Фармакология



бет160/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

2.Жөтелді басатын дәрілер
Жөтелді басатын дәрілердің жіктелуі

Орталыққа әсер ететін дәрілер (сопақша мида


орналасқан жөтел орталығының негізгі түйіндерін
тежейді)

Әсері шеткерлік дәрілер


(жоғары тыныс алу жолдарының
шырышты қабықшаларына
жансыздандырғыш, бронхолитикалық
және
қабынуға қарсы әсерімен байланысты)

а) Наркотикалық препараттары:


Кодеин (метилморфин)
Этилморфин (дионин)
б) Бейнаркотикалық препараттары: Глауцин
гидрохлориді (глаувент)
Тусупрекс (окселадин, пакселадин)

Либексин


Битиодин
Бутамират цитраты (синекод)

Жөтелді басатын дәрілер жіті және созылмалы бронхитте, жөтелді басу немесе төмендету үшін, демікпе жағдайында және бронхопневмонияда қолданылады. Жөтелді басатын дәрілерді жөтелді толық басу үшін емес, ауырсыну, ұйқысыздық, қан кету мен бронхоспазм тудыратын жөтелді басу үшін белгілейді.



Орталыққа әсер ететін дәрілер медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады.
Наркотикалық жөтелге қарсы дәрілердің (кодеин, этилморфин) жөтелге қарсы күшті және әлсіз ауырған жерді басатын әсерлері бар.
Жанама әсері: тыныс алу орталығын тежейді, тыныс алу көлемін төмендетіп, бронх тонусының төмендеуі, жыбырлатқыш эпителий белсенділігінің төмендеуі, ұйқы келуі, іш қатуы және дәріге тәуелділік байқалуы мүмкін.
Ал бейнаркотикалық анальгетиктерде мұндай жанама әсерлер байқалмайды. Кодеин мен этилморфинді 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Codeini phosphas- кодеин фостфаты (Б): 0,01-0,02 ұнт: бірнеше қиылыстырылған препараттардың құрамына кіреді; Бахтерев микстурасы (құрамында; Жалынгүл шөбінің тұнбасы, натрий бромиді, және кодеин); Кодтерпин таб.(кодеин+қақырық түсіретін (NaHCO3 және терипнгидраты)) және т.б. дәрілері бар.
Этилморфин гидрохлориді морфиннен алынған синтетикалық препарат. Жөтел орталығын таңдамалы тежеп, дәріге тәуелділік тудырмайтын бейнаркотикалық анальгетиктер; глауцин гидрохлориді және тусупрекс. Глауцин өсімдіктен алынған алкалоид, ал тусупрекс синтетикалық жолмен алынған препарат. Глауцин бас айналуын, жүрек айнуын тудыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет