Фармакология



бет95/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   200
Фармакология

Pentaminum - пентамин (Б): 5% 1 және 2 мл еріт. амп, шығарылып,
б/е,к/т енгізіледі. Әсері 1-2 сағатқа созылады.
Pirilenum - пирилеи (Б): 0,005 таб, әсері 8 -12 сағ. созылады.
Гигроний және арфонад әсері қысқа (10 - 20 мин), қан кетуді төмендету мақсатында хирургияда қолданылады.
Пахикарпин ганглиоблокаторлық белсенділігі өте төмен және әсері қысқа. бірақ АІЖ-да жаксы сіңіріліп, миометрияға қуаттандырғыш эсер (туу кызметін куаттандырады) көрсетеді.


6. Кураре тәрізді дәрілер (шеткерлік әсерлі миорелаксанттар) -
қаңқа бұлшық еттерінің Н-холинорецепторларын тежеу нәтижесінде: қол, көз, аяқ, мойын, арқа бұлшык еттерінің, қабырға аралық бұлшық еттерінің және диафрагманың босаңсуы байқалады. Кеңірдек интубациясында, эндоскопиялық ем-шараларда, хирургиялық операциялардың интубациялық наркозында, суйек сынықтарының орнына түсіруді жеңіддету, буын шығуын орнына келтіру мен сіреспені емдеу үшін қолданылады.
а) Эсері антидеполяризациялык, миорелаксанттар: тубокурарин хлориді, панкурной бромиді (павулон); пипекуроний бромиді (ардуан), векуроний бромиді (норкурон) - Н-холинорецепторларды тежеп, ацетилхолинның деполяризациялық әсерін төмендетеді. Миорелексациялық әсері 20-60 минут. Антидеполяриэациялық миорелаксанттардың антагонисті синапстық саңылаудағы ацетилхолинның мөлшерін жоғарылататын антихолинэстеразды дәрілер болып табылады.
Tubocurarini chloridum - тубокурарин хлориді (А): 1% 1,5 мл еріт. амп., 0,0004 - 0,0005 г/кг, к/т енгізіледі. d-Тубокурарйн-оңтүстік Америка өсімдігінің әртүрлі Strychnos алкалоиды.
б) Әсері диполяризациялық миорелаксанттар:: дитилин (миорелаксин, листенон) - химиялық құрылысы жағынан диацеталхолин болып табылады. Н-холинорецепторларды қоздырып, синапстан кейінгі мембрананың деполяризациясын тудырады. Әсері 5-10 минут. Антихолинэстеразды дәрілер дитилиннің әсерін күшейтеді. Дитилиннің әсерін төмендету үшін құрамында холинэстеразасы бар жаңа қан құю қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет