Фанфар ( білім шарымен видео қосылады, өлен жолдары оқылады)



бет2/3
Дата12.09.2023
өлшемі28.32 Kb.
#477292
1   2   3
Бізді білім беріп өсірген

Сейіт Әли «Ұстазым»


1-жүргізуші:
Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,
Айқара аштың бізге білім есігін.
Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,
Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?! 
Бала елдің болашағы болғанда,
Зор пайданы тигізесің қоғамға.
Мамандығың - кәсіптердің абзалы,
Адамдығың қымбат бізге одан да. 
Ашық болсын нұрға толы көгіміз,
Аман болсын еліміз бен жеріміз.

2-жүргізуші:
Аманаттап тапсырамыз тағдырды -
Анамыз деп қабылдадық сізді біз! 
Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,
Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!
Бастауыштан бал бұл жайнап, орта буынға аяқ басқан 5 сынып оқушыларын ұстаздардың құрметіне арнауларын қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
Сахна төрінде қазақ биімен
10 «Ә» сынып қыздарын қошеметпен қарсы аламыз...


2-жүргізуші:
Құрманғазы,Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүректе от жансын деп,
Елге күйін арнаған.
Қазір сахнада көңіл толқытар күй орындалады.
Орындайтын Тілеубай Бақдаулет 6 «Ә» сынып оқушысы.

1-жүргізуші:

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.


Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деген ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.


2-жүргізуші:
Зауытта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің -
шипалы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзің арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам - елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.
сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір - сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жаныл, жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет