Факультет: «География және табиғатты пайдалану»


Батыс Қазақстан облысының тарихы



бет2/9
Дата05.12.2022
өлшемі384.66 Kb.
#466454
1   2   3   4   5   6   7   8   9
срс

Батыс Қазақстан облысының тарихы
Орал қаласының 400 жылдық тарихы. Қазіргі Оралдың орнында қаланың болғаны туралы алғашқы деректер ерте орта ғасырларға жатады. Алайда жазбаша және картографиялық дереккөздерден алынған мәліметтерді археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен растау тек 2001 жылы қаладан 12 шақырым жерде 13-15 ғасырларға жататын елді мекен табылған кезде ғана белгілі болды. Ортағасырлық қаланы археологтар өзеннің қазақша атауының құрметіне шартты түрде «Жайық» деп атаған.
Ресей империясының құрамында. Жайық жері тарихи оқиғаларға бай. Бұл кезеңдегі қаланың дамуы мен қалыптасуы Жайық, Орал казактарымен байланысты, олардың өзі Яик қаласымен бірге қалыптасып, дамыған.
1773-1775 жылдары Яик казактары Емельян Пугачев басқарған шаруалар соғысының өзегіне айналды. Патша үкіметі Е.Пугачев бастаған көтерілісті аяусыз басып тастады. Шаруалар көтерілісінің эпизодтарын халық жадынан өшіру үшін Екатерина II-нің бұйрығымен Яик өзені Жайық, ал Яицкий қаласы Орал деп аталды.
XVIII-XIX ғасырларда Кіші жүз қазақтары феодалдық және отаршылдық қанауға қарсы бірнеше рет көтерілістерді көтерді. 1783-1797 жылдары Сырым Датов, 1836-1838 жылдары Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс болды.
Кеңес Одағының құрамында. Ұлы Отан соғысы жылдарында Орал облысы Сталинград майданының ең жақын тылы болды. Жайық майданындағы майдангерлер қатарында 39 Кеңес Одағының Батыры, 6 Даңқ орденінің толық кавалері бар. Олардың қатарында Шығыста Кеңес Одағының Батыры атағын алған тұңғыш әйел Мәншүк Мәметова да бар.
Қазақстан Республикасының құрамында. Оралдың қала болып қалыптасуы Орал губерниясы құрылған 1868 жылғы әкімшілік-территориялық реформалардан басталады.
Облыстың физ-географиялық жағдайы
Географиялық орналасуы.
Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы облысы. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.
Табиғаты. Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктік 10 — 25 м-ден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абсолюттік биіктігі 45 — 65 м) Сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 м (Ешкітау). Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі — құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абсолюттік биіктігі 110 — 260 м, ең биік жері — Ақтау (Бортау) тауы (263 м).
Климаты. Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы –11 — 14 °С, кейде —40 °С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22 — 25 °С, кейде 40 °С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлш. 190 (оңт-те) — 350 мм (солтүстікте). Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстікте) 140 күнге (солтүстікте) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15 — 20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150 — 170 тәулік.
Су ресурстары. Облыстағы өзендер Каспий теңізі алабында жатыр. Ұзындығы 100 км-ден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы — Жайық өзені. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Дерқұл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың негізгі су көзі – Жайық өзені болып табылады.
Батыс Қазақстан облысы-нда 140-тан астам көл бар. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т.б. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен (Үлкенөзен) бойында (Бітік, Дөңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан) орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет