Әдебиет:
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Орта ғасрдағы фармация мен дәрітанудың ерекшеліктері.
Атақты ғалым, дәрігер Авиценна
Швед ғалымы Парацельстің еңбектері.
Орта ғасрдағы Қазақстан жерінде медицинаның дамуы.
Тақырыбы №9-10: XVIII-XIX ғ.ғ. аралығындағы фармация
Мақсаты: Студенттерге XVIII ғасырдың аяғында XIX ғасырдың басынеда фармацияның даму ерекшеліктерімен таныстыру.
Дәріс тезистері:
Адамзаттардың даму тарихында жаңа дәуір немесе «Жаңа тарих» кепілді түрде 17 ғасырдың екінші жартысынан 1918 жылға дейін деп саналады. Себебі осы уақыт аралығында капиталистік өарым –қатынас қалыптасып дамыған. 1640 жылы Англияда буржуазиялық төңкеріс болған. Бұл оқиғы бүкіл Батыс Еуропада феодалдық қоғамның ыдырауының бастамасы болған. Еуропада XVI- XVII ғасырда феодалдық қоғамда бірнеше ревелюциялық өзгерістердің нәтижесінде капиталистік қарым –қатынас пайда бола бастады.
1756 ж. Ломоносов М.В. (1711-1765) орыс ғалымы. Заттар массасының химиялық реакцияларда сақталу заңын ашты.
1859 ж. Чарльз Дарвин (1809-1882) ағылшын биологы, Петербург ғылым академиясынның шетелдік корреспондент –мүшесі (1867) Эвалюциялық ілім.(Өмірүшін арпалысуда іріктелген тұқымды сақтау немесе табиғи сұрыптау жолында түрлі тұқымның пайда болуы).
1863. Сеченов Иван Михайлович (1829-1905) орыс физиологі және психологі. «Бас миының рефлекстері», «Психологиялық негіздерді енгізу».
1869 Менделеев Дмийтрий Иванович (1834-1907) орыс химигі. Химия элементтерінің мезгілдік заңын ашқан және элементтердің мезгілдік жүйесін жасаған.
1839 ж. Шван, Теодар (1810-1882) неміс зоологі және физиологі. өсімдіктердің және жануарлардың жасушалалық құрамы туралы ілімді негіздеген.
1895 Рентген Вильгеном Конрад (1845-1923) неміс физигі. Сәулеленуді ашқан, кейін оның атымен Рентген сәулесі делінген.
1898 ж. Склодовская –Кюри, Мария (1867-1934) пляк физигі. Пьер Кюри (1859-1906) француз физигі нобель сылығының лауреаты (1903).
1866 жылы Тольский Никонай Алексеевич Мәскеуде алғаш рет балалар клиникасын ашты.
XIX ғасырдың 60 жылдары Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. Бұл кезде 1861 жылғы буржуазиялық реформа және соған байланысты Ресейде капитализмнің одан әрі дамыған тұсы болды. 1867-1868 жылдары реформаларға сейкес Қазақстанның бүкіл тарихында тұңғыш рет халыққа қызмет көрсету үшін ояз дәрігерлерінің ояз фельшерлері мен әйелдер босандыратын мамандар қызметі енгізілді. Бұл реформа денсаулық сақтау саласында айтарлықтай елеулі құблыс болды. Ояздық дәрігерлер, ояз фельшерлері мен әйелдер босандыратын мамандар қызметі енгізілуі Қазақстанда азаматтық медицинаның негізі қаланғанын көрсетеді. Қазақстанда медицинаның дамуының келесі кезеңі Ресейде Земстволық медицинаның қалыптасуымен байланысты. XIX ғ. екінші жартысынан бастап Қазақстан аймағында земстволық медицинамен бірге, қоныс аударылғандарға көмек көрсететін тағы бір ұйым қалыптаса бастады. Бұл 1861-1863 жылдары орыс деревнясының күйрей бастауына байланысты болды. XIX ғасырдың 70 жылдары Қазақстанға орыс шаруалары ауып келіп, қоныстана бастады. Ал 1906 жылғы столыпиндық жер реформасына байланысты қоныс аударулар саны қауырт өсіп кетті. Қазқстанда қоныс аударғандарға арналған медицина ұйымының пайда болуы 1902-1905 жылдары. 1902 жылы фельдшерлік пунктер, ал 1905 тжылы дәрігерлік және дәрігерлік азық түлік пунктері құрыла бастады. Қазастанда медицналық қызметтің негізгі жүйесі көшпелі болған, ал емдеу қызметі амбулаторлық негізінде жүргізілген.
XIX ғасырдың ортасынан бастап Еуропада, оның ішінде біздің жерімізбен іргелес Ресейде биология мен медицина ғылымы домын аурулардың көп тараған түр –түрлеріне анықтала бастады. Осыған байланысты сол кезеңдерде әрісесе, XX ғасырдың басында медицинада қазақ тілінде аударма кітапшалар басылып шыққан. Осы мәліметтерге арқа сүйене отырып қазақ жерінде көп тараған аурулардың түрлерін және емдеу жолдарының қандай болғанын білуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |