Фармакология



бет21/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   200
Фармакология

Ерітінділер – Solutiones
(Ерітінді – Nom.sing. Solutio, Gen.sing.Solutionis)
Ерітінді деп қатты дәрілік затты еріту немесе сұйық дәрілік затты еріткішпен араластыру жолымен алынатын сұйық дәрілік түрді айтамыз. Ерітінді дәрілік зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш ретінде жиі дистилденген су (Aqua destillata), кейде 70%, 90%, 95% этил спирті (Spiritus aethylicus 70%, 90%, 95%), глицерин (Glycerinum) мен сұйық майлар: вазелин, зәйтүн, шабдалы (Oleum Vaselini, Oleum Olivarum, Oleum Persicorum) майлары пайдаланылады. Осыған сәйкес сулы, спиртті, глицеринді және майлы ерітінділер болып ажыратылады. Нағыз ерітінділер әр уақытта мөлдір, әрі майда бөлшектер мен тұнбалардан тазартылған, мөлдір болуы тиіс. Ерітінділер сыртқы тәнге және ішу үшін, сонымен қатар егу (инъекцияға) үшін де қолданылады.


Сыртқы тәнге арналған ерітінділер
Сыртқы тәнге арналған ерітінділерге шаюға, жууға арналған ерітінділер көз, құлақ, және мұрын тамшылары жатады. Тамшыларды 5-10 мл түрінде, ал басқа мақсатта қолданылатын ерітінділер 50-100 мл түрінде дайындайды.
Ерітінділер рецепте қысқартылған және толық түрінде жазылады. Өндіріс жағдайында немесе дәріхана жағдайында еріткіш ретінде сулы, майлы және спиртті ерітінді қолданылып, рецепте қысқартылған түрі қолданылады.
Сулы ерітінділерге рецепт жазуда Rp.: (Ал:) белгілеуінен соң дәрілік түрдің атауын ілік септігінің жекеше түрінде – Solutionis (ерітіндісінен), дәрілік заттың атауы (ілік септігінің жекеше түрінде, бас әріппен қысқартылусыз), ерітіндінің концентрациясы мен (сызықша арқылы) мөлшері (миллилитр немесе грамда) жазылады. Соңынан D.S. (Босат. Белгіле.) көрсетіледі.
Ерітіндінің концентрациясын қысқартылған жазылымда үш әдіспен белгілеуге болады:
1.Пайыз бойынша (%);
2. Қатынасы бойынша (1:1500);
3. Салмақ-көлемдік қатынасы түрінде (0,6-200мл);


Рецепт үлгісі
0,02% фурацилиннің (Feracilinum) сулы ерітіндісінің 500мл жазыңыз.
Жараны жуу үшін белгілеңіз.
Пайызбен көрсетілген ерітіндінің концентрациясы
Rp.: Solutionis Furacilini 0,02%-500ml
D.S. Жараны жуу үшін

Салмақ-көлемдік қатынасы түрінде ерітіндінің концентрациясы


Rp.: Solutionis Furacilini 0,02%-500ml
D.S. Жараны жуу үшін

Майлы немесе спиртті ерітінділерге рецепт жазуда дәрілік түрдің атауы (Solutionis), ілік септігінде дәрілік заттың атынан соң oleosae (майлы) немесе spirituosae (спиртті) деп көрсетіліп, концентрациясы мен ерітіндінің мөлшері көрсетіледі. Соңынан D.S. көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет