Фармакология 3 курс фарм



бет3/23
Дата09.06.2016
өлшемі3.86 Mb.
#124856
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




№25

Қармаушы заттардың қолданылуы:

1



Метеоризм кезінде

2



Улану кезінде асқазанды жуу және шаю үшін

3



Ішкі мүшелердің трофикасын жақсарту үшін

4



Алаңдатушы әсер шақыру үшін

5



Бульбарлы орталықтарды рефлекторлы белсендіру үшін




№26

М-холиномиметиктерді тағайындауға көрсетулер:

1



Миастения, бүйрек шаншуы

2



Бүйрек шаншуы, гиперацидті гастрит, пилороспазм

3



Глаукома, ішек парезі, қуық атониясы, гипосаливация

4



Жедел панкреатит, бауыр шаншуы, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы

5



Бронх демікпесі, қаңқа бұлшық еттерінің парезі




№27

Холинэстеразаға қарсы заттарды қолдануға көрсетулер:

1



Қарашықтың тарылуы, брадикардия

2



Бронх демікпесі, артериялық қысымның жоғарылауы

3



Ішкі ағзалардың тегіс салалы бұлшық еттерінің тонусының жоғарылауы, бауыр және бүйрек шаншулары, тырысу синдромы

4



Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, гиперацидті гастрит, бронх бездерінің секрециясының жоғарылауы, гиперсаливация

5



Қаңқа бұлшық еттерінің тонусының төмендеуі, салданулар, парездер, ішек және қуық атониясы, глаукома




№28

Теңіз және әуе ауруында рефлекторлы түрде дамитын құсуды алдын алу үшін қолданылатын таблетка құрамына кіретін М-холиноблокатор:

1



Атропин

2



Ипратропия бромиді

3



Платифиллин

4



Метацин

5



Скополамин




№29

Альфа –адренорецепторларды айрықша ынталандыратын дәрілік зат:

1



Норадреналин, Адреналин

2



Изадрин, Сальбутамол

3



Мезатон, Нафтизин

4



Галазолин, Пропранолол

5



Атенолол, Метопролол




№30

Пирензепинді қолдануға негізгі көрсету:

1



бронхоспазмды жою үшін

2



асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасы, гиперацидті гастрит, бауыр, ішек шаншуларын емдеу үшін

3



наркоздық заттарды қолданғаннан кейінгі жүректің рефлекторлы тоқтауының алдын алу үшін

4



брадикардияны жою үшін

5



бүйрек және бауыр шаншуларында




№31

Заттардың тобын анықтау: глаукомада, полиомиелиттен кейінгі неврологиялық бұзылыстарда, миастенияда, ішек және қуық атониясында деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың антагонисі ретінде қолданылады:

1



М-холиномиметиктер

2



М-холиноблокаторлар

3



Н-холиноблокаторлр

4



Адреномиметикитер

5



Холинэстеразаға қарсы заттар




№32

Заттардың тобын анықтау: қарашықты тарылтады, аккомодация спазмын шақырады, көзішілік қысымды төмендетеді, бронхтың, ішектің тегіс салалы бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатады, бездердің секрециясын күшейтеді, ганглилердегі және жүйке-бұлшық еттік синапстардағы қозудың берілуіне әсер етпейді. Глаукома кезінде қолданылады. Бұл заттармен уланғанда атропинді тағайындайды:

1



М-холиномиметиктер

2



М-холиноблокаторлар

3



Ганглиоблокаторлар

4



Н-холиномиметиктер

5



Холинэстеразаға қарсы заттар




№33

Затты анықтау: ОЖЖ-сін тежейді, қарашықты кеңейтеді, аккомодацияның салдануын шақырады, тегіс салалы бұлшықеттердің тонусын төмендетеді, бездердің секрециясын төмендетеді, теңіз және әуе ауруларының алдын алу үшін қолданылады:

1



Скополамин

2



Атропин

3



Прозерин

4



Ацеклидин

5



Платифиллин




№34

Дитилиннің аса ұзақ әсерін жою үшін қолданылады:

1



Армин

2



Прозерин

3



Жаңа дайындалған цитратты қан

4



Физостигмин салицилаты

5



Галантамин




№35

Затты анықтау: көлденең-жолақ бұлшық еттерді босаңсыту үшін қолданылады. Жүйке-бұлшықеттік берілуді тежейді, жылдам апноэ шақырады, әсер ұзақтығы -40 мин. Жанама әсерлері: артериялық қысымның төмендеуі, бронхоспазм. Антагонисті – холинэстеразаға қарсы заттар:

1



Мелликтин

2



Ацетилхолин

3



Дитилин

4



Бензогексоний

5



Тубокурарин




№36

Заттардың тобын анықтау: қан тамырларды кеңейтеді, артериялық қысымды төмендетеді. Адреналиннің прессорлық әсерін "бұрмалайды". Эндартеритте, феохромоцитомада қолданады. Ортостатикалық гипотензия шақыруы мүмкін.

1



Симпатолитиктер

2



Альфа-адреномиметиктер

3



Альфа-адреноблокаторлар

4



Бета-адреноблокаторлар

5



Ганглиоблокаторлар




№37

Заттың тобын анықтау: жүйке-бұлшықеттік берілуді тежейді. Эфир осы заттардың әсерлерін күшейтеді, прозерин – әлсіретеді:

1



Ганглиоблокаторлар

2



М-холиноблокаторлар

3



Деполяризациялаушы миорелаксанттар

4



М-холиномиметиктер

5



Деполяризацияға қарсы миорелаксанттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет