Фармакология



бет139/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

Cordiaminum – кордиамин (Б); 15 мл флаконда -30-40 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет: 1 және 2 мл амп. Шығарылып, 0,5-2 мл-ден т\а, б\е, к\т енгізіледі.
Bemegridum – бемегрид (Б); 0,5% 10 мл ерітінді ампулада шығарылып, 1-10 мл (70 мл дейін) к\т енгізіледі.
Aethimisolum – этимизол (Б); 0,1 таб. -3-4 рет тәулігіне тамақтан соң; 1% және 1,5% 3 және 5 мл еріт. амп. -4-5 мл т\а, б\е, 2-3 мл к\т.
Sulfocamphocainum – сульфокамфокаин (Б): 10% 2 мл еріт. амп. Шығарылып, 2 мл-ден тәулігіне 2-3 рет т\а, к\т енгізіледі.
Sol. Camphorae oleosa – камфораның майлы ерітіндісі: 20% 1 және 2 мл еріт.амп. -1-5 мл-ден тәулігіне 1-3 рет т\а тағайындалады.
4.Жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
Қан айналымы реттейтін дәрілер медициналық тәжірибеде жүрек жұмысы мен қан тамыры тонусының бұзылуында кеңінен қолданылады. Сондықтан жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілерді қолданылуына қарай келесі топтарға жіктеледі:

1. Жүрек гликозидтері;
2. Антиаритмиялық дәрілер;
3.Антиангинальды дәрілер;
4.Гипотензивті дәрілер.



  1. Жүрек гликозидтері

Жүрек гликозидтері айқын кардиотоникалық әсері бар, этиологиясы әртүрлі миокард дистрофиясымен байланысты, жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеуге арналған өсімдіктерден алынған күрделі органикалық қосылыстар. Бұрынғы кезде құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерді медицинада жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеуде қолданған. Олар: оймақгүл (наперстянка), строфант Комбе, меруертгүл (ландыш), жалынгүл (горицвет) және т.б. жүрек гликозидтерінің молекуласы екі бөлімнен тұрады: қантты (гликонды) және қантсыз (агликонды). Жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер ете отырып, миокард жұмысын жақсартып, жіті және созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде белгіленеді. Медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылатын өсімдіктен алынған жүрек гликозидтері:


– Күлгін оймақгүл (Digitalis purpurea) – дигитоксин;
– Түкті оймақгүл (Digitalis Lanata) – дигоксин, целанид;
– Строфантин Комбе (Strophantus Kombe) – строфантин К;
– Меруертгүл (Convallaria) – коргликон;
– Жалынгүл (Adonis vernalis) – жалынгүл шөбінің тұнбасы.
Жүрек гликозидтерінің әсер ету механизмі кардиомиоцит мембранасындағы Na+, K+-АТФ- азаны (жүрек гликозидтерінің рецепторлары) тежегіш әсерімен байланысты, ол жасуша ішінде Na+, онымен қоса Ca2+ иондарының концентрациясы жоғарлауына алып келеді. Саркоплазмада Ca2+ иондарының мөлшері жоғарлауынан кардиотоникалық әсері байқалады. Ca2+ иондары трапонинді кешенмен байланысып, миокардтың жиырылғыш ақуыздың тежегіш әсерін жояды. Ол актин мен миозиннің бірігуінен пайда болған актиомиозин миофибриллдердің (бұлшықет талшықша) тез және күшті жиырылуына алып келеді. Жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет