Фармакология


В) әсері шеткерлік нейротропты дәрілер



бет151/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

В) әсері шеткерлік нейротропты дәрілер: 1) ганглиоблокаторлар (бензогексоний, пентамин); 2) симпатолитиктер (резерпин, раунатин): 3)  - адреноблокаторлар (празозин,доксазозин, теразозин): 4)  адреноблокаторлар (атенолол, ацебутолол, метопролол) («эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз).
ІІ. Әсері миотропты гипотензивті дәрілер (шеткерлік вазодилататорлар). Бұл препараттар бұлшық ет қабырғасының қан тамырларын босаңсытып, олардың кеңеюіне алып келеді.
А) кальций арналарының блокаторлары (кальций антагонистері): фенигидин («Антиангинальды дәрілер» тақырыбына қараңыз), исрадипин (ломир); фелодипин (плендил) – әсері ұзақ.
Б) калий арналарының күшейткіштері: миноксидил (минона), диазоксид (гиперстат) – тамыр тонусын бір қалыпты ұстап тұру үшін, ұан тамырлардың бірыңғай салалы бұлшықет жасушаларындағы калий арналарын ашып, жасуша ішіне қан тамыр тонусына қажетті Ca2+ ионының енуін төмендетеді. Артериялық вазодилататор болып табылады.
Миноксидил артериялардың кеңеюіне байланысты, тамырлардың кедергісі азайып, АҚ төмендейді. Негізінен қатерлі гипертензияда ішке қолданылады. АІЖ–да жақсы сіңіріледі. Әсері 24 сағ.созылады. Бүйрекпен шығарылады.
Жанама әсері: бетті түк басу, су және Na+ иондарын ағзада жинақталуынан ісінулерге алып келеді. Диазоксид – күре тамырға енгізгенде тез және күшті гипотензивті әсер көрсетеді. Энтеральды енгізгенде АҚ-ң төмендеуі біртіндеп байқалады. Әсері 12-18 сағ. Созылады. Гипертензивті кризде қолданылады.
В) әртүрлі миотропты дәрілер:
Натрий нитропруссиді (нанипрусс) – артерия мен күре тамырларды кеңейтетін, азот тотығына оттекті беруші. Гипертензивті кризде күре тамырға тамшылатып енгізіледі. Әсерінің ұзақтығы 1-2 мин., сол себептен оны тамшылатып инфузия түрінде қолданылады. Жанама әсері: тахикардия, бас ауруы, диспепсиялық жағдайлар байқалады.
Apressinum – апрессин (гидралазин) (Б): 0,01 және 0,025 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2-4 рет тамақтан соң белгіленеді. Артериола мен майда артерияларды кеңейтеді. Рефлекторлы тахикардия, ісіну, диспепсия, бас ауру, қызыл жегі синдромы байқалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет