Вuprenorphinum -бупренорфин (А): 0,0002 таб. шығарылып, ішке және тіл астына; 0,03% -1 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т.
Тramadolum- трамадол (А): 0,05 капс. тәулігіне 3-4 рет (8 ретке дейін); 0,1 супп.; 5%-1 мл және 2 мл еріт. амп. шығарылып, б/ежәне к/т енгізіледі.
Наркотикалық анальгетиктердің антогонистері
Naloxoni hydrochloridum - налоксон гидрохлориді (А): 1 мл амп. шығарылып (0,4 мг/мл), т/а, к/т, б/е.
2. Бейнаркотикалық анальгетиктер
Бейнаркотикалық анальгетиктердің ауырсынуды басатын, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы әсерлері бар. Қабыну ауруларында, ревматоидты ауруларда, тромбозды алдын алу үшін, невралгияда, радикулитте; тіс, бас, буын, бұлшық ет ауруларында; еттеккір бүзылыстарында және ревматизмде қолданылады. Ап жарақаттарда және этиологиясы басқа ауруларда әсер етпейді. Бейнаркотикалық анапьгетиктер ыстықты басатын дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Наркотикалық анальгетиктерге қарағанда тыныштандыратын және үйықтататын әсері жоқ, тыныс апу, жөтел орталықтарын тежемейді, эйфория, үйренгіштікжәнедәріге тәуелділік тудырмайды. Әсер ету механизмі; бейнаркотикалық анальгетиктер ұлпалардағы арахидон қышқылынан простагландин түзетін циклооксигеназа (циклооксигеназаның 2 түрі бар (ЦОГ1, ЦОГ 2)) ферментінің бәсеңсіткіші (ингибиторы) болып табылады (простгландин - ауырсыну, қызба және қабынуды шақырады). Простагландиндердің әсерінен қан тамырлар кеңейеді және қабыну аймағында ісінулер байқалады. Простагландиндер гипоталамустағы жылуды реттеу орталығының сезімтапдығын күшейтіп, оның нәтижесінде қызба байқалады. Бейнаркотикалық анальгетиктер простагландиндердің синтезін тежеп қана қоймай, сонымен қатар афферентті иннервация арқылы таламусқа импульстің өтуін бүзады. Ыстықты түсіретін әсері жылуды реттеу орталығының қозуы төмендеуі нәтижесінен болады. Қабынуға қарсы әсері қабыну медиаторларының (простагландиндер)
өнімдерінің төмендеуімен байланысты.
Бейнаркотикалық анальгетиктердің жіктелуі:
Достарыңызбен бөлісу: |