Фармакология


ІІ. Парентеральды енгізу жолы



бет36/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   200
Фармакология

ІІ. Парентеральды енгізу жолы (АІЖ-нан тыс)
а) Тері астына (т/а) енгізу жолы. Әсері 5-15 минуттан соң басталады. Тек сулы, кейде майлы ерітінділер енгізіледі. Суспензияларды, тітіркендіргіш заттарды және гипертонды ерітінділерді енгізуге болмайды.
б) Бұлшық етке (б/е) енгізу жолы. Толық сіңіріліп, тез әсер көрсетеді. Сулы, майлы ерітінділер мен суспензияларды енгізуге болады. Тері астына енгізу жолына қарағанда әсері тезірек басталады.
в) Күре тамырға (к/т) енгізу жолы. Әсері өте тез. Барлық концентрациясы қанға түседі. Тек сулы ерітінділер енгізіледі. Энтеральды енгізу жолына қарағанда әсері 5-10 есе артық. Кейбір препараттарда, мысалы, наркозға арналған дәрілерді енгізгенде әсері иненің ұшын енгізуден бастап ес-түссіз күйге келтіреді.
г) Субарахнойдальды енгізу жолы. Subarachnoidea-мидың (торлы) қабығына енгізіледі. Кей заттар гематоэнцефальды кедергілерден өте алмай қалады. Бұл енгізу жолымен дәрілерді жұқпалы ауруларда (менингитте) тікелей мидың торлы қабығына енгізеді. Бұл жолмен енгізілетін дәрілерге қойылатын талап залалсыздандырылған болуы тиіс.
д) Ингаляциялық енгізу жолы (inhalatio-дем алу). Газ тәрізді, сұйық ұшқыш заттар (наркозға арналған), аэрозоль және эфир майларының булары енгізіледі. Сондай-ақ жергілікті әсер ету мақсатында глюкокортикоидтарды, бронхолитиктерді, жергілікті анестетиктерді, антибиотиктердің аэрозольдарын, гистаминге қарсы препарат – кромолин натрий (интал) ұнтақтары қолданылады. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында (бронхиальды демікпеде) қолданылады.
Басқа да перентеральды енгізу жолдарына: артерия ішіне, жүрек ішіне, сүйекке, тері ішіне, интраназальды, конъюктивальды, кеудеге, плевраға және буынға енгізу жатады.


Дәрілік заттардың сіңірілу механизмдері
Кейбір заттардың сіңірілуі (адсорбция) – асқазанда өтеді, бірақ көбінесе дәрі- дәрмектер аш ішекте сіңіріледі.
Дәрілердің сіңірілуі. Сіңірілу дегеніміз дәрілердің жасушалардың липопротеиндік плазмалық мембранасы арқылы өтуі. Ішектегі кедергі бір қабат эпителийден тұрады, тері бетінен сіңірілгенде дәрі бірнеше жасушалық қабаттардан өтеді. Мембрана арқылы тасымалданудың механизмдері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет