Фармакология


Piperazini adipinas-пиперазин адипинаты



бет82/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   200
Фармакология

Piperazini adipinas-пиперазин адипинаты: 0,5 таб;-3-4 таб.тәуілгіне 2рет (тамақтан 1сағ.алдын немесе тамақтан 1сағ кейн); аскаридозда 2 тәулік; энтеробиозда 5 тәулік бойына қолданады. 1 апта үзіліспен 2-3 курс өткізеді. Жүрек айу, іш тұсының ауруы, бас ауыру, бұлшық ет әлсіздігі және діріл байқалуы мүмкін. ОЖЖ –ң органикалық зақымдалуында қолдануға болады.
Нафтамон- (5,0 ұнтақты қант сиропында немесе 0,5 ішекте еритін 10 таб. Таңғы астан 2 сағ. алдын) аскаридозда, энтеробиозда, трихоцефалезда және анкилостомидозда (стационарда) қолданылады.
Левамизол- 0,15-1 таб. Ұйықтар алдында ( 1 аптадан кейін қайталау) аскаридозда, анкилостомидозда және стронгилоидозда қолданылады.
Левамизолдың иммуностимуляторлық әсері бар.
Mebendazolum- мебендазол (Б) 0,1 таб.- гельминтке қарсы спектрі кең, тиімділігі жоғары, энтеробиозда, трихоцефалезда, аскаридозда, анкилостомидозда, стронгилоидозда, ішек цестодозда, трематоздозда, аралас инвазияда қолданылады. Энтеробиозда тек қана 1таб.ал қалған жағдайда 1аб. күніне 2 рет 3 күн бойына қолданылады.Аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
Медамин- мебендозолға ұқсас, ішек нематодозында қолданылады.
Purantelum- пирантел (Б) 0,25 таб.. 5% 15 мл (3 ас қасық) 3 таб. таңертең 1 рет. Аскаридозда, энтеробиозда, аниклостомидозда, трихоцефалез (сирек) тиімді.Диспепсия, бас ауруы бас айналуы байқалуы мүмкін. Пирвиний памоаты – энтеробиозда тиімді. Дитиазанин – трихоцефалез бен артонгилоидозда тиімді. Дифезил – тек трихоцефалезде қолданылады.
Барлық нематодқа қарсы дәрілерді жатырдың біріңғай салалы бұлшық ет тонусын жоғарылатуына байланысты жүктілікте қолдануға болмайды, ал қанға сіңірілгеннен кейін тератогенді әсер көрсетеді.
2.Цестодоздардағы қолданылатын дәрілер.Цестодоздарға тениоз (қоздрғышы қарулы (шошқа) таспа құрт), тениаринхоз (қоздырғышы қарусыз (өгіз) таспа құрт), дифиллоботриоз (қоздырғышы жалпақ құрт) және гименолепидоз (қоздырғышы ергежейлі таспа құрт) Цестодоздоарды емдеу үшін: фенасал (йомесан, никлозамид), аминоакрихин, празиквантель (азинокс,билтрицид) қолданылады. Әсер ету механизмі: құрттардың жүйке – бұлщық ет жүйесін уақытша әлсіреуіне алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет