Фармакология


Нафтифин – беттік микозда тербинафин тәрізді әсер етеді, бірақ тек жергілікті (крем, ерітінді түрінде) қолданылады. Декамин –



бет75/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

Нафтифинбеттік микозда тербинафин тәрізді әсер етеді, бірақ тек жергілікті (крем, ерітінді түрінде) қолданылады.
Декамин – тері кандидозында, табан эпидермофитиясында (жағылма түрінде), стоматитті кандидозда, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қабыну ауруларында (карамель – тіл астына) қолданылып, антибактериальды және фунгистатикалық әсер көрсетеді.
Нитрофунгин (25 мл флаконда) ундецилен қышқылының препараттары – «Ундецин», «Цинкундан» және «Микосептин», циклопироксоламин, антисептиктер (салицил, бор, бензой қышқылдары, йод ерітіндісі, метилен көгі, бриллиантты жасыл) – беттік микоздарда сыртқы қолданылады. Қиыстырған препараттары: микозолон (клион Д + кандерм-БГ).


6. Вирусқа қарсы дәрілер
Вирустар жасуша ішіндегі паразиттер болып табылады. Жасуша иесінде РНҚ және ДНҚ вирустарының өзін өзі өндіру нәтижесінде вирустар көбейіп, одан жасуша алмасуы бұзылып, синтетикалық ресурстары азаяды. Жасуша иесінің сыртындағы вирустар зат алмасуы жойылған және дәрілік заттар оларға әсер ете алмайды. Жасуша иесіндегі вирусқа микроорганизм жасушасын зақымдамай әсер етуі мүмкін емес. Вирусқа қарсы дәрілердің қолданылуына қарай жіктелуі:
  1. Тұмауды алдын алу үшін қолданылатын дәрілер: ремантадин, дейтифорин, адапромин, оксолин, арбидол, рибамидил (рибавирин), лейкоцитарлы интерферон. Ремантадин, дейтифорин, адапромин, оксолин – тұмау вирусының адам ағзасының жасушасына енуінен қорғайды, эпидемия кезеңінен ауру басталғанша және аурудың алғашқы 2 күнінде тиімді (ауру кезеңдерін жеңілдетеді). Ремантадин және дейтифорин тұмау вирусының А түріне (әсіресе А2), адапромин – тұмау вирусының А және В түріне, оксолин – вирус А мен аденовирусқа әсер етеді, Ремантадин, дейтифорин, адапромин 0,05 таблетка түрінде шығарылады. Жанама әсері жағынан ремантадинде асқазан тұсының ауырсынуы, дейтифоринде диспепсия және терінің аллергиялық реакциялары, адапроминде АҚ-ң төмендеуі және ұйқы келуі байқалуы мүмкін. Препараттарды бауыр және бүйрек ауруларында, жүктілікте (тератогенді және эмбриотоксикалық әсер) және тиреотоксикозда қолдануға болмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет