Фармакология


Морфиннің фармакологиялық әсері



бет120/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   200
Фармакология

Морфиннің фармакологиялық әсері
Морфиннің орталыққа әсері:
а) ауырсыну орталығын, тыныс алу және жөтел орталығын тежейді.
Тыныштандыратын және ұйықтататын (жеңіл үйқы келуі) әсері бар және
эйфория (өзін жақсы сезіну немесе уайымдау, өзін бақылай алмауы, айналадағы ортаға жауапкершіліксіздігі, көңіл-күйінің кетеріңкі болуы, есту, көру. сезу сезімінің бұзылуы) тудырып, орталықтарды тежеп, дене қызуын (улы мөлшерде гипертермия) төмендетеді.
б) морфин кез қозғаптқыш жүйке орталығын қоздырып, миозға (кез қаршығының тарылуы) алып келеді, қүсу орталығын (науқастың 20-40%-де морфинді енгізгенде құсу байқалады) қоздырады.
Морфиннің шеткерлікке әсері спазмогенді әсерімен байқалады:
а) морфин - АІЖ-ң сфинктерінің тонусын жоғарылатады, ішектің толқи жиырылуын (іш қату) және ас қорыту бездерінің секрециясын (астың нашар қорытылуы) төмендетеді;
б) морфин өт түзілуін темендетеді.
в) несеп шығару тонусын, қуықтың және уретро сфинктерінің тонусын жоғарылатады. Соның әсерінен несептің түзілуі қиындайды;
г) морфин бронх бүлшық еттерінің тонусын жоғарылатып, бронхоспазм (кеңірдекшелер түйілуі) тудырады.
Колданылуы: наркотикалық анальгетиктер ауырсынуды басуда, басқа топ препараттары әсер етпей жатқанда, жәрақатта, күйгенде, шоктарды алдын алу үшін, науқасты операцияға дайындар апдында және операциядан кейінгі кезеңдерінде, қатерлі ісіктерде, миокард инфарктында (морфин), бауыр, бүйрек және ішек шаншуларында, холинолитиктермен және миотропты спазмолитиктермен бірге нейролептоанальгезияда (фентанил, промедол кебінесе диазепаммен (транкливизатор) бірге). Жанама әсері: тыныс алу тежеледі (налоксонмен басамыз), брадикардия (атропинмен басамыз), қүсу, жүрек айну, іштің қатуы байқалады. Наркотикалық анальгетиктерді 3 жасқа дейінгі балаларға және егде жастағы қарт адамдарға қолдануға болмайды.
Басқа да наркотикалық анальгетиктердің ерекшеліктері
Омнопон - қүрамында апиын алкалоидтары бар (морфин 50%) анальгетикалық әсері әлсіздеу, бірақ қүрамында папаверин тәрізді алкалоидтары бар (қаңқа бүлшық еттерінің түйілуін темендетеді) жаңа галенді препарат. Сондықтан омнопон бауыр, бүйрек және ішек шаншуларында кеңінен қолданылады.
Промедол - морфинге қарағанда әлсіз тыныс алуды тежейді, қуықтың, АІЖ-н, жатыр мойны және қанқабүлшық еттерін босаңсытады. Сондықтан босануды тездету жене ауырсынуды сездірмеу мақсатында (жатырдың жиырылуын күшейтеді және тонусын жоғарылатады) қолданылады,
Фентанил - морфинге қарағанда 100-150 есе күшті, бірақ әсері қысқа 30 минут, нейралептоанальгезияда және шоктарды алдын алу үшін қолданылады. Тыныс алуды морфиннен де күшті тежейді. Пентазоцин, буторфанол, трамадол - физикалық тәуелділігі аз байқалады, тыныс алуды тежемейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет