Фармакология


Психостимуляторлар: кофеин, фенамин (амфетамин), меридил (центедрин), сиднокарб (мезокарб), сиднофен, бемитил(бемактор)



бет133/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   200
Фармакология

Психостимуляторлар: кофеин, фенамин (амфетамин), меридил (центедрин), сиднокарб (мезокарб), сиднофен, бемитил(бемактор). Психостимуляторлар ОЖЖ – не қоздырғыш әсер көрсетеді, физикалық және ойлау қабілетін жоғарылатады, шаршауды басып, көңіл – күйді көтереді, ішкі тітіркенулерді басады және ұйқы келуі мен тәбетті төмендетеді. Психостимуляторларды көп қолданғанда жүйкенің психикалық және физикалық шаршауы, яғни физикалық және ойлау қабілеттілігінің тым жоғарлауынан ағзаның жүдеуіне алып келеді. Бір қабылдағаннан кейін де толық дем алу қажет. Психостимуляторлар үйренгіштік және дәріге тәуелділік тудырады. Сондықтан абайлап қолдану қажет (тек рецепт бойынша босатылады). Фенаминде шеткерлік симпатомиметикалық әсер көрсетеді: АҚ жоғарлауы, тахикардия, жүрек жиырылуының күшеюі, көз қарашығының кеіеюә, бронх бұлшық еттерінің босаңсуы байқалады.
Сиднофеннің антидепрессивті әсері жоғары, ал психоқуаттандырғыш әсері аз байқалады. Кофеинде психоқуаттандырғыш әсері аз, ал аналептикалық әсері көп байқалады. Психостимуляторларды (сиднокарб, сиднофен, меридил) шаршаумен, апатиямен жүретін астениялық жағдайда, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуінде, ұйқы келуінің артуында (нарколепсия), депрессияда (нейролептиктермен шақырылған), балаларда ойлау қабілетінің кеш дамуында, түнгі энурезде (ұйықтар алдында) қолданылады. Жанама әсері: психостимуляторлар ұйқысыздық шақырады (сондықтан тәуліктің бірінші жартысында қабылдаған жөн), тітіркену, тынышсыздық, бас ауыру, жүрек тұсының ауыруы, АҚ–ң көтерілуі, анорексия, ауыз қуысының құрғауы мен психоздық асқыну байқалады. Жүрек қан тамыр ауруларында, гипертиреозда және егде жастағы адамдардың психикалық қозуында қолдануға болмайды.
Sydnocarbum – сиднокарб (А); 0,01 таб.-1 таб.тәулігіне 1-2 рет.
Meridilum – меридил (А): 0,01 таб. 1 таб.тәулігіне 1-2 рет.
Бемитил (Б): 0,125 және 0,25 таб. шығарылады.
Антигипоксиялық және антиоксидантты әсері бар, яғни дене жүдеуінде жұмысқа қабілеттілікті күшейтеді (акропротекторлар), адаптогенді және иммунды қуаттандырғыш әсер етеді. Астенияда, неврозда,жарақатан кейінгі жағдайда, интоксикацияда, хирургиялық операциялардан кейінгі инфекцияларда және жүдеуде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет