Фармакология


Ұйықтатын дәрілердің жіктелуі



бет114/200
Дата08.01.2024
өлшемі433.7 Kb.
#488667
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   200
фармакология кітап

Ұйықтатын дәрілердің жіктелуі



Барбитур
қышқылының
туындылары

Бензодпазепин
туындылары

Басқа да химиялық қосылысты дәрілер

Фенобарбитал (люминал), этаминал- натрий (нембутал) Эстимал (амитал) Циклобарбитал (фенодорм) Циклобарбитал+ +диазепам і («Реладорм»)

Нитразепам (радедорм, эуноктин, берлидорм). Флунитразепам (рогипнол, сомнубене). Триазолам (хальцион) Мидазолам (дормикум, флормидал).
Флуразепам (далмадорм) Лоразепам (толид) Темазепам (ленал)

Зопиклон (имован)
Золпидем (ивадал)
Доксиламин
(донормил)
Бромизовал
Метаквалон
Г еминейрин
(хлометиазол)
Хлоралпадрат
Натрий оксибутираты
Фенибут

Ұйықтататын дәрілерге қойылатын талаптар: тиімді, жағымсыз иісі мен дәмінің болмауы және ұйқы сатысының үзақтығына әсер етуі, ағзада жиналмауы, мүшелер мен жүйелерге кері әсер етпеуі, үйренгіштік және тератогенді әсер шақырмауы қажет. Осы күнге дейін осы талапқа сай препараттар шығарылмаған. Классикалық үйықтататын дәрілер (барбитураттар, кейбір алифатты қосылыстар) ОЖЖ-нің таңдамалы әсерінің жоқтығына байланысты наркотикалық типті заттарға жатады. Орташа мөлшерде - үйықтататын, ал үлкен мөлшерде - наркотикапық әсер көрсетеді. Наркотикалық кеңдігінің аз болуына байланысты оларды наркоз үшін қолданбайды. Қазіргі кезде үйықтататын әсері бар препараттардың ішінде негізінен психотропты дәрілерге жататын бензодиазепин қатарындағы анксиолитиктерді белгілейді. Ұйықтататын дәрілер ОЖЖ-ң әртүрлі түзілулердегі нейронарапық түзілулерге тежегіш әсер көрсетеді. Ұйықтататын дәрілердің әрбір тобы үшін белгілі әсерлерінің жинақталуы тән. Барлық үйықтататын дәрілік заттарға емдеу мекемесінің «Рецептке арналған» және дәрігердің мөрі қойылған рецепт бланкасы бойынша босатылады.
Ұйықтататын дәрілік заттардың әсер ету механизмі ОЖЖ-ң табиғи тежеуші ГАМҚ (гамма-амино май қышқылы) медиаторының тежейтін әсерінің күшеюімен байланысты. Ұйықтататын дәрілік заттар ретикулярлы формациядан бас миының қыртысына өтіп жатқан белсенді импульстарды әлсіздендіреді. Ұйқы келу процесі бүзылуында әсері қысқа дәрілер белгіленеді. Ұйқы келу процессі бүзылуынан басқа, үйқы шала және ол жиі оянып, қорқынышты түс көруде әсері үзақ үйықтататын дәрілер
белгіленеді. Егер үйқы тез оянумен өтетін жағдайда, оянған кезде әсері қысқа немесе үйықтар алдында әсері үзақ дәрілер белгіленеді. фармакологиялық әсері - аз мөлшерде тыныштандыратын, ал орташа мөлшерде үйықтататын, тырысуға қарсы, анксиолитикалықжәне бүлшық етті босаңсытатын әсер көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет