Фармацевтика академиясы



бет6/12
Дата05.07.2016
өлшемі1.35 Mb.
#180100
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бақылау - сұрақтар:




    1. Биосфераның тірі заттары дегеніміз не?

    2. Атмосфераның озон қабаты қандай қызмет атқарады?

    3. Ноосфера дегеніміз не?

    4. Биосферадағы үлкен айналым (геологиялық) қалай жүреді?

    5. Биферадағы костық заттарға не жатады?

    6. Оттегі айналымы қалай жүреді?

    7. Фосфор айналымы қалай жүреді?

    8. Күкірт айналымы қалай жүреді?

    9. Биосфера эволюциясы дегеніміз не?

5

1.Тақырыбы : Табиғат және қоғамның стратегиялық өзара қатынасы, Тұрақты дамуға өту концепциясы.

2.Мақсаты: табиғаттың жəне қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты: студенттердің экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың жəне тұрақты дамудың күрделі жəне шиеленіскен мəселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті жəне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тұрақты даму ұғымдары туралы түсінік.

2. Табиғатты қорғау туралы ұғымдар.

3. Табиғатты қорғауда халықаралық ұйымдардың қызметі.

4. 1992 жылы БҰҰ-ның конференциясында қабылданған бағдарлама.

5. «ҚР экологиялық қауіпсіздік» концепциясы.


5.Білім берудің және оқытудың әдістері: Дөңгелек үстел

«Дөңгелек үстел» әдісінің өткізілуі

Жұмысқа қажетті заттар.


  1. Терілген сұрақтар және жағдайлық тапсырмалар жеке-жеке қағазда.

  2. Жеребе сандармен, студенттердің санына байланысты.

  3. Таза қағаз, қаламсап.

Жұмыс барысы:

  1. Студенттер 3 топқа бөлінеді жеребе арқылы, әр топшада 4 студенттен болу керек.

  2. Әр топ жеке-жеке отырады, таза қағаз қаламсап алып

  3. Қағазда күнді, топтың санын, факультетін топтау құрамындағы студенттер аты, жөні. Тобына ат қояды.

  4. студент конверттен сұрақ және жағдайлық тапсырманы алады, тапсырма деңгейі бірдей болу керек.

  5. Студент өзінің тапсырмасын жазады.

  6. Айнала қағазды жібереді.

  7. Әр студент өзінің жауабын жазып келесіге жібереді.

  8. Әр студент жауабына 3 минут кетеді.

  9. Уақыт біткенде оқытушыға береді.

  10. Барлық қатысушы дұрыс келетін жауабын талқылау барысында береді.

  11. Талқылауға 15 минут кетеді.

  12. Студент дұрыс жауапқа бал алады рейтинг балына қойылады.

  13. Студент алған балы есептеліп сабаққа қойылатын балды шығарады.

  14. Журналдың төмен жағына ойынды белгілейтін топ басшы қол қояды.

  15. Студент жұмыстары оқытушыда сақталады.


7. Әдебиеттер:

  1. Асқарова Ұ.Б Экология және қоршаған ортаны қорғау - Алматы 2007

  2. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы , 2003ж.

  3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

  4. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

  5. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.

  6. Экологиялық Білім туралы концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  7. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  8. Экологиялық кодекс ҚР, Астана 2007 г.


7. Бақылау - тест:

1. Тұрақты даму ...

а) қоғамның үздіксіз, уақыттық, қалыпты дамуы.

б) қоғамның өндірістік дамуы.

в) өркениеттің үздіксіз дамуы.

г) адамзаттың қалыпты дамуы өсіп-өнуі.

д) өркениеттің үздіксіз, уақыттық дамуы.



2. Қоғамды тұрақты дамытуда қажет ...

а) адамдардың сана-сезімін, адамгершілігін өзгерту.

б) қоғамды өндірістік өзгерту.

в) адамзат қоғамын қалыптастыру.

г) адамзаттың қалыпты дамуы өсіп-өнуі.

д) өркениеттің үздіксіз, уақыттық дамуы



3. «Тұрақты даму» концепциясы ... ұсынылды.

а) 1987 жылы

б) 1988 жылы

в) 2001 жылы

г) 1990 жылы

д) 1997 жылы



4. 1992 жылы БҰҰ-ның конференциясында қабылданған бағдарлама ... деп аталады.

а) «Тұрақты даму», «ХХІ ғасырдың күн тәртібі»

б) «Атмосфераны қорғау»

в) «Тұрақты даму», «Халық және тұрақтылық»

г) «Адам және биосфера»

д) «Су кодексі», «Радиациялық қауіпсіздік»



5. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыты ... болып табылады.

а) халық және тұрақтылық, жер ресурстарын тиімді пайдалану

б) халықты сапалы тамақпен қамту

в) халықты тұрғын үймен қамту

г) жер ресурстарын шексіз пайдалану

д) жер ресурстары халық қажетіне пайдалану



6. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыты ... болып табылады.

а) ормандарды жоюмен күрес

б) халықты тұрғын үймен қамту

в) орман зиянкестерімен күрес

г) халықты сапалы тамақпен қамту

д) арамшөптермен күрес



7. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыты ... болып табылады.

а) халық денсаулығын сақтау және жақсарту

б) халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту

в) халықты тұрғын үймен қамту

г) СӨС қалыптастыру

8. «ҚР экологиялық қауіпсіздік» концепциясы ... қабылданды.

а)1996 жылы

б) 1998 жылы

в) 1994 жылы

г) 1999 жылы

д) 1995 жылы



9. ҚР экологиялық қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаты мен міндетіне ... жатады.

а) білім мен тәрбие беру жүйесін дамыту

б) орта білім беру жүйесін тереңдете дамыту

в) жастарды отан сүйгіштікке баулу

г) экология пәнін дәріптеу

10. Экологиялық білім беру дегеніміз - ...

а) әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру.

б) жоғарғы білімдерді меңгеру.

в) әр түрлі деңгейдегі экономикалық білімдерді меңгеру.

г) көп салалы білімдерді меңгеру.

д) әр түрлі деңгейдегі гигиеналық білімдерді меңгеру.



11. Білім беру жүйесін экологизациялау дегеніміз ...

а) экологиялық ой, ұғым, қағидаларды басқа пәндерге енгізу.

б) адамгершілік ұғым мен қағидаларды басқа пәндерге енгізу.

в) экономикалық ой, ұғым, қағидаларды басқа пәндерге енгізу.

г) экологиялық мәдениет ұғымын қалыптастыру және енгізу.

д) гигиеналық ұғым, қағидаларды басқа пәндерге енгізу.



12. Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты ...

а) табиғатқа деген жауапкершілікті қамтамасыз ету.

б) қоғамға деген жауапкершілікті қамтамасыз ету.

в) халық денсаулығына деген жауапкершілікті қамтамасыз ету.

г) өз денсаулығына деген жауапкершілікті қамтамасыз ету.

д) экология пәнін дәріптеу.

6

1.Тақырыбы: Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу мәселесі. Қоршаған орта жəне тұрғындардың денсаулығы.

2. Мақсаты: Студенттерді адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасынмен таныстыру, сонымен қатар қоршаған орта жəне тұрғындардың денсаулығын қарастыру.

3. Оқыту мақсаты: табиғи ресурстардың алатын орнын, табиғи ресурстардың түрлерін, табиғи ресурстарды қоғамның тиімді пайдалануды; биосфера компоненттерінің өзара əсерлесу заңдылықтары жəне адамның шаруашылық əрекеттерінің, əсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Табиғи ресурстар және олардың сипаттамасы.

2. Табиғи ресурстар және олардың түрлері

3. Қоршаған орта туралы түсінік.

4. Табиғатты пайдалану, оның түрлері.

5. Жердің табиғи қорлық потенциялы.

6. Жердің табиғи қорлық потенциялына адамның әсері.

7. Шексіз даму заңының маңызы.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Бұрышты пікір-талас.

Пікірталастың ережелері.

-спикер сөйлегенде, оның сөзін бөлмеу керек;



- қарсы жақтың көзқарасына жағымсыз тұрғыдан сын және пікір айтпай, тек олардың көзқарасын айқындайтын сұрақ қана қоюға болады.

  1. Оқытушы тақырып бойынша екі немесе одан да көп баламалы шешімдері бар проблеманы анықтап, оларды жариялағаннан кейін студенттерді шағын топ құрамында осы мәселені «Ой қозғау» тәсілін қолдана отырып талқылауды ұсынады.

  2. Оқытушы студенттерге көқарастардың бірін таңдап, үш минут ішінде ұстанған позицияларды дәлелдейтін аргументтерді жазуды тапсырады.

  3. Бірінші көзқарасты ұстанған студенттер аудиторияның бір бұрышына, басқа пікірді жақтағандар бөлменің екінші бұрышына барып тұрады.

  4. Оқытушы талқыланып жатқан проблема бойынша алдын-ала мәтінді студенттерге таратып береді. Студенттер әр шағын топта мәтінді өзара бөліп, олардың позияциясын қуаттайтын дәлелдер іздейді. Әр топтан 1-2 студент осыдан кейінгі пікірталаста топ пікірін білдіретін спикер болып таңдалады.

  5. Топтарға кезекпен сөз беріледі. Спикерлер өз топтарының атынан 1-2 минут аралығында позицияларын айқындайды.

  6. Енді сөз топтардың басқа да мүшелеріне беріліп, олар пікір таласқа араласа алады. Топтарды пікірталасқа ынталандыру үшін оқытушы тарапынан студенттерге келесідей сұрақтар қойған орынды: «Неліктен бірінші топтың мүшелері үшінші топтың көзқарасын қабылдамады?», «Сіздер екінші топтың қандай пікірімен келіспейсіздер?», «Неліктен бірінші топтың студенттері сіздерді өз көзқарасына иландыра алмады?», «Неліктен сіздер өз позицияларыңызға өзгеріс енгізбедіңіздер (енгіздіңіздер)?»

  7. Пікірталас кезінде студенттер өз көзқарастарын өзгертіп, басқа топтарға ауыса алатындығын ескерту керек. Оқытушы тіпті студенттерді пікірлерін ауыстыруға ынталандыруы керек. Бұл жәйт олардың ойлану жұмысына қызу түрде қатысқандығын және ойлау икемділігін көрсетіп, топтың басқа мүшелерінің жауапкершілігін көтереді: олар жақтастарынан айырылып қалмау үшін пікірталаста дәлелді болуға тырысады.

  8. Пікірталас соңында әрбір топқа өз позициясын қысқа түрде (1 минут) басқалардың алдында ауызша тұжырымдау мүмкіндігі беріледі. (спикер сөйлеп болған соң оларға сұрақтар қойылмайды).

9. Пікірталас аяқталғаннан кейін оқытушы әрбір студентті өз ұстанымын эссе түрінде жазуды тапсырады.
6. Әдебиеттер:

  1. Асқарова Ұ.Б Экология және қоршаған ортаны қорғау - Алматы 2007

  2. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы , 2003ж.

  3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

  4. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

  5. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.

  6. Экологиялық Білім туралы концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  7. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  8. Экологиялық кодекс ҚР, Астана 2007 г.

7. Бақылау – сұрақтар:

1. Табиғи ресурстар дегеніміз не? .

2. Сарқылатын және сарқылмайтын табиғи ресурстарды атаңыз?

3. Табиғатты пайдалану дегеніміз не? Оның түрлерін атаңыз.

4. Ресурстармен қамтамасыз ету дегеніміз не?

7



1.Тақырыбы: Қазіргі заманның əлемдік экологиялық проблемалары бойынша халықаралық конвенциялар мен келісімшарттар. Қоршаған орта жəне тұрғындардың денсаулығы.

2.Мақсаты:студенттерді қазіргі заманның əлемдік экологиялық проблемалары бойынша халықаралық конвенциялар, келісімшарттармен таныстыру.

3. Оқыту мақсаты: əртүрлі мемлекеттердегі тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы жəне практикалық міндеттеріі туралы заманауй түсініктерді қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Халықаралық конвенциялардың және келісімшарттардың мақсаты мен міндеті.

2.Қазіргі заманның əлемдік экологиялық проблемалары бойынша халықаралық конвенциялар мен келісімшарттардың зерттеу нысандары.

3. БҰҰ-ның мың жылдық даму жолдары.

4. Халықаралық конвенциялар мен келісімшарттардың маңызы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Жұптасып жұмыс жасау

1. Жұптасып жұмыс жасау барысында студенттер өз ара бірігіп, берілген тапсырманы орындайды.

2. Дұрыс жауап берілмеген сұрақтар талқыланады.


  1. Студенттер жауаптары баллмен бағаланады.

1. Тапсырма.

1. БҰҰ қоршаған орта саласындағы Бағдарламасы.

2. Халықаралық заңгерлер ұйымы.

3. Экологиялық саясат ұғымын қалай түсінесіз?

4. Мемлекеттердің заңнамасына не кірмейді?

2. Тапсырма.

1. Білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы БҰҰ бағдарламалары.

2. БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы.

3. Экологиялық қауіпсіздік ұғымын қалай түсінесіз?

4. Мемлекеттердің заңнамасына не кіреді?
3. Тапсырма.

1. Бұкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы.

2. Халықаралық экологиялық сот.

3. Экологиялық дағдарыс ұғымын қалай түсінесіз?

4. Қазақстанның халықаралық ұйымдардың арасында алатын ролі қандай?

4. Тапсырма.

1. Бұкіләлемдік метеорологиялық ұйым.

2. Бұкіләлемдік табиғат қорғау қоры.

3. Экологиялық апат ұғымын қалай түсінесіз?

4. ХХ ғасырдың күн тәртібінің негізгі бағыттары.
5. Тапсырма.

1. Халықаралық еңбек ұйымы.

2. Бұкіләлемдік табиғат хартиясы.

3. Экологиялық білім беру ұғымын қалай түсінесіз?

4. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік.

6. Әдебиеттер:


  1. Асқарова Ұ.Б Экология және қоршаған ортаны қорғау - Алматы 2007

  2. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы , 2003ж.

  3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

  4. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

  5. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.

  6. Экологиялық Білім туралы концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  7. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  8. Экологиялық кодекс ҚР, Астана 2007 г.


7. Бақылау – сұрақтар:

1. ХХ ғ маңызды экологиялық форумы туралы не білесіз? Рио-де-Жанейро қаласындағы 1992 ж. конференциясы?

2. Неге халықаралық ұйымдар бірлесуі мемлекеттердің экологиялық стратегиясының шешуші кілті болып табылады ?

3. Экологиялық саясат ұғымын қалай түсінесіз?

4. ХХ ғасырдың күн тәртібінің негізгі бағыттарын атаңыз?

8.



1. Тақырыбы: Қазақстан Республикасының ерекше қорылатын табиғи территориялары. Қоршаған ортаның сапасы жəне тұрғындардың денсаулығы.

2. Мақсаты: Қазақстан Республикасының ерекше қорылатын табиғи территорияларымен танысу.



3.Оқыту мақсаты: Қазақстан Республикасының ерекше қорылатын табиғи территорияларының қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптері туралы түсініктеме беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ерекше қорылатын табиғи территориялар.

2. Ерекше қорылатын табиғи территориялардың түрлері.

3. Қазақстан Республикасының қорықтары.

4.Қазақстан Республикасының ерекше қорылатын табиғи территорияларын қорғау.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Викторина «Табиғат лабораториясы».

Кіші топпен жұмыс. Топ екі топшаға бөлініп, берілген ұяшықтарды таңдайды. Топтарға таңдаған балл деңгейлеріне қарай сұрақтар қойылады. Ең көп балл жинаған топ жеңімпаз атанады.



Қорықтар

20

30

40

50

Ұлттық табиғат парктері

20

30

40

50

Табиғи қорықшалар

20

30

40

50


6. Әдебиеттер:

  1. Асқарова Ұ.Б Экология және қоршаған ортаны қорғау - Алматы 2007

  2. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы , 2003ж.

  3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

  4. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

  5. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.

  6. Экологиялық Білім туралы концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  7. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  8. Экологиялық кодекс ҚР, Астана 2007 г.

9.



1. Тақырыбы: “Үшінші əлем” мәселелері. Мешеуліктен құтылу - тұрақты дамудың өзекті мəселесі.

2. Мақсаты: “Үшінші əлем” проблемалары мен тұрақты дамудың өзекті мəселесін оқып үйрену.



3.Оқыту мақсаты: студенттердің экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың жəне тұрақты дамудың күрделі жəне шиеленіскен мəселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті жəне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ғаламдық экологиялық мәселелер.

2. «Парниктік» немесе «жылулық» эффект мәселесі.

3. Озон мәселесі.

4. Қышқылдық жауын-шашындар мәселесі.

4. Лондондық және Лос-Анжелестік тұманды түтіндер .

5. Тұрақты дамуға жетудің стратегиялық жолдары.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:Іскерлік ойын. «Әлсіз топ »

«Әлсіз топ» ойынын өткізу методикасы.

Ойынға қажетті құралдар:

1.Тақырып бойынша сұрақтар.

2. Жеребе сандармен, студенттердің санына байланысты топқа бөлінеді.

3.Секундомер.

Жұмыс барысы:

1.Ойынды оқытушы және студенттер арасынан көмекші жүргізеді.

2.Көмекші қағазға күнді, топ номерін, студентер тізімін жазады.

3.Оқытушы сұрақтар жиынтығынан студенттерге сұрақ қояды.

4.Студент 5 секунд ішінде жауап беруі қажет.

5.Оқытушы «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деген сөздермен бағалайды. Дұрыс емес болса, жауабын өзі айтады.

6. Көмекші студент фамилиясының жанына «+», «-» белгілерін жауаптарына қарай қояды.

7. Студенттер 2 турдан өтеді.

8. 2 турдан кейін сұрақ қою тоқтатылады, студенттер ішінен 2 «-» алғандар ойынан «Әлсіз топ» түрінде шығады.

9.Ойын жаңа бағытта қалған студенттермен жалғастырылады. Оларға тағы жаңа тур сұрақтары қойылады. Осы ойында тағы 2«-» алғандар ойынан шығады.

10. Ең көп сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушы анықталады.

11. Әр бір фамилия жанындағы белгілеріне қарай, оқытушы студент қай турда ойынан шыққанын және «Әлсіз топ» болғанын анықтайды.

12. Ойын балл немесе баға түрінде бағаланады.
6. Әдебиеттер:


  1. Асқарова Ұ.Б Экология және қоршаған ортаны қорғау - Алматы 2007

  2. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы , 2003ж.

  3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

  4. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

  5. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.

  6. Экологиялық Білім туралы концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  7. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  8. Экологиялық кодекс ҚР, Астана 2007 г.



7. Бақылау – сұрақтар.

1. Атмосфералық ауаны ластайтын негізгі көздерді атаңыз?

2. Ыс, тұман, шаң қосындысы қалай аталады? Қандай экологиялық зардаптарға әкеледі?

3. Атмосфераның ғаламдық ластануының экологиялық зардаптары қандай?

4. Қышқылдық жауын-шашындар қалай пайда болады? Табиғи экожұйелерге қалай әсер етеді?

5. Неге озон қабатының жүқаруы Жердің маңызды экологиялық мәселесі болып табылады?

6. Көлдердің қышылдануы дегеніміз не?

7. Парниктік газдар қалай пайда болады?


10.

1. Тақырыбы: Өмір шындығы жəне тұрақты дамуды қамтамасыз етудің ықтимал уақыт кезеңдері.

2. Мақсаты: студенттерді өмір шындығы жəне тұрақты дамуды қамтамасыз етудің ықтимал уақыт кезеңдерімен және экологиялық тәрбиемен мен білім беру туралы оқып ұйрену.



3.Оқыту мақсаты: табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. «Тұрақты даму» түсінігі.

2. Тұрақты дамуға жетудің стратегиялық жолдары.

3.Экологиялық білім беру, тәрбие және мәдениет.

4. Қоғамдық экологизациялау.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Мәселелік семинар.

Мәселелік семинар сабағы құрылымының үлгісі.

Мәселені айқындау кезеңі.

Сабақ барысында оқытушы студенттерге талқыланатын мәселелерді ұсынып, сол мәселе бойынша білімдерін, пікірлері мен көзқарастарын анықтау мақсатында оларға тапсырмаларды орындауды ұсынады.



Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде студенттер жазғандарымен бөлісіп, талқылау ұйымдастырады, өз ойларын толықтырады, өзгерту енгізеді. Топтық талқылау нәтижесінде студенттер бәріне ортақ бір шешімге тоқтауы керек.

Жариялау.Кезекпен әр топ спикері топ тұжырымдарын ауызша жария қылады.

Қорытындылау. Мәселе бойынша бүкіл аудиторияда келтірілген деректер мен мәселелердің қысқаша тізімі тақтаға жазылады.

Негізгі мәселені айқындау.Тақтаға жазылған тізім ішінен студенттер оқытушының ұйымдастыруымен ең өзекті мәселені таңдайды /мәселенің бірнешеуі болуы мүмкін, мұндай жағдайда әр топ жеке мәселені қарастыру ісімен шұғылданады.
Қарастырылатын мәселелер

1. Экологиялық тәрбие және білім беру.

2. Тұрақты дамуға жетудің стратегиялық жолдары.

3. Антропоцентризм және экоцентризм.


6. Әдебиеттер:

  1. Асқарова Ұ.Б Экология және қоршаған ортаны қорғау - Алматы 2007

  2. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы , 2003ж.

  3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

  4. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

  5. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.

  6. Экологиялық Білім туралы концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  7. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы ҚР. Астана, 2002.

  8. Экологиялық кодекс ҚР, Астана 2007 г.


7. Бақылау – сұрақтар.

1. Ноосфералық жаңаша ой сананың мәні неде?

2. Экоцентризм дегеніміз не?

3. Биосфералық этиканың негізгі принципиері қандай ?

4. Экологиялық білім беру, тәрбие және мәдениет дегеніміз не?

5. Коэволюция дегеніміз не?



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет