Фармакология


Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің



бет201/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   204
Фармакология-emirsaba.org

14. Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің
негізгі принциптері


1.Удың қанға сіңірілуін тоқтату
а ) Асқазанды шаю - жылы сумен, калий перманганатының ерітіндісімен, белсендірілген көмірдің суспензиясымен жүзеге асырылады, әсіресе ОЖЖ-н тежейтін заттармен уланғанда. Асқазанды зонд ( шолғы) арқылы шайған дұрыс. Қышқылдар және сілтілермен улағанда алдын ала наркотикалық анальгетиктер ( морфин және т.б.),спазмолитиктер ( атрофин және т.б.) енгізіледі, ал зондты вазелин немесе өсімдік майымен майлау қажет.
б) Ішектегі уды шығару - тазалау клизмасының көмегімен жүргізіліп, ішке белсендірілген көмір ( сіңіргіш зат) мен тұзды іш жүргізетін ( магний сульфаты ) дәрілер беріледі. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда іш жүргізетін дәрілерді беруге болмайды.
в) Токсинді заттардың тері мен шырышты қабыққа шашырағанда
- көп мөлшерде ағынды сумен шайып, мүмкін болса қышқылды сілтілермен ( натрий гидрокарбонат ерітіндісімен ) бейтараптау қажет.
г) Токсинді заттың ағзаға өкпе арқылы түскенде - удан аластату, таза ауамен дем алуын қамтамасыз ету.
2. Ағзадан удың шығарылуын жылдамдату. Табиғи әдістер:

а) Форсирленген диурез - 1,5 - 2 л 0,9 % NaCl ерітіндісін қ/т енгізіп, сонан соң белсенді несеп айдаушы дәрілер (фуросемид, маннит ) енгізіледі. Форсирленген диурезді жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне, ми немесе өкпенің қауіпті ісігінде қолдануға болмайды.


б) Егер заттар өкпеден бөлінетін болса, өкпенің гипервентиляциясын, карбогенмен ингаляциясын қамтамасыз ету қажет.
Жасанды әдістер:
а) перитонеальды диализ - іш қуысын электролитті ерітінділерімен шаю:
б) гемодиализ - қанды "жасанды бүйрек " диализаторы арқылы өткізеді:
в) гемосорбция - улар сорбенттерде адсорбцияланады ( мысалы, түйіршікті белсендірілген көмірде);
г) қан құю.


3. Сіңірілген удың әсерін басу. Улардың әсерін басу үшін антидот қолданылады, олар улармен химиялық немесе физикалық - химиялық әрекеттесетін заттар. Мысалы: белсендірілген көмір абсорбция әдісімен (физикалық - химиялық әрекеттесу ) әсер етеді. Темір препараттарымен уланғанда антидот ретінде дефероксамин: ауыр металл тұздарымен уланғанда унитиол: ФОҚ - мен уланғанда дипироксим мен изонитрозин: синил қышқылымен, цианидтермен уланғанда метилен көгі мен натрий нитриті: гепариннің мөлшерін асырғанда протамин сульфаты және т.б. қолданылады.
Фармакологиялық антагонистер де кеңінен қолданылады. Мысалы, антихолинэстеразды дәрілермен уланғанда атропин, морфинмен уланғанда налоксон және т.б. қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет