Фармакология



бет5/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

Жеке фармакология – жеке фармакологиялық топтарды танудың бөлімі. Екі бөлім де дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына назар аударады.
Фармакокинетика (гр.pharmacon – дәрі, kineo-қозғалту) –ағзаға дәрілік заттардың енгізілуін, сіңірілуін, таралуын, биотрансформациясын (өзгеруін) және дәрілік заттардың ағзадан шығарылу жолдарын оқытады.
Фармакодинамика (гр.pharmacon-дәрі, dynamis-күш) – дәрілік заттың әсерінің түрін, локализациясын, әсер ету механизмін және фармакологиялық тиімділігін оқытады.
2. ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
Фармакологияның тарихы адамзат тарихы секілді өте ұзақ. Дәрі танудың дамуына ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.э.д. 460-377ж. бұрын), Дискорид (б.э.б.І ғ.), Рим ғалымы Гален (б.э.д.131-201 ж. бұрын) үлкен үлес қосқан.
Клавдий Гален өсімдіктерді балассты заттардан тазартып, галенді препараттар алып, әртүрлі дәрілік түрлерді: ұнтақтар, жапсырмалар, тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар ұсынған және де дәрі-дәрмектерге рецепт жазу оның атымен байланысты.
Ғалым –энциклопедист және атақты шығыс табибі Абу Бакр ар-Розий (865-928ж) медицина мен фармакология саласына 36 еңбек жазып қалдырған.
ХІ ғасырда дәрі тану ғылымының дамуына баға жетпес үлес қосқан шығыстың ойшыл дәрігері Әбу Ибн Сина (Авиценна) (980-1037ж.) «Канон медицинасы», «Шипагерлік ғылымдарының негіздері» атты кітаптарында адам ауруларының түрлері, оларды емдеу әдіс-тәсілдері мен олардан сақтану жолдарына сипаттама берген. Олардың кейбіреулері қазіргі уақытқа дейін қолданылып келеді. Мысалы: камфора, итжидек, қара күйе препараттары және т.б.препараттар. Ибн Сина Европа дәрігерлерінен 400 жыл бұрын мерезді емдеуге сынап препараттарын қолданған.
ХІ ғасырда өмір сүрген атақты ойшыл Әбу Райхон Беруни «Емдік заттар» атты еңбегінде Орта Азия аумағында өсетін шипалы шөптерге толық сипаттама берген.
ХV ғасырда өмір сүрген қазақ ғалымы Өтебойдақ Тілеуқабылұлы Жәнібек ханның тұсындағы жеті жарғысының бірінде, жеті атаға дейін қыз алыспауға жарғы шығарған. Жарғы тектің (геннің) таза сақталуына негізделген. Шипагер Өтебойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны» атты қолжазбасы ұрпақтан ұрпаққа беріліп, 7 рет көшіріліп жазылған. «Шипагерлік баяны» атты қолжазбасында ауруларды емдеу тәсілдері, әдіс амалдары, дәрі-дәрмектер жинағы келтірілген. Бұл қолжазбада сандардың көне абстракт атауы, ондағы 1-10 аралығындағы сандарды көне абстракт атауы дене мүшелерімен бейнеленген. Мысалы: 2-көз; 4-көз-құлақ; 5-оң қол; 10-қос қол; 20-қол мен аяқ және т.б. деп санаған. Ғылымға, мәдениетке құштар Өтебойдақ ел ішінде шипагерлікке қажетті тәжірибе, әдіс-амал, дәрі-дәрмек жинаумен бірге байырғы мәдениет жұрнақтарын да жинап, зерттеп, жүйеге түсіріп отырғандығына кітаптың өзі дәлел. Қазақстанның ғылыми медицинасы дамымай-ақ қазақтар жұқпалы ауруларға қарсы егу принциптерін білген. 1446ж. дарынды ойшыл, данышпан, емші Өтебойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баяны» атты қолжазбасында желшешекке қарсы егуді (1796ж.) Эдуард Женнерден бұрын ашқан болатын.
VІ ғасырда өмір сүрген халық шипагерлерінің күрделі хирургиялық ем-шаралараы, кесарь опреациялары және т.б. ем-шаралары Европа елдеріндегі ірі хирургтардың жаңа құрал саймандармен, құрал жабдықтармен және асептика жағдайында жасаған ем-шараларынан озып түскен. Дәлірек айтсақ, 1901ж. орыс дәрігері А.Г.Колосовтың мақаласында жарияланған. Сүйек туберкулезі, ісіктер мен жараларды халық емшілері өте күшті антисептикалық заттарды (сулема, сынап жағылмасы, азотты қышқыл, күміс және т.б.) қолданып, консервативті заттармен емдеген.
Қазақ халқы медицинасында қолданған әдістер араб, парсы және шығыс дәрігерлерінің қолданған әдістерімен сәйкес келеді.
Ішкі ауруларды емдеу үшін қан құю (ағзаны арам қандардан аластату үшін), ағзаны қыздыру, сылап-сипау немесе дене шынықтыру, ішке дәрі-дәрмектер қабылдау белгіленген. Тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларында күшті тағамдар (жылқы еті және т.б. майлар) пайдаланылған. Зат алмасуды реттеу, ағзаны күшейту үшін қымызға көп көңіл бөлген. Тірек-қимыл қызметінің ауруларын емдеуде жылы ем шараларды, сылап-сипау (ысқылау) және дене шынықтыру, балшық-сумен емдеу және құмға түсуге көп көңіл бөлген. Күйген, үскен жерге жылқы майын жағып, ашыған сүт қойып, ұн және ақ балшық сеуіп емдеген.
Жара мен жарақаттарға және т.б. қабынған жерлерге ағаш ыдыстағы ашыған сүт өнімдерінен пайда болған өңезді (плесень) жаққан. Оған қазіргі уақыттағы антибиотиктермен емдеудің дамығаны дәлел.
ХІХ ғасырда сауда саласының дамуына байланысты жұқпалы қоздырғыштар таралып, дәлірек айтсақ 1829-1830 ж. шығыстан керуен жолы арқылы тырысқақ, сібір жарасынан Қазақстан мен Ресей жапа шеккен. Онда эпидемия жарияланып, су («қайнаған судың қасиеті бар»), ішуге тиым салынған.
ХVІІІ-ғасырда І Петрдің дәуірінде дәріханаларда дәрі-дәрмектер сатуға тиым салынып, «дәріханалық бақшалар» құрып, онда дәрілік өсімдіктер өсірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет