Фармакология 3 курс фарм



бет7/23
Дата09.06.2016
өлшемі3.86 Mb.
#124856
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




№77

Бензодиазепиндер тобына жататын ұйықтатқыштардың барбитураттардан артықшылықтары:

1



Ұйқы құрылымын аз дәрежеде бұзады, емдік әсер кеңдігі кең, бауырдың микросомалды ферменттерінің белсенділігіне аз әсер етеді

2



Бауырдың микросомалды ферменттеріне айқын әсер етеді, емдік әсер кеңдігі тар

3



Дәріге тәуелділік және бейімделу шақырмайды

4



Ұйқы құрылымына айқын әсер етеді

5



Бензодиазепиндердің негізгі сипаттамалары бойынша барбитураттардан айырмашылығы жоқ




№78

Наркотикалық емес анальгетиктердің анальгетикалық әсерінің механизмі:

1



ОЖЖ нің опиоидты рецепторларына әсер етеді

2



ЦОГ тежейді, простагландиндердің синтезін тежейді

3



Ауру сезімі импульстерінің түзілуін және олардың жұлын мотонейрондары деңгейінде өтуін тежейді

4



Фосфолипазаны тежеу, простагландиндер мен лейкотриендердің өндірілуін азайтады

5



Гистаминдік рецепторларды белсендіреді




№79

Салицилаттар тобына жататын наркотикалық емес анальгетиктердің жанама әсерлері:

1



Диспепсиялық құбылыстар, АІЖ ойық жаралары, геморрагиялар, құлақтағы шу, естудің нашарлауы

2



Диспепсиялық құбылыстар, АІЖ ойық жаралары, геморрагиялар, ісінулер, аллергия, лейкопения, агранулоцитоз

3



Ұзақ уақыт және үлкен дозада қолданғанда нефротоксикалық және гепатотоксикалық әсер көрсетеді

4



Тыныс алу орталығын тежейді, тыныштандырғыш әсер көрсетеді және обстипация шақырады

5



Тамырқозғалтқыш орталығын тежейді




№80

Анальгетикалық белсендігі бар орталық әсерлі опиоидты емес препарат:

1



Клофелин

2



Омнопон

3



Морфин

4



Фенобарбитал

5



Дифенин




№81

Анальгетикалық белсенділігі жоғары және қысқа уақыт әсер ететін наркотикалық анальгетик:

1



Фентанил

2



Ацетилсалицил қышқылы

3



Парацетамол

4



Буторфанол

5



Промедол




№82

Паркинсонизм кезінде қолданылатын леводопаның емдік әсері байланысты:

1



Дофаминдік рецепторлардың белсенуіне

2



Дофаминнің нейроналды қайта ұсталуының тежелуінің күшеюіне

3



Дофаминге айналу қасиеттеріне

4



ОЖЖ-дегі холинергиялық үрдістердің белсенуіне

5



ОЖЖ-дегі холинергиялық үрдістердің тежелуіне




№83

Опиоидты рецепторлардың агонист-антагонисттері:

1



Буторфанол, Пентазоцин

2



Промедол, Просидол

3



Фентанил, Трамадол

4



Омнопон, Морфин гидрохлориді

5



Налоксон, Налтрексон




№84

Гетероарилсірке қышқылының туындысы:

1



анальгин

2



кеторолак

3



ацетилсалицил қышқылы

4



парацетамол

5



индометацин




№85

Созылмалы алкоголизмді емдеу үшін қолданылады:

1



Тетурам

2



Фенобарбитал

3



Нитразепам

4



Кетамин

5



Натрий оксибутираты




№86

Ацетилсалицил қышқылының ульцерогенді әсерін жою үшін қабылданатын зат:

1



Крахмалдың шырышы

2



Белсендірілген көмір

3



Анестезин

4



Емен қабығының қайнатпасы

5



Тальк




№87

Науқас К. М. асқазан аймағындағы ауру сезіміне, құлақтағы шуылға, көрудің бұзылуына, диспепсиялық құбылыстарға, терінің зақымдануына, геморрагияға шағым жасады. Науқастың айтуы бойынша көрсетілген құбылыстар, ревматоидтық артритпен зардап шегуіне байланысты наркотикалық емес анальгетиктерді ұзақ қабылдаудан кейін пайда болған. Науқас қандай препарат қабылдаған:

1



Ацетилсалицил қышқылын

2



Парацетамолды

3



Анальгинді

4



Бутадионды

5



Кеторолакты




№88

Нашақорда морфинді қабылдауды күрт тоқтатқанда байқалды: көз жасының ағуы, мұрыннан сұйықтықтың ағуы, терлегіштік, есінеу, қолдың дірілдеуі, лоқсу, қалтырау, құсу, мазасыздық, қорқыныш, агрессивтілік, қорқынышты түстер көру. Бұл құбылыс қалай аталады:

1



Абстиненция

2



Обстипация

3



Тахифилаксия

4



Сенсибилизация

5



Күшейтілген әсер




№89

Морфин ұқсас әсер көрсетеді:

1



катехоламиндерге

2



эндорфиндерге

3



простагландиндерге

4



никотинге


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет