Факультет: Физика-математика



бет9/18
Дата18.11.2022
өлшемі4.67 Mb.
#465140
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
жоба Мф-31 1-топ

1.11- сурет. Уран
Уранның Күннен қашықтығы 19,2 а. б., экваторлық диаметрі Жердікінен 4 есе үлкен, массасы Жер массасынан 14,5 есе артық. Күнді айналу периоды 84 жыл. Урандағы орташа температура 60 К шамасында. Планетадағы тәулік 17 сағ 14 мин-қа созылады. Уранның өз осінен айналуының бірқатар ерекшеліктері бар: оның айналу осі арқылы өтетін жазықтық орбита жазықтығына перпендикуляр (98⁰) деуге болады, ал өз өсінен айналу бағыты Күнді айналу бағытына қарама-қарсы (барлық планеталар ішінде кері айналу тек Шолпанда ғана байқалады). Осыған байланысты Урандағы жыл маусымдарының ауысуы өзіне тән жүреді. Ол орбита бойымен домалап келе жатқан сияқты болып көрінеді және оның полюсіне экваторына қарағанда күн сәулесі көбірек түседі. Оның әрбір полюсінде Күн 42 жыл шамасындай уақыт болады.
Уранның магнит өрісі Жердікі сияқты күшті, бірақ магниттік полюс географиялық полюстен шамамен 50°-қа ауытқыған. Күшті магнит өрісінің әсерінен Уранның жоғарғы атмосферасында әр түрлі шұғылалар жердегі солтүстік шұғыла сияқты байқалады.
Уранда тоғыз сақина бар. Олар тығыз, тасты, жіңішке, Сатурнның сақиналарына қарағанда мың есе жіңішке (қалыңдығы 1 км-ден 100 км-ге дейін) және бір-бірінен қашық орналасқан, түстері көмірдей қара. Сақиналар жүйесі жұлдызды Уран тасалаған кезде 1977 жылы байқалды. Уранның көлеңкесіне жасырынатын кезде және одан шыққаннан кейін жұлдыздың жарқырауының бес есе әлсіреуі планетаны қоршаған сақина болуы керек деген ойға әкелді.
"Вояджер-2" ұшып өткенге дейін Уранның бес серігі белгілі болатын. Олар: Титания, Ариэль, Оберон, Миранда, Умбриэль.
Ғарыш кемесі ұшып өткеннен кейін тағы да 10 серік табылды. "Вояджер-2" Уранды айналып ұшқанда оның серігі Миранда ғалымдарды таңқалдырды. Зондтың жерге жіберген мәліметтерінің көмегі- мен Миранда бетінің бедерінің суреті салынды. Мұнда стадионда жүгі- ретін жолға ұқсас және ұзындығы 20 км-ге жететін терең ойпаттар бар.
Нептун (1.12-сурет) Күннен 4,5 млрд км қашықтықта жатыр, бұл Жерден 30 есе алыс деген сөз. Нептунның өлшемі Ураннан аз ғана кіші және ол газды алып планеталар ішіндегі ең кішісі болып есептеледі. Оның жарықтануы Жер бетінен 900 есе, Юпитерден 30 есе кем. Нептунның құрылымы жөнінде мәлімет әзірге өте аз. Өйткені оған дейін Жерден тек бір кеме ғана жетті. Ғарышты зерттеуші "Вояджер-2" бірінші рет планетаның магнит өрісін анық- тады (полярлық магнит өрісі айналу осіне шамамен 50 -қа көлбеу және планетаның центрінен оңтүстік полюсіне қарай ығысқан). Нептун- ның шағын алты серігі бар. Планета өз осінен 16 сағ 7 мин-та бір айналым жасайды (периоды радиодыбыс арқылы өлшенді).

1.12-сурет. Нептур
Нептун атмосферасының құрамы алып планеталарға ұқсас екенін өлшеулер көрсетті: 13% гелий, 85% сутегі және басқа заттар мен метанның қоспасы бар. Оның сумен, азотпен және метан мұзымен қоршалған "жартасты" өзегі болса керек. Нептунның бейнесі жер мұхитының ғарыштан түсірген ақ жолақтары бар көгілдір бетінің суретін еске түсіреді. Планетаның көгілдір жасыл түске ие болуы метанның қызыл түсті жұтатынымен байланысты. Нептун атмосферасы қозғалмалы. Онда жолақтар жөне үлкен күңгірт дақтар көрінеді, олардың ішінде Жердің өлшеміне шамалас Үлкен күңгірт дақ (ҮКД) деп аталатын құйын бар. Бұл өте салқын, бірақ белсенді. Планетаның атмосферасының орташа температурасы - 220°С. Юпитер мен Сатурн тәрізді оның Күннен алған жылуынан да көбірек.
Нептун атмосферасының жоғарғы қабаттарының қозғалысы әдеттегіден өзгеше жүреді: планетаның өз осінен шығысқа қарай айналуына қатысты алғанда атмосфералардың қозғалысы батысқа қарай бағытталған, оның үстіне экватордағы бұлт баяу қозғалады. Күн жүйесіндегі желдердің күштісі Нептунда соғады, оның жылдамдығы дыбыстың жылдамдығына жетеді!
Тритон (1.13-сурет) - Нептунның серігі. Оның диаметрі 2700 км. Беткі қабатының өте төмен температурасына (-236⁰ С) қарамастан ол геологиялық активті. Онда бірнеше километр биіктікке дейін атқылап жатқан вулкандар жөне гейзерлер бар. Бұл вулкандардың жаңа түрі - сұйықты-мұзды вулкан. Тритонның беткі қабатының бір бөлігі азот мұзымен жабылған. Мұндай басқа объект әзірге белгісіз. Тритон бетінің екінші бір бөлігі пайда болу себебі түсініксіз "ұяшықтардан" (бұл соққыдан пайда болған кратерлер емес) тұрады. Аса үлкен оңтүстік полюстік бөркі метан мұздарынан тұратын болғандықтан Күн сәулесінің әсерінен алқызыл түс береді. Алқызыл мұздың үстіндегі қараңғы жолақтар гейзерлер шығарып тастаған көміртекті-мұзды тозаңдар болуы мүмкін. Тритонның тығыздығы өте жоғары, ол Сатурн серіктерінің тығыздығынан екі еседей артық. Осы айтылғандар мен оның орбита бойымен кері айналуы Тритонның бір кездері Нептунның тартылыс күшінің өрісімен қармап алынған, яғни планетамен бірге жаралмаған деген ұйғарым жасауға мүмкіндік береді. Тритон атмосферасының өте сирек болуына қарамастан (оның қысымы жердегі қысымнан 70 мың есе кем) онда азоттың қырауынан тұратын өте жұқа бұлт бар екені белгілі болды.

1.13- сурет. Нептунның серігі-Тритон


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет