Фармакология



бет58/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

Tetcyclinum-тетрациклин (Б): 0,05;0,1 және 0,25 таб. шығарылып , тәулігіне 3-4 рет тамақ үстінде немесе тамақтан кейін ; 1% көз жағылмасы , 3% дермотологиялық жағылмасы бар.
Окситетрациклин- сыртқа жағылма түрінде "Гиоксизон" , аэрозольдер " Оксициклозоль"," Оксикорт".
Metacyclini hydrochloridum- метациклин гидрохлориді(Б) : 0,15 және 0,3 таб.- 0,3 тәулігіне 2 рет тамақ үстінде немесе кейін.
Doxycylini hydrochloridum- доксициклин гидрохлориді (Б): 0,1 капс. шығарылып, 1 капс. тәулігіне 1 рет тамақтан соң; 0,1 құррғақ зат флакон құрамын 0,9% NaClерітіп. тәулігіне 1-2 рет к/т тамшылатып еңгізіледі.


4.Левомецитин( хлорамфеникол) тобы
Әсер ету механизмі: рибосома деңгейінде ақуыз синтезін бұзып, бактеростатикалық әсер етеді. Әсер ету спектрі: грамм(+) және грамм(-) бактериялар, сонымен қатар ішек бактериялары, спирохеталар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар. Қышқылдарға тұрақты микобактерияларға , көкірің таяқшаларына, клостридиялар мен қарапайымдыларға әсер етпейді. Қолдану көрсеткіштері :левомицетин улылығы жоғары антибиотик, АІЖ-да тез сінеді. Ағзаның барлық сұйықтықтары мен ұлпаларына тез таралады. Оларды басқа улылығы төмен антибиотиктердің әсері болмаған жағдайдағы ауыр инфекцияларда немесе басқа преператтарды көтере алмағанда, қоздырғыздың левомицетинге сезімталдығы жоғары болған жағдайда қолданылады.Левомецетин іш сүзегінде, паративте, сальмоннелезда,бруцельлезда,туляремияда,реккетсиозда,менингетте, көздің жұқпалы аурыларында(0,25%көз тамшылары) қолданылады. Жанама әсері: қан түзілуінің бұзылуы, тері аурулары(экзема,псориаз, саңырауқұлақтармен зақымдануы) және жеке көтере алмаушылық. Жаңатуылған балалар мен жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.
Laevomucetinum-левометицин (Амбофен)(Б):0,25 және 0,5таб.(капс) шығарылып, тәулігіне 3-4 рет тамақтан 20-30мин. бұрын белгіленеді; Әсері ұзартылған0,65таб. тәулігіне 2 рет тамақтан 20-30мин. алдын белгіленеді. Левамецитин натрий сукцинаты(берлицетин)парентеральды жолмен (т/а,б/е,к/т) енгізіледі. 1%,5% және 10% синтомицин линементі(Linimentym Synthomucini) терінің ірінді зақымдалуында, фуронкулезда, карбункулда, күйіп, ірінді жарақаттарда және жараларда сыртқа қолданылады. Левамецетин қиыстырылған препараттардың құрамына кіреді: "Левомекол","Левосин" жағылмасы ірінді жараларды,күйікті,ойық жараларын емдеу үшін "Левовинизоль","Олазол" айразол түрінде қолданылады. "Ируксол" жағылмасын жараларды тазалау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет