Ғ.Қараш атындағы жобб мектебі бойынша патриоттық тәрбиенің жүргізілуі жөнінде Анықтама



Дата09.11.2023
өлшемі18.15 Kb.
#482816
анықтама


Ғ.Қараш атындағы ЖОББ мектебі бойынша патриоттық
тәрбиенің жүргізілуі жөнінде
Анықтама

Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.


Биылғы ұсынылып отырған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады. Сол сияқты тәрбие тұжырымдамасында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидаларында этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдениет жасаушы ортаны қалыптастыруды көрсеткен. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету мақсатындағы әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, терең білімді, ізденімпаз, шығармашылық қағиданы ұстанатын тұлғаны тәрбиелеу ісінде «жаңа қазақстандық патриоттық тәрбие беру» мәселесінің маңыздылығы ерекшелініп тұр. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, мемлекет, атамекен (сакралді география), туған жер, туған ел, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлектік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сезімдерін қалыптастыру жүзеге асырылады. Бағдарламаның ең басты қағидалардың бірі «Ұлттық бірегейлікті сақтау» деп анықталған: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу». Ұлттық сана-сезім, ұлтқа жанашырлық – патриоттық тәрбие берудің, саналы, парасаты мол азаматты тәрбиелеудің негізгі діңгегі, өзегі
Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.
Мектебімізде осы патриоттық сананы дамыту негізінде :

  • Республика күніне арналған мектепалды даярлық және бастауыш сыныптарда “Қазақ елі Менің - Отаным” атты бірыңғай сынып сағаттары оздырылды.Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. білім алушылардың Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

  • 25 қазан Республика күніне жасақталған жоспарға сай Г.З Рахмушева "Алашорда идеясы және бүгінгі қазақ жастары " атты пікір- сайыс турнирі ұйымдастырды.

  • Онкүндік жоспары аясында Тарих пәнінің мұғалімі: Г. Ташетованың ұйымдастыруымен.«Ең үздік елтанушы» интеллектуальдық сайыс оздырылды. Мақсаты: 🔰Оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқынның тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. 🔰Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу;

  • Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі М.С Джумашовтың ұйымдастыруымен Білім басқармасының 2023 жылғы әскери патриоттық іс-шара жоспарына сәйкес Рақымжан Қошқарбаевтың туған күніне орай "Халық Қаһарманы - Рақымжан" атты тәрбиелік шара оздырылды.Мақсаты: Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен қызметін ұрпаққа үлгі, өнегеетіп, ұлықтау.

  • Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған әскери-спорттық “Жас сарбаз” сыныбы арасында “Ерлік мәңгілік мұра” атты сайысы оздырылды.Мақсаты: Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндау, оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру; Отанын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

  • Әнұран айту" Республикалық Челленджі "Тоғыз ай- 9 іс-шара" жобасы негізінде біздің мектебімізде де өз жалғасын тапты.Жалынды әуенді естіген әрбір қазақтың бойында адам жүрегінде Отанға деген терең сүйіспеншілік пен патриоттық сезім оянады.

  • Республика күніне арналған "Айбынды жастар-Тәуелсіздік тірегі"атты патриоттық әндер айту челленджі оздырылды.

  • Ұсыныс:


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет