М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университететі
Факультет: Физика-математика
Кафедра: Физика-математика
Аты-жөні: Мухитова Амина, Сисенгалиева Айкоркем, Қайыпқалиев Қасым, Арыстанов Жетіс.
Курс: 3
Топ: МФ-31
Пәні: Әлемнің физикалық көрінісі
Мазмұны:
Кіріспе
I. Планеталар
Жұлдыздың планеталық жүйесі.
Жер тобының планеталары.
Алып планеталар
II. Практикалық бөлім
2.2. Плутон
Кіріспе
Жұлдыздардың пайда болуы жөне олардың эволюциясы жөнінде жұлдыз эволюциясы туралы теория жасауға қажетті бақылау нәти- жесінің дәлелдері жеткілікті. Өкінішке орай жұлдыздың планетар- лық жүйесі, оның пайда болуы және эволюциясы жөнінде жоғары- дағыдай сеніммен айта алмаймыз. XVI ғасырда Джордано Бруноның үйғарымы бойынша жұлдыздар Күн сияқты планеталар тобымен қоршалған, ол планеталар үздіксіз пайда болады, өмір сүреді және өледі. Біз тікелей Күн жүйесіндегі планеталарды ғана зерттей аламыз. Бірақ бақылау жұмыстары бас жүйедегі жас жұлдыздардың көбінің маңында шаң-тозаңнан тұратын бұлттардың бар екенін көрсетіп отыр. Соңғы он жылда жұлдыздар маңынан 100-ден астам планеталар жүйесі ашылды.Планеталық жүйе – орталық жұлдыздан және түрлі астрономиялық нысандардан: планеталар мен олардың серіктерінен, ергежейлі планеталар мен олардың серіктерінен, астероидтар мен метеориттерден, кометалар мен ғарыш тозаңдарынан құралған жүйе. Планеталық жүйелерді іздеудің бірнеше жолы бар. Астрометриялық әдіс. Жұлдызды айналатын планета өзінің гравитациясымен ол түзу сызықты қозғалыстан біресе бір жаққа, біресе екінші жаққа тербелетіндей әсер етеді. Тербелістер орындалатын интервал планетаның айналу периодына тең. Жұлдыздың массасы белгілі болса, Кеплердің үшінші заңы арқылы одан планетаға дейінгі қашықтықты анықтауға болады. Тербеліс амплитудасы бойынша бүкіләлемдік тартылыс заңын қолданып, планетаның массасын есептейді. Оптикалық әдіс. Бұл – спектрдің инфрақызыл бөлігімен планеталардың сәулеленуін бақылау әдісі. 1995 жылы Хаббл ғарыштық телескопы көмегімен Күннен 19 жарық жылына тең қашықтықта орналасқан Геркулес шоқжұлдызындағы Глиза 623 жұлдызының маңында әлсіз сәулелену көзінің анық суреті алынды. Глиза 623В атауына ие болған жұлдыз серігінің массасы Юпитер массасынан 40 есе артық. Жұлдыз серігінің спектрінде метан сызықтары табылды, олар Күн жүйесінің үлкен планеталарының спектрінде байқалады және жұлдыздарға тән емес. Жұлдыздар жалтырауының өзгеруі бойынша. Планета жарық ағынын азайтып, жұлдыздың көрінерлік дискісі бойымен өтеді. Жұлдыз жылдамдығының өзгеруі бойынша. Спектрлік бақылаудың заманауи техникасы жұлдыз жылдамдығы өзгерісін 20–30 м/с дейінгі дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Планетаның тарту күші жұлдыз жылдамдығының периодты түрде өзгеруін тудырады. Планета неғұрлым үлкен немесе жұлдызға жақын болса, соғұрлым бұл өзгерістердің амплитудасы жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |