Фармакология


Ploimyxini M sulfas – полимиксин М сульфаты



бет63/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   200
Фармакология

Ploimyxini M sulfas – полимиксин М сульфаты (Б): 500 000 ӘБ және 1 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, 50-100 мл 0,9% NaCl ерітіндісі немесе 0,5% новокаин ерітіндісімен ерітіп, ерітіндіні тампон мен салфетканы дымқылдап, шаю (бүрку) үшін немесе тамшы түрінде қолданылады; 2% жағылма; 500 000 ӘБ таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 4 - 6 рет белгіленеді.


7. Әртүрлі топтағы антибиотиктер
1. Гликопептидтер: ванкомицин (эдицин), тейкопланин (таргоцид). Гликопептидтер – стафилококктарға қарсы резервтегі антибиотиктер. Олар бактерицидті әсер көрсетеді: жасуша қабықшасының синтезін тежейді, цитоплазмалық мембрананың құрылысы мен қызметін бұзып, рибосома деңгейінде РНҚ-ң синтезін әлсіретеді. Әсер ету спектрі тар: тек грамм (+) аэробты бактерияларға, бета-лактамаза түзушілер мен метициллинрезистентті стафилококктарға, клостридиялар мен коринебактерияларға әсер етеді. Микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі өте баяу дамиды, басқа антибиотиктермен қиыспалы тұрақтылығы жоқ. Күре тамырға өте баяу енгізіледі. Басқа антиобиотиктерге тұрақты стафилококктар тудырған ауыр инфекцияларда: сепсисте, стафилококкты және стрептококкты эндокардитте, пневмонияда, менингитте, стафилококкты энтероколитте, псевдо-мембранозды колитте, аурухана ішілік инфекцияларда қолданылады. Гликопептидтер – терапевтикалық әсерінің кеңдігі тар улы антибиотиктер. Жанама әсері: нефроуытты; отоуытты; гематоуытты; тромбофлебит; анафилаксия; бет пен мойынның қызаруы, гипотензия, кеуде мен омыртқа жотасының түйілуі (әсіресе жылдам енгізгенде) байқалуы мүмкін.
2. Ристомицин – микроб қабықшасының синтезін бұзып, бактерицидті әсер етеді. Көбінесе грамм (+) кокктарға (стафилококк, стрептококк, пневмококк, энтерококк), сонымен бірге грамм (+) бактерияларға (листерия, клостридия, кейбір анаэробтар, коринебактериялар) әсер көрсетеді. Ристомицин грамм (+) қоздырғыштармен шақырылған (көбінесе стафилококк немесе басқа антибиотиктер әсер етпей жатқанда) ауыр септикалық ауруларда тағайындап, тек к/т енгізіледі. Микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі баяу дамиды. Ристомицин – улы; флебит, аллергия, дірілдеу, жүрек айну, есту жүйесінің қайтымсыз зақымдалуы, гемато-, нефро-, кейде гепатотоксикалық әсер тудыруы мүмкін.
3. Анзамициндер: рифампицин (бенемицин). Әсер ету механизмі: РНҚ-ң синтезін бұзып, бактериостатикалық әсер етеді. Әсер ету спектрі кең: сонымен қатар рифампицинге жоғары сезімтал микроорганизмдерге (туберкулез микобактериясына, лепра, гемофильді таяқшалар) бактерицидті әсер етеді. Кокктарға, соның ішінде гонорея, сібір жарасының таяқшасы, газды гангрена клостридиясы, протей, сальмонелла, бруцелла, трахома, коклюш, құтыру қоздырғыштарына белсенділігі жоғары. Рифампицинге микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі жылдам пайда болады, сондықтан резервтегі антибиотик болып табылады. Оны көбінесе басқа микробқа қарсы дәрілермен қиыстырады. Қолдану көрсеткіштері: негізгі қолдану көрсеткіші өкпе мен басқа да мүшелердің туберкулезі (рифампицин АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпалары мен сұйықтықтарына жақсы таралады, туберкулезді емдеу үшін туберкулезға қарсы дәрілермен қиыстырылып қолданылады), алапесті (лепраны) емдеуде, тыныс алу мүшелерінің инфекциясында, менингитте, остеомиелитте, зәр және өт жолдарының инфекциясында, жіті гонореяда қолданылады. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, диспепсия, бауыр қызметінің бұзылуы, лейкопения, зәр, сілекей, көз жас сұйықтықтарының қызыл сары түске боялуы мүмкін. Рифампицин бауырдың метаболикалық процестеріне әсер етіп, кейбір заттардың биотрансформациясын жылдамдатады (оймақгүл препараттары, әсері тікелей емес антикоагулянттар, пероральды гипогликемиялық дәрілер, контрацептивтер, Д, К, Вс витаминдері). Қарсы көрсеткіштері: бауыр мен бүйрек ауруларында, көтере алмауда, жүктілікте, емшектегі балаға қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет