Факультет: География және


ІІІ. Ауыз сумен қамту бағдарламалары



бет3/4
Дата23.11.2023
өлшемі58.81 Kb.
#484211
1   2   3   4
Мышан Д инж

ІІІ. Ауыз сумен қамту бағдарламалары
«Ауыз су» бағдарламасы көлемді, тиісті деңгейде қаржыландырылған, мақсат-міндеттері жақсы және орындалған жұмыстар мөлшері де айтарлықтай болғанымен тиісінше нәтиже бермеді. Оның себебін «Ақбұлақ» бағдарламасының мәтінінен көруге болады: «жалпы, 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру кезінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, су құбырларын сапасыз салу мен қайта жаңарту, жөндеусалу жұмыстарын орындау мерзімдерінің бұзылуы және ауыз судың сапасын қамтамасыз етпеу фактілері орын алған» .
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша су құбырлары желілерінің көпшілігі қанағаттанарлықсыз жағдайда, сенімді пайдаланудың 25 жылдық нормативті мерзімін ескере отырып, жұмыс жағдайында сумен жабдықтаудың 36 % желісі бар, шамамен 64 % желіге күрделі жөндеу немесе оларды толығымен алмастыру қажет болып отыр. Негізінен су құбыры желілері 25 - 40 жыл бұрын пайдалануға берілген және ішкі беті қорғалмаған (негізінен, болат және шойын құбырлар). Сондықтан, тат басудың салдарынан су таратқыштар мен су құбыры желілері тез тозып, бұзылады және басылады, ол су құбырларының өткізу мүмкіндігін азайтып, авариялар санының артуына, судың ысырап болуына және ауыз су сапасының нашарлауына алып келеді.
Жалпы адам ағзасының қалыпты жұмысы үшін тағамның, судың, ауаның қажеттілігі белгілі. Мысалға, адам тамақтанусыз 2-3 аптаға дейін шыдай алады, ал су тапшылығына тек 1 апта, ал ауа тапшылығына 5 минут қана шыдай алады. Осыдан адам тіршілігіндегі ауа мен судың алатын орнын, олардың салыстырмалы түрде көп мөлшерде тұтынылатынын ескеріп, олардың сапасының да маңызды болатындығын көруімізге болады.
Жер бетіндегі су ресурстарының азаюы тұрақты түрде жалғасып келеді, сондықтан бұл мәселені ірі өнеркәсіптер, мемлекеттер деңгейінде, сондай-ақ кіші өлшемде – жекелеген тұрғын үй, шаруа қожалықтары, әрбір адам деңгейінде де шешу қажет. Жекелеген адамның ірі масштабтағы үрдістерге әсер ету мүмкіндігі шектеулі болса да, өзі тұтынатын суды, тыныс алатын ауаны тазарту немесе залал келтіретін факторларды шектеу мүмкіндігіне ие. Мысалы, ауыз суды, яғни ішуге және тамақ әзірлеуге пайдаланылатын суды арнайы құралдарды пайдаланып, біршама тазартуға болады.

6
3.1 Сапалы судың негізгі көрсеткіштері


Су сапасының төмендігі адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Судың түссіз, мөлдір, иіссіз болуы оның тазалығы жайлы болжам айту үшін қажетті, бірақ жеткіліксіз көрсеткіш. Көптеген заттар тұз күйінде суда жақсы ериді және түссіз ерітінді түзеді. Адам денесі жартылай өткізгіш жарғақша тәрізді жұмыс жасайды, мысалы бүйрек, несеп жолдары суды өткізгенмен, суда еріген заттарды сүзіп, тазартып отырады. Тұзды су салдарынан адам денесіне «тас» жиналады. Оны шығару, алу шығыны және машақаты әуел баста таза су ішу пайдалану шығынынан көп болатыны айтпаса да түсінікті. Қазіргі күнде басқа да дерт түрлерінің, әсіресе қатерлі ісік ауруларының күрт көбейіп кетуі де қоршаған ортаның ластануымен тікелей байланысты .Кран суының ластығы белгілі, алайда ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген, тәжірибелік нәтижелері күмән туғызатын «тірі су», «оқылған су», «жанды су», «құрылымдалған су», «қажетті тұзы бар су» ұғымдары адамдардың суды тазартпай пайдалануларына себеп болып отыр. Қарапайым тұрмыстық сүзгілер судағы хлорды, ауыр металдарды, пестицидтерді басқа да еріген заттарды жақсы сіңіреді. Сонымен қатар сатылымдағы су, су құю автоматтары ұсынатын су сапасы да кран суынан әлдеқайда жоғары болыпкеледі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың мәліметінше, елімізде 2000 жылдардан бастап халықты ауыз сумен және су бұру қызметімен қамтамасыз ету бойынша мақсатты саясат жүргізіліп келеді. 20 жыл ішінде «Ауыз су», «Ақ бұлақ», «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жол» бағдарламалары аясында 48,2 мың шақырым инженерлік желі салынды. Нәтижесінде халықты сумен жабдықтау деңгейі 92,6%-ға жетті.
«Биыл 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға кірістік. Бағдарлама аясында 2025 жылға қарай халықты толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр» деді Б.Атамқұлов.
Елбасының кезінде берген тапсырмасына сай ауылдарды сумен жабдықтау жүйесін дамытуға жыл сайын кемінде 100 млрд теңге қаражат бөлінуде. Биыл қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамытуға республикалық бюджеттен 113,6 млрд теңге бөлінді, 303 жоба іске асырылуда.
Ведомство басшысының айтуынша, сумен қамтамасыз етудің әлеуметтік маңызы зор. Мемлекет басшысы таза ауыз суға қол жеткізу деңгейін барлық өңірде теңестіру қажеттігін бірнеше рет атап көрсетті. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауылдарды сапалы және қажетті мөлшерде сумен жабдықтау қызметімен кезең-кезеңімен қамту жөнінде жоспар әзірленді. Сондықтан өңірлер халықты сумен қамтамасыз ету үшін осы жоспарды кейінге қалдырмай, тиімді шаралар қабылдауы керек. Елбасының бастамасымен қазіргі таңда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы іске асырылуда. Ауылдарды сумен жабдықтау жүйесін дамыту аталған бағдарламамен үйлестірілген.
7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет