мақста бағдарларын нақтылауға жәрдемдесті. Осындай риясыз көмектің арқасында және өзінің ерең еңбексүйгіштігімен мен іздемпаздығының нәтижесінде 31 жасар қазақ таихшысы 1946 жылы Москвада СССР Ғылым академиясы тарих институтының ғылыми кеңесінде докторлық диссертациясын қорғады.
3.3 Е.Бекмахановтың шығармасы. Қуғын-сүргіннің негізгі себебі.

Е.Бекмахановтың кіналауға себеп болған 1947 жылы өзінің докторлық диссертациясы негізінде «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдардығы Қазақстан» атты монографиясын жариялады. Бұл еңбек көтерген тақырыбы, ұсынған концепциясы тұрғысынан қызу айтыстар туғызды. Оған тек қана тарихшылар емес, сонымен қатар қоғамдық ғылымдардың түрлі саласының өкілдері: экономистер, юристер, журналистер, әдебиеттанушыцлар белсене араласты. Бір өкініштісі: Е.Бекмахановтың бұл еңбегін бағалауда кейбір солақай сыншылар ғылыми талдау жүргізудің орнына оның авторына буржуазиялық-ұлтшыл, феодалдық қоғамды дәріптеуші деп саяси қуғын-сүргінге ұшырауына, «халық жауы» атанып, түрмеге отыруына түу бастаға негіз болғандығн ащы болса да әділет үшін айыптауға болмайды.

Зерттеу екі бөлімнен, он тараудан тұрды. Алғашқы тарау «ХІХ ғасырдың бірінші жартсындағы Қазақстан» деп аталса, екінші бөлім «Кенесары Қасымов басқарған азаттық күресі» деген тақырыппен берілген. Жұмыстың кіріспесі де аса көлемді және тиянақты. Ондағы әдебиеттерде, архив деректеріне және ауыз әдебиеті материалдаврына жасалған ғылыми талдаулар бүгінгі тарихшыларға үлкен өнеге бола алады.

40-шы жылдардың екінші жартысы мен 50-ші жылдардың басында еліміздің саяси-идеалогиялық өмірінде қалыптасқан хал-ахуал «буржуазияшы-ұлтшыл» аталғандардың да, «космополит» аталғандарының да жаппай репрессияға ұшырауына жол ашқан еді. Басөқа сөзбен айтқанда, сол кезде совет интеллигенциясына қарсы сталиндік қуғын- сүргіннің жаңа толқыны басталған болатын. Оның алғашқы «әзірлігі» 1944 жылдың өзінде-ақ жүргізгендегі «Вопросы историй» журналының 1988 жылғы 2-ші нөмірінде жарияланған академик А.М.Панкратованың хаттарынан айқын көрініп отывр. Бұл хаттар ұзақ жылдар бойы СССР Ғылым академиясының архивінде және Анна Михайловнаның жақын адамдарының қолында сақталып кғелген. Бұл хаттар 1943 жылы А.М. Панкратованың басшылығымен және редакциялауымен жарық көрген «Қакзақ ССР тарихы» және онда көтерілген кейбір мәселелер жөнінде көпшілікке беймәлім кейбіңр жәйттар айтылған.

Аталған кітап одақтас республиканың көне дәуірден бастап, сол еңбек жарық көргенге дейінгі тарихтың қамтыған алғашөқы зерттеу болды. Ол шығысымен сталиндік сыйлыққа ұсынылды. Бірақ оны алдын-ала талқылауда ресми сапрапшы болған СССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі А.И. Яковлев оған оң баға бермеді. Кітап сыйлық алуға өтпей қалған соң, А.М.Панкратова ВК(б) П Орталық комитетіне арнайы хат жолдап, онда «Қазақ ССР тарихын» тілге тиек ете отырып, жалпы советтік тарих ғылымындағы жағдай туралы белгілі таорихшылардың кеңесін өткізу жөнінде ұсыныс жасайды. Ұсыныс қабылданып, 1944 жылғы 29 мамыр -1 маусым, 5 ммааусым, 22 маусым және 8 шілде күндері белгілі тарихшылардың бес мәжілісі өткізілді. Оған С.К.Бушуев, А.М. Панкратова, М.В. НЕчкина, С.В.Бахрушин, А.В.Ефимов, И.И.Минц, Б.Д.Греков және басқа көрнекті совет тарихшылары қатысты. Мәжілісті ВК(б)П Орталық Комитетінің секретары А.С. Щербаков жүргізіп, оның жұмысына А.А. Жданов пен Г.М.Маленков қатысып отырды.

Осы мәжілістің барысында советтік тарих ғылымының өзекті мәселелерімен қатар оның шақырылуына түрткі болған «Қазақ ССР тарихы» жөнінде де ішінара әртүрлі пікірлер айтылған. Біраз ғалымдар (А.М.Панкратова, Н.С.Державин, Б.Д. Греков, т.б.) бұл еңбекті ұлттық респубоикалар тарихын жасаудағы сәтті қадам деп бағалады. Ал А.И. Яковлев, С.К.Бушуев және басқа ғалымдар «Қазақ ССР тарихы» ұлтшылдық сарынға толы, орыстарға қарсы жазылған шығарма деген тұжырым жасады. Мұндай тұжырым Е.Бекмахановтыцң келешек тағдыры мен ғылыми қызметі үшін қаншалықты ауыр болғандығы көп кешікпей ызғарын тапты. Мәскеудегі Орталық Комитет көп кешікпей-ақ, Морозов дегеннің Орталықтан шығатын «Большевик» журналының 1945 жылы № 6 санында: «Об Историй Казахской ССР» деген мақаласы және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Большевик Казахстана» журналының осы жылғы №6 санында «О подготовке 2-го издания» «Историй Казахской ССР» деген тақырыпта ресми материалдары жарық көріп, оларда аталмыш кітаптың «идеалогиялық қателіктерін» түзету және қайта басып шығаруға дайындау мәселелері айтылды.

Қалыптасқан ауыр ахуал, оның үстіне Е. Бекмахановтәң 1946 жылы Қазанда, тағы да Мәскеуде «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдардағы Қазақстан » атты монографиясын ол дакторлық диссертация ретінде КСРО Ғылым академиясы тарих институнда назарға салды.

Институт ғалымдар кеңесі аудитория қол шапалағы салуымен Е.Бекмахановқа Қазақ республикасы тарихшыларының арасында алғашқы болып тарих ғылымының докторы атағы ұсынылды.


3.4 Бекмахановқа қарсы қудалау ісі

Кейінгі жағдай Е.Б.Бекмахановқа қарсы тұрақтала басталды. «Қырғи-қабақ» соғысының шиеленісуімен, феодалдық-антиколониалды көтерілістерге баға беруге қарсы дауыстар көбее бастады. Ұлттық қозғалыстар – Шәміл, Кенесары Қасымұлыв,т.б. қайта қарастырыла басталды. Антиколониалды көтерілістер басшылығының ағылшын агентурасымен болған байланысы туралы және архив деректері пайда болды: Кавказ және Орталық азиядағы ішкі оқиғалары Орталық Шығыстағы ағылшын-орыс қарсылығы тарихымен тығыз байланысты болды. Патшалықтың отарлау саясатының нақты мәні барлық тарихи кітаптардан жойылды. Е. Бекмаханов кейбір тарихшылар тарапынан өткір сынға алынды. Алматыдан Мәскуге Е. Бекмахановтың қаралап ағылған «домалақ» арыздар тасқыны оның докторлық диссертациясын бекітуіне еі жылдай кедергі жасады.

Ғылыми талдау даулары ғылыммен мүлде байланысы жоқ, жеке тәртіптің түрткіңсімен күрделене түсті. 1947 жылы Мәскеуде диссертация авторын арнайы плагиатство жасағаны үшін, кіналайтын өтініш жазылды.: Осында Е.Бекмахановтың жаңа монографиясы – жеке еңбек емес, ол контрреволюционер-эмигрант, тарихшы А.Ф.Рязановтың басылып шықпағагн қолжазбаы деп айыптады.

Осындай жағдайда е.Бекмаханов амалсыздан «Казахстан в 20-40 годы ХІХ века» деген атпен 1947 жылы баспадан шыққан және докторлық лауазым алуына негіз болған жеке зерттеуінде өзін-өзі және өзінің әріптестерін «Қазақ ССР тарихының» бірінші басылымындағы «қателіктері» үшін сыснауға мәжбүр болды. Е.Бекмаханов өз мақаласында «Қазақ ССР тарихының» кітабының жағымды жақтарын жазуымен қатар, алғашқы кезеңінде кеткенн кемшіліктердің де орынды сыналғанан айтты. Кеңестік Қазақстан тарихы мәселелерінде «қателіктер, ұлтшылдық бұрмалаушылықтар» жіберіліп жүр деген партия сыны ескерілді. Е.Бекмаханов аталған кезең тарихынан әлі бірде-бір монография жазылмағандықтан, кеңестік кезең тарихын жүйелі зерттеу барысында бұл мәселеде өзгерістер болу мүмкүндігі ескеріліп кезеңдерді алғашқы нұсқауларда қалдыруды ұсынджы. «Кенеесары қасымовтың көтерілісін баяндауға негізгі қателік – деп жазды ол, - әлеуметтік-экономикалық шарттарды талдамай, оның біржақты сипатталуында. Сондықтан да, Кенесары котерілісін сипаты мен қозғаушы күштері ьтүсініксіз болып қалған. Онан соң, Кенесары халқының саяси құрылысы мүлде көрсетілмеген, ал онсыз өзінен соң бұрцынғыларымен салыстырғанда Кенесарының прогрестік рөлі неден көрінетінін түсіну мүмкін емес»[ то393]

1948 жылы Е.Бекмахановтың монографиясына арналған екі мәжәліс өткізілді. Оның біріншісі 28 ақпан күні Москвада СССР Ғылым академиясының тарих және институтында болды. Ол СССР Ғылым академиясының тарих және философия бөдімшесінің академик-секретары Б.Д.Грековтың басшылығымен өтті. Оған еліміздің белгілі тарихшы ғалымдары Н.М.Дружинитн, С.В. Бахрушин, М.П.Вяткин, А.П.Кучкин, С.В.Юшков және басқалары қатысты. Осы талқылаукда Алматыдан арнайы келген тарих ғылымының кандидаты Х.Г.айдарова ұзақ сөз сөйледі. Мәжілісте тарих ғылымының кандидаты Т.Ж.Шойынбаев пен М.Б.Ақынжановтың талқыланатын кітап жөніндегі жазба пікірлерінде: «Кенесары мен оның төңірегіндегі сұлтандардың қызметі... феодалдық-монархиялық ұлтшылдықтың көрінісі болды, оның бұқаралық сипаты болған жоқ » деген уәж айтылып, мынадай тұжырым жасалды: Кенесарының қозғалысын бұқаралық, ұлт-азаттық, прогресшіл қозғалыс деп бағалаған кітап авторы «іс жүзінде буржуазияшыл «тұтас ұғым» теориясының шырмауында қалып отыр», сондықтан да «кітапта қазақ еңбекшілерінің көптеген ғасырлар бойы феодалдарға, хандарға, сұлтандарға, байларға, билерге қарсы жүогізген күресі көрсетілмеді»[ 4; 108] .

Талқылауға қатынасқан басқа ғалымдар (А.Кучкин, Н.Дружинин, С.Бахрушин, М.Вяткин, т.б.) Шойынбаев, Ақынжанов және Айдарова жолдастардың кітап жөніндегі пікірлеріне негізінен қарсы шықты және Е.Бекмахановтың монографиясы, оның жегелеген кемшіліктері болуына қарамастан, салиқалы еңбек екендігін айтты. Москвалық ғалымдар сонымен бірге кітап авторына «буржуазияшыл-ұлтшылдық концепцияны уағыздаушы, маркстік-лениндік позициядан ауытқушы» деп айып тағудың еңбекті ғывлыми тұрғыдан талдауға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын субьективті әрекет екендігін мәлімделді

Талдауды қорыта келіп, академик Б.Д.Греков совет тарихшылары қандай проблеманы зерттемесін, тек қана шындықты жазуға міндетті екенін қоғамдық құбылысты болсын, оның ішінде ұлт-азаттық қозғалыс тарихын да суреттегенде біріңғайәсіресе-қызыл бояу жағуға, немесе тұтас қара бояумен бейнелеуге болмайтындығын айта келіп, Қазақстан тарихшыларын бірлікке, бірлесіп творчестволық еңбек етуге шақырды.

Алайда, сол кездегі Қазақстан жағдайында үлкен совет ғалымының бұл тілегі жүзеге аспады. Кітап пен оның авторының төңірегіндегі жосақсыз даңғ,аза басылмады. Осының нәтижесінде 1948 жылғы шілдеде Қазақ ССРҒылым академиясында Е.Бекмахановтың кітабына байланысты бес күнге созылған дискуссия ұйымдастырылды.Ол 14-17 және 29 шылде күндері академияның тарих, археология және этнография институтында өткізілді. Дискуссияға қатысқан 24 адамның әрқайсысы 40 минуттан 1,5-2 сағатқа дейін сөз сөйледі. Осы дискуссияның стенограммасы машинкаға басылған 552 беттік үлкен қолжазба томды құраған.

Қысқаша мәлімдесек, дискуссияға қатысушылар талқыға түскен кітап пен оның авторы жөнінде үш түрлі пікір айтып, үш түрлі қорытынды жасады. Кейбір ғалымдар талқылап отырған кітаптың концепциялық тұжырымдамаларында үзілді-кесілді қарсы шығып, өз ойларын былай деп түйді: «Бекмахановтың кітабы мазмұны жағынан негізсіз, буржуазияшыл-ұлтшылдық сарындағы идеясыз еңбек. Сондқтан да оны паудаланудан дереу шығарып тастау қажет», «ХІХ ғасырдың 20-40-шы жылдары Қазақстан» атты еңбек ғылыми жағынан шатасқан, идеялық жағынан зиянды», «Кітапты Москвада қолдаған жастар Бекмахановтың... ұлтшылдық ауытқуын заңдатып отыр».

Екінші топтағы ғалымдар кейбір сын-ескертпелер айтқанымен, Е. Бекмаханов кітабының негізгі концепциялары мен ғылыми қорытындыларын қолдады.

Жарыссөзге қатысқандардың үшінші тобы талқыланып отырған еңбектің кемшіліктерінен оңды жақтары басым жатыр деген пікіргн келді.

Қорытынды сөзінде Е.Бекмаханов ішінара былай деп атап көрсетті: «...Тәжірибесі жағынан да, жас бойынша да мен, айтарлықтай жас қызметкермін. өзімнің алғашқы монографиялық еңбегімді жасау барысында мен әрқашан өзімнің жеке мансабым туралы емес, өзімнің халқым туралы ойладым... Үлкен және қиын ізденулер мен зерттеулер жолында жансақтықтар мен қателіктер болуы тиіс еді, оның үстіне, өзімнің әріптесттерім, тарихшы-қазақтар арасында менің алғаш рет батылдық жасап, өте күрделі және шатасқан мәселе бойынша марафондар қашықтыққа жүгіріліп өтуіме тура келді... Осында, талқылауда, қаралған мәселелерге ілтипатпен және шыдамдылықпен қараған біздің ғылыми қауым ХІХ ғасырдың 20-40-шы жылдары тәрізді қазақ халқының тарихи тағдырына күрделі тұс болыпр табылатывн кезеңнің кітап жазғаным үшін мені айыптай қоймас деп ойлаймын» [ 9;394].

Е.Бекмахановтың осындай мұзды да жібітерліктей, шынайы пікірі, іштарлық пен қызғаныш отына өртенген оның «дұшпандарының» тас жүректерін жібіте қоймады. Олар талантты тарихшыға қарсы жүйкені тоздырар астыртын әрекеттерін бұрынғыдан да үдете түсті. Сондықтан да, сол жылдың қарашасында Қазақстан Қомпартиясы Орталық Комитетіне өткен тарихшылар кеңесінде Е.Бекмаханов сөз арасында былай деп ашына мәлімдеді: «Қаншалықты таңданарлықтай болып көрінсе де, осыған қарамастан, айта кеткен жөн, біздің кейбір тарихшыларымыз ұлттық маниясымен ауырады және болып табылатын дәлелдеумен айналысады. Осындай намысшылық ойыны біздің жолдастардың ғылыми жүйкесін жұқартуда және оларды біздің ісіміз үшін қауіпті және жалған көзқарасқа жетелеуде...» [ 9; 394].

Кітап пен оның авторы жайындағы айтыс пен тартыс мұнымен аяқталмады. Кітапты талдаудан гөрі оның авторына саяси айыптар тағу соққының салмағы күн өткен сайын артта берді.

Алғаш Жиреншин көрсеткендей, Якунин Кеңесбаев тәрізді ғалымдардың Е.Бекмахановтың еңбегін жағымды тұрғыдан бағалаған пікірлдеріне шабуыл жасаған Якунин ақырында Е.Бекмахановтың ежелгі қарсыластары Х.Айдарова мен Т.Шойынбаевқа қосылып, 1950 жылы 26 желтоқсанда «Правда» газетінде «За марксистко-ленинское освещение вопросов историй Казахстана» атты мақала жариялады. Онда авторлар Кенесарының көтерілісін «қазақ халқын кейінге тартқан реакциялық қозғалыс» ретінде сипаттап, Е. Бекмаханов «осы түсінбеді, сөйтіп тарихты бұрмалады», - деп айыптады.

Мақала авторларының бірі Т.Шойынбаев Е.Бекмахановқа қарсы күресті ертерек бастаған еді. 1947 жылы 26 желтоқсанда Тарих, археология және этнография институты мәжілісінде Е.Бекмаханов Т. Шойынбаев қолжазбалар бөлімде жетекшілер жасаудағы кемшіліктері үшін өткір сынға алған еді. Е.Бекмахановтың ымырасыз қарсыласы М.Ақынжановты қосып алған Т.Шойынбаев 1948 жылдың 31 қаңтарда «Саяси қате, ғылыми құнсыз кітап» деген тақырыппен Е.Бекмахановтың аталған іргелі зерттеуін айыптаған мақала жазды.

Е. Бекмаханов университеттегі жұмысынан қуылып, 1951 жылы партия қатарынан шығарылды. Ол біраз уақыт Алматы облысы Нарынкөл ауданындағы мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы Шу ауданындағы Новотройцк селосындағы мектепке мұғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылғы 5 қыркүйекте Ермұқан тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүргізіліп, 3 қарашада № 699 іс бойынша Е.Бекмахановты айыптау қорытындысы дайын болды. Онда быоай делінді: «1952 жылғы 5 қыркүйекте Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздігі министрлігі Бекмаханов Ермұқанды тұтқындап, оған антисоветтік қызметі үшін айып тақты. СССР-дегі саяси құрылысқа қарсы пиғылда болғанн Бекмаханов өзінің ғылыми қызметін пайдаланып, 1942-1952 жылдарда антисоветтік джұмыс жүргізгенні анықталды. Өзінің «ғылыми» жұмыстарында ол Қазақстанның Росияға қосылуының маңызды буржуазияшыл-ұлтшылдық тұрғыдан түсіндірілді. Өзінің ұлтшылдық концепциясын негіздеуге Бекмаханов реакцияшыл ақындардың және совет халқының қас жаулары – алашорданың деректерін пайдаланды. Онымен бірге өзінің таныстары арасында антисоветтік үгіт жүргізді...

Совет өкіметіне қас пиғылда болып, 1942-1952 жылдары ұлтшылдық идеяларды насихаттағаны, антисоветтік үгіт жүргізгені үшін Бекмахановқа РСФСР қылмысты істер кодексінің 58-ші статьясының 10-бөлімінің екінші тармағына сәйкес айып тағылды...

Айыптау қорытындысы 1952 жылғы 3 қарашада жасалды.

Қазақ ССР Мемлекет қауіпсіздігі министрлігінің аға-тергеушісі аға-лейтенант Бучин.

«Келісемін» - министрліктің тергеу бөлімінің бастығы подполковник Ішмурзин».

Жоғарыда келтірілген айыптау негізінде 1952 жылғы 2 желтоқсан коллегиясының үкімімен Е.Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерлерінің біріне айдалады.


3.5 Е.Бекмаханов ақталуы

Лагерден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михаиловна Панкратова сияқты қайырымды да қамқор адамдардың тікелей көмек-жәрдемінің арқасында, Сталин өліп, қанқұйлы Берия атылғаннан кейін, Е.Бекмахановтың ісі қайта қаралды. 1954 жылғы 16 ақпанда оның «қылмысты ісі» тоқтатылып, өзі ақталып шықты.

Бұдан соң бірер жыл оның жағдайы аса ауыр болды: жұмыссыздық, кешегі «халық жауына» күдіктене қараушылық оның жүйкесін жұқартып, денсаулыған әлсіретті. Соған қарамастан, қайсар талант өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойган «Қазқстанның Россияға қосылуы» атты іргелі еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Осы еңбегінң СССР Ғылым академясының Москвадағы «Наука» баспасынан 30баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көруіне А.М.Панкратова баға жетпес көмек көрсетті.

Е. Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылымдары, коғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі 1947 жылғы ұйымдастырған кафедрасының меңгерушілік қызметі қайиарып берілді. 1962 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспонлент-мүшесі болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында Ермұқан Бекмаханов қте өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми еңбектер жазды, орта мектеп үшін Қазақ ССР тарихының оқулығын шығарды, оқу құралдары мен маман кадрлар даярлау ісімен шебер ұштастырды.

Ермұқан Бекмаханов берегеннен берері көп кемел шағында 1966 жылы мамыр айында дүние салды.

Үлкен жүректі жанның қазасына байланысты еліміздің түпкір-түпкірінен ондаған телеграммалар, хаттар келген екен. Ерінің архивін, оның ішінде көңіл айту хаттыр мен телеграммалырын Халима жеңгей республикалық академияның орталық архивіне өткізді. Сол архивтік қорда Бауыржан Момышұлының азалы адресі де сақтаулы. Ол кәдімгі мүшел иойда сыйланатын мұқабасы қалың жібек астарлы папка екен. Ол көк сиямен былай деп жазыпты: «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде» деп боздар сорлы қазақ мен өлгенде. Осы сөзді Қанышқа, Мұхтарға, т.б. арнап жазып едім.

Інім едің –сенімен қоштасып, басыңа қойып тұрмын. Жатқан жерің торқа болсын. әрқашанда есімдесің, бауырым.

Жылаушы Б.Момышұлы. 7.Ү.1966жыл Алматы.»

Тағдыры күрделі қайсар талант Ермұқан Бекмаханов өзінің тынымсыз, ізденісі, адал да жемісіті еңбегі арқылы халқына қалаулы, еліне елеулі азамат болдды. Оның артына қалған бай ғылыми мұрасының біраз бөлігі жарияланбаған еңбектерін бастырып шығару – бүгінгі ұрпақтың парызы. Үлкеен дау мен айтыстардың обьектісі болған «ХІХ ғасырдың 20-40-шы жылдардағы ҚазақстанФ» атты еңбегін қазіргі тұрғыдан ыждағатпен зерделеп, бір кезде осы кітап пен оның авторына тағылған айыптардың оның – қанағатына жету де - өз кезегін күтіп жатқан міндет.

ҚОРЫТЫНДЫ

Соғыстың зардабы мәдениет саласының дамуында үлкен қиыншылықтар тудырды. Е.Бекмахановпен қатар республиканың А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлеименов, Е.Смаилов шығармашылық интеллигенция өкілдері саяси және буржуазиялық ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.

1951 жылдың 20 сәуірде Қазақстан кеңес жазушылары одағы жанындағы партия ұйымының да ашық жиналысы өтіп, онда «Правда» газетіндегі мақала және КК(б)П Орталық Комитетінің қаулысы талқыланды. Осы жиналыста айтылған пікірлер «Әдебиет және искусство» журналында «Кенесары халықтың қас жауы» деген тақырыппен жарияланды. Қазақ әдебиеті тарихында өз қолтаңбаларын қалдырған М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Қ.Аманжолов, И.Исмайлов және басқалары әр жылдары Кенесары қозғалысына байланысты өз шығармашылығына жіберген қателерін мойындап, кенесары қозғалысының ұлтшылдық, алашордалық сипатын әшкерлеуге мәжбүр болды. Партиялық саясат пен идеолигия үстемдігі Алаш қайраткерлері шығармалары мен Бекмахановтың зерттеу нысанына айналған Кенесары қозғалысында теріс баға бергенімен, тарих пен уақыт өзінің әділ бағасын берді.

Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп жетіліп келе жатқан қоғамда қзгеріс қажет деген ұғымды ікңмшіл әміршілдік жүйе тұншықтырып жіберді.

Ұлтжандылық пен ғылымдағы шынайылық ақиқаттан аттап өте алмау Алаш зиялылары мен ғалым Е. Бекмахановты рухани байланыстырды, пікір сабақтастығын тудырды. Кенесарының күрескерлік тұлғасы арқылы ел мүддесін, ұлт рухын ұлақтады.



Ұлттық идеясыз, ұлттық зиялысыз, ұлттық элитасыз ұлт өспейді. Оған рухани басшылық керек. Болашаққа жол сілтеген елбасының «Қазақстан » бағдарламасы Қазақстан қоғамының ішкі, сыртқы ахуалын зерделеу негізінде жасалған. Ел мен оның зиялысы осы елбасы көтерген қөгілдір тудың астынан табыла берсін
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Артықбаев Ж.О. «Қазқстан тарихы» Астана, Фолиант-2003

  2. Дружинин Н. «Во имя научной истины» // «История Казахстана: Белые пятна» Алма-Ата, Казахстан – 1991

  3. Қозыбаев М.Қ. «Тарих зердесі» ІІ том Алмиты , Ғылым-1998

  4. Қозыбае М.Қ., Нүрпейсов К. Тағдыры күрделі қайсар талант // Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер. Алматы, Азимур – 2005

  5. Қозыбае М. Өркениет және ұлт. Алматы, Сөздік словарь. 2001

  6. Қаражан Қ Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы, Алматы, Қазақ университеті. 2005

  7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы Алматы, Дәуір - 2005

  8. Нүрпейсов К. История одного дела // История Казахстана: Белые пятна Алма-Ата, Казахстан – 1991

  9. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. Алматы, Өнер – 2003

  10. Алдарбекулы К Жасын: Профессор Ермұқан Бекмаханов // Түркістан 2004 №4

  11. Әбжанов Х. Бекмаханов және ұлт-өзаттық қозғалыстарды зерттеу әдіснамасы // Қазақ тарихы №3, 2006

  12. Әбжаппарова Б. «Интеллигенция» ұғымы туралы көзқарас // Қазақ тарихы №6, 2006

  13. Бекішева Ж. Е.Бекмаханов. Орта ғасырджағы қазақ қоғамы тарихының мәселелері // Қазақ тарихы №5, 2006

  14. Даркенов Қ. Қазақ зиялылары және Е.Бекмаханов арасындағы рухани байланыс // Қазақ тарихы №6, 2006

  15. Махат Д. «Бекмаханов ісі» // Қазақ тарихы №4, 2005

  16. Мұсахажинова А. Қазақстан тарихнамасындағы Е.Бекмазановтың алтын орны// Өлкетану 2003 №2

  17. Тәкенов Ә. Тарихшы Е.Бекмаханов // Қазақстан тарихы 2004 №11


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет