Acyclovir – ацикловир (Б): 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 4-5 рет; 0,25 құрғақ заты флаконда – 50-100 мл 0,9% NaCl ерітіндісімен к/т тамшылатып, әр 12 сағ. сайын 3% көз жағылмасы тюбикте, 5% 4,5 және 5,0 крем тюбикте шығарылып, зақымдалған жерге жағу үшін белгіленеді. Кәдімгі ұшықта, ұшықтық кератитте, генитальды ұшықта, жел шешекте қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, бас ауыруы, тері бөртпелері, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, жергілікті – тітіркендіргіш әсер, ал к/т енгізгенде флебиттер байқалады. Жүктілікте қолдануға болмайды.
Валацикловир және фамцикловир – ацикловир аналогы, валацикловир АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзада ацикловирге айналады. Видарабин – жергілікті (жағылма, көз жағылмасы) қолданылады, ұшықты энцефалитте күре тамырға енгізіледі. Идоксуридин – көздің ұшықты жұқпалы ауруларында жергілікті (0,1% көз тамшылары) қолданылады. Теброфен – 0,5% көз жағылмасы, 2% және 5% жағылмасын зақымдалған тері аймағына жергілікті қолданылады. Риодоксол – 0,5% жағылма түрінде жергілікті тері және ауыз қуысының шырышты қабықшасының зақымдануында қолданылады.
3. Цитомегаловирусты инфекцияда қолданылатын дәрілер: ганцикловир (цимевен), фосфоноформат (фоскарнет, фоскарвин, триаптен). Цитомегаловирус (ұшық (герпес) вирусының тұқымдасына жатады) иммунитет тапшылық жағдайда пневмонияның ауыр түріне, гепатит, менингоэнцефалит, көз торының зақымдалуы, көзге қауіп тудыруы, АІЖ-ы мен бүйректің зақымдалуына алып келеді. Бұл препараттар ДНҚ вирусының синтезін бұзады. Кәдімгі ұшықта, белдеулі теміреткіде және АИТВ (ВИЧ) (адамдағы иммуннотапшылық вирусы) инфекциясында қолданылады. Екі препаратта күре тамырға, ганцикловир ішке, ал фосфоноформат 2% крем түрінде ұшықты зақымдалуда жергілікті белгіленеді. Препараттар улы болып келеді, тырысулар, бас ауыру, лейкопоэздің тежелуі байқалады, ганцикловирде гепатотоксикалық, нейротоксикалық және тератогенді әсер, жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуы, ал фосфоноформатта нефротоксикалық және гипокальциемия байқалуы мүмкін. Жүктілікте, лактацияда, жоғары сезімталдықта қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |