Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы



бет9/55
Дата20.09.2022
өлшемі0.72 Mb.
#460991
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Квалиметрия

Өндірістік-техникалықжұмсалу өнімдеріне, машиналар, шикізат пен материалдарға, яғни өндірістік тұтынуға келетін өнім. Ал, халықпен тұтынатын өнімдер (киімдер, тағам өнімдері) өзіне тән және жеке болып бөлінеді.
Әлеуметтік өнімдер халықтың қажеттіліктерін орындау мақсатымен қызметтер сфераларында пайдаланатын өнімдер жатады. Мысалы: тасымалдау, байланыс жүйелерінде, мәдени, денсаулық, сақтау, білім салаларында қолданылатын қызметтер мен өнімдер.
Конструктивті жағынан орындалу бойынша барлық өнімдер төртке бөлінеді:
1 детальдар;
2 жинақтауыш бірліктері;
3 комплекстер;
4 жинақтар.
Детальдар дегеніміз бұл материалдың атауы мен маркасы бойынша бірыңғай дайындалған жинақтауыш бірліктерді қолданбай жасалған бұйым. Мысалы: болттар, гайка, валиктер.
Жинақтауыш бірліктер дегеніміз бұл бұйым, бірақ оның құрамды бөліктерін өзара байланыстырады. Арнайы жинақтауыш операцияларды дайындаушы өнеркәсіпте өзара байланыстарады. Мысалы: киімдер, бір-біріне жалғап, автомобилдер, компьютерлер және қалам жатады.
Комплекстер – екі немесе одан да көп бұйымдардан жасалған дайындаушы өнеркәсіпте жинақтаушы операцияларды қолданбай жасаған, бірақ өзара қатынасқан тұтыну функцияларын орындауға арналған. Мысалы: цехтың құрал-жабдықтары, яғни оларды тұтыну орындарында бір-бірімен қосады. Детальдар арнайы бұйымдарға жатпайды, себебі олардың құрамды бөліктері жоқ. Ал, жинақтауыш бірліктер, комплекстер және жинақтар арнайы бұйымдарға жатады. Өйткені, олар екі немесе одан да көп бөліктерден тұрады. Бұл бұйымдардың құрамы конструкторлы құжатпен анықталады. Бұл құжат спецификация деп аталады.
Осы жоғарыда көрсетілген 3 критерийлер бойынша жіктелу ірі жіктеулі топшаларға өнімді бөледі. Бұл өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін кейбір тәжірибелік мәселелерді шешу үшін өте қажет. Мысалы, жіктелу топшасы бойынша «Шикізат пен табиғи жаңармайларға жататын» және «Материалдар мен өнімдер сияқты» топшаларға өнімнің эргономикалық көрсеткіштері және кейбір эстетикалық көрсеткіштері тән болмайды. Бірақ, егер материалдар мен өнімдер буып-түйілген болса және олар «Шығындалатын бұйымдар» атты топшаға жататын болса, онда бұл көрсеткіштер өте маңызды. Себебі, олар өнімнің бәсекелестігіне үлкен әсер етеді. Өнімнің эстетикалық және эргономикалық көрсеткіштері халықтың тұтыну және әлеуметтік пайдалану өнімдері үшін өндірістік техникалық пайдалану өнімдеріне қарағанда өте пайдалы болып келеді.
Бірінші немесе екінші класқа өнімді жатқызу оның қасиеттерін пайдалану сипаттамаларына өте қатты әсерін тигізеді және бұл оныњ терминологиясына да әсер етеді. Мысалы, бірінші кластың өнімдерін қолданғанда «Пайдалану» термині, ал егер екінші кластың өнімдерін қолданса, онда «Тұтыну» деген терминді пайдаланған жөн. Өнімнің нақты жіктелуін білу үшін арнайы жіктеуіштер қолданылады. Функционалды пайдалану жағынан қызметтер екі топқа бөлінеді. Бірінші топ өндірістік және өндірістік емес (халыққа жұмсалатын қызметтер). Осы екі топтың өзі бірнеше түрлерге бөлінеді.
Өндірістік қызмет – бұл кәсіпорындар мен бұйымдардан қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі қызмет. Мысалы, кәсіпорын реконструкциясының жобасын дайындап шығару, ақшалай несие беру, жинақтаушы материалдармен қамтамасыз ету және кадрларды оқыту жатады.
Өндірістік емес қызметтер арнайы тұлғалар немесе тұлғалардың топтары жасайды. Олар материалдық және материалдық емес болып екіге бөлінеді.
Материалдық қызмет деп тұтынушының материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызметті айтады. Оның нәтижесі қайта өңделген өнім болады. Мысалы: ремонтталған автомобиль, салынған үй, тігілген костюм.
Материалдық емес немесе қоғамдық мәдени қызмет бұл тұтынушының қоғамдық мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызмет. Яғни тұтынушының функционалдыќ аќпараттыќ рухани жєне зияткерлік ќажеттіліктерін аныќтайды (аќыл-ой). Мұндай қызметтің нысаны тұтынушының өзі болады. Мұндай қызметке мысал: ауру адамды емдеу, кітапханада кітапты қолдану мүмкіндігі, мектепте, жоғарғы оқу орнында оқу.
Қызметтің келесі түрлері болады:
1) дайындап шығару және зерттеу; 2) несиелеу; 3) оқыту; 4) ремонт жасау; 5) емдеу; 6) сауда жасау; 7) сақтау; 8) жалдау; 9) техникалық қызмет ету; 10) ақпараттық қызмет ету; 11) тұрмыстық коммуналды қызметтер жасау, т.б.
Жоғарыда келтірілген өндірістік өнімдердің жіктелуі келесі жағдайларда жүргізіледі:
1 Белгілі өнім тобының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау кезінде
2 Өнімнің қолдану саласын анықтау кезінде
3 Үлгілер ретінде бір немесе бірнеше бұйымдарды таңдау мүмкіндігін қарастыру жөнінде
4 Әртүрлі өнімнің, олардың сапасын бағалау кезінде көрсеткіштердің номенклатурасын орнату кезінде.
2 Өнімді жіктеу кезінде өнімнің түрі, тобы, топшасы, класы және класс астысы белгілену керек және жіктелу кезінде өнімнің сапалық көрсеткіштері сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет