VІ .Қазақстан бойынша ауыз сумен қамту статистикасы
«Қазір республика бойынша барлығы 6 341 ауыл бар. Оның ішінде 4 078 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған, 279 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. 1 146 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі салынып жатыр. Халық саны аз ауылдарда (200-ден аз адам тұратын 838 ауылда) өз елімізде өндірілген су тазартатын кешенді блок-модульдер орнатылады» деп хабарлады Б.Атамқұлов.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көзінен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға 934 млрд теңге көзделген.
«Ауылдардың сумен жабдықталуына мониторинг жүргізу мақсатында интерактивті карта әзірлеп, іске қостық. Онда көптеген параметр бойынша нақты жағдай көрсетілген. Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы қызмет пен құзыреттілікті бөлу бойынша заң жобасы әзірленді. Жергілікті атқарушы органдарға берілген ауыз судың 1 текше метрі үшін төлем мөлшерін әзірлеу жөніндегі нормаларды, сондай-ақ Тізбені бекіту жөніндегі қызметті беру жоспарланып отыр» деп түсіндірді министр.
Заң жобасында көрсетілген шараларды іске асыру мынадай мүмкіндіктер береді: Салынған оқшау жүйелерді тізімге енгізуді жеделдетеді; өңірлерге ауыз сумен жабдықтауға арналған субсидия бөлу мен алуды тездетеді; облыс бойынша орташа тариф пен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, 1 текше метр ауыз су үшін халықтың төл
8
Қорытынды
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықтың ісі екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Республикамыздағы су ресурсының бітіп қалмауы біздің қолымызда. Ол – суды ысырап етпей, шашып-төкпеу. Ас үйде, жуынатын бөлмеде «су үйге келіп тұр» деген түсінікпен мөлшерден тыс шашып-төгу кімнің отбасында болсын кездеседі. Көзіңізге өзен-көлдердің азайған, солғанын елестетіп көріңізші! Суды есепсіз құрта берсек, осыған жетуіміз де әбден мүмкін… Бүкіл тіршілік иелерінің мекені біреу, ол – жер шары. «Суды шашып-төкпеу», «суды тиімді пайдалану» деген қағиданы балабақшадағы баладан, еңкейген қартқа дейін ұстанса екен. Шылым, сыра, арақ-шарапты жарнамалағанша, суды тиімді пайдалану, табиғатты қорғау секілді жайттарды ұғындыратын жарнамалар дүкенде, көшеде, кез-келген жерде тайға таңба басқандай көрсетілсе жақсы болар еді.
9
Пайдаланылған ақпараттар
http://elib.kstu.kz/fulltext/books/2016/MDiG/Dzhamantykova%20i%20dr/%D0%A2%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F/lek6.htm
https://malimetter.kz/zhana-texnologiyalardyn-biri-zherdi-kashyktyktan-zondtau/
http://old.gharysh.kz/kz/projects/zh-z/
https://www.esri-cis.com/ru-ru/what-is-gis/overview
10
Достарыңызбен бөлісу: |