4. Жедел уланудың симтоматикалық терапиясы. Спецификалық антидот болмаған жағдайда жедел улануға симтоматикалық ем жүргізудің айрықша маңызы бар. Әсіресе қан айналым мен тыныс алу жүйесін қадағалау қажет. Жүрек гликозидтерін, АҚ реттейтін дәрілер, оттегі терапиясы, тыныс алу стимуляторлары, қажетті жағдайда бронхолитиктер, тырысуға қарсы, анальгетикалық дәрілер қолданылады.Су - электролитті баланысты қадағалау қажет. Қажетті жағдайда реанимациялық шаралар жүргізіледі.
15. ДӘРІ - ДӘРМЕКТІ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тамақтан алдын
1. Тәбет ашатын дәрілер ( ащылар және т.б.) - 20-30 мин. тамақ алдында.
2. Құсық басатын дәрілер.
3. Бырыстырғыш дәрілер.
4. Өт айдаушы дәрілер.
5.Антибиотиктер және басқада микробқа қарсы дәрілер.
6.Бактериялық диареяға қарсы дәрілер - 20-30 мин. тамақ алдында.
7.Анорексигенді дәрілер (немесе таңғы ас және түскі ас кезінде ).
8. Жалпы тонусты реттейтін дәрілер.
9. Витаминдер.
10. Ауырсынуды басатын дәрілер (асқазан-ішек, бас ауруларына т.с.с. ).
Тамақ үстінде
1. Асқазан безі секрециясы төмендеуіндегі орынбасушы терапиядағы дәрілер .
2. Тітіркендіргіш әсері бар кейбір препараттар (бутадион, "реопирин ", ортофен, индометацин, кетопрофен, натрий вальпроаты және т.б. ).
3. Таблетка түріндегі ферментті препараттар - шайнамай жұту керек ( немесе тамақтан кейін).
Тамақтан кейін
1. Тітіркендіргіш әсері бар препараттар (ацетилсалицил қышқылы: құрамында ацетилсалицил қышқылы, анальгин, бутадион, фенацетині бар препараттар: индометацин, ортофен, мефенам қышқылы, диоксибензой қышқылы және т.б.).
2. Темір препараттары.
3. Мышьяк препараттары.
4. Йод препараттары.
5. Хинин препараттары.
6. Гипотензивті препараттар.
7. Несеп айдаушы дәрілер.
8. Туберкулезге қарсы дәрілер.
9. Әртүрлі дәрілер (пентоксил, метилурацил, аллохол, апрессин, викалин, амизил, этазол, никотин қышқылы, хлоралгидрат және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |