Фармакология


Steptomycini sulfas- стрептомицин сульфаты



бет60/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

Steptomycini sulfas- стрептомицин сульфаты (б): 0,25;0,5 және 1,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1-5 мл иньекцияға арнадған суда, 0,9% Na Cl ерәт. немесе 0,25-0,5% новокоин еріт.ерітіп, тәулігіне 2 рет б/е енгізіледі.
Neomycyni sulfas - неомицин сульфаты (Б) : 0,25 таб.,шығарылып 1 таб. тәулігіне 2 рет белгіленеді; 2% жағылма; 0,5 %көз жағылмасы бар.
Kanamycini sulfas-канамцин сульфаты (Б) : 0,5 және 1,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, тәулігіне 2-3 рет б/е; 5%-10 мл ерітінді, амп, к/т тамшылатып енгізіледі.
Аминогликозидтердің ІІ буыны: гентамицин сульфаты (гарамицин).
Әсер ету спектрі: І буын препараттарынан айырмашылығы көкірек таяқшасына, протей, ішек таяқшаларына, сальмонелла, энтеробактер, пенициллиназа түзгіш стафилококктарға қарсы белсенділігі жоғары.
Қолдану көрсеткіштері: грамм (-) микроорганизмдермен шақырылған инфекцияларда: несеп шығару жолдарының инфекцияларында (пиелонефрит, цистит, уретрит); көкірек таяқшалары, протей немесе осы қоздырғыштардың араласып келуінен пайда болған сепсисте, жара инфекцияларында, күйікте, хирургиялық ауруларда, пневмония, бронхопневмония, менингит, перитонит және т.б. гентамицинге сезімтал флорамен шақырылған ауруларда қолданылады. Пиодермияда, фолликулитте, фурункулезде гентомицинді жағылма, ал көздің жұқпалы қабыну ауруларында көз тамшылары түрінде қолданылады.
Жанама әсері мен қарсы көрсеткіштері: жоғарыдағыдай, бірақ гентамициннің есту мүшесіне әсері төмендеу.
Gentamycini sulfas — гентамицин сульфаты (Б); 0,08 құрғақ зат флаконда, 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, тәулігіне 2-3 рет б/е; 4% 1 мл және 2 мл еріт. ампуласы тәулігіне 2-3 рет б/е енгізіледі; 0,1% жағылма; 0,3% көз тамшылары бар.
Аминогликозидтердің ІІІ буыны: тобрамицин (бруламицин, небцин, обрацин), сизомицин, амикацин (амикин, биклин), нетилмицин (нетиллин, нетромицин). Әсер ету спектрі: гентамицинге ұқсас. Барлық препараттар көкірек таяқшаларына әсер етеді. Тобрамицин гентамицинге қарағанда көкірек таяқшаларына белсенділігі 2-4 есе жоғары; сизомицин гентамицинге қарағанда протей, көкірек таяқшасы, клебсиелла, энтеробактерге белсенділігі жоғары; амикацин – аминогликозидтер қатарында жоғары белсенділігімен ерекшеленеді, бірақ грамм (+) анаэробтардың көпшілігіне әсер етпейді. Нетилмициннің микроорганизмдердің ферменттеріне тұрақтылығы жоғарылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет