Иллюстрациялы материалдар: презентация
Әдебиет:
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің мәдениеті және экономикасы.
Ежелгі Мысыр, Қытай, Үндістан елдерінде фармацияның дамуы.
Ежелгі Шығыс елдерінде алғашқы дәрі –дәрмектердің пайда болуы.
Тақырыбы №5-6: Көне дүниедегі фармация
Мақсаты: Студенттерге көне дүниедегі елдерге Ежелгі Греция және Римде медицина және дәрістанудың даму кезеңдерін анықтап, атақты ғалымдар Гиппократ, Гален сияқты еңбектерімен таныстыру.
Дәріс тезистері:
Көне дүние мемлекеттері Греция және Ежелгі Рим халықтары жерорта теңізі жағадауларын мекендеген. Тарихи және дәрілік көздері ескерткіштерден, археология мәліметтерінен, этнографиядан алынған. Грек мифологиясының бастамасы Эгей теңізі бассейіні халықтарының мыңжылдық тарихында жатыр. Грек тілдік дәстүрлері б.э.д. II мыңжылдықта өте жоғары дәрежеде гүлдене түсті. Ежелгі Грецияда құдайларды атропимморфины ойларды:
Оларды адам түрінде елестетіп, барлық адамдық қасиеттерді оларға бөлді. Эллада б.э.д. VІІ э.э Асклепия емдеуші құдай ретінде танылды. Ол Трояндық соғыс кезінде дарынды дәрігершілік жасаған Рессали хан мен жанұялық дәрігершілік мектептің басшысы Асклепий болуы мүмкін деген болжамдар айтады. Грек мифологиясында Асклепий –Апполон, күн сәулесі, ән мен поэзия және құдайлар емшісі және емшілері құдайдың баласы. Аңыз бойынша Асклепийді әкесі өлім аузында жатқан анасының құрсағынан Апполон кесіп алған. Оған дәрігершілікті әкесі тәриелеуге тапсырған Кентров Хирон үйреткен. Уақыт өте келе ол өзінің ұстазына өзінің науқастарды емдеп қана қоймай, өлгендерді де тірілте алатын болды. Ол Қос билеушісінің қызына үйленеді, кейін осы қала Ежелгі Грецияның медицина білімінің орталағының бірі болып есептелінеді. Осы жерде асклепидтер тегі дамыды. Қоста туылған Гиппократта өзін оның ұрпағымын деп санаған. Асклепийдің балаларының ішінде: Гигиея –денсаулық құдайы, барлығын емдеуші Панакея –дәрімен емдеудің қолдаушысы, Махаон –атақты әскери хирургі, Подалирий –ішкі ауруларды емдейтін болған. Аналитикалық аңыздарда Асклепийдің атрибуты болып, ежелгі заманда ақылдылық белгісі болып есептелген жылан болған. Асклепийді қолында жылан оралған таяғы бар етіп бейнелесе, Гигияны әдемі әйел ретінде, басында диадемасы, кесемен қоректендіріп тұрған жыланы бар ретінде бейнелеген. Осыдан жылан оралып тұрған кесеше медицина ғылымының негізгі таңбасы болып есептеледі. Ежелгі Грацияның тарихы полистік кезеңі медицина тархында маңызды 2 көрініспен белгіленеді:
б.э.д. VІ ғ. ежелгі грек фолософиясының құрылуы.
Шіркеулік емдеушілердің болуы.
Гиппократ туралы алғашқы биографиялары ол қайтыс болғаннан кейін бірнеше жүзжылдықтар өткен соң жазылды. Б.э.э.д. 300 жуық дейін жазылған барлық медициналық жазбалар «Гиппократ жинағына» біріктірді. Көптеген зерттеушілер бұл жинақтағы «Афоризмдер», «Трогностика», «Эпидемиялар», «Ауа, су, жер туралы», «Сынақтар туралы», «Бас жарақаттары туралы», «Ежелгі медицина туралы» және еңбектер Гиппократтікі деп есептейді.
«Гиппократ жинағында» сонымен бірге тіс және ішек аурулары туралы да жазылған. Оларды емдеу үшін наркотикалық дәрілік заттарды, шөп тұнбаларымен шаю, қайнатпалармен шаю, тырыстырғыш дәрілік заттарды қолдану туралы да жазылған. «Гиппократ жинағы» классикалық кезеңнің медициналық ежелгі грек еңбектерінің энциклопедиясы болып табылады. Онда 250 өсімдік және 50-жануар текті дәрілік заттар көрсетілген. «Гиппократ жинағында» дәрігерлік этикаға қатысты 5 шығарма бар, олар «Акт», «Заң», «Дәрігер туралы» , «Ізгілікті қарым –қатынас туралы» және «Бұйрықтар». Ежелгі Грецияның медицина тарихында алатын орны өте көлемді. Сол кездегі дәрігер беретін Гиппократтың анты қазіргі кездегі медицина саласындағы оқу орнында беріледі. Грецияның сол кездегі атақты дәрігерлері тапқан жаңалықтары қазіргі кезде де медициналық практикада кеңінен қолданылады.
Ежелгі Рим мемлекеттеріндегі дәрітану.
Ежелгі Рим елендегі дәрітанудың дамуы емші, дәрігер, тәнтанушы Клавдия Галенмен (131-201 б.э.д.) байланысты. Ол емдеу тәжірибесінде «ұқсасты ұқсастықпен», «қарама –қарсыны қарама -қарсылықпен», «табиғатқа көмектесу» принциптерін алға қойды. Гален науқастарды емдеуге әсер етуші элементтерді өсімдіктерден, миниралды заттардан бөліп шығару әдістерін қолданды. Гален өзінің еңбектерінде ұнтақтардың, жағар майлардың, пластырлердің, термактердің, бастырмалардың дайындау жолдарын көрсеткен. Римде өзінің дәріханасында осы дәрілерді дайынлаумен айналысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |