Фармакология



бет73/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

Nystatinum – нистатин (Б): 250 000 ӘБ және 500 000 ӘБ таб. – 1-2 таб. тәулігіне 3-4 рет; 1% жағылма; 250 000 ӘБ және 500 000 ӘБ ректальды және вагинальды суппозиторий түрінде шығарылады. Нистатиннің қиыстырылған препараты: полижинакс (нистатин+полимиксин В+неомицин).
Амфотерицин В – басқа саңырауқұлаққа қарсы дәрілер әсер етпеген жағдайда, жүйелі микозда қолданылады. Амфотерицин В АІЖ-да сіңірілмейді. Жанама әсері: улы; қызба, тырысу, гипотония, гипокалиемия, флебит, анемия; бауыр, бүйрек, жүрек жұмысының бұзылуы мүмкін; өмірлік маңызды жағдайда дәрігердің қадағалауымен белгіленеді. Балалар тәжірибесінде улылығы төмен АІЖ-да жақсы еритіндіктен пероральды қолдануға арналған амфоглюкамин аналогы қолданылады. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бауыр, бүйрек, қан жүйесі қызметі бұзылуы, қант диабеті.
Amphotericinum B – амфотерицин В (Б): 50 000 ӘБ флаконда шығарылып, 10 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 450 мл 5% глюкоза ерітіндісіне қосып, 4-6 сағат бойы тамшылатып к/т аптасына 2-3 рет енгізеді; 15,0 және 30,0 (1г – 30000 ӘБ) жағылмасы бар.
Микогептин – құрылысы, әсер ету спектрі мен фармкологиялық әсері жағынан амфотерицин В-ға ұқсас, бірақ АІЖ-да жақсы сіңіріледі, сондықтан ішке (таб.) және жергілікті (жағылма түрінде) қолданады.
2. Имидазол және триазол (азолдар) туындылары: кетоконазол (низорал), миконазол (дактарин), клотримазол (канестен, кандибене), эконазол (певарил), изоконазол (травоген), бифоназол (миноспор), флуконазол (дифлюкан), итраконазол (орунгал), тенонитрозол (атрикан), тионазол (вагистат), флутримазол (мицетал). Әсер ету механизмі: саңырауқұлақтардың жасуша мембранасының өткізгіштігін бұзып, фунгицидті әсер етеді. Қолдану көрсеткіштері: беткі және терең микозда.
Ketokonazol – кетоконазол (Б): 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. күніне 1 рет тамақ үстінде; 2% жағылма түрінде шығарылады. АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ұлпалармен сұйықтықтарға жеңіл өтеді. Жанама әсері: диспепсия, бас ауыру, тері қышымасы, ұйқы келуі, гинекомастия, бауыр қызметінің бұзылуы. Жүктілікте, лактацияда, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.
Миконазол – улы, ішкі және жергілікті (крем, вагинальды таблеткалар және суппозиторийлер) белгіленіп, к/т (жүйелі микозда) енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет