Фармацевтика академиясы



бет1/12
Дата05.07.2016
өлшемі1.35 Mb.
#180100
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

«Гигиена-1, денешынықтыру және валеология» кафедрасы



044 -25/18 ( )

24 беттің -беті



«Экология және тұрақты даму» пәні бойынша силлабус



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


«Гигиена-1», дене шынықтыру және валеология кафедрасы


«БЕКІТЕМІН»

ОӘТЖ жөніндегі проректор,

м. ғ.д., профессор м. а.

Анартаева М.Ұ. __________ «___»________ 2013ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән, пән коды: Экология және тұрақты даму, ЕСО-1106




Мамандық: 5В074800-«Фрамацевтикалық өндіріс технологиясы»

Оқу сағатының көлемі (кредит) -90 сағат/ 2 кредит
Оқытылатын курс пен семестр : 2- курс, І,ІІ - семестр


2013 жыл

Жұмыс бағдарламасы 2008 жылы 15 тамызда Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Кеңесімен бекітілген және іске қосылған «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасымен құрастырылды.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама № ____ «____» ________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________ Долтаева Б.З.


ОҚМФА қоғамдық денсаулық сақтау және медико-профилактикалық пәндер бойынша жүйелік әдістемелік комиссия мәжілісінде қаралды


Хаттама № ____ «____» ________2013 ж.

Комиссия төрайымы м.ғ.к., доцент м.а. _______________ Бейсембаева З.И.


Әдістемелік Кеңесте мақұлданды

Хаттама № «____» ________2013 ж.

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Адамзат қоғамының табиғатпен қарым – қатынасы қазіргі заманның ең маңызды мәселелерінің біріне айналды. Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін əсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек индустриалдық қоғам жəне демографиялық жарылыс жағдайында ғана адам əрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық жəне минералдық ресурстардың сарқылу үдерісі байқала бастады. Антропогендік əрекеттің сан алуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына əкеліп соқты. Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық – түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы жəне т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына əкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық мәселелер пайда болды: жылулық эффекті, озон қабатының жұқаруы, әлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену жəне т.б. Экономиканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады: Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында жəне Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай; Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы жəне т.с.

Бірақ, қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы, жердің энергетикалық тепе-теңдігі өзгерді. Бұл адамның əрекеті табиғатпен қарама – қайшылыққа түсіп, “биосфера -адамзат” жүйесі барған сайын тепе – теңдік күйден ауытқып бара жатыр деген сөз, нəтижесінде əлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе–теңдігі бұзылды. Мəселені табиғи тепе–теңдікті қалпына келтіру нəтижесінде шешуге болар еді, бірақ бұл өте күрделі, əлемде теңдесі жоқ қиын мəселе, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода күн тəртібіне қойылып, сонда Тұрақты даму тұжырымдамасына қол қойылып, бекітілді. Ғаламдық “қоғам – табиғат” жүйесіндегі тұрақты даму -əртүрлі деңгейдегі əлеуметтік–экологиялық жүйелерде динамикалық тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адамзат осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның Жер бетінде тірі қалу мүмкіншілігіде соғұрлым жоғары болмақ. Бұл жолда мазмұны мен болмысы əрбір жеке тұлғаның экологиялық дүниетанымын қалыптастыру болып табылатын экологиялық сауаттылық шешуші рөлге ие болады жəне оның негізін “Экология жəне тұрақты даму” пəні құрайды. Пəннің мақсаты студенттерде қоршаған ортаға жəне өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау сезімін қалыптастыру. Мұндай көзқарас болашақ жоғары білімді мамандардың экологиялық тұрғыдан сауатты шешімдер қабылдап, сол арқылы биосфераның тұрақты дамуына көмектесуіне септігін тигізеді.
2.2 Пәннің мақсаты:

– табиғаттың жəне қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.



2.3 Оқытудың міндеттері:

- тірі ағзалардың, əртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын жəне олардың тұрақтылығын оқып-білу;

- биосфера компоненттерінің өзара əсерлесу заңдылықтары жəне адамның шаруашылық əрекеттерінің, əсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;

- əртүрлі мемлекеттердегі жəне Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы жəне тәжірибелік міндеттері туралы заманауи түсініктерді қалыптастыру;

- студенттердің экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың жəне тұрақты дамудың күрделі жəне шиеленіскен мəселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті жəне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент

білуі тиіс:

- тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарын;

- тірі ағзалардың кеңістікке таралуын жəне сан динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын;

- энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі жəне заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің жəне бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын;

- табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін;

- антропогендік əрекеттің əлеуметтік – экологиялық салдарларын;

- тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды əлемдік, аймақтық жəне жергілікті деңгейде шешуге қатысты көзқарастарды.

істей алуы тиіс:

- табиғи жəне антропогендік экологиялық үдерістерді анықтап, талдауы жəне олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауы;

- биосфераның тұрақтылығын сақтау жəне адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дəстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуі;

- тірі организмдер мен қоршаған ортаның əсерлесу заңдылықтары туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты дамуын сақтау үшін қолдана білуі тиіс.

машықтануы тиіс:

- экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге жəне алған білімдерін экологиялық мəселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануы тиіс;

- биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай – ақ, əртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдер жинақтауы тиіс.
2.5 Реквизитке дейінгі: мектеп бағдарламасы шеңберіндегі биология, география, химия, математика, физика.

2.6 Реквизиттен кейінгі: медициналық экология, микробиология, патологиялық физиология, қоршаған орта және халық денсаулығы, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
2.7 Тақырыптық жоспар:әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, өзіндік жұмыс).

2.7.1 Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу

түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)

1

“Тұрақты даму” концепциясы. Табиғи ресурстар жəне табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты даму аспектілерінің бірі.

Шолу


2

2

Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының анторпогендік факторлары.

Мәселелік

2

3

Қазіргі заманның əлеуметтік-экологиялық мәселелері жəне тұрақты даму.

Мәселелік

2

4

Табиғатты қорғау жəне тұрақты даму.

Мәселелік

2

5

Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері.

Шолу

2




Барлығы:




10


2.7.2 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылы

ғы

(сағат түрінде)

1

Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі.

Теориялық сұрақтарды талқылау

2

2

Негізігі тіршілік орталары, олардың сипаттамалары.

Популяция – түрдің тіршілік ету формасы, популяцияның негізгі критерийлері.



Теориялық сұрақтарды талқылау

2

3

Негізгі биогендік элементтердің экожүйедегі айналымы. Экожүйелердің орта түзушілік рөлі жəне бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру.

Іскерлік ойын

2

4

Биосфераның құрылысы жəне биосфера шекаралары.

В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінің Тұрақты даму тұжырымдамасын қалыптастырудағы бағыттаушы рөлі.


Пікір-талас



2

5

Табиғат және қоғамның стратегиялық өзара қатынасы. Тұрақты даму концепциясы.

Дөңгелек үстел

2

6

Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу мәселесі. Қоршаған орта жəне тұрғындардың денсаулығы.

Пікір-талас

2

7

Қазіргі заманның əлемдік экологиялық мәселелері бойынша халықаралық конвенциялар мен келісімшарттар.

Жұптасып жұмыс жасау

2

8

Қазақстан Республикасының ерекше қорылатын табиғи территориялары.

Қоршаған ортаның сапасы жəне тұрғындардың денсаулығы.



Кіші топпен жұмыс

2

9

“Үшінші əлем” мәселелері. Мешеуліктен құтылу -тұрақты дамудың өзекті мəселесі.

Іскерлік ойын



2

10

Өмір шындығы жəне тұрақты дамуды қамтамасыз етудің ықтимал уақыт кезеңдері.

Пікір-талас

2




Барлығы:




20


2.7.3 Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары



Тақырыбы


Өткізілу түрі

Сағат саны

1

Казақстан Республикасындағы экология ғылымының даму тарихы.

Реферат, презентация, тақырып бойынша глоссарий, сөзжұмбақ, тест тапсырма-ларын құрастыру

3

2

Экожүйелердің негізгі энергетикалық түрлері және олардың ерекшеліктері.

3

3

Ноосфера биосфераның жоғарғы эволюция сатысы ретінде. Ноосфера туралы В.И.Вернадскийдің ілімі.

3

4

Адамның биосфералық үрдісінде алатын орыны. Адамды қоршаған ортасы және өзіне тән ерекшілік.

3

5

Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторлары.

3

6

Атмосфералық ауаның ластануының экологиялық мәселелері

3

7

Судың ластануының қоршаған ортаға әсері.

3

8

Топырақтың антропогенді ластануының халық денсаулығына әсері

3

9

Қазақстанның фаунасы мен флорасының түрлік әртүрлілігі.

3

10

Биоресурстардың экологиялық мәселелері

3

11

Қазақстан Республикасының ерекше қорылатын табиғи территориялары.

Қоршаған ортаның сапасы жəне тұрғындардың денсаулығы.



3


12

Қазіргі кездегі қалалардың экологиялық мәселелері.

3

13

Қазіргі кездегі ауылдық елді мекендердің экологиялық мәселелері.

3

14

Қоршаған ортаның мониторингі туралы түсінік, оның негізгі түрлері.

3

15

Мониторингтің бірлестірілген мемлекеттік жүйесі, мақсаты, міндеттері, қызметтері.

3

16

ҚР-ң тұрақты даму концепциясы.

3

17

ҚР-ң экологиялық кодексі, негізгі түсініктері.

3

18

Қазақстанның жекелеген аймақтар мысалында қоршаған орта сапасын жақсартуға арналған іс шаралар

3

19

Аралық бақылау - 8-апта

Әнгімелесу, тестілеу

3

20

Аралық бақылау - 15-апта

3




Барлығы :




60


2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері:


  • Дәрістер: шолу, мәселелік.

  • Тәжірибелік сабақтар: теориялық сұрақтарды талқылау, іскерлік ойын, пікір-талас, дөңгелек үстел, жұптасып жұмыс жасау, кіші топпен жұмыс.

  • Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысы: реферат, презентация, тақырып бойынша глоссарий, сөзжұмбақ, тест тапсырма-ларын құрастыру.


2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

  • Ағымды бағалау: тестілеу, ауызша сұрау.

  • Аралық бақылау: әнгімелесу және тестілеу.

  • Қорытынды бағалау: компьютерлік тестілеу.


2.10 Ұсынылатын әдебиет: негізгі және қосымша

Негізгі:

  1. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

  2. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Основы общей экологии Алматы, «Қазақ университеті», 2007.

  3. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.

  4. Акимова Т.А., Хаскин В.В.. Экология. Человек-экономика-биота-среда., М., «ЮНИТИ», 2007.

  5. Шилов И.А. Экология. М.: Высшая школа, 2001.

  6. Ильин В.И.. Экология, М., «Перспектива», 2007.

  7. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. М., «ФАИР­ПРЕСС»,2003.

  8. Никаноров А.М., Хорунжая Т.А.. «Глобальная экология», М., ЗАО, «Книгасервис», 2003.

  9. Марфенин Н.Н. Концепция «устойчивого развития» в развитии / Россия в окружающем мире: 2002 (Аналитический ежегодник) // Под общей редакцией: Данилова-Данильяна В.И., Степанов С.А. –М.:Изд-во МНЭПУ, 2002.

  10. Национальные доклады о состоянии окружающей природной среды в Республике Казахстан в 2000-2006 г.г.. Алматы, 2001-2007 г.г.

  11. Никаноров А.М., Хорунжая Т.А.. «Глобальная экология», М., ЗАО, «Книга сервис», 2003.


Қосымша:

1.Хандогина Е.К, Герасимова Н.А., Хандогина А.В.. Экологические основы природопользования, М., «Форум», 2007.

2. Гутенев В.В., Денисов В.В., Камышев А.П., Москаленко А.П., Нагибеда Б.А., Осадчий С.Ю., Хорунжий Б.И. Промышленная экология, М., «МарТ», 2007.

3.Медоуз Д.Х., Медоуз Д.Л., Рандерс Й., Беренс В.В. Ш. Пределы роста. Москва: МГУ, 1991.

4.Концепция экологического образования Республики Казахстан. Астана, 2002.

5.Концепция экологической безопасности Республики Казахстан. Астана, 2002.

6.Экологический кодекс РК, Астана 2007 г.

7.Экология. Под ред. Денисова В.В. Ростов-на-Дону: МарТ, 2002.

8.Арустамов Э.А., Левакова И.В., Баркалова Н.В. Экологические основы природопользования. М.: 2001.

2.11. Қосымша:

1 үлгі


Реквизитке дейінгі, реквизиттен кейінгі және бір-бірімен шектес

пәндермен білім берудің келісу хаттамасы


Келісілетін пәндер

Материалдың пропорциясын және оны баяндау ретін өзгерту туралы ұсыныстар және т.б.

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының нөмірлері мен күндері

Реквизитке дейінгі:

мектеп бағдармамасы









Реквизиттен

кейінгі:






Медициналық экология.



Қоршаған орта ластануының адам денсаулығына тигізетін әсерінен туындайтын аурулар. Патологиялық экология туралы түсінік, олардың даму себептері.

Хаттама №_________

___________________

2013ж

Каф. меңгерушісі:





Микробиология

Микроағзалардың жіктелу түрі, қасиеті, сыртқы ортадағы тұрақтылығы, температураға тұрақтылығы. Әртүрлі қоздырғыштармен туындайтын аурулар.

Хаттама №_________

___________________

2013ж

Каф. меңгерушісі:





Патологиялық

физиология



Ағза ұлпалары мен тіндері қызметтерінің заңдылықтары, оларды реттеу тетіктері. Ағзаның бейімделуі. Патологиялық үдерістер, олардың даму жағдайы мен белгілері.

Хаттама №_________

_________________

2013ж

Каф. меңгерушісі:





Жалпы гигиена

Қоршаған орта факторларын гигиеналық мөлшерлеу және қоршаған ортаны сауықтыру шаралары. Зерттеу тәсілдері.

Хаттама №________

___________________

2013ж

Каф. меңгерушісі:





Қоршаған орта және халық денсаулығы

Индивидуумның және популяцияның денсаулығына қоршаған орта факторларының әсер етуінің заңдылығы

Хаттама №____

«___»________2013ж.


Каф. меңгерушісі



Коммуналды гигиена

Қоршаған орта факторлары. Елді мекендерді жоспарлау. Микроклимат, ауа алмастыру.

Хаттама № _____
2013ж.

Каф. меңгерушісі:





Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

Балалар мен жасөспірімдер ағзасының ерекшеліктері. Олардың денсаулығына қоршаған орта факторларының әсер етуінің заңдылығы.

Хаттама № _____
2013ж.

Каф. меңгерушісі:






2014-2015 оқу жылының жұмыс бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер

«Экология және тұрақты даму » пәні бойынша жұмыс бағдарламасының 2.4. бөліміне келесі өзгертулер енгізілді:

2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі

Дублин дескрипторлар

ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі



Пәнді оқытудың нәтижесі


Тұжырымда

ма бойынша оқытудың нәтижелері

А



Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу.

Экология және тұрақты даму саласындағы құзыреттілік


- экология және тұрақты даму міндеттері мен оның негізгі түсініктерін біледі;

-тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарын біледі;

- тірі ағзалардың кеңістікке таралуын жəне сан динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын біледі;

- энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі жəне заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің жəне бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын біледі;

- табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін біледі;

- антропогендік əрекеттің əлеуметтік – экологиялық салдарларын біледі;

- тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды əлемдік, аймақтық жəне жергілікті деңгейде шешуге қатысты көзқараструды біледі;


Р1

Р3


Кәсіпкерлік құзыреттілігі

-қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық аспектілерін яғни:

-қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мәселелері бойынша ұйым қызметкерлерімен іс-шаралар ұйымдастыра алады;

-халықтың денсаулығын жақсарту мәселелері бойынша ұйым қызметкерлерімен іс-шаралар ұйымдастыра алады;


P6

P13


«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

- Exel, Microsoft, Word, Power Point бағдармаларды пайдалана отырып, заманауи техникалардың негізгі жұмыс істеу принциптерін біледі;

- қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша желілік технология көздерінің негізгі әдістерін қолдануда, кәсіби ақпараттарды өңдеудің әртүрлі көздеріне ізденіс жүргізуде және оның ішінде қазіргі компьютерных жабдықтарды пайдалануда, желілік технологияларды қолданып деректер алуда білімін пайдалана алады.



P2

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

- ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі заңдылықтарды біледі;

- ҚР экологиялық кодексінің негізгі ережелерін біледі;



P6

P19






«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


- экология және тұрақты даму облысында ғылыми зерттеудің методологиясын біледі;

-табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласында нормативті құжаттармен, оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу барысын біледі;

- бақыланатын отырғын жағдайдың фактылармен және олардың себеп салдарларының байланысын жасай біледі


P21

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шет тілділік құзыреттілігі)

экология және тұрақты дамуды бағалау бойынша ғылыми - тәжірбиелік жұмыстарын жүргізу барысында нақты ақпараттар алу үшін мамандармен тіл табыса алады.

Р8

В

Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу.

Экология және тұрақты даму саласындағы құзыреттілік


-табиғи жəне антропогендік экологиялық үдерістерді анықтап, талдауы жəне олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжау істей алады

- биосфераның тұрақтылығын сақтау жəне адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дəстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуді істей алады;

- тірі организмдер мен қоршаған ортаның əсерлесу заңдылықтары туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты дамуын сақтау үшін қолдана білуді істей алады;

-экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге жəне алған білімдерін экологиялық мəселелерді шешу үшін пайдалануды істей алады;

- қоршаған орта нысандарына әсер ету мүмкіншілігі бар антропогенді факторларды анықтай алады;

- биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай – ақ, əртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдер жинақтауды істей алады.

;





Кәсіпкерлік құзыреттілігі

- табиғатты тиімді пайдалану, табиғатты қорғау мен аурудың алдын алу шараларын құрастыруда, тұрғындар сауаттылығын көтеруде, үгіт насихат жұмыстарынт жүргізуде білімін пайдалана алады.

Р7

«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

- экология және тұрақты дамуды бағалау бойынша ғылыми - тәжірбиелік жұмыстарын жүргізу барысында нақты ақпараттар алу үшін Интернеттен мәліметтер ала алады.

Р2

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

- ҚР экологиялық кодексінің негізгі ережелерін көрсете алады ;

- қоршаған орта нысандарымен жұмыс жүргізу үшін нормативті - құқықтық құжаттарды қолдана алады;

- экологиялық зерттеулер кезінде техникалық қауіпсіздікті көрсете алады;

-қоршаған ортаны қорғау саласында ҚР-ң заңдылықтарын тәжірибеде колдана алады;



Р19

Р19

«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


- ғылыми - тәжірбиелік жұмыстарда, қоршаған ортаның жағдай және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша нормативті құжаттармен жұмыс істей алады;

- әдебиет деректеріне шолу жасай алады;

- экологиялық зерттеулер жүргізу үшін заманауи құрал-жабдықтарды қолданады;

- қоршаған орта жағдайын бағалаудағы әдістерді жетілдіреді;

-ғылыми зерттеулер тақырыптарының өзектілігі мен жаңалығын түсінеді;

- таңдалған тақырыптар бойынша ғылыми конференцияларға қатысады;

-ғылыми зерттеулер тақырыптарының өзектілігі мен жаңалығын талқылайды;


Р21




«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі)

- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша өз ойын тұжырымдайды,

-қорытынды жасау үшін өзінің сыни ойларын білдіреді;

-қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша білімін көрсетіп, халық алдында сөйлей алады.

- -қоршаған орта факторлары мен халық денсаулығын бағалау бойынша өзінің ойын ұсынады;




Р27

С

Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу.

Экология және тұрақты даму саласындағы құзыреттілік

-- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану құжаттарының нормативті талаптарын және физикалық, химиялық факторлардың сапа көрсеткіштері негізінде қоршаған ортаны қорғау деректерін талдайды;

- әсер ететін тіршілік ортасы факторларының мәселелерін қоршаған ортаның нысандарының жағдайын анықтайды және олардан шығу жолдарын талдайды;




Р9

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

-экологиялық қауіпсіздікті сақтап, автокөлік пен өндіріс орынындағы жұмыстарды шектейтін нормативті құжаттарды дәлелдейді;

-қоршаған орта жағдайын бағалап дәлелдейді және жоспарлауды біледі;

- қоршаған орта жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды және жоспарлауды біледі.


Р17

«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

- экология және тұрақты даму саласында мәселелелерді шешу үшін ақпараттар алмасуда заманауи құралдады меңгерген.

Р10

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

-табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша негізгі заңдылықтарды біледі.

Р6

«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі

-өзінің ғылыми зерттеулер нәтижесін студенттерге дәлелдейді;
-қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша жүргізілетін тәжірбиенің жалпы қорытындыларын тұжырымдайды;

-« экология және тұрақты даму» атты тақырыпта өтетін ғылыми конференцияға қатысу үшін ғылыми доклад жазуда алған білімін қолданады.



Р21




«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі)

қабілетті: ұжымда жұмыс істеуге;

- өзінің көзқарасын нақты дәлелдеуге қабілетті;

- экология және тұрақты даму мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін шешудің жаңа жолдарын ұсынуға;


Р8


Д

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру



Экология және тұрақты даму саласындағы құзыреттілік


- PUBMED, MEDLINE,мәліметтер жинағынан экология және тұрақты даму, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша мағлұматтарды жанауды іске асырады;

- қоршаған орта нысандарынң ластану туралы өзінің жеке зерттеулер бағалау нәтижесін ұсынады;

-өз зерттеулерінің нәтижесін қорытындылай алады


Р26

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

- экология және тұрақты даму саласындағы ұйымдастыру – экономикалық аспектілерінің қызметін біледі;

- экологиялық зерттеулердің жалпы әдістерін біледі;

- қоршаған орта нысандар жағдайының сапасын болжай алады


Р27

«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

-мәліметтер базасынан тақырып бойынша материалдар жинайды;

-кәсіби қызмет саласында ақпаратты технологияларды меңгерген



Р2

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

  • - қоршаған орта нысандарының сапасын реттейтін нормативті-құқықтық құжаттарынан аргуметтерді тұжырымдайды;

  • - -«қоғам-табиғат» жүйесіндегі құқықтық қарым-қатынастарды және этиканың негізін түсіндіре алады

Р19

«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі

-« экология және тұрақты даму» атты тақырыпта өтетін ғылыми конференцияға қатысу үшін ғылыми докладтар мен статьяларды өдеу дағдыларын меңгерген;

-зерттеу саласында ғылыми нәтижелердің анализін, өзінің жеке пікірін бұқара алдында айта алады;

-өзінің жеке зерттеулер нәтижесін презентация, доклад түрінде ғылыми және студенттік конференцияларда ұсынуға қабілетті.


Р21







«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі)

- экология және тұрақты даму, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласында өзінің жеке пікірін білдіруге қабілетті


Р27

Е

Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Экология және тұрақты даму саласындағы құзыреттілік


PUBMED, MEDLINE, Web on science, Web on Knowledge берілген базалардан ақпараттарды хабарлай алады;

-өзінің жеке зерттеу жұмыстарын презентация түрінде мамандарға да, маман еместерге жеткізуге қабілетті;

-қоршаған орта жағадайы туралы мәліметтер алып, оны талдайды және қоршаған орта нысандарын зерттейді


Р17

Кәсіпкерлік құзыреттілігі



-табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жаңа заңды құжаттар туралы мәліметтерді хабарлайды;

- мамандарға да, маман еместерге де табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жаңа заңды құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы ақпараттарды хабарлайды;



Р27

«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

-қоршағант орта жағдайын жақсарту мәселелері бойынша мәліметтерді ақпараттар технологиялары арқылы хабарлайды

Р10

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау сапасын реттейтін

Р6


«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі

-қоршаған ортаны қорғау мен халық денсаулығын жақсарту үшін қажетті оқулықтармен арнайы анықтамаларды және ғылыми ақпараттарды талдайды;

- қоршаған ортаны қорғау мен халық денсаулығын жақсарту бойынша алынған ақпараттарды хабар-лайды және қорытын-дылайды;

-зерттеу саласы бойынша жүргізілген ғылими зерттеулерді талдап, өзінің жеке ойын ұсынады;

- алынған зерттеу нәтижелерін презентация, доклад түрінде рәсімдеп, ғылыми және студенттік конференцияларда ұсынада.



Р21

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі)

-зерттеу саласы бойынша ақпараттарды жинақтап, талдап, бұқара алдына шығып ұсынуға қабілетті;

- ғылыми зерттеулерді жүргізу мен жоспарлау бойынша өзінің шеберлігі мен білімін студенттерге, оқытушыларға, экзаменато-рларға жеткізуге қабілетті;

- бақыланатын деректер мен фактлерді және олардың себеп-салдарының қарым-қатынасын түсіндіреді


Р26




Оқытудың дербес зейінін әрі қарай жалғастыру





-медициналық экология

-микробиология

-патологиялық физиология

- қоршаған орта және халық денсаулығы

- жалпы гигиена





Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде қайта қаралған және мақұлданған

«19 » 05.2014ж № 11 хаттама
Кафедра меңгерушісі, профессор м.а: Б.З. Долтаева
ОІБК сарапшысымен тексерілді: Б.О. Торланова

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы

СИЛЛАБУС



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет