Фармакология



бет17/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

2. Жұмсақ дәрілік түрлер
Жұмсақ дәрілік түрлерге: жағылмалар, кремдер, пасталар, суппозиторийлер мен жапсырмалар жатады.


Жағылма – Unguenta
(Жағылма-Nom.sing.Unguentum, Gen.sing.Unguenti)
Жағылма сыртқа қолданылатын, консистенциясы тұтқыр жұмсақ дәрілік түр. Жағылмаларды дәрілік зат (әсер етуші) пен негізді (түр беруші) араластыру арқылы алады. Жағылманың негізі ретінде вазелин, вазелин майы, шошқаның тазартылған майы, май тәрізді заттар, балауыз (ланолин, ара балауызы, спермацет) және синтетикалық заттар пайдаланылады. Әрине жағылмалар мөлшерге бөлінбеген дәрілік түр. Жағылмаларды жай және күрделі деп бөлеміз. Құрамы 2 ингредиенттен тұратын болса, оны күрделі жағылмалар деп атаймыз.
Қазіргі таңда жай және күрделі жағылмалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады. Мұндай жағылмалар официнальды, сондықтан дәрілік заттың құрамы мен концентрациясы көрсетілмей, жазылымның қысқартылған түрінде жазылады. Рецепте дәрілік түрдің аты (Unguenti Gen.sing), дәрілік заттың аты (ілік септігінде) оның мөлшері көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
Официнальды цинк жағылмасының (Unguentum Zinci) 20,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.
Rp.: Unguenti Zinci 20,0
D.S.Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.
Жазылымның толық түрінде әсер етуші барлық ингредиенттердің (дәрілік заттың) аты, жағылма негізі мен оның мөлшері көрсетіліп, рецепт M.f unguentum (Misce ut fiat unguentum –жағылма түзілгенше араластыр) және D.S. сөзі көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
1. Құрамында 20% сульфацил-натрий (Sulfacylum-natrium) бар, ланолин мен вазелиндегі (1:9) жағылманың 5,0 жазыңыз. Қабақ астына күніне 3 рет белгілеу үшін.
Rp.: Sulfacyli – natrii 1,0
Lanolini 0,4
Vaselini ad 5,0
M.f. unguentum
D.S. Қабақ астына күніне 3 рет
2. Құрамында 750 000 ӘБ микогептиннің (Mycoheptinum) 1,0 бар, жағылмасының 50,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.
Rp.: Mycoheptini 750000 ӘБ
Vaselini ad 50,0
M.f. unguentum
D.S.Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет