Фармакология



бет67/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

Biseptol – бисептол (Б): - (0,12 және 0,48) офиц. таб. шығарылып, 2 таб. тәулігіне 2 рет тамақтан соң; 5 мл амп. шығарылып, 10 мл 250 мл 0,9% NaCl еріт. тәулігіне 2 рет к/т тамшылатып енгізіледі.
Ескерту: сульфаниламидтерді новокаинмен, анестезинмен, фолий қышқылымен, новокаинамидпен бірге қолдануға болмайды, себебі олар ПАБҚ-ң бәсекелес антагонизмі, яғни сульфаниламидтер синтетикалық диабетке қарсы дәрілердің әсерін күшейтіп (сульфанилмочевина туындылары – бутамид, глибенкламид және т.б.) гипогликемияға алып келуі мүмкін; К витамині антагонистерінің әсерін күшейтуінен қан кетуге алып келуі мүмкін, метотрексаттың әсерін (агранулоцитоз қауіпі бар) күшейтеді.
б) Нитрофуран туындылары. Фурациллин («Антисептиктер» тақырыбына қараңыз), фуразолидон (нифурозид), нифуроксазид (эрцефурил), фурадонин (нитрофурантоин), фурагин (солафур), фуразолин, нифуратель (макмирор). Әсер ету механизмі: РНҚ-ң синтезін бұзады, цитоплазмалық мембранадағы тыныс алу ферменттерінің қызметін тежеп, жасуша қабықшасының бұзылуына алып келеді. Препараттың мөлшеріне байланысты бактериостатикалық және бактерицидті әсер көрсетеді. Бактериялардың ферменттік жүйелерін бұзу жолымен бактерицидті әсер етуі мүмкін, препараттың микробтарға қарсы әсер төзімді микроорганизмдер дамуын алдын алады. Әсер ету спектрі кең: грамм (+) және грамм (-) кокктарға және бактерияларға, қарапайымдыларға (трихомонада, лямблий), хламидияға, клостридияға, спирохетке әсері төмен. Көкіріңді таяқшаларға, протейге, клебсиеллаға, энтеробактерияларға, саңырауқұлақтарға, вирустарға әсер етпейді. Нитрофурандарға микроорганизмдердің тұрақтылығы баяу пайда болады.
Қолданылуы: Жергілікті, антисептик ретінде жара, күйікті емдеу үшін, қуыстарды жуу үшін 0,02% фурациллиннің еріт. және 0,5-1% фурагин еріт. (калий тұзы, солафур) қолданылады. Ішек инфекцияларын емдеу үшін (дизентерия, іш сүзегі, тамақпен улануда, лямблиоз, энтероколит, өт жолдарының инфекциясында) фуразолидон және нифуроксазид ішке қолданылады. Урологиялық инфекцияны емдеу үшін фурадонин, фурагин, фуразолин – ішке; нифуратель таблетка, вагинальды суппозиторий және вагинальды жағылма түрінде қолданылады. Фуразолин мен фурагин кейде пневмонияда, сепсисте, остеомиелитте, тілме қабынуында қолданылады, себебі олар басқа препараттарға қарағанда ұлпаларға жеңіл өтеді. Жанама әсері: диспепсия, аллергия, нейропатия (бас айналу, бас ауыру, полиневрит, есту қабілетінің бұзылуы, көз жүйкесінің зақымдалуы), тетурам тәрізді әсерлер байқалуы мүмкін. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бүйрек қызметі бұзылуында, жеке көтере алмаушылық, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі (эритроциттердің гемолизі пайда болуы мүмкін).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет